7M01302 Бастауыш білім (қосдипломдық) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бастауыш білім беру саласындағы өзінің кәсіби қызметінің міндеттерін заманауи деңгейде өз бетінше шеше алатын, ғылыми зерттеулерді, жобалық жұмыстарды жүзеге асыра алатын кәсіби маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Функционалдық тілдік және математикалық сауаттылық
Мақсаты: оқушылардың функционалдық тілдік, математикалық сауаттылығын қалыптастырушы, бастаушы педагогикалық үдерісті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Мазмұны: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориясын, практикасын дамытудың көрсеткіштері, шарттары, үрдістері, бағыттары; Құзыреттілік: негізгі ұғымдарды сипаттау, теорияның, практиканың даму бағыттарын, үрдістерін талдау, функционалдық тілдік, математикалық сауаттылықты диагностикалау үшін тапсырмаларды өңдеу, пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
C1, C2 (тілдікмамандықтар) деңгейінд ешет тілін меңгеру, монологтық және диалогтық нысанда LSP байланысы (есеп, презентация, әңгіме, дискуссия). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды тыңдау. Ғылыми мақалалар, есептер, жобалар жазу, жобалау және т.б. Сөздіктермен, анықтамалықтармен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылымның тарихы және философиясы
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.Табиғаттану. Қоғамдық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникативтік технологиялар, ақпараттықпроцестер. Жаратылыстан ужәне әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Мақсаты: магистранттардың басқару психологиясының әдіснамалық және теориялвқ негіздерімен қарулануы және оларды зерттеушілік әрекетте және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдана алуы. Мазмұны: Басқару әрекетінің заңдылықтары жайлы психология. Басқару әрекетінің шарттары, ерекшеліктері. Басқарушылық ішкі жүйенің ерекшеліктері мен жәйіне диагностика және болжам жасау; бағыныштылардың әрекет бағдарламаларын қалыптастыру; шешімді орындауды ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттері. Диагностикалық құралдарды дайындау, басшыларды даярлаудың белсенді әдістерін, басқарушылық кеңес беруді жасау түріндегі тәжірибелік жүзеге асыру. Құзыреттілік: басқарушылық әрекеттердің тиімділігін және сапасын көтеру мақсатымен басқарушылық әрекеттердің психологиялық шарттары мен сипаттамасын талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік дағдыларды дамыту әдістемесі
Мақсаты: әлеуметтік дағдыларды дамытудың тиімді әдістерін, тәсілдерін оқыту Мазмұны: әлеуметтік дағды, оқушылардың табысты әлеуметтенуінің мәселелері, әлеуметтік дағдылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістемелер. Құзыреттілік: әлеуметтік дағдыларды дамытуда құндылықты-бағытталған тәсілдерді білу. Оқушылардың әлеуметтік дағдыларының даму деңгейін анықтай білу, олардың әлеуметтік дағдыларының тиімді дамуына ықпал ететін әдістерді меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. ЖОО оқытушысын кәсіби құзыреттілігі, оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі менеджмент.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бастауыш білім берудегі бағалау технологиясы
Мақсаты: қазіргі білім берудегі бағалау үдерісінің теориялық, практикалық, психологиялық аспектілерімен таныстыру, оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарымен таныстыру. Мазмұны: оқытудың сапасын бақылауға қойылатын талаптар, мәні, функциялары, бағалаудың қазіргі заманғы құралдары, оларды оқу үдерісінде қолдану. Құзыреттілік: функцияны, талаптарды, бақылау түрлерін, формаларын, әдістерін білу; бақылау жүргізу процедурасын, портфолионың артықшылықтарын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқу үрдісіндегі АКТ
Мақсаты: оқу үрдісінде АКТ қолдану құзыреттілігін қалыптастыру. Мазмұны: оқытудағы ақпараттық-әрекеттік модельдерді іске асырудағыАКТ; танымдық қызметті жандандыруда, оқушының оқу жетістіктерін бақылау. Құзыреттілік: танымдық қызметті белсендіру, оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және мониторинг жүйесін іске асыру үшін оқытудағы АКТ-ны талдау, таңдау, АКТ үшін материалдар жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық жобалау
Мақсаты: педагогикалық жобаларды әзірлеу және енгізу арқылы оқу үдерісін инновациялармен қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Білім берудегі жоспарлаудың тарихы. Педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері. Білім беру жүйесін жобалау аспектілері. Жоба мәдениеті. Жоба қызметінің субъектілері мен объектілері. Жобалық іс-шараларды ұйымдастыру. Педагогикалық жобалардың түрлері. Жоба қызметінің нәтижелері және бағалау. Педагогикалық жобалауға қатысушыларға қойылатын талаптар. Құзыреттілік: педагогикалық жобалау әдістерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Киберпедагогика
Мақсаты: магистранттарды оқу процесінде цифрлық технологияларды қолдануды үйрету. Мазмұны: Компьютердің көмегімен оқытуды автоматты бағдарламамен басқару әдістемесі. Компьютермен басқарылатын оқытудың педагогикалық негіздері. Цифрлық контентті құру және цифрлық трансформация. Университетте цифрлық ресурстарды, цифрлық технологияларды пайдалану. Интернет технологиялары. Виртуалды оқыту. Сандық қызметтер мен құралдар. Онлайн курстар. Құзыреттілік: цифрлық контентті құра білу, цифрлық ресурстар мен цифрлық технологияларды пайдалана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш білім берудегі заманауи трендтер
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту үдерісінде қазіргі заманғы тиімді білім беру тенденцияларын зерделеу, талдау және қолдану. Мазмұны: Қазақстан Республикасындағы бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны. Қазақстандық білім беру жүйесі және оның әлемдік білім беру үдерістеріне сәйкестігі. Қазіргі білімнің елдің тұрақты дамуына әсері. Бастауыш оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері. Smart технологиясының заманауи мүмкіндіктері мен артықшылықтары, STEM бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы халықаралық және отандық тәжірибенің тиімділігі. Бастауыш білім беру ұйымдарындағы инновациялық процестерді басқару және тиімді ұйымдастыру жолдары. Құзіреттілігі: бастауыш білім берудегі заманауи тенденцияларды қолдана білу, жаңа технологияларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы
Мақсаты: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын жүзеге асыруға педагогтың дайындығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Мазмұны: мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы, оның нормативтік-құқықтық базасы, сабақтастық принципі негізінде педагогикалық үдерісті басқарудың механизмдері мен ерекшеліктері. Құзыреттілік: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби-тұлғалық коучинг
Мақсаты: коучингтің тұжырымдамасы мен негізгі даму кезеңдерін, коучингтің негізгі артықшылықтарын, коучингті ұйымдастыру құрылымын қарастыру. Мазмұны: Оқу-кәсіби іс-әрекеттің мәні мен құрылымы. коучинг әдістері. Маманның кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттері. Кәсіби әрекетке мотивациялық-құндылық қатынасы. Маманның кәсіби және тұлғалық дамуының акмеологиялық негіздері. Тұлғаның кәсіби дамуының психологиялық механизмдері. Құзыреттілік: болашақ мамандарды кәсіби қызметке баулуды қамтамасыз ететін коучинг түрлерін кәсіби қызметте қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердегі сандық технологиялар
Мақсаты: магистранттарды ғылыми зерттеулерде цифрлық технологияларды қолдануды үйрету. Мазмұны: Қазіргі ғылымның әдістемелері мен құрылымдары. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері. Ғылыми білімге жүйелік көзқарас. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын шығармашылық цифрлық технология құралдары. Халықаралық интернет ресурстарынан ғылыми ақпаратты іздеу. Ғылыми мәтінді дайындаудың негізгі ережелері. Негізгі қорлар және зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері. Құзыреттілік: ғылыми зерттеулерде цифрлық технологияларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коллаборация және кооперация әдісі
Мақсаты: инновациялық заманауи топтық оқыту әдістерін үйрену. Мазмұны: коллаборативті орта; оқу-қалыптастырушы әлеует; топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және өзара тәуелділігі; топтың әрбір мүшесінің өз табыстары мен барлық топтың жетістіктері үшін жеке жауапкершілігі; топта сыни ойлау стратегиясы; Құзыреттілік: коллаборация және кооперация әдістерін меңгеру, баламалы таңдау идеясына негізделген өз мінез-құлығының шығармашылық нұсқаларын моделдеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп педагогикасын мен ғылымның өзекті мәселелері
Мақсаты: бастауыш мектеп педагогикалық ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік. Мазмұны: Білім берудің негізгі беталыстары, мәселелері, болашағы. Білім беру жүйелерінің мектепке дейінгі, бастауыш деңгейлері арасындағы сабақтастық. Бастауыш білім берудің әдіснамалық мәселелері. Құзыреттілік: білім беруді дамытудың әлемдік беталыстарын қолдану; заманауи білім парадигмаларының мәселелерін, болашағын анықтай алу; ғылыми-зерттеу әрекетінің негіздерімен қарулану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өндеу әдістері
Мақсаты: педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістерін пайдалануға үйрету. Мазмұны: Педагогика мен психологиядағы өлшеу мәселелері. Математикалық нысандар жайлы түсінік. Зерттелетін нысандардың жиынтығы. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері. Таңдаманы бағалау әдістері. Дұрыс үлестірілім. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің корреляциялық әдістері. Регрессиялық талдау. Рангілік корреляциялар. Құзыреттілік: статистикалық ғылыми нәтижелерді математикалық әдістермен өңдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Инновациялық зерттеулер мен коммерцияландыру әдістері
