Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01123 Балалар хирургиясы в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентураның модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты - мамандандырылған кәсіби құзыреттілік жүйесін игерген, балалар хирургы маманы ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл, мамандырылған медициналық көмек, оның ішінде дәлелді медицина қағидаттарына және диагностикалық, фармацевтикалық технологиялардың заманауи жетістіктеріне сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан заманауи медицина контекстінде өмір бойы оқуды жалғастыра алатын бәсекеге қабілетті резидентура түлектерін сапалы дайындау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 210
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R023 Балалар хирургиясы
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Бала жасындағы хирургиялық және урологиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, асқынуын, емдеу әдістерін біледі. Науқасты толық тексеріп, зерттеу талдамаларын тағайындап, жоспарлы отаға әр аурудын мерзіміне сай уақытын белгілеп, ота алды және отадан кейінгі уақытта науқастын емін жүргізе біледі. Балалардағы жоспарлы хирургиялық және урологиялық оталардың негізгі кезеңдерін жасай алады.
  • Бала жасындағы іріңді аурулардың этиологиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық ағымын, асқынуы мен болжамын біледі. Іріңді ауруларды тексеріп, клиникалық тұжырымдаманы қойып оны дәлелдеп, емдеу жоспарын құра біледі. Іріңді аурулардың ота алды дайындық жасап, уыттануға қарсы ем жасап, консервативті және оталық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіш қоюға қабілетті. Іріңді аурулардағы жедел ота мен манипуляциялық техникалардың негізгі этаптарын біледі. Іріңді аурудан кейінгі реабилитациялық емді сауатты түрде жүргізе біледі.
  • Балалардағы жедел хирургиялық аурудың этиолгиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ағымын, асқынуын біледі. Балалардағы жедел патологияны уақытында анықтап, клиникалық-инструментальды зерттеу жасап, клиникалық диагноз қойып, оталық емге көрсеткіш қоя біледі. Ота қаупін сауатты түрде болжап, жедел отаға дайындай алады. Жедел ота жасау мен манипуляциялық техникалардың негізгі этаптарын біледі.
  • Жиі кездесетін даму ақауларына антенатальды диагностика жүргізе алады, пренатальды кезеңге консультация жасай біледі. Нәрестелердегі даму ақаулары мен хирургиялық патологияның консервативті және оперативті емін, патологияның эмбриогенезін, клиникасын, жіктелісін, ағымы мен асқынуын біледі. Нәресте кезеңінің хирургиялық ауруларға клиникалық және инструментальды зерттеу жүргізіп, клиникалық диагноз қойып, консервативті және оталық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіш қойып, ота уақытында анестезиологиялық қауіпті анықтай алады. Нәрестедегі ТПА ота алды және отадан кейінгі емдеу жоспарын құра алады. Нәрестедегі емдік манипуляция мен отаның негізгі этаптарының техникасын біледі.
  • Балалардағы кеуде клеткасының хирургиялық ауруларының этиолгиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ағымын, асқынуын консервативті және оталық емнің негізгі қағидаларын біледі. Торакальды хирургияның клиникалық және инструментальды зерттеу тәсілін, емдеу жоспарын жүргізуді. Балалардағы кеуде клеткасының хирургиялық ем мен емдік манипуляцияның негізгі этаптарын біледі.
  • Балалардағы травматология мен ортопедиялық патологияның этиологиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ағымын, асқынуын консервативті және оталық емнің негізгі қағидаларын біледі. Балалардағы травматология мен ортопедияның заманауи зерттеу тәсілі, дифференциальды диагностика жасап, клиникалық диагноз қойып, жарақатты емдеу жоспарын құра алады. Тірек-қимыл аппаратының аурулары мен балалар жарақаты емін жүргізе біледі. Жарақаттан кейінгі кезеңде реабилитациялық ем жүргізе біледі.
  • Балалардағы жиі таралған даму ақауы мен жүре пайда болған патологияның этиолгиясын, патогенезін, жіктелісін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ағымын, асқынуын біледі. Амбулаторлы деңгейде зерттеу жүргізіп, емдеу жоспарын құра алады. Амбулаторлы деңгейде хиругиялық патологияға консервативті және оталық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіш қойып, емдік және диагностикалық манипуляция жасай алады. Отадан кейінгі реабилитациялық емдеу жоспарын сауатты құрып, диспансерлік бақылау жүргізе алады.
  • Балаларға қолданатын эндоскопиялық құрылғының негізгі қолдану принциптерін, эндоскопиялық емнің артықшылығы мен кемшіліктерін біледі. Балаларға эндоскопия алды зерттеу жоспарын құрып, эндоскопиялық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіштерді , ота алды және отадан кейінгі емді жүргізе біледі. Балаларға эндоскопия арқылы жедел және жоспарлы ота жасауды, диагностикалық және емдік манипуляцияны жасай алады.
  • Балалардағы абдоминальды және торакальды хирургиялық патологияның эндоскопиялық диагностиканың негізгі қағидаларын біледі. Балалардағы эндоскопиялық зерттеу жоспарын құрып, хирургиялық патологияның эндоскопиялых диагностикаға көрсеткіш пен қарсы көрсеткіш қоя алады. Жедел және жоспарлы хирургиялық патологияның сәулелік диагностика жасау мерзімін біледі. Хирургиялық патология кезіңде сәулелік зерттеу тәсілін қолдана алады. Балалардағы қарқынды емдеу реанимация бөлімінің жұмысы мен ұйымдастыру жолын, инфузиялық және гемотрансфузиялық терапия ерекшеліктерін, жансыздандырудың негізгі қағидаларын біледі. Балалардағы инфузиялық терапия көлемін есептеп, гемотрансфизиялық емге көрсеткіш пен қарсы көрсеткіш жасап, балаларда,ы жедел хирургиялық патологияның анестезиологиялық қаупін есептей алады.
Top