6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы салалық, коммуникативтілік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттер мен дағдыларына ие, білім беру үрдісін ұйымдастыру, мамандандыруда, жоғары сапалы оқыту контентін құруда қабілеті жоғары білікті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Әдебиеттануға кіріспе
Әдебиеттану ғылымы және оның салаларын, әдебиеттану ғылымының туу, даму және қалыптасу кезеңдерін, көркем әдебиеттің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарының мәнін ашу көзделіп,, әдебиеттанудың бастыкатегорияларын саралау іске асырылады. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын,көркем образ түрлері мен оның жасалу жолдарын, шығарманың көркемдік табиғатын және суреткердің дербес стилін талдауды меңгеру жолдары зерттеліп, тұжырымдалады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Халық ауыз әдебиеті
Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы, қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы, қазақ фольклорының жекелеген нұсқалары мен олардың поэтикасын меңгереді. Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Халық ауыз әдебиеті теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Фольклор және жазба әдебиет
Фольклор – жазба әдебиеттің іргетасы. Фольклор мен жазба әдебиет бір организмнің егіз мүшесі сияқты біріне-бірі жақын туыс, әдеби тілдің қалыптасуына екеуі бірдей үлес қосқан егіз құбылыс екендігі. Онсыз ешбір елдің әдебиеті кемел болмақ емес. Халықтың тарихи және рухани тiршiлiгiмен бiрге жасасып келе жатқан мыңжылдық мұрасын бағалайды,
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тәшеневтану
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің қызметі, оның өмірлік және саяси көзқарастарының қалыптасуы қарастырылады. Оның республикаға басшылық еткен жылдарындағы Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтауға қосқан еңбегі талданады. Ұлттық кодты қалыптастыру, сана, рухани жаңғыру, сыни ойлау, білімге деген ұмтылыс, әділеттілік, ар-намыс, бостандық туралы дүниетанымдық ұғымдар Ж.А. Тәшенев идеялары рухында зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімі туралы түсінікті қалыптастырады. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тілдің пайда болуы, тілдің таңбалық жүйесі, құрылымы, қызметі, тіл білімінің негізгі салалары туралы мағлұмат беріледі. Әлем тілдері туралы түсінік,тілдердің генеологиялық және типологиялық топтастырылуы жайлы мағлұмат беріліп, тіл білімінің өзекті мәселелері ғылыми тұрғыда сарапталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ диалектологиясы
Жергілікті тіл ерекшеліктері зерттеледі. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді.Диалект – деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі екендігін ұғындырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті негіздері
Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттерді сыни тұрғыда бағалайды.Тұлғаның экономика құқық негіздерін сонымен қатар жемқорлыққа қарсы мәдениетін, кәсіпкер қызметінің тиімділігін, жолдарын оқыту көзделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын қарастырады. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркология және тарихи грамматика
Түркология және тарихи грамматика – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін ғылым саласы.Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы, классификациясы, көне түркі жазба ескерткіштері, түркі тілдерінің өзара байланысы жайлы ақпараттармен таныстыру. Студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихын, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі жай-күйі туралы түсінік қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері
Ақша туралы негізделген шешімдерді басқару және қабылдау үшін әртүрлі қаржылық тұжырымдамалар мен құралдарды білу мен түсінудің маңыздылығын анықтайды. Мақсатқа жету үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және тәуекелге баруға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік сананы дамытады. Қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлікті жаңа өнімге немесе қызметке нарықтық қажеттіліктерді зерттеуде, бизнес-жоспар құруда, қаржыландыруды қамтамасыз етуде және пайда алу үшін қаржыны тиімді басқаруда тиімді комбинация ретінде қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Практикалық қазақ тілі
Тілдің ұлт мәдениеті мен өнер–білімінің басты тұғыры ретінде келешек білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алатындығы пайымдалады. Практикалық қазақ тілі пәні тіл білімінің салалары бойынша тілдің жүйесі мен заңдылықтарын, дыбыс жүйесін,сөздік қоры менсөз мағынасын, сөз тіркесі мен сөйлем түрлері, пунктуация жайлы теориялық мәселелерді меңгертетіні түсіндіріліп, мәтіндерге тілдік талдау жасауға машықтандырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экожүйе және құқық
Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылау, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы типологиясы
Қазақ және орыс тілдерін генеалогиялық жактан алғанда, әр түрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерініц шығыс славян тобына жатады. Пәнді оқытудың мақсаты - қазақ, орыс тілдерінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарымен таныстыру. Қазақ тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер, орыс тілінің қалыптасуындағы ерекшеліктер, қазақ, орыс тілдерінің құрылымдық ерекшеліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің негізгі категориялары; педагогикалық ғылымның әдіснамасы және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі әдіснамалық тәсілдері; педагогикалық процестің құрылымы мен маңызды сипаттамалары; тұтас педагогикалық процестің теориясы; білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттардың мазмұны; заманауи білім беру технологиялары; оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мақсаттары, мазмұны, әдістері; білім беру және тәрбие процесін ұйымдастырудың жалпы және жеке нысандары; тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың негізгі теориялары; тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі әдістері, құралдары мен нысандары; тәрбие процесінің мәні және оның құрылымы; сынып жетекшісінің функциялары мен негізгі бағыттарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби қазақ (орыс)тілі
Кәсіби қазақ (орыс) тілінің адамның еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік құбылыс ретіндегі рөлі; пәндік-тілдік материалды меңгерудің негізгі құрылымдары; қазақ (орыс) тіліндегі кәсіптік терминология; арнайы кәсіптік-бағдарланған материалдар және оларды кәсіптік жағдайларда берілген тапсырмаларда қолдану; кәсіптік құзыреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерге бағдарлану қарастырылады, кәсіби мазмұндағы монолог презентация және т.б. кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі және хандық дәуірі
Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланыста екендігін ежелгі әдеби ескерткіштер арқылы танып біле алады. VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып, жазылған дастандардан бастап, ХV ғасырда қазақ елінің дербестік бетінің айқындалуы, қазақ хандығының құрылуы, төл әдебиетінің қалыптасуы жыраулық поэзияның қарқынды дамуын ғылыми негізде талдап, қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Интеллектуалды жүйелердің негізгі түрлері, олардың нейрондық желілерде жұмыс істеу негіздері мен принципі, ақпараттық жүйелер технологияларының көмегімен практикалық мәселелерді шешудің әдістері мен құралдары қарастырылады. Интеллектуалды жүйелерде білімді ұсыну тәсілдері, интеллектуалды ақпараттық-іздеу жүйелерінің жұмыс істеу негіздері зерттеледі. Ақпаратты сыни талдау және синтездеу, білім беру мәселелерін шешу үшін жүйелік тәсілді қолдану дағдылары қалыптасады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаңартылған білім мазмұны негізінде оқытудың әдіс-тәсілдері
Жаңартылған білім мазмұны – отандық мұғалімдердің білім беру ісіне жаңаша көзқарасын нығайтып, ішкі әлеуетін арттыратын және әлемдік тәжірибелерден мағлұмат беретін курс. Білім беру мәселесінде көптеген, оқыту мониторингін жүргізу, кері байланысты қамтамасыз ету көзделеді. Жекелеген тақырыптарға Smart мақсат қоя білуді үйретуге негізделеді және де критериалды бағалау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және денешынықтыруүдерісін жақсарту. Студенттерге қоршаған ортаның әсері туралы ғылыми деректер негізінде өз денсаулығының қаллыпты дамуын бағалауға мүмкіндік беру. Балалар мен жасөспірімдердің организмінің анаттомиялыық-физиологиялық ерекшеліктері зерттеліп, талданады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы
Фразеология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік жүйесі, сөздік құрамының даму, толығу, сөз мағынасының даму жолдары, фразеологизмдердің құрамы, түрлері, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары жайлы мәселелерді зерттей отырып, қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылыктарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстықжүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, казақ тілінің дыбыстық кұрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен катар қазақ тілінің фонетикалык даму заңылықтары туралы теориялық түрғыдан жүйелі білім беріледі.Сөз бен ұғым, сөздік қордың маңызы мен қызметі, сөздің мағыналық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Балалардың сапалы білім алу әдістері мен әдістері және жынысына, жасына, географиялық тұрғылықты жеріне, моторикасы мен психикалық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан олардың әлеуетін дамыту мүмкіндіктері сипатталған. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметіндегі инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи модельдері және оны жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінің морфологиясы
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары,морфемалар мен жұрнақтар,жұрнақтардың жалпы сипаттамасы. олардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері талданып, таразыланады. Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту әдістемесі меңгеріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Студенттер хандық дәуір әдебиеті тарихының даму бағыттарымен көркемдік-идеялық, тақырыптық ерекшеліктері қарастырылады. Жыраулық поэзияның қалыптасу, даму, кемелдену кезеңдерімен, өкілдері мен жыраулар поэзиясымен танысады. Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар сынды жыраулар шығармаларының тақырыбы мен идеясына бағдар жасау, жыраулар поэзиясының тілдік-стильдік және көркемдік табиғатын талдау жасау жолдары үйретіледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлем әдебиетіндегі балалар әдебиеті
Қазақ балалар әдебиеті, әлем әдебиетімен астасып зерттелу үстінде. Балаларды тәлім-тәрбиеге, оқу білімге бастау үшін ең алдымен шетел әдебиетіндегі ұлы ақын-жазушылардың шығармаларын оқытып, образға қарай талдату арқылы түсінігі қалыптастырылады. Д.Лондонның «Мексика ұлы», Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романы және Шекспирдің балаларға арналған тілге жеңіл сонеттері әлемдік әдебиеттің биік шыңы екендігін,балалар класикасын жинақтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері, қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері, емле ережелерінің уәжі, қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен орны туралы білімдер жүйесін қалыптастырады,қазақ жазуы жайлы соңғы деректерді талдап, тұжырымдауға, пайымдауға дағдыландырады. Қазақ жазуының тарихын меңгере отырып, латын әліпбиін,маңыздылығын тұжырымдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ графикасы
Қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері, қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері, емле ережелерінің уәжі, латын жазуының тарихы, қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен орны туралы білімдер жүйесін қалыптастырады; латын жазуы жайлы соңғы деректерді талдап, тұжырымдауға, пайымдауға дағдыландырады. Қазақ жазуының тарихын меңгере отырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тұжырымдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тілдік қатынас негіздері
Адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т.б әрекеттеріне тікелей қатысты ұғымдар, хабарды қабылдаудың әдіс-тәсілдері, қарым-қатынас құралдары мен қатысымдық тұлғаларды қолдану жолдары, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін іске асыру жолдары, тілдік қатынастың теориясы, анықтамасы, ерекшеліктері, құрамы, зерттелу тарихы, әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсету, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеу көзделеді. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымын талдау мақсаты қойылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен соңына қарай әдебиет жаңа сипаттармен толысқаны, ұлттық сананың дамуы қарастырылады. Осыған орайластыраХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі талданып, талқыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Балалар әдебиеті
Балалар әдебиеті – әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Бұл пәнді оқуда студенттер қазақ әдебиетіндегі балалар әдебиетінің даму тарихымен, кезеңдерімен танысады. Негізгі өкілдерінің өмірі мен шығармаларына шолу жасайды, шығармаларды талдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіби-бағытталған шетел тілі
Пәннің мақсаты- кәсіби ұғымдар мен кәсіби анықтамаларды шет тілінде жеткізу тетіктерін білімгерде қалыптастыру. Сонымен қатар пәннің басты мақсаттарының бірі-тарихи айғақтарды, тарихи мағлұматтарды шет тілінде еркін жеткізе білу көзделеді. Пәнді меңгерген білімгер шет тілінде сөйлеу әдебін, тіл мәдениетін, тілде сөйлеу техникасы мен әдістерін, тілдің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық құрылымын, сөйлеу әрекеттерін толық меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Тілдің синтаксистік жүйесін сипаттау,қазіргі синтаксистік теорияның негізгі ережелерін, даму кезеңдерін және тұтастай алғанда тарихтағы рөлін бағалау, қазіргі заманғы оқулықтардағы қазақ тіліндегі синтаксис теориясының негізгі қиын мәселелерін қарастыру, тілдің синтаксистік деңгейінің негізгі ұғымдарын, жай және құрмалас сөйлемдерді саналы түрде білу дағдыларын дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Алаш және әдебиет
ХХ ғасыр басындағы Алаш әдебиетінің ұлттық ерекшеліктері сипатталады, алаш әдебиетіндегі ұлттық идея ұғымының поэзия, проза, драматургиядағы көрінісі өзекті мәселелер мен поэтика тұрғысынан қарастырылады. Алаш әдебиетіндегі ұлттық идеяның қалыптасуы, даму жолдарынан молынан ақпарат алады, ғылыми тұрғыдан талдайды. Алаш әдебиетінің басқа да кезең әдебиеттерімен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін зерттей отырып, оқу дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарын жинақтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
