Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты: - жалпы тіл мен әдебиеттану саласындағы осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәлімет беру; - педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру мен басқару дағдыларын меңгерген қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білімі бар мамандар даярлау; - педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құруға, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім берудің қазіргі талаптары мен объективті заңдылықтарын бағдарлауға, ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталған білім; - білім алушыға дүниетаным, тіршіліктің ғылыми философиялық негіздері, руханият пен ұлттық болмыстың мәні туралы терең білім беру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіндегі бет пен бағыт

    Пән көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан классикалық әдеби дәстүрді, бірнеше кезеңдердегі ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын әдебиет үлгілерін қарастырады. Әдеби дәстүр мен әдеби даму - әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас бөлігі екендігі айтылады. Мұхтар Әуезов, Михаил Шолохов, Шыңғыс Айтматов сынды жаңа көркемдік игіліктермен әлем әдебиетін байытқан шеберлердің шығармашылық эволюциясын, классиктерге тән ерекше заңдылықтарды зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

    Пәнді өту барысында Кеңес үкіметінің орнауымен байланысты қоғамда туындаған өзгерістер және оның көркем әдебиетке әсері, жаңа тақырыптар, жаңа ізденістер, 30 жылдардағы қазақ әдебиетінің әр жанрда даму бағыттары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиетте орын алған басты тақырыптар, көркем әдебиет дүниесіндегі елеулі табыстар мен ерекшеліктер, соғыстан кейінгі дәуірдегі партияның әдебиет пен өнерге қатысты қаулы-қарарларының әдебиетке әсері, қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер сияқты мәселелер қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік дағдылар, инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәндер

    Білім беру жүйесіндегі әдіснамалық негіздер мен даму бағыттарын кәсіби шығармашылық деңгейлері. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени сұраныстарға сай әлемдік бәсекеге қабілетті теориялық білімді қалыптастыру. Білім берудегі жаңа мазмұндарды ұйымдастыру, педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас жаңашыл бағдарламасын жоспарлау. Жаңашыл идеяларды ұсыну, кәсіби қызметтерді дамыту жолындағы заманауи технологияларды жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Қазақ халқының ауыз әдебиетін оқыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойына жасаған рухани байлығы – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінікті қалыптастырып, халық ауыз әдебиетінің алатын орны мен көп қырлы табиғатын, туу, таралу-сақталу ерекшеліктері, қоғамдық маңызы қарастырылады. Халық әдебиетін ұлттық құндылық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сыр-сипатын таныту, жастарға тағылым-тәрбие беруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Нормативті қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілі пәні фонетика бөлімнің де тілдің дыбыстық жүйесі, дыбыстық заңдылықтар, орфоэпия, орфография мәселелері қарастырылса, лексикология бөлімінде тілдің сөздік құрамы, сөздердің мағынасына, қолданылу аясына қарай түрлері, сөзжасам бөлімінде тілдегі жаңа сөз жасау тәсілдері, морфемалар, күрделі сөздер қарастырылады. Морфологияда сөз таптарының әрқайсысы жеке-жеке талданып, олардың түрлену жүйесі меңгертіледі. Синтаксис бөлімінде сөздердің тіркесу тәсілдері мен формалары, сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері, емле және пунктуация оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Іскери қазақ тілі

    Ресми іс-қағаздарының тілі, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталуы, лексикалық-грамматикалық жүйесі. Ресми тілдің кеңсе іс-қағаздары сияқты түрлері, заң құжаттары мен оларды толтырылуда қойылатын талаптар. Ресми қарым-қатынастағы қазақ тілінің тілдік жүйесі, лексика-грамматикалық, орфографиялық нормалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Алаш әдебиеттануы

    Алаш әдебиеттануы пәні XX ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөніндегі мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қосқан үлесі, Алаш ғылыми мұрасының құндылықтарын танытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиеттануға кіріспе пәнінде болашақ мамандар өздері таңдаған мамандықтың негізгі бір саласына байланысты жалпы әдебиет, өнер табиғаты туралы мол түсінік қалыптастырады. Бұл пәнді өту барысында студенттер әдебиет туралы ғылымның негізгі заңдылықтары мен қағидаларын меңгереді, сол арқылы келесі сатылардағы қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдеби сынының тарихы, т.б. әдебиетке қатысты пәндерді ғылыми тұрғыдан талдап, түсінуге мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Эпостану

    Эпостану – қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті екендігін ұғындырып, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екендігі туралы мәселені қарастырады. Әдебиетiміздің жанрлық түрлері мен оның ерекшелiктерi, мәтiннiң сюжеттік желiсiн, шығарманың сюжеті мен композициялық құрылысына қарай талдау, мотив пен сюжетті қорытындылап, шығарма жазуға дайындауды мiндеттейдi.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Орфография және пунктуация

    Пунктуация да, емле ережелері де дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы, тыныс белгісі - жазу тілінің жазу мәдениетінің дамуының жемісі. Пунктуация мен орфографияны оқыту барысында пунктуация теориясы, анықтамасы, ерекшеліктері, құрамы, тұлғалары, сөйлесім әрекеті, зерттелу тарихы, әдістемесі жайлы толық мағлұмат беріледі. Жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелері түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік физиологиясы

    Жас ерекшелік физиологиясы пәні оқушылардың физиологиялық дамуы туралы жалпы түсініктерді, оқушылардың физиологиялық дамуының негіздерін, балалар мен жасөспірімдердің өсу мен дамуының жалпы заңдылықтарын қамтиды. Пәнді оқыту барысында сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар, баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, қүрылысы, қызметі, жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, дамуы, жоғары жүйке әрекеті, т.б. қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы

    Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы пәні сөздің жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктерді анықтап, осы айырмашылықтарды таныту мақсатында оқытылады. Мұндағы орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы болса, орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Орфография фонемаларды әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде негізгі пәннің бірі болып табылады. Мұнда педагогиканың әдіснамалық, аксиологиялық негіздері қарастырылып, педагогикадағы мақсатты анықтау, тұлға тәрбиенің обьектісі және субьектісі, дамудың жас және дербес ерекшеліктері сынды мәселер зерделенеді. Сонымен қатар ҚР білім беру жүйесі, білім беруді жаһандандыру, тәрбие теориясы, қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, формалары, құралдары, дидактика, оқыту үдерісі мен оқытудың заңдылықтары мен принциптері, оқытудың қаіргі әдістері мен құралдары, технологиясы тақырыптары қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәні қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен фонитикалық заңдылықтары туралы теориялық білімі жүйелі әрі саналы меңгертуге негіз болады. Пәннің мақсаты – сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен мәлімет беру, фонетикалық және фонологиялық жүйе түсінігін ашу, айтылым түрлерін заңдылықтарын нақты пайдалану арқылы дамытуда лингвистикалық цикл ретінде фонетиканың орнын анықтау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Тіл туралы ғылымның негіздері, лингвистикалық терминдер, тілдің қызметі мен ішкі құрылымы туралы негізгі ұғымдар, оның қоғамдағы маңызы, тілдер арасындағы байланыс пен олардың сәйкестіктері қарастырылады. Пәнді оқыту барысында тіл туралы ғылымның негізгі мәселелері жайында жалпы мағлұмат беріліп, лингвистикалық ойлау, сонымен қатар лингвистикалық терминдерді қолдану көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонологиясы

    Қазіргі қазақ тілінің фонологиясы дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді. Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру, ал делимитативті (белгілеу) қызметінде фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады. Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Лингвомәдени құзыреттілік және тілдік коммуникация

    Лингвомәдениеттанудың тілдік концептілерді жасауға қатысуы, тілдік белгінің қай саласында «мәдени мағына» бар екенін анықтауы. Тыңдаушы немесе сөйлеуші осы мағынаның сөйлеу стратегиясына қалай әсер ететінін қаншалықты сезетінін, тіл иесінің шынайы мәдени тілдік компетенциясы бар-жоқ екенін анықтау пәннің негізгі міндеті болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Ежелгі дәуірдегі әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері. Курсты оқытудың мақсаты мен міндеті - біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулардан бастап, ХҮ ғасырға дейінгі әдебиет туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, ежелгі әдебиетті көне тарихпен, көшпелілер мәдениетімен сабақтастыру, әдебиеттің қалыптасу кезеңдерін жүйелеу, әр дәуірдің өзіне тән ерекшелігін аңғарту, әдеби-тарихи мәні бөлек жазба ескерткіштердің мазмұн-мәнін, көркемдік мұратын талдау, кейінгі дәуірлермен байланысын ашу, ортақ ұқсастық-бірліктерді талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы

    Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы пәні тілдің басты элементі саналатын сөздің әр саласында әр қырымен қарастырылатынын білу, сөздің пайда болуы мен дамуын, лексикалық мағынаның мәнін анықтау, ұғымның адам санасында қалай қалыптасатындығы жөніндегі түсініктер туралы теориялық білімді жүйелі әрі саналы меңгертуге негіз болады. Пән бүгінгі күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің лексикалық жүйесін ғылыми теориялық негізде тануды міндет етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ хандық дәуір әдебиеті

    Пәнді оқыту барысында: қазақ тарихына, әдебиетіне қатысты көзқарастарды жүйелеу; жыраулар поэзиясындағы саяси тәуелсіздік пен рухани еркіндікті аңсау идеясының мәнін ашу; ақын-жыраулар поэзиясындағы азаттық, ерлік, елдік тақырыптарының табиғатын айқындау; ақын-жыраулар мұрасындағы ұлы дала халқының тұрмыс-тіршілігіне, сайын дала сырларына, ұлттық рухани мұраттарға назар аудару; ХҮ-ХҮІІІ ғғ. аралығындағы қазақ әдебиетінің өкілдері туралы деректерді жаңа уақыттың талап-тілектеріне сай зерделеу; ұлттық тарихымыз бен рухани әлемімізде маңызды орын алатын тарихи тұлғалардың үлес-орнын саралау, отаншылдық қырларына көңіл бөлу; мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ диалектологиясы

    Пән жергілікті халық тілінің ерекшеліктерді, тілдегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеу арқылы халық тілінің пайда болу тарихын айқындайды. Тілдегі деректер, мысалы кірме сөздер белгілі бір халықтың тарих көшінің бойында қандай елдермен, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғандығын айқындау, жергілікті тіл ерекшеліктерін әдеби тіл нормасымен салыстыра отырып зерттеу, сәйкесті және сәйкессіз диалектілік ерекшеліктерді анықтау, қазіргі сөйленіс я диалектінің тіл тарихымен байланысын ашу, сөйленістің тіл жүйесін барлық жағынан сипаттай отырып арнайы зерттеу пәннің мінетіне жатады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәнін оқыту барысында қазақ тілінде (орыс тілінде) тұрмыстық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынаста диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету көзделеді. Қазақ тілінде (орыс тілінде) тұжырымдамалық негізделген филологиялық білім беру, тілдің жүйесі, құрылымы және оның бірліктерінің қызмет етуі туралы іргелі білімдерді кәсіби дүниетанымын қалыптастыру мақсатында мамандық бойынша мәтіндермен жұмыс жасау үшін қолдана білу пәннің негізгі міндеті болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің этнолингвистикасы

    Қазақ тіл білімінде тілдің этнолингвистикасы дамыту қоғам қажеттілігін өтейтін, мемлекеттік тілдің толыққанды дамуы үшін қажетті негізгі талаптардың бірі болып табылады. Тілдік нормалардың сақталуын, тұрақтануын, қалыптасуын қамтамасыз етумен қатар кейінгі зерттеушілер үшін осы кезеңдегі тілдің, сөздік құрамның қандай деңгейде болғанынан да, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы да мол мәлімет береді. Қазақ тілінің этнолингвистикасын оқу барысында ғылымының теориялық негіздемесін жете зерттеу және қалыптасуын білу, қойылатын жалпы талаптарды зерделеу, осы талаптардан туындайтын мәселелерді шешу міндеттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің этимологиясы

    Пән бойынша әлемдік тіл білімінің қалыптасу және даму жолы бағдарланып, әсіресе қазақ тіл білімінің тарихи жолы, қазіргі ғылымдағы орны барынша түсіндірілетін болады. Әрі тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, қазақ тілінің шығу тегін, түркі тілдерімен бірге өткерген жолын негіздейді. Ең бастысы, теориялық негізге түркология мәселелері алынатын болады. Сондықтан бұл пәнге түркі тілдерімен жақындығы бар қазақ тіліндегі көне түркілік элементтер, орта ғасырдағы халық тілі болып қалыптасуы жайындаға еңбектер теориялық негіз етіп алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ шешендік өнері

    Қазақтың шешендік өнері – ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде қазақ фольклорының, өзіндік бітім-болмысын айқындайтын, халық дүниетанымын көрсететін ерекше жанр. Пәнді оқытуда шешендік өнердің қалыптасуы, тарихы, шешендік өнер табиғаты, көркем сөздің нәрі, астарлы мәнін түсіне білу, шығармашылық, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерге деген бейімділіктерін ұштау сиықты мәселелерге назар аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиет және этнодеформация

    Әдебиет және этнодеформация пәні қазақ әдебиетінің түрлі жанрларында баяндалған этногрфиялық өрнектердің ерекшеліктерін, әдебиеттегі дәстүр жалғастығын қарастырады. Әдебиетте қалыптасқан дәстүр негіздерін, жанрлар бойынша этнографиялық өрнектердің ерекшеліктерін зерттеп, әдебиет пен дәстүр негіздерін байланыстыра қарастыруға негізделеді. Қазақ және шетел әдеби-сыни ойлар мен мектептер, есімдер, бағыттардың қалыптасу кезеңдері, заманауи әдеби-қызмет ерекшелігін ескере отырып, көркем мәтінді сындарды сараптау, түрлі дискурс типтерін, эстетикалық бағалау принциптерін бағамдау пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Пән қазақ әдеби тілінің даму тарихын, ұлттық қазақ тілінің беку кезеңдерін және қазіргі әдеби тілдің қалыптасуын қарастырады. Курстың міндетіне лекциялық курстар бойынша қазақ әдеби тілінің бастапқы қалыптасу кезеңінен бастап осы заманғы даму кезеңіне дейінгі ерекшеліктерін ашу кіреді; практикалық сабақтар бойынша арнайы түрде таңдап алынған белгілі бір ескерткіш тілінің мәнбілері мақсатты сарапқа салынады. Әдеби тілдің тарихы дамудың барлық кезеңдеріндегі тіл мен халық тарихы арасындағы органикалық қатынасты айқындап береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті аталмыш кезең әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері, осы дәуірдегі әдебиеттегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдардың тууына себепші болған қоғамдық-саяси жағдайлар, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлт бостандығының жырлануы, ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы «Зар заман» әдебиеті, ХІХ ғасырдың 70 жылдарындағы ағартушылық әдебиет және әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы, зерттелуі, ХІХ ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымында бағалаудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар сияқты мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақтың айтыс өнері

    Қазақтың айтыс өнер пәні қазақ халқының сурыпсалмалық өнерінің қыр сырын саралап, қазақ халықының айтыс өнері, жыршылық дәстүріндегі импровизаторлық ерекшеліктерді шығармалар арқылы талдауға негзделеді. Сонымен қатар айтыс өнерін тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктер тұрғысынан талдау жұмыстары жүргізіледі. Отандық әдебиеттанудың негізгі мектептері мен бағыттары, әдеби идиостиль жасаудың лингвистикалық әдістері мен шығармашылық тәсілдері, лирикалық көркем мәтін құрудың ұстанымдары пәннің негізін құрайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді. Қазақ тілін оқытуәдістемесі қолданбалы ғылым ретінде пәнді оқытудың мақсат-міндеттерін, оны жүзеге асырудың нормативтік-базалық негіздерін анықтайды. Қазақ тілін оқытуәдістемесін оқу арқылы болашақ мамандар пәнді оқытудың дидактикалық-технологиялық негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

    Пәнді оқыту барысында қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы туралы теориялық білім және сөзжасамды әлеуметтік құбылыстармен шарттастырылған жүйе ретіндегі тұтас түсінік, қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне жалпы сипаттама беріледі. Тілдің жалпы заңдылығына бағынатын және ұдайы дамып отыратын, белгілі бір заңдылықтармен сипатталатын сөзжасамдық жүйе туралы түсінік қалыптасып, тілдің бұл саласының лексикологиямен және морфологиямен байланысы көрсетіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Абайдың ақындық мектебі

    Абайдың ақындық мектебі пәні Абайдың өзінен кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар ақындардың әдебиеттегі орнын айқындап, сол арқылы ұлы ақынның тағлым беруші ұстаздық қырын танытуды мақсат етеді. Пәнді өту барысында қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрін жалғастырушы лектің алдыңғы толқыны С.Торайғыров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сынды әдебиет қайраткерлерінен бастап, Абайдың ақындық мектебінің өкілдері болып табылатын бүгінгі дәстүр жалғастырушылардың шығармашылығы сөз болады, яғни осы мектеп өкілдерінің Абайдың ақындық үлгі-өнегесі мен өзіндік өлшем-өрнегі ����лғастырыла қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл мәдениеті

    Тіл мәдениеті пәні әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысы, коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдердің дұрыс ұйымдастырылуы мен белгілі бір тәртіппен жүйелі қолданылуы сияқты мәселелерді қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ шешендік өнер және мәнерлеп оқу

    Пәнді оқытуда шешендік өнердің қалыптасуы, тарихы, шешендік өнер табиғаты, көркем сөздің нәрі, астарлы мәнін түсіне білу, шығармашылық, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнерге деген бейімділіктерін ұштау сиықты мәселелерге назар аударылады. Шешен сөйлеуде тапқырлық пен ділмарлықпен қатар, мәтін мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпін, дауыс ырғағын сақтап айту да аса қажет. Дауыстың анық естілуі, дауыс күшінің жоғарылап, бірде төмендеуі, оқу, сөйлеу қарқынының бірде жылдам, бірде баяулауы - мәнерлеп оқудың шарттарына жатады. Пәнді оқыту барысында оқу техникасын қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы

    Стилистиканың тіл ғылымының басқа салаларындай тек өзіне ғана тән тұлға – бірліктері (единицалары) жоқ: ол фонетиканың обьектісі –сөздерді, морфологияның обьектісі – морфемдерді, синтаксистің обьектісі – сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын стилистиканың негізгі байлығына жататын тілдік құралдар, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ тілінің функциональды стильдері құрайды. Стилистика өз ішінде мынандай салаларға жіктеледі: құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы, қолданымық стилистика немесе сөз стилистикасы, көркем әдебиет стилистика��ы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Кәсіби бағытталған шет тілі пәнінің мазмұнын анықтау қазақ тілі мен әдебиеті саласы бойынша мамандар даярлау бағытына сәйкес әлеуметтік-педагогикалық факторларды талдау негізінде жүзеге асырылады. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты білім алушылардың объективті факторлар туралы ғылыми көзқарасының болуын қамтамасыз ету, заманауи білім берудегі шет тілін оқыту жүйесінің дамуын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар студентте кәсіби тақырыпта ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынасқа жасауға қажетті ауызша сөйлеу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, түйінді ойын грамматикалық тұрғыдан бейімдей білу дағдысын қалыптастыру ��әнді оқытудың міндеттері болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Абайтану курсы алдыңғы білімді одан әрі тереңдете түсіп, ұлы ақын шығармаларының қырларын кең ауқымда игеруді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылығының зерттелу, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінен де жан-жақты мәліметтер беруді көздейді. Абайтану курсы студенттердің Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан, өлеңдері, қара сөздері мен көркем аудармаларынан кең мәлімет бере отырып, олардың ішкі табиғатын, эстетикалық мәнін, сондай-ақ ақынның философиялық ой толғамдарын терең, жан-жақты ұғынуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі балалар әдебиетінің процесі

    Балалар әдебиеті пәні – балалар әдебиетінің даму барысын, оның өзіндік төл ерекшеліктері мен жетістіктеріне ғылыми-теориялық, тарихи мәселелер тұрғысынан баға беруді көздейтін пән, бала ойын, тіл мәдениетін, сөйлеу мәнерін, сөздік қорын молайтуға әсері мол. Пәнді оқытуда көркем шығарма мен оның табиғаты, балалар әдебиетіне тарихи оқиғалардың тигізген әсері, оның қоғамдық жағдайға байланыстылығы, сондай-ақ қазіргі балалар әдеби процесіндегі негізгі тақырыптар, жанрлық ерекшеліктер, балалар әдебиетіндегі басты кезеңдер мен олардың бағыттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

    Пәнде сөз формаларының синтаксистік қызметі, сөз тіркесі синтаксисі, олардың белгілері, сөз тіркесінің тәсілдері мен формалары, жай сөйлемнің өзіндік белгілері, жай сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлемнің түрлері, мағыналық топтары, жасалу жолдары қарастырылады. Морфология пәнінен алған жалпы теориялық білім жетілдіріліп, сөйлемді синтаксистік талдауда синтаксистік аспектілердің (құрылымдық, семантикалық, коммуникативтік және логикалық) түрлері, сөйлем ішіндегі синтаксистік байланысы мен қатынастарын талдау, жай сөйлем негізінде құрмалас сөйлем жүйесінің қалыптасу, даму жолдарын, сөйлемнің грамматикалық-семантикалық белгілерін ажы��ау қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократиялық бағыттағы қазақ әдебиеті

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті курсы ауқымында аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы қарастырылады. Сондай-ақ осы кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселелер жайында әр кезде қалыптасқан әртүрлі түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады. ХХ ғасырдың басындағы талантты ақын-жазушылар мен олардың көрнекті шығармалары, жалпы әдеби мұралары жөнінде кең көлемді мағлұматтар беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің қарастыратын мәселелері: оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты, баға қоюда қолданылатын меже, баға қою мерзімділігі, білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі, оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі болып табылады. Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі. Сонымен қатар бұл пән субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізетін факторлар, болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) бағалау, ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау) бағалау, білім сапасын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді «кері байланысты» қамтамасыз ету, т.б, мәселелерді де қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі

    Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі құрмалас сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлерін, оның қызмет ету ерекшелігін қарастыратын теориялық пән. Қазіргі қазақ тілінің жүйелігін әр деңгейінде және тұтасымен тану, құрмалас сөйлемнің көп қырлығын түсіну, оның өзара байланыс және өзара ықпалдасуындағы формалды грамматикалық, семантикалық, коммуникативтік ұйымдасуын меңгеру пәннің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Құрмалас сөйлемнің синтаксистік мәнін, оның жай сөйлеммен ортақ және алшақ белгілерін тұжырымдап, мақсат пен коммуникативтік қолданысқа сәйкес құрмалас сөйлемнің түрлі құрылымын тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Алаш ұранды әдебиет

    Алаш ұранды әдебиет пәні ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі азатшыл идеяны тарихи аспектіде түсіндіруді көздейді. Пәннің негізгі зерттеу объектісі алаш арыстарының шығармаларындағы азаттық идеясын тарихи деректерге сүйене отырып қарастыру, алаш арыстарының шығармаларын жанрлық тұрғыдан талдау, зерделеуге бағытталады. Студенттерге алаш әдебиетін өкілдерінің шығармаларын жазылу тарихымен байланысты қарастырып, шығармашылық лабораториясының ерекшеліктерін, шығармалардың жазылу тарихын бағамдай алу міндеттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

    Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы пәні қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымын, сөздің мағыналық бөлшектерін және оның лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің бағыт-бағдарын ұсынады. Сөз және оның формалары, оны құрастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы, сөздердің топтарға бөлінуі, әр топқа енетін сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде теориялық білім береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфонологиясы

    Қазіргі қазақ тілінің морфонологиясы пәні морфеманың теориялық негіздері, морфтар жүйесі мен орыс тілі әсерінің осы жүйеге қатысы, лексика-грамматикалық сипаты, құрылым, семантика және функциялық ерекшеліктері, морфтар морфонологиясы туралы білімді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пән бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. Сонымен қатар көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелігі, ағартушы-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілуі мәселелері қарастырылады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің құрылымы мен мазмұнын, ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелерді, әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптерін, әдеби білім беруде оқу пр��цесін ұйымдастыру түрлерін, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдарын, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдерін білу міндеті қойылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби шығармашылық

    Жазушы тұлғасы, оның қалыптасуы, шығармашылық тұрғыдан дамуы мен қабілет-қарымы, қаламгердің адамгершілік және кәсіби мінез-сапалары, әдеби дебют, әдеби ықпалдастық, көркем шығармашылықтағы дәстүр мен жаңашылдық, шығармашылық жұмыстың кезеңдері, жазушылардың шеберлік құпиялары жайлы толғаныстары, шығарма мәтінімен, түрлі әдеби жанрлармен жұмыс жасау әдістемесі қарастырылады. Жазушы еңбегінің мәні мен міндетін саралау, сөз құдіретінің құпиясына бойлап, оның табиғатын тану, әдеби шығармашылық процеске тән заңдылықтарды түсіне отырып, студенттің өз бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту міндеттері қойылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Тарихи грамматиканың негізгі обьектісі – қазақтың халық болу процесі кезеңдеріндегі тіл құрлымы, қазіргі тарихи әдебиеттерге сүйене отырып, халық тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктерді анықтау. Қазақ лексикасының, қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрлымының, сондай-ақ синтаксистік құрылыстың даму жолдарын қарастырады. Грамматикалық құрылыстың тарихи даму эволюциясын білу ескі, жаңа түркі тілдері фактілерін қазіргі қазақ тілі фактілермен салыстырып зерттеуге құрылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өлең сөздің теориясы

    Пәнде шағын көлемді поэзиялық шығармалардағы ырғақ пен ұйқас, шумақ пен бунақ мәселелері, олардағы белгілі тәртіпке бағынған ұйқысты сөздер тізбегі, өлеңнің түрлері мен жанрлары (ода, элегия, баллада, сонет), т.б. қарастырылады. Өлең сөздің теориясы пәні өлеңге тән болмысты, өлеңнің жаратылысын, ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. танытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процесс

    "Қазіргі заманғы әдеби процесс" пәні соңғы елу жылдағы қазақ әдебиетінің тарихына қатысты мәселелерді қарастырады. "Қазіргі әдеби процесс" пәнін оқытудың міндеті – қазақ әдебиетінің қазіргі және жаңаша кезеңдерінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Пәнді оқыту барысында әлемдік және қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби үрдістер жан-жақтызерделенеді. Сондай-ақ жекелеген ақындар мен жазушылардың шығармашылығындағы дәстүр мен сабақтастық мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнін өту барысында көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымы, ой-толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз зергерлерінің көркемдік философиялық дүниетанымы, жанрлық-тақырыптық, тілдік-стильдік, ғылыми-танымдық ерекшеліктері, адам, қоғам, табиғат қарым-қатынастары жаңаша талданды. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, ұлттық сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін саралау міндеттері қойылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні туыстас түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттейді және түркі тілдерінің зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырады. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне назар аударылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді саралау, түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау, тілдік деректерді салыстыра отырып зерттеу мәселелерін қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Шетел әдебиетінің тарихы пәнін өтуде Батыс Европа халықтарының әдебиеті дүние жүзілік әдеби даму аясында қарастырылады. Пәнді оқыту барысында шетел әдебиетіндегі шығармашылық мәселесі сол елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен, көркем өнерінің түрлерімен тығыз бірлікте қарастырылады. Батыс Европа әдебиетінің дамуы мен эволюциясының негізгі кезеңдеріне талдау, жекелеген ел әдебиеттерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, тұңғыш әдеби жанрларының қалыптасуына, дамуына, кейінгі дәстүрлі даму жолына талдау, негізгі жанрлар мен олардың көрнекті авторларының шығармашылығына назар аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты зерттейді. Тілдердің барлығына ортақ заңдылықтарды тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болу тұрғысынан қарастырады. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның зерттелу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай қалыптасқаны қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы

    Әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мәні, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық міндеттерін көрсетіледі. Сонымен бірге әдебиет теориясы пәнінде әдебиеттануға кіріспе пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтылады, әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйеленеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тіл білімі

    Түркі тіл білімі пәнінің мақсаты түркі тілдерінің қалыптасу заңдылықтарын меңгерту, әлемдегі түркі тіл білімінің дамуын, түркі тілдес халықтардың тарихын және этномәдени дәстүрлерін сипаттау болып табылады. Түркі тілдес халықтар тілдерінің таралуы мен даму тарихын, түркі тілдері тарихын кезеңдерін, түркі тілдерін жіктелуін зерделейді. Түркі тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимологиялық сөздіктерді де қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиеттану ғылымының терминологиясы

    Әдебиеттану ғылымының терминологиясында әдебиеттану ғылымында қолданылатын терминдерінің жиынтығы қаралады. Мұнда әдебиеттану терминологиясының жаратылыстану және техникалық ғылымдар терминологиясынан өзіндік спецификасы сөз болып, көпмағыналылық, синонимшілдік, бейнелілік сипаттардың болатындығы, әдебиеттану объектілерінде күрделі жәйттер феномені (көркем образ, поэтикалық сөз) өзгермей алынуға тиіс түсініктердің ауқымына сыймайтындығы талданады. Мұны терминдердің көпмағыналылығы, қарапайымдылығы жалпыға ортақ (қалыптасқан дәстүрлі: стиль, образ, мотив, сюжет, тақырып, әдеби бағыт пен ағым т.б) ұғымдармен түсіндіруге болады. Әдебиеттанудың белгілі бір жүйеге келтірілген, бірыңғай мағынада қолданылатын терминдерінен (өлеңтану, поэтика) тұратын бөлімдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем халықтарының әдебиеті

    Әлем халықтарының әдебиеті пәнін өтуде батыс пен шығыс халықтарының әдебиеті дүние жүзілік әдеби даму аясында қарастырылады. Әлем халықтары әдебиетінің тамыры терең байланысын, дәстүр жалғастығы, бір-біріне әсері, шығармалардың идеялық-көркемдік ерекшелігі, жалпы даму заңдылығын саралау, әлем халықтарының әдебиетін салыстыра оқу үстінде дүние жүзілік әдебиетке тән заңдылықтарды зерделеу, өзге халықтар әдебиетінің қазақ тіліне аударылу дәрежесі, жариялануы, зерттелуі және осы жолдағы жетістігі мен кемшілігі сияқты мәселелер қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  •  Сөздердің лексикалық мағынасын тұжырымдау, оның контексте қолданылу үлгілерін көрсету, лексикалық құбылыстарды топтастыру және оларды көркем мәтіннен анықтау.  Мәтіннің лексикалық ерекшелігін, сөздердің лексикалық құрылымын, контекстегі мағынасын талдау, қазақ тілі лексикасын жүйелік, семантикалық аспектіде сараптау.  Диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын, фонетикалық ерекшеліктердің позицияларын, лексикалық ерекшеліктердің мағыналық, стильдік топтарын ажырату, грамматикалық ерекшеліктердің категориялық тұлғасын ажырату.
  •  Қазақ тілі мен әдебиетінің терминдеріне, ұғымдарына анықтама беру, психологиялық-педагогикалық қағидаларды ұстану, оқытудағы дәстүрлі және инновациялық технологияларды қолдану, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшелігін, кәсіби этикетті бойға сіңіру.  Оқу-тәрбие үдерісін модельдеу, білім берудің түрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың теориясынан алған білімді қолдану.  Оқушылар білімін объективті бағалау үшін оқыту нәтижелерін жоспарлау.
  •  Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттардың теориялық принциптерін ашу,қоғамдағы тәрбиенің рөлі, жеке адамның қалыптасуы туралы теориялық мәселелерді айқындау.  Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми-практикалық мәнін айқындау.  Қоғамдағы,оқу-тәрбие үдерісіндегі ұстаздың рөлін көрсету, үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау.  Балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ұғыну.
  •  Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру жүйесін ақпарттандыру.  Жан- жақты дамыған, заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру.  Дербестік, мақсаттылық, шығармашылық, бастамашылыққа бағыттайтын инновациялық технологияларды меңгеру.  Оқыту үдерістерін ізгілендіру.  Білім алушылардың білімін бақылаудың жаңа әдістерін қолдану.  Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру.  Топпен жұмыс жасау, сыни тұрғыда ойлау, жобалау, интеграциялану жұмыстарын жүргізе білу.  Зерттеу жұмыстарын жүргізу, нәтижелерін талдау және сипаттау.
  •  Тіл білімінің негізгі ұғымдарын, терминдерін қарастырып, оның теориялық мәселелерін тұжырымдау, соңғы зерттеулердің нәтижелерін, тіл біліміндегі бағыттардызерделеу.  Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтарды, тілдік құбылыстарға түрткі болатын жағдайларды сипаттау.  Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, фонетикалық заңдылықтары туралы білімді жүйелеу.  Қазақ орфографиясындағы ғылыми негізде қалыптасқан ережелерді ұстану, бөлек және бірге жазылатын сөздердің, қосымшалардың жазылуын, тыныс белгілердің қойылу заңдылықтарынқолдану.
  •  ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің ұлттық сананы оятудағы міндетін, әдеби тұлғалардың романтизм мен реализмді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы қолтаңбасын бағамдау.  Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен бірлігін нақтылап, творчестволық жетістіктер мен кемшіліктерді саралау.  Кеңестік дәуірдегіәдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесім дәрежесін бағамдау,шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелеріне байланысты баға беру.
  •  Қазақ әдебиетінің тарихында, қазіргі әдеби процесте айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастыру, соңғы жылдардағы әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғанын саралау.  Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, ұлттық сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдау, теориялық тұрғыдан дәлелдеу, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу.
  •  Дүние жүзілік әдебиетке тән заңдылықтарды саралап, әрбір халықтың әдебиеті тарихына, жетістігіне сын көзбен қарау, әлем әдебиеті үлгілерінің қазақшаға аударылу дәрежесін, зерттелуін, осы жолдағы жетістігі мен кемшілігін талдау.  Әдебиет туралы ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеу, әлемдік эстетика тұғырнамаларын, әдеби тәжірибелерді ұлттық әдебиеттану мысалдарымен ұштастыра негіздеу, шығарманы ғылыми тұрғыдан талдап, жинақталған білімді тәжірибеде ұтымды пайдалану.
  •  Кәсіби коммуникативтік салаларда түрлі мазмұндағы мәтіндерді оқу және түсіну.  Сөйлеу коммуникациясының экстралингвистикалық шарттарына сәйкес лексика-грамматикалық, стилистикалық бірліктерді іріктеу.  Кәсіби қызмет саласындағы өзекті тақырыптарға ғылыми, іскерлік, публицистикалық стильдеойын жеткізу, дұрыс түсіндіру.  Орыс, ағылшын тілдері этикетінің ережелеріне сәйкес ресми және жартылай ресми қызметтік-іскерлік қарым-қатынасқа түсу, ойын жеткізу.  Оқу-ғылыми материалдарды,сала мен мамандық аясындағы қызметтік-іскерлік құжаттарды сауатты ресімдеу.
  •  Дыбыстық тілдің табиғатын, функциясын, қоғаммен, ой-санамен қатынасын, тілдің дамуын, оның ішкі-сыртқы себептерін, тілдің диалектілік, әлеуметтік салаларын, деңгейлерін, грамматикалық категория мәселелерінің өзіндік сипатын негіздеу, әр кезеңдегі зерттеушілердің көзқарастарын саралау.  Қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, дыбыстық сипаты мен грамматикалық құрылымының ғылыми негіздерін, ұлт тілінің даму жолдарын онтологиялық тұрғыда жүйелеу.
  •  Халықәдебиетінің тарихи тамырларынзерделеу. Фольклортану ғылымы, қазақ фольклорының зерттелуі, жанрлық классификациясы, әлемдікфольклордағы ұқсастық пен өзгешеліктуралы білімді меңгеру.  Әдебиеттің өнер ретіндегі және көркемдік-ғылыми таным ерекшелігін, эстетикалық білім тарихын, теориясын, көркем әдебиеттің табиғатын, жазушы дүниетанымын, шығармашылық процестісаралау.Әдебиеттану ғылымының қағидаларына сай ой қорыту.  Қазақ әдеби тілінормаларының түрлерін, теориялық-практикалық негізін түсіну, тілдік нормадан ауытқуды, стильдік қатені болдырмау.
  •  ХІХ ғасырдағықоғамдық жағдай және оның әдебиеттегі көрінісін, осы кезеңдегі әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын азат ой-санамен зерделеу, олардың дүниетанымы, шығармашылық болмыс-бітімі туралы тың тұжырымдар мен ғылыми пайымдаулар жасау.  Абай нәр алған рухани қазына көздері, Абайдың қалыптасу баспалдақтары, ақын шығармаларының өзіндік өрнегі, қазақ өлеңіне жасаған реформасы, мұрасының әр сала бойынша зерттелуі туралы білімді қорытындылау.
  •  Әдебиеттің қалыптасу кезеңдерін жүйелеу, ҮІ-ХҮІІІғғ. әдебиеттің даму үдерісіне тән кезеңдік ерекшеліктерді анықтау.  Ежелгі әдебиетті тарихпен, көшпенділер мәдениетімен сабақтастыра отырып, әдебимәні ерекше жазба ескерткіштердің көркемдік мұратын талдау.  Қазақ елінің дербестік бетінің айқындалуы, қазақ хандығының құрылуы, қазақтың төл әдебиетінің қалыптасуы, жыраулар поэзиясындағы еркіндіктіаңсау идеясы сияқты мәселелерді тұжырымдау,жыраулар туралы деректерді жаңа заман талап-тілектеріне сай зерделеу.
  •  Қазақ тілі стилистикасының ұғымдары мен тарауларын, сөздің стильдік мағынасының құрылымын,ғылым ретіндегі мәселелерін ажырату.  Лингвистикалық стилистиканың негізгі ұғымдары, функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білімді бекіту, мәтіннің стилін ажырату,түрлі стильдерге сай материалдар жазуға дағдылану.  Шешендік өнер тарихымен танысу, шешендік дәстүрді бойына сіңіру, көркем сөздің астарлы мәнін түсіну, шығармашылық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  •  Сөзжасамдық, морфемдік, этимологиялық талдау, туынды сөздердің сөзжасам процесінің нәтижесі екендігін дәлелдеу, сын жүйелік, семантикалық аспектіде сараптау.  Сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдары, морфологияның ғылым ретіндегі мәселелерін пайымдау.  Синтаксистің негізгі ұғымдарын, терминдерін, теориялық қағидаларын, синтаксистік заңдылықтарды, сөздердің байланысу амалдарын, формаларын, сөз тіркесін, сөйлем құрылысынөз тұжырымы бойынша дәйектемелермен негіздеу.
Top