Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01416 Көркем білім, графика және жобалау в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • көркемдік білім беру саласындағы отандық нормативтік-құқықтық актілерге және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің қазіргі заманғы үрдістерін біледі және өзінің педагогикалық қызметінде пайдаланады;
  • көркем білім берудің теориясы мен әдіснамасы саласында, сондай-ақ көркем білім беру саласына арт-жобаларды бейімдеу әдістері мен тәсілдерін қоса алғанда, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін тұтас және жүйелі білімі бар;
  • көркемдік білім беру саласындағы пәнаралық сипаттағы жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдайды, бағалайды және синтездейді, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық өзіндік зерттеулерімен үлес қосады;
  • академиялық жазу дағдылары мен біліктерін көрсетеді, сондай-ақ әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа көркемдік білім берудің теориясы мен әдіснамасы саласындағы өз жетістіктерін сауатты көрсете алады;
  • көркем білім беру арқылы материалдық және материалдық емес мәдени мұраны зерттеудің, сақтаудың және ілгерілетудің негізгі тәсілдерімен, үрдістерімен, оның барлық өзіндік заңдылықтарымен, өнер көріністерінің алуан түрлілігін зерделеу мен талдаудың әртүрлі әдістерін қолданады;
  • көркем білім беру және соған байланысты гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми, шығармашылық, білім беру және әлеуметтік міндеттерді ажыратады және шешеді (өнер семиотикасы, өнер тарихы мен теориясы және т.б.).барлық кәсіби функцияларды толыққанды іске асырады;
  • білім культіне негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуының академиялық және кәсіби контекстінде ілгерілеуге жәрдемдесу;
  • өзінің педагогикалық және ғылыми қызметі аясында өмір бойы өздігінен білім алу қабілетін, сондай-ақ өз студенттерінің дамуының аналитикалық траекториясын құру қабілетін көрсетеді.
Top