Мақсаты: ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, алынған жердегі және практикалық білімдерін коммерцияландыруда қолдануға қабілетті мамандарды ғылыми және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету. Мазмұны: Ғылыми, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда қолданылатын инновациялық әдістер. Ғылыми ақпараттарды іздеу негіздері, жаңа идеяларды құруға бағытталған зерттеу әдістері, құқықтық қатынастар. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін беру және коммерцияландыру. Құзыреттілік: инновациялық зерттеулер мен коммерцияландыру әдістерін кәсіби қызметінде қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Біріктірілген пәндік-тілдік оқыту: CLIL технологиясы
Мақсаты: оқытылатын пәндер арқылы шет тілі оқыту және шет тілі арқылы пәндерді оқыту. Мазмұны: оқу үдерісіндегі CLIL рөлі мен орны,қазіргі білім беру ортасы жағдайында CLIL қолдану ерекшеліктері, оқу үрдісіне CLIL енгізудің әдістемелік ұсынымдарын тәжірибелік іске асыру. Құзіреттілік: мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, мақсатты тілдің кәсіби терминологиясын меңгеру, тілдің жалпы құзыретін жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Сабақтың инновациялық құрылымы
Мақсаты: сабақты инновациялық тәсілмен әзірлеу және ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру. Мазмұны: инновациялық сабақ - функционалдық сауаттылықты дамыту құралы. Инновациялық сабақтардың түсінігі мен құрылымы. Инновациялық сабақтардың сипаттамасы. Құзыреттіліктер: сабақтарды инновациялық тәсілмен әзірлеу және ұйымдастыру; сабақтарды инновациялық құрылымдауды іске асыру кезінде педагогикалық қызметтің нәтижелерін сыни бағалау; сабақ барысында білім алушылардың мінез-құлқын талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Білім беру ұйымын жобалау және экожүйені құру
Мақсаты: магистранттарды экожүйені құру және жобалау принциптерін қолдануға үйрету. Мазмұны: күрделі мәселелерді шешуге және жаңа инновациялық технологияларды қолдануға шығармашылық көзқарас. Инновациялық және креативті тәсілдерді қолдана отырып, бастауыш білім беру саласындағы проблемалар. Білім берудегі экожүйелік тәсіл. Ынтымақтастық қағидаттарына негізделген өмір мен іс-әрекет. Белгілі бір аймақта немесе секторда шешуге қажетті міндеттер. Бірлескен ерікті оқыту мен дамудың желілік модельдері. Құзыреттілік: жергілікті білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді, қоғамдастықтардың дамуына үлес қосуды қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Білім берудегі мобильді технология
Мақсаты: магистранттардың білім берудегі негізгі үдерістер мен жаңа технологияларды меңгеру және оларды оқу іс-әрекетінде және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану. Мазмұны: талдау, бақылау, бағалау, жобалау, жоспарлау, басқару, құрылымдау, мобильді құрылғылар. Құзыреттілік: білім берудің заманауи трендтерін, оқу үрдісінде мобильді құрылғыларды қолдану; зерттеу және практикалық қызметте жаңа технологияларды қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- бала туралы қазіргі заманғы білімді біріктіреді, кәсіби этика нормаларын қолданады, басқару қызметінің психологиялық шарттары мен ерекшеліктерін талдайды; басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалайды және болжайды;
- өз қызметінің басымдықтарын тәжірибеде анықтауға және іске асыруға, ғылыми зерттеу тақырыбы аясында тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге қабілетті;
- білім алушылардың білім беру нәтижелерінің мониторингі бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті, бірнеше ұйымдардың ресурстарын пайдалана отырып, кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырудың желілік нысанын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді;
- инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың бірлескен, жеке оқу әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді формалары мен технологияларын жобалау және қолдану;
- полимәдени және полилингвалды ортада кәсіби және әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау үшін үш тілде заманауи коммуникативтік технологияларды қолданады, мәдениетаралық өзара іс-қимыл процесінде мәдениеттің әртүрлілігін талдай және есепке ала алады;
- жүйелілік тұғыр негізінде проблемалық жағдаяттарға сын тұрғысынан талдаулар жасайды, әрекет стратегиясын жасайды, мектептің білім беру қызметін жүргізеді және бақылау жасайды;
- білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелерін бағалайды, арнайы ғылыми білім және зерттеу нәтижелері негізінде педагогикалық қызметті жобалауға қабілетті;
- қалыптасқан стереотипті жеңу қабілетін бағалайды, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қажет болатын жаңа білім алуға дайын болуды көрсетіп береді;
- теориялық және әдіснамалық талдау біліктерін қолданады, болжамдау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданады, сондай-ақ зерттеушілік және практикалық міндеттерді шешу үшін мамандық бойынша және пәнаралық білімдерді синтездейді.
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми конференцияларда баяндама жасау, олардың нәтижелерін жариялау, ғылыми жарияланымдарды рецензиялау, бастауыш білім беру аясындағы жаңа ғылыми нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру;