Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01302 Бастауыш білім (1ж) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бастауыш білім беру саласындағы өзінің кәсіби қызметінің міндеттерін қазіргі заманғы деңгейде алынған терең білімге, білікке және қалыптасқан құзыреттілікке сүйене отырып, өз бетінше шеше алатын педагогты дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Оқу үрдісіндегі АКТ
Білім берудегі мобильді технология
Сабақтың инновациялық құрылымы
Әлеуметтік дағдыларды дамыту әдістемесі
Бастауыш мектеп педагогикасымен ғылымының өзекті мәселелері
Функционалдық тілдік және математикалық сауаттылық
Менеджмент
Бастауыш білім берудегі интерактивті оқыту технологиялары
Шетел тілі (кәсіби)
Коллаборация және кооперация әдісі
Біріктірілген пәндік-тілдік оқыту: CLIL технологиясы
Бастауыш білім берудегі бағалау технологиясы
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы
Оқыту нәтижелері
- ОН 1 - полимәдени және полилингвалды ортада кәсіби және әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау үшін үш тілде заманауи коммуникативтік технологияларды қолданады, мәдениетаралық өзара іс-қимыл процесінде мәдениеттің әртүрлілігін талдай және есепке ала алады;
- ОН 2 - бала туралы қазіргі заманғы білімді біріктіреді, кәсіби этика нормаларын қолданады, басқару қызметінің психологиялық шарттары мен ерекшеліктерін талдайды; басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалайды және болжайды;
- ОН 3 – өз қызметінің басымдықтарын тәжірибеде анықтауға және іске асыруға, ғылыми зерттеу тақырыбы аясында тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге қабілетті;
- ОН 4 - білім алушылардың білім беру нәтижелерінің мониторингі бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті, бірнеше ұйымдардың ресурстарын пайдалана отырып, кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырудың желілік нысанын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген;
- ОН 5 - білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелерін бағалайды, арнайы ғылыми білім және зерттеу нәтижелері негізінде педагогикалық қызметті жобалауға қабілетті;
- ОН 6 – жүйелілік тұғыр негізінде проблемалық жағдаяттарға сын тұрғысынан талдаулар жасайды, әрекет стратегиясын жасайды, мектептің білім беру қызметін жүргізеді және бақылау жасайды;
- ОН 7 – қалыптасқан стереотипті жеңу қабілетін бағалайды, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қажет болатын жаңа білім алуға дайын болуды көрсетіп береді;
- ОН 8 – инновациялық әдістерді қолдана отырып, білімалушылардың бірлескен, дара оқу және тәрбиелік әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді формалары мен технологияларын жобалайды және қолданады;
- ОН 9 – зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдарға сараптама жасайды, педагогика, психология мен әдістеме аясындағы жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді;
- ОН 10 – теориялық және әдіснамалық талдау біліктерін қолданады, болжамдау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданады, сондай-ақ зерттеушілік және практикалық міндеттерді шешу үшін мамандық бойынша және пәнаралық білімдерді синтездейді.