Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Сулейман Демирел атындағы университет

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Басты мақсат – бүгінгі таңдағы оқытудың мәселелері мен міндеттерін табысты шеше алатын қазақ тілі мен әдебиеті саласының жоғары білікті мамандарын дайындау, тіл білімінің немесе әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына жауап беретін жобалаудың және қолданудың заманауи әдістерін меңгерту. Отандық, шетелдік филологияның негізгі мектептері мен бағыттарын үйретіп, зерттеу БББ докторанттарға мәтін құрудың ұстанымдарын игертіп, кәсіби сөйлеу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырып, сөз жұмсау біліктіліктерін шыңдайды, ойын жазбаша және ауызша түрде жүйелі, ғылыми стильде жеткізуге машықтандырады. Заманауи ақпараттық технологиялар қолдана отырып, саланың перспективалық даму талаптарына жауап беретін жобалық шешімдер (диссертация) әзірлеуге мүмкіндік жасайды. Білім, білік, дағдысын көрсетуге, пікірін дәлелді тұжырымдар арқылы қорғап шығуға қабілеттерін қалыптастырады.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
  • Лингвистиканың метатілі және метасөздігі
    Несиелер: 5

    Лингвистиканың метатілі мен метасөздігі күрделі құбылыс ретінде терминдер арасындағы жүйелі қатынасты, әрі жалпы ғылыми лексиканы құрайды. Метатілдің ғылыми қатынас құралы ретінде метасөйлеудегі қолданысы, метатіл мен метасөйлеудің өзара əрекеті лексикографиялық құралдарды құрастыру принциптері, метатілдің педагогикалық феномен ретінде жеке тұлғаның тілдік дамуындағы рөлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    «Ғылыми зерттеу әдістері» пәнінің мақсаты докторантура түлектерін педагогика саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Пәнінің негізгі міндеттері: – докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмысының мәнін тануға бағдарлау; – ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін үйрету; – түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; – ғылыми ізденімдік эксперимент жасауды және оның нәтижелерін рәсімдеуді үйрету; – педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзырлылықтарын дамыту. Пәнді оқыту нәтижесінде докторант: әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абайдың даналық дүниетанымы және педагогикалық үдеріс
    Несиелер: 5

    «Абайтану» курсында қалыптасқан таным, дағдыны тереңдету көзделеді. Абайдың педагогикалық көзқарастары контекісінде білім берудің тұлға қалыптастырушы бағытын зерттеу мақсат етіледі. Абай ілімін тану мен ақын мұраларын зерттеудің жаңа өрісі, Абайтану ғылымының методологиясы қарастырылады. Абайдың педагогикалық, психологиялық, философиялық танымын саралау, тұлға болмысы, «кемел адам»концепциясының идеялық бағытын оқу үдерісіне қолдану жолдары қарастырылады. Абайдың батыс, шығас әдебиетімен байланысы, жаңа дәуір әдебиетіндегі Абай тағылымының маңызы зерделенеді. Пәннің нәтижесінде игерілетін құзыреттіліктер: докторанттар Абайтанудың жаңа арналарын таниды; Абай шығармаларын (өлеңдері мен қарасөздерін бірлікте) талдау барысында педагогикалық, философиялық көзқарастарын саралайды; Абайдың тұлғатанымдық ойларын рефлексивті бағалайды; оқу үдіресінде Абайдың даналық ойларын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Курс докторанттардың ғылыми жазылым әрекеті бойынша білік-дағдыларын жетілдіруді көздейді. Олар: ғылыми зерттеу жұмыстары (диссертация, монография), мақалалар, баяндамалар, есеп, рецензия, аннтоация және академиялық мақсаттағы басқа жанрлардың әдіснамалық негіздерін меңгерту; әр жанрдың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды талдай отырып, библиографиялық аппаратты беру мәселелерін теориялық және практикалық жағынан қарастыру; академиялық адалдық мәселесін білу; сондай-ақ, академиялық ортада докторанттардың тиімді қарым-қатынас орната білуіне қажетті академиялық риторика мәселелері де қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесін» оқытудағы мақсат – оқыту үрдісінің жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып меңгерту, сонымен қатар кәсіби деңгейі жоғары, білікті маман, шығармашылық тұлға дайындау. Докторанттарға жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың өзіндік заңдылықтары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерімен қаруландыру; жоғары білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптарын, оқыту үрдісінің ерекшеліктерін меңгерту, оқытудың негізгі дидактикалық ұстанымдарын (теория мен практиканьң тығыз байланыстылығы, ғылымилық, саналылық, қатысымдық) басшылыққа ала отырьш, қазақ тілі пәндері жүйесін оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, докторанттардың теориялық ойлауын, креативтік қабілеттерін дамытуға назар аудара отырып, кәсіби шеберлігін қалыптастыру. Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, фукнционалдық қырларын оқытуды кешенді түрде меңгертуді көздейді. Қазақ тілін оқыту әдістемесін меңгеру барысында докторант әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ тілінен эксперимент жасау, оның нәтижелерін сандық, және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқуы барысында қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фундаментальды және қолданбалы лингвистика
    Несиелер: 5

    Курста лингвистикадағы қазіргі іргелі теориялар және кейінгі теориялардың қалыптасуы, оларға ықпал еткен факторлар қарастырылады. Лингвистикалық ілімдердің дамуы, қазіргі басым-дыққа ие зерттеу парадигмалары, коммуникативтік контекстегі тілдің жұмсалымы, ХХ ғасыр соңындағы тілдің бейнесі (образ языка) және дискурстық талдау, интерлингвистикалық зерттеу бағыттарының негізгі тұжырым- дары талданып, тіл білімінің қолданбалы жағын көздейтін корпустық лингвистика, функ-ционалды грамматика, компью-терлік лингвистика мәселелері де қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары оқу орнында қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Докторант теориялық және эмпирикалы салада, әдебиеттану салалары бойынша пәндерді ЖОО-да оқыту тәжірибелерін жүйелеу,оқытудың заманауи әдістерін меңгерту, жаңа технологияға негізделген дәріс түрлері, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың оңтайлы әдістері, білімді бақылау мен есепке алу әдістемесін меңгереді. Әдеби пәндер бойынша өздік жұмыс пен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын үйренеді. Пәннің нәтижесінде игерілетін құзыреттіліктер: әдеби үдеріс пен оқу үдерісі ауқымындағы жағдаятқа қарай өзгерістерді бақылай алу; әлемдік ақпарат пен әдеби-теориялық ақпаратты интеграциялық негізде саралай алу;оқытудың заманауи әдістерін педагогикалық тәжірибеде көрсете алу; қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы идеялық тұтастықты мысалдар арқылы дәйектей алу, салыстыра, салғастыра алу; білімгерлердің даралық қасиеттерін есепке алу және дамыту мақсатында әдіс-тәсілдерді үйлестіре алу; білім алушы мен өзінің оқу-таным әрекетін рефлексиялық, субъективті түрде бақылау мен бағалау, әдістемелік мақсатқа бағыттай алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Курс докторанттардың ғылыми жазылым әрекеті бойынша білік-дағдыларын жетілдіруді көздейді. Олар: ғылыми зерттеу жұмыстары (диссертация, монография), мақалалар, баяндамалар, есеп, рецензия, аннтоация және академиялық мақсаттағы басқа жанрлардың әдіснамалық негіздерін меңгерту; әр жанрдың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды талдай отырып, библиографиялық аппаратты беру мәселелерін теориялық және практикалық жағынан қарастыру; академиялық адалдық мәселесін білу; сондай-ақ, академиялық ортада докторанттардың тиімді қарым-қатынас орната білуіне қажетті академиялық риторика мәселелері де қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON4

    Тіл білімінің/әдебиеттанудың өзекті мәселелерін терең түсініп, алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалана алады, ғылыми талдау, тұжырым жасай алуы керек, мәтін құрудың ұстанымдарын игереді;

  • Код ON2

    Тіл білімі мен әдебиеттанудың заманауи ғылыми парадигмасы бойынша тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына ие, ауызша және жазбаша байланыс жүргізуге қабілетті болу

  • Код ON5

    Қазіргі әдебиеттанудағы әдебиеттің классикалық бағытын қарастырып, ғылыми ізденістерінің басым бағыттарын айқындай алады. Әдебиеттанудың гуманитарлық және филологиялық пәндер жүйесіндегі маңызын саралай алады;

  • Код ON3

    Тіл білімі саласының заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде өзіндік зерттеулер жүргізу дағдысына; нақты дәлелді қорытындысы бар ауызша және жазбаша коммуникациялар жүргізуге қабілетті болады;

  • Код ON6

    Тіл білімінің/әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына жауап беретін тиімді жобалық әзірлемелер алуды қамтамасыз ететін жобалаудың және қолданудың заманауи әдістерін меңгереді. Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүкіншілігі болады

  • Код ON8

    Оқу жоспарларын құру тәсілдері мен филологиялық бағыттағы оқу пәндерінің мазмұнын таңдау әдістерін, білім беру және меңгерту үрдісінің әртүрлі формаларын жүзеге асырудың практикалық дағдылары мен әдістерін меңгереді. Аудиториямен жұмыс жасау барысында коммуникацияның түрлі салаларындағы әдістерді, стратегияларды және тәсілдерді таңдауға қабілетті болады. Заманауи ақпараттық технологиялар қолдана отырып, саланың перспективалық даму талаптарына жауап беретін жобалық шешімдер әзірлейді;

  • Код ON9

    Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтап, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыра алады. Көптеген өлшеулер мен ғылыми ақпаратты статистикалық өңдеу арқылы ғылым эволюциясын зерттей алады. Білім, білік, дағдысын көрсетуге, пікірін дәлелді тұжырымдар арқылы қорғап шығуға қабілетті болады.

  • Код ON1

    Қазіргі заманғы философиялық және әдіснамалық білімнің негізгі мәселелері мен тұжырымдамаларын біледі, философиялық және әдіснамалық мәтіндерді талдай алады, олардың негізгі тұжырымдамалық мазмұнын ашып, филологиялық ғылымның дамуының негізгі параметрлерімен байланыстыра алады;

  • Код ON7

    Жеке ғылыми-зерттеу қызметінде мәтін интерпретациясы мен филологиялық талдау теориясына, құрылымдық мазмұндауға қабілетті болу керек. Пән бойынша кәсіби жазу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады; сөз жұмсау біліктіліктерін шыңдайды, ойын жазбаша және ауызша түрде жүйелі жеткізуге машықтанады;

Top