Жеке тұлғаның бойында осы аталған аспектілердің барлығының жинақталатынына қарамастан мәдениетаралық коммуникация деңгейіндегі әрекеттің де өз ерекшеліктері болады. Ол мәдениетаралық деңгейдегі сұхбаттасушыдан тек қана сол сәттегі қатысым құралына айналып отырған тілді білуді ғана емес, сонымен бірге сол елдің мәдени дерек-терінен де хабардар болуды талап етеді. Тілді мәдениетаралық коммуникацияны игеру мақсаты жүзеге асады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдағы әдебиеттің тарихи және әдеби процестерін сипаттау, жазушылар мен ақындардың стилінің ең маңызды ерекшеліктерін қарастыру талданып, таразыланады. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза, поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру көзделеді. Студенттерге қазақ әдебиетін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту жолдары үйретіледі. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдыны қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қатысым синтаксисі
Қатысым синтаксисінде сөз тіркесі, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік едициналардан айырмашылығы, сөз бен сөздің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларымен таныстыру, сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынастарын таныта отырып, сөз тіркесінің құрамын игереді, сөйлем түрлерін, құрмалас сөйлемнің басты белгілерін меңгереді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
1960-1980 жылдардағы қазақ әдеиеті
1960-1980 жылдардағы кезеңдегі проза мен лирика және эпикалық жанрда реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуін, дерек пен ойдан шығарудың түйіндесіп жатуы соны ізденістерге алып келгенін меңгертеді, ұлттық поэзияның жаңа көркемдік бояулармен молая түсуі, қазақ прозасында тарихи тақырыпты кең құлашпен игеруі, әдебиеттану ғылымы мен соңғы уақытпен бірге тыныстаған туындылар талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тіл мәдениеті және шешендік өнер
Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің тікелей байланыстылығын, сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы мен оған қойылатын талаптарды, тіл тазалығы, сөз жатықтығы, әдеби тіл нормалары, сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз әсерлігі, ұлттық мәдениет және баспасөз мәселелесін қарастырып, студенттерді практикалық тұрғыда дұрыс сөйлеу мәлениетіне дағдыландырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жалпы тіл білімі
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру. Сондықтан да білім алушыларға жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық зәруліктері мен дүниежүзілік ауқымдағы мәселелері талданып, таразыланады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және әдеби үдеріс
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінде пайда болған жаңа бағыт, туындаған тың шығармалар, жазушылардың көркемдік-идеялық ізденістері меңгеріледі.Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиеті туралы түсінік қалыптастырылады . Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиетінде туындаған шығармалардың тақырыбы мен идеялық ерекшеліктеріне тоқталып,тәуелсіздік жылдары дүниеге келген көркем шығармалардың табиғатына, әдеби бағыттар мен туындылары талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
БАҚ стилі және редакциялау
БАҚ тілдің таралуына, халықтың сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Тілге құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша көп жұмыстар жасалып жатқанымен, әлі күнге газеттерде қателер көп, ал теледидар экранынан үлгілі деп айтарлықтай емес сөздерді естіуге болады. Тілдікқатысым мәселесінде тіл мәдениеті,бақ стилі мәселелерін .ескеріп, стильдік қателерді болдырмау жолдары сарапталады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлем әдебиеті
Әлем әдебиеті- ол әлемдік сөз өнерінің мұрасын зерттейді. Әлемдік әдебиеттегі рухани алмасу көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік үлгісі. Әдеби коммуникация ұлттық әдебиеттердің өзара әрекеттесуінің негізгі түрі ретінде Батыс Еуропа мен шығыс әдебиетінің құнды мұрасын оқытады. Әлем әдебиетінің даму заңдылықтары мен басты тарихи кезеңдерін зерделей, әлем әдебиетін жауһарларын оқып, пайымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиеті
Шетел әдебиеті пәнінде әлемдік сөз өнері мұралары оқытылып,батыс елдерінің шығармалары жайында қарастырылады. Шетел әдебиеті дамуының тарихына әдеби шолу жасай отырып, ежелгі дәуір, классикалық кезең, сонымен бірге көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне алып келген аудармашылардың да өмір жолымен танысу арқылы қызығушылығы, мәдениеті және де сөздік қорының арту дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Публицистика және әдебиет
Әдебиет пен публицистика стилінің дамуындағы бірлік, публицистиканың өзіндік ерекшелігі, публицистиканың пайда болуы, көркем әдебиет, журналистика және публицистиканың табиғаты, жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын, қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі, тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырылып, А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафин және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері зерттеледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұхтартану
Мұхтартану пәнінде заңғар жазушымыз М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінігін қалыптастырады. Мұхтартану ғылымы және оның қалыптасу тарихы, даму бағыты, Мұхтартанудың өзекті мәселелері, М.Әуезовтің көркем әдебиеттегі бейнесін тударған жазушылардың шығармалары талданып, таразыланады. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы тарихилық мәселесі, М.Әуезов жайлы айтылған естеліктермен танысып, Мұхтар мұрасын оқу,талдау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абайтану
Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлы ғұламаның әдеби мұрасын танытудың іргелі саласы қаланғандығы мәлім. Студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы төңірегінде алған білімдерін одан әрі тереңдете түсіп, ақын өлеңдерін, қарасөздерін, поэмаларын және көркем аудармаларын талдату барысында ақын шығармаларының даналық тағылымын оқытып,Абай мұрасының зертелу тарихы және Абайдың адамгерішілік ілімі тұжырымдалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы екендігі сарапталады. Әдебиет теориясыпоэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы түсіндіріліп, әдебиет теориясы, әдебиеттің тектері, әдеби жанрлар,тілдің көркемдегіш тәсілдері мен әдеби терминдер негізінде талдауға дағыландырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық пәндерден игерген білімдерін әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде қолданып, академиялық адалдық мәдениетін сақтай отырып, оның қағидаларын түсінуі тиіс
- Берілген ақпаратқа сүйене отырып, алған білімін практикада қолдану, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерге талдау жасап, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатуы қажет.
- Қоғамның амандығы және табысты дамуы үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғынып, қарым-қатынастың этикалық нормаларын меңгеруде сыни тұрғыдан ойлау дағдысы арқылы тарихи деректер мен қағидаттарды қалыптастыру, қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымымен бірлесе әрекет жасау, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениеттің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсініп бағалауы тиіс
- Сандық технологияның қарыштап дамуына байланысты көпфункциональды ақпараттар көмегімен өз жұмысын реттестіру және жинақтау, өзгерістерге тез бейімделу, тіл үйренуге бейім, топпен ынтымақтастық жағдайында жұмыс істейтін және сыни тұрғыда ойлайтын жағдай жасауы қажет
- Оқытылатын пәндердің мақсатына орай білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолдана білуі керек
- Тұлғалық дамуы мен кәсіби деңгейін көтеру үшін қазіргі ақпараттық құрылғылар мен бағдарламалар арқылы алған білімдерін жинақтап, қорыту және өз қызметінде іске асыра білуі тиіс
- Кәсіби стандарттарға сәйкес қазіргі инновациялық технологияның көмегімен ақпараттық жүйені бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық қызмет түрлерін топтап, ұйымдастыруы, тестілеуі, әзірлеуі қажет
- Тіл мен әдебиет деректерін жинау және талдау жасау, әлеуметтік желідегі баспасөз жарияланымдары мен ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастыру, сонымен бірге оқыту мен тәрбилеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық инновациялық технологияларды қолдана білуі тиіс
- Қазақ тілі мен әдебиетінің басқа пәнаралық сабақтастығын, оны дамыту перспективаларын, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын көрсете алу, тілдік және әдеби құбылыстарды оқытуды аспектілік және кешенді бағытта ұйымдастыра біліп, тіл мен әдебиеттің қазіргі заманға сай даму тенденцияларын қолдану, қазақ тілінің типологиялық ерекшелігін ғылыми жобалар жазуда қолданау, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлауы тиісту
- Оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралай білуі қажет
- Ұжымда ортақ мақсатқа жету, білім беру ордасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жетілдірету дағдыларын қалыптастыру үшін кәсіби білімдерін жетілдіруі керек
- Әдеби ресурстарды талдай білуі, ғылыми жобаларда, халықаралық журналдардарда мақалалар жариялау үшін өз бетінше іздену дағдыларын дамыта білуі тиіс
Ұқсас БББ
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Шымкент университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті