Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08675 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғарғы бәсекеге қабілетті білім деңгейін игерген, мелиорация саласындағы қабілетті және кәсіби дағдыларды қалыптастырған, су және ауыл шаруашылығындағы қажетті кәсіби және жеке құзырындағы біліктілігімен ерекшеленетін, жерді баптау және қорғау саласында өндірістік- техникалық, ұйымдастыру – басқарушылық, жобалау- конструкторлық іс-әрекеттерді атқаруға дайын Қазақстан, сонымен қатар және шет елдерде кәсіпорындар мен ұйымдарының экономикасының жетістіктерге жетуі үшін қажетті мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B082 Су ресурстары және суды пайдалану
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және рухани жаңғыру
    Несиелер: 2

    Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы маңызын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи бастауларын, ұлт ағартушылары мен қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы қоғамдық-саяси қызметтерін, қазіргі Қазақстандағы этносаясат және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының мәнін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өлкетану (сала бойынша)
    Несиелер: 2

    Курстың мазмұнында өлке тарихын ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі зерттеудің ерекшеліктері мен маңызы, өлке тарихының негізгі тарихи көздері, тарихи оқиғалар, Сыр өңірінің көрнекті тұлғаларының іс-әрекеті, Отандық тарих пен кіші отан тарихының өзара байланысы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызба геометрия және инженерлік графика
    Несиелер: 3

    әрі мағынасы әртүрлі графикалық мәліметтермен жұмыс істеуге ,құжаттаманы орындау мен безендіру ережелерін үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дінтану және діндер тарихы
    Несиелер: 2

    Білім алушы жастардың бойында адамның өмір сүруінің діни аспектілері, әлемдік діндердің пайда болу тарихы мен өзара байланысы тұрғысында жүйелі ұғымдар қалыптастыру, мифологиялық және діни құндылықтардың, принциптердің, теологиялық доктриналардың негіздері мен жүйесін түсіндіру, әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуал, мәдениеттегі діннің ролі мен орны жөнінде ұғым-түсініктер қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инженерлік графика
    Несиелер: 3

    Графиктер және математикалық функцияларды, мәлі-меттерді өңдеудің теориялық аспектілерін, математикалық статистиканың негізін оқыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Геодезия
    Несиелер: 5

    геодезия туралы жалпы мәліметтер; план жасау әдістері; негізгі геодезиялық аспаптардың құрылысын білу және олармен жұмыс істей білу; кішкене жер бетін топографиялық бейнелеуді орындау үшін керек білім; әртүрлі инженерлік ғимараттарды іздестіру, жобалау, салу және пайдалануға байланысты инженерлік мәселелерді шеше білуге үйрету

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті негіздері
    Несиелер: 2

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері бакалавриаттың барлық бағыттары мен мамандықтарына біртұтас пәнаралық білімдер жүйесі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ФизикаI
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: техника және технология саласында бакалаврларды кәсіби қызметінің негізгі базасы бойынша теориялық даярлау, олардың ғылыми дүниетанымы мен құзыреттілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жер асты су қорларын пайдалану
    Несиелер: 5

    гидрогеологиялық зерттеулердің құрамын, оларды жерасты суының іздеу және барлау сатыларында жүргізуді, жер асты суының пайдалану қорын бағалаудың негізгі принциптерін білу және осы қорды әртүрлі әдістермен есептерді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 2

    химиялық үрдістердің негізгі заңдылықтары, химиялық заттардың құрылысы, химиялық элементтерге, бейорганикалық және органикалық қосылыстарға дисперстік жүйелерге жалпы сипаттама беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сандық есептеулер және зерттеу әдістерімен, математикалық ұғымдармен, мамандығына байланысты қолданбалы есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика ІІ
    Несиелер: 3

    Пәнді оқытудың мақсаты болашақ мамандарға ғылыми-техникалық ақпаратты бағдарлауға, физикалық принциптер мен заңдарды, сондай-ақ олар еңбек ететін техника саласындағы физикалық жаңалықтардың нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік беретін іргелі білім дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гидрохимия
    Несиелер: 2

    Судың құрылымы, органикалық емес заттардың негізгі кластары, химиялық реакциялардың заңдылықтары, ерітінділер мен тотықтану, қалпына келу үдерістері туралы білімдерді жасақтау арқылы химиялық ойлануды дамыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геология және гидрогеология негіздері
    Несиелер: 5

    геология, гидрогеология және инженерлік геология саласында теориялық білім алуы және практикалық шешімдерді игеру, су шаруашылығы жүйелерін, гидротехникалық құрылыстар мен ауыл шаруашылық сумен жабдықтау және суландыру объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде су шаруашылығы бакалаврына қажетті білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мелиоративтік топырақтану
    Несиелер: 4

    ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі нысаны топырақты әртүрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім береді және топырақты мелиорациялаудың инженерлік әдістерін, гидромелиоративтік жүйені жобалау мен тиімді пайдалануды және мелиоративтік жұмыстарды жүргізуді экономикалық негіздеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • AutoCAD және АЖЖ негіздері
    Несиелер: 4

    Білім алушыларға жобалау-сызу жұмыстарын автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құрылыс материалдары және бұйымдары
    Несиелер: 3

    Бұл пәннің оқытылу мақсаты құрылыс өндірісінде, әсіресе гидромелиоративтік жүйеде қолданылатын материалдардың қасиетіне қарай пайдалана білу

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік жобалау негіздері
    Несиелер: 4

    Жобалау-сызу жұмыстарының автоматтандырыл-ған стандарттық жүйесі, сызбалар құрастыру әдістері және тәсілдері, жазық екі өлшемді графикалық жүйе, ғылым мен техниканың әртүрлі саласында қолданылатын күрделі көлемді конструк-циялар модельдерін жасау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Антропогенді ландшафттану
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайымен сапасы туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбек қорғау
    Несиелер: 2

    адамның тіршілік ету ортасындағы (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз қарым-қатынас пен қауіпті және төтенше жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғау негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Климаттық тәукелдер және оларды басқару
    Несиелер: 5

    Бұл пән білімгерлерге ауа-райының өзгеруі, ҚР егін шаруашылығына оңды және кері түрде әсер етіп жатқандығын түсіндіру. ҚР ауа-райының өзгеру салдарының бірі болып ауыз суы тапшылығы саналады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гидравлика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – әр-түрлі су өткізгіш, су тасымалдағыш құрылымдарды жобалау және құру, одан кейінгі мезгілде пайдалану, мелиоративтік және әр түрлі су шаруашылық есептерді шешу үшін қажетті білім беру және дағдыланып жұмыс істеуге біліми қор жинау болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік жобалау негіздері
    Несиелер: 2

    Жобалау-сызу жұмыстарының автоматтандырыл-ған стандарттық жүйесі, сызбалар құрастыру әдістері және тәсілдері, жазық екі өлшемді графикалық жүйе, ғылым мен техниканың әртүрлі саласында қолданылатын күрделі көлемді конструк-циялар модельдерін жасау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • AutoCAD және АЖЖ негіздері
    Несиелер: 2

    Білім алушыларға жобалау-сызу жұмыстарын автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мелиоративтік егіншілік
    Несиелер: 5

    топырақтың құнарлығын арттыру және жерді тиімді пайдалану шараларын оқып, өндірісте қолдана білуді, мелиорацияланған жерлерде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің жолдарын қоршаған ортаның талаптарын ескере отырып жүргізуді қазіргі заман талабына сай, аз күш және қаражат жұмсап, сапалы да тұрақты мол өнім алу тұрғысынан оқытып үйрету

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тұрақты даму/ Экология и устойчивое развитие/ Ecology and Sustainable Development
    Несиелер: 3

    табиғат пен қоғамның орнықты дамуының негізгі заңдарына тұтас көзқарас қалыптастыру. Пәнінің міндеттері- экология және тұрақты дамудың негізгі ұғымдарын, стратегияларын, проблемаларын және оларды жаһандық, өңірлік, жергілікті деңгейлерде шешудің практикалық тәсілдерін түсіндіру, тірі организмдердің өмір сүруіндегі негізгі заңдылықтарын, ұйымның әртүрлі деңгейлеріндегі экожүйелерді, биосфераны және олардың тұрақтылығын зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қоршаған ортаны қорғау
    Несиелер: 3

    Қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау. Әртүрлі елдерде және Қазақстан Республикасында орнықты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы мен практикалық міндеттері туралы қазіргі заманғы идеяларды қалыптастыру, студенттер арасында экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудың аса күрделі мәселелерін талқылауға жан-жақты, объективті және шығармашылық көзқарас қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инженерлік механика
    Несиелер: 2

    Келешек маманды дайындау мақсаты бұл практикалық механикалық қозғалыстағы жалпы заңдарын, машина жасау принциптеріне, детальдермен механизмдерін жобалауын үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Теориялық механика/ Теоретическая механика/ Theoretical mechanics
    Несиелер: 2

    абсолют қатты денеге әсер ететін күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттарын, материялық нүктенің, қатты дененің қозғалысы, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер туралы мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Су ресурстарын пайдалануды жоспарлау
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқып меңгеру Қазақстан Республикасында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару бойынша практикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді және көршілес елдердің экономика салаларының дамуына байланысты Қазақстан Республикасы территориясына келетін су ресурстарының мөлшерін пайдалануды жоспарлауды үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемалары
    Несиелер: 5

    трансшекаралық табиғи су ресурстарын ұқыпты және тиімді пайдалану шараларын, су қорларын қорғау әдістерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидрология және гидрометрия
    Несиелер: 5

    өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтары; өзен және көл режимдері; суағарлар және суаттардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлшеу мен анықтаудың әдістері мен техникалық құралдары туралы қажетті білім беру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Су қорын қорғау және су пайдалануды мемлекеттік бақылау
    Несиелер: 3

    Қазақстан Республикасы су заңдылығының негізгі принциптерін, су нысандары және су қатынастарының нысандарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Суды тазалау технологиясының негіздері
    Несиелер: 3

    Табиғи және сарқынды суларды тазалау қондырғыларын, насос станцияларын, жобалау және пайдалануға, олардың экономикалық тиімділігін және экологиялық қауіпсіздігін бағалауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мелиоративтік насостар және қондырғылар
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарға ауыл шаруашылық саласында сумен қамтамасыз ету, төгінді (сарқынды) суларды әкету және құрғату жұмыстардағы насос станцияларын жабдықтайтын насостардың түрлері мен, құрылымдарын және олардың теориялық негіздерімен таныстырып, әр түрлі насос станцияларын жобалаудағы білімді қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өзен суларының гидрохимиялық режимі
    Несиелер: 5

    су көздерінің негізгі географиялық және гидрологиялық ерекшеліктерімен таныстыру; су көздеріндегі негізгі гидрологиялық процестердің мәнісін физиканың іргелі заңдары тұрғысынан түсіндіру, әрі көрсету; су көздерін зерттеу барысында қолданылатын әдістермен гидрологиялық бақылау құрал-жабдықтары туралы мағлұмат беру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік (сала бойынша)
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері, белгілері және ұйымдастыру қағидалары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ландшафттану негіздері
    Несиелер: 4

    жерді кешенді есепке алуға, талдауға және территорияның ландшафттық әртүрлілігін бағалауға, оны тиімді пайдалану мәселелерін шешу кезінде ландшафттық тұрғыдан қарауды меңгеруге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Суғару мелиорациясы
    Несиелер: 5

    Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін қолайсыз табиғи жағдайларды (гидрогеологиялық, топырақтық, агроклиматтық) түбегейлі жақсарту жолында қолданылатын ұйымдастыру шаруашылық және техникалық шаралар жүйесі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру
    Несиелер: 5

    білімгерлерді сумен қамту, суландыру және лас суларды әкету жүйелерімен, олардағы жеке құрылымдар мен қондырғылардың түрлерімен, су тұтыну және лас суларды ағылу мөлшерлерімен, жүйелерді жобалану есептерімен, судың сапасын жақсарту шараларымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Құрғату мелиорациясы
    Несиелер: 5

    жер асты суының деңгейін төмендету үшін артық суды жер құрғату жүйесі арқылы басқа жаққа бұрып әкету тәсілдерін үйретіп, жер асты суларының деңгейін төмендету жылдамдығы немесе жер бетінің артық суын басқа жаққа бұрып әкету немесе құрғатылған жерді ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануды меңгерту./

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Суғару мелиорациясы II
    Несиелер: 5

    Ауылшаруашылық дақылдардан өнімді алу үшін егістік танаптарындағы топырақтың ауалық, сулық, қоректік режимдерін жасау және реттеуді зерттеу, күрделі табиғи жағдайларда гидромелиоративтік нысандарда табиғатты қорғау шараларын және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін, ауылшаруашылығы саласында нақты мәселелерді шешуге бағытталған білім беру және сол білімді нақты өндірістік жағдайда қолдана білуді үйретеді,

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Су шаруашылық жүйелерін автоматтандыру
    Несиелер: 5

    су ресурстарының жылдық әртүрлі сулылығын Қазақстан экономикасының қажеттілігімен салыстыру, жекелеген өңірлер бойынша да, тұтастай республика бойынша да судың өткір тапшылығының алдын алу шараларын жасауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Cу ресурстарын кешенді пайдалану
    Несиелер: 5

    Су ресурстарын кешенді пайдалану мүмкіндіктерін, қалпына келтірілетін су ресурстарын, бүгінгі күннің сумен қамту проблемалары және судың кері әсерін әкету, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары негізінде орындалатын су шаруашылығының бағдарламаларын оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жерді баптау және қорғау
    Несиелер: 5

    жердің жағдайын нашарлататын үдерістерден сақтану және осы үдерістерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының территориясының су ресурстары және сумен қамтамасыздығы
    Несиелер: 5

    ҚР бар су ресурстарының гидрологиялық ерекшеліктерін, олардың таралуын және халық шаруашылығы салаларының сумен жабдықтауын, сонымен қатар су ресурстары және суды пайдалану саласын тиімді пайдалану бойынша практикалық мәселелерді үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орман мелиорациясы
    Несиелер: 5

    орман шаруашылығының құрғақшылық, ағаштардың қурауы мен топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларының жүйесін оқытып, таныстыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кешенді мелиорация
    Несиелер: 5

    жердің жағдайын нашарлататын үдерістерден сақтану және осы үдерістерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Су шаруашылығындағы геоақпараттық жүйелер
    Несиелер: 5

    геоақпараттық технология тұрғысынан су ресурстары, гидрогеология, инженерлік геология жəне геология мəселелеріне қатысты теориялық жəне практикалық мағына беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геодезиялық түсіріс кезінде ГАЖ технологияларын пайдалану
    Несиелер: 5

    ГАЖ іргелі негіздері мен базалық қызметтерін, ГАЖ карталар параметрлерін жəне мəліметтер базасының құрылымын, геодезиялық түсіріс кезіндегі геодезиялық жұмыстарды жасауды; жер қорын топографиялық түсіру және оны карталауды, су қорын басқару, барлық су шаруашылықы жұмыстарды жүргізуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибе әдістемесінің негіздері
    Несиелер: 5

    ғылым және ғылыми зерттеулер туралы жалпы мәліметтерді беру; далалық тәжірибені жүргізуді және оның ерекшеліктерін оқыту; зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу негіздерін, сонымен қатар ғылыми зерттеу әдістемесін, эксперименттерді жоспарлау принциптерін, ғылыми зерттеудә жүргізуді, мақала жазуды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану
    Несиелер: 4

    гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану жөніндегі ғылым мен техниканың ең жаңа табыстарын ескере отырып қазіргі заман талабына сай білім беру. Техникалық құралдарды пайдалануға және гидромелиоративтік жүйелерді басқаруға, гидромелиоративтік жүйедегі пайдалану қызметін ұйымдастыруға, ішкішаруашылық су пайдалануды жоспарлауға үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мелиоративтік жүйелерді жобалау
    Несиелер: 5

    мелиоративтік жүйелердің сыныптарын ажырата білуді үйренеді, нұсқаларды технико-экономикалық салыстыру негізінде мелиорацияланатын ауданның және ауыспалы егістік танаптарының өлшемдерін, мелиорацияланатын жерлердің ауылшаруашылық тұрғыда қолданылуын, суару желісінің типін негіздеуді меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдар
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдардың түрлерін іріктеу, көп бөлшекті күрделі құрылымдарды құрастыру, жобалау және есептеу әдістерін таныстырып үйрету; гидротехникалық құрылымдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, гидротехникалық құрылымдардың қоршаған ортаға келтіретін әсерлерін ескере отырып өзен бойындағы жеке құрылымдар мен торабтарды, суғару жүйелеріндегі құрылымдарды жобалаудың принциптерімен, әдістерімен таныстыру және үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    болашақ мамандарға ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері мен әдістерін оқыту. Білім алушылар пәнді оқу барысында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері және әдісі жайлы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су энергиясын пайдалану
    Несиелер: 4

    Су ресурстары. Өзен ағынының сипаттамасы. Су шаруашылығының жүйесін құру. Ірі өзендерді кешенді игерудегі су энергетикасының ролі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су шаруашылығының ғылыми негіздемесі
    Несиелер: 5

    су көздері және оларды тиімді пайдалану шараларын, су тұтынушыларға қажетті су көлемін, арынын және қажетті кезінде сумен қамту шараларын, табиғи судың сапасын анықтауды және жақсартуды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының су алу тораптары
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқып меңгеру су алу тораптарын жобалау бойынша практикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді. Білім алушылар пәнді оқу барысында су алу тораптары жайлы жалпы мәліметтерді, су алу тораптарына қойылатын талаптарды оқып біледі, өзендік бөгетсіз су алу тораптарымен, өзендік бөгетті су алу тораптарымен, бүйірлік су алу, фронталь су алу тораптарымен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидротехникалық жұмыстар өндірісін ұйымдастыру және технологиясы
    Несиелер: 4

    гидротехникалық құрылымдар жұмыстарын ұйымдастырудың негізін, су шаруашылық құрылыстың әдістерін, су қоймаларының және су алғыш құрылымдардың су шаруашылық құрылыстарын жүргізу тәсілдері және ерекшеліктерін үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мелиорация мен су шаруашылығындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 4

    Білімгерлерді жоспарлау-ізденіс, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру әдістері, өндірістік процесстер және жұмыстарды келешекке, жылдық, өтпелі және жүйелі жоспарлаудың жаңа әдістері, жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамсыз ету, құрылыс жұмыстарының сапасын басқару тақырыбындағы сұрақтармен таныстыру, оқыту және үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жағалық және арналық су алу тораптары
    Несиелер: 4

    Өзендегі табиғи жағдайдағы арналық процестер мен су алу тораптары жайлы жалпы мәлімет беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су шаруашылығының экономикасы
    Несиелер: 3

    жерлердің экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері мен әдістерін оқытады. Білім алушылар «Су шаруашылығының экономикасы» пәнің оқу барысында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің экономикалық бағалаудың негізгі кезеңдері және әдісі жайлы білім алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су энергиясын пайдалану II
    Несиелер: 4

    Су ресурстары. Өзен ағынының сипаттамасы. Су шаруашылығының жүйесін құру. Ірі өзендерді кешенді игерудегі су энергетикасының ролі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану ІІ
    Несиелер: 4

    гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану жөніндегі ғылым мен техниканың ең жаңа табыстарын ескере отырып қазіргі заман талабына сай білім беру. Техникалық құралдарды пайдалануға және гидромелиоративтік жүйелерді басқаруға, гидромелиоративтік жүйедегі пайдалану қызметін ұйымдастыруға, ішкішаруашылық су пайдалануды жоспарлауға үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдар II
    Несиелер: 4

    мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдардың түрлерін іріктеу, көп бөлшекті күрделі құрылымдарды құрастыру, жобалау және есептеу әдістерін таныстырып үйрету; гидротехникалық құрылымдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, гидротехникалық құрылымдардың қоршаған ортаға келтіретін әсерлерін ескере отырып өзен бойындағы жеке құрылымдар мен торабтарды, суғару жүйелеріндегі құрылымдарды жобалаудың принциптерімен, әдістерімен таныстыру және үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мелиоративтік құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясы
    Несиелер: 5

    технологиялық талаптарды сақтай отырып, сумен жабдықтау және суландыру объектілерінің құрылыс алаңына түсетін материалдарды, конструкциялар мен бөлшектерді түсіруді және олардың қоймаларда сақталуын, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыруды; жобалау құжаттамасына және құрылыс алаңының нақты шарттарына сәйкес құрылыс жұмыстардын жоспарлауды және басқарудыды; құрылыс учаскесіндегі жұмыстардың сапасын бақылауды үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Су шаруашылығында құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастыру техникасы және технологиясы
    Несиелер: 5

    мелиоративтік құрылыс жұмыстарының және жерлерді рекультивациялау өндірісінің технологиясының ерекшелігін; жер, бетон, құрастыру, арнайы және басқа жұмыстарды орындау технологиясын, механикаландырылған және кешенді механикаландырылған жұмыстарды ұйымдастыруды оқыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жағалық және арналық су алу тораптары ІІ
    Несиелер: 4

    Өзендегі табиғи жағдайдағы арналық процестер мен су алу тораптары жайлы жалпы мәлімет беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON3

    Математикалық талдау негіздерін, сызықтық теңдеулер жүйесін шешуді біледі. Физикалық теорияны, заңдылықтарды, есептерді шешу әдістерін біледі, табиғаттағы құбылыстар мен процестердің физикасы мен химиясын түсінеді және ауыл шаруашылығы саласында алынған білімдерді қолданады. Топырақтың сапалық және сандық құрамын анықтай алады. Егіншілік заңдарын, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру әдістерін біледі; мелиорацияланған жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын қолдануға қабілетті. Құрылыс материалдарының қасиеттерін анықтай алады, оларды сынау әдістерін біледі. Жерде кездесетін геологиялық және гидрогеологиялық процестердің жалпы заңдылықтарын біледі. Ауыл және су шаруашылығы салаларында ақпараттық жүйелерді, жетілдірілген мүмкіндіктерді және AutoCAD құралдарын өнеркәсіптік пайдалануды пайдалана отырып, цифрлық форматтағы жобаларды әзірлеуге қабілетті.

  • Код ON8

    Ғылыми-техникалық ақпаратты зерделейді және эксперименттік және зертханалық зерттеулер жүргізеді, алынған нәтижелері, ауыл және су шаруашылығы саласындағы есептерді қорғайды және дәлелдейді.

  • Код ON2

    Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарын біледі. Инженерлік-геодезиялық есептерді шеше алады, жоспарлар мен профильдер жасай алады; геодезиялық аспаптармен жұмыс істей алады. Түрлі геометриялық фигураларды жасау тәсілдерін және конструкторлық құжаттаманы орындау және ресімдеу ережелерін біледі.

  • Код ON5

    Мелиоративтік жүйелерді, су және басқа да топырақ режимдерін жедел басқарудың технологиялық тәсілдерін басқаруға қабілетті. Суару (құрғату) жүйесінде су тұтыну (су бұру) режимінің орындалуын бақылайды. Алдын ала әзірленген жоспарларға, сапа нормаларына, жұмыстарды орындау кестелеріне және қаржылық сметаларға сәйкестігіне жоспармен салыстырғанда жұмыс барысын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруды бақылайды. Су және жер пайдаланудың ұтымды әдістерін, сондай - ақ тиісті технологияларды қолданады. Өндірісте ұйымдастыру-басқару, жобалау-іздестіру қызметінің тәсілдерін қолданады, құбылыстарды болжай алады, оларға талдау жасай алады. Жобалық шешімдерді іске асыру бойынша жобалық шешімдерді әзірлеудің нормативтік базасы мен әдістемелері туралы білімдерін пайдаланады. Қоршаған ортаға табиғи және антропогендік факторлардың теріс әсерін азайту жолдарын жіктейді.

  • Код ON7

    Мелиоративтік жүйелердің сақталуын қамтамасыз ету саласындағы ғылым мен техникаға қол жеткізудегі, озық отандық және шетелдік тәжірибедегі білімін көрсетеді. Гидромелиоративтік жұмыстарды басқару кезінде сапа менеджменті әдістерін қолдана алады, орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасының есебін жүргізеді; шығармашылық бастаманы, рационализацияны, өнертапқыштықты дамытуға, ғылым мен техника жетістіктерін енгізуге ықпал етеді. Су шаруашылығы мәселелерін шешу үшін геоақпараттық жүйелерді қолдана алады және SAS Planet, ArcMap, MapInfo бағдарламаларында жұмыс істей алады. Деректер базасын құруға және жерді мелиорациялауға, ауыл шаруашылығы егістіктеріне қатысты ақпаратты одан әрі өңдеу үшін MapInfo бағдарламасын қолданады. Мелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы объектілерін салу және қайта құру кезінде күрделі салымдарды (инвестицияларды) айқындау әдістерін; жобалау мен сметалық істің экономикалық негіздерін; мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы баға белгілеу жүйесін; өндіріс шығындарын, құрылыс-монтаждау және жөндеу-пайдалану жұмыстарының өзіндік құнын қалыптастыруды, пайда қалыптастыру мен рентабельділікті анықтауды біледі.

  • Код ON1

    Ұлттық саясат, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, кәсіпкерлік және бизнес, дін, дін тарихы саласындағы білімі мен түсінігін көрсетеді және зерттеу саласындағы неғұрлым озық біліммен байланысты белгілі бір аспектілерді қамтиды.

  • Код ON6

    Кәсіби қызметке дайын, жер мелиорациясын жетілдіру бойынша жоспарларды (жобаларды) әзірлеу үшін қажетті ақпарат көздерін анықтай алады, іздеу және талдау жүргізе алады. Ауылшаруашылық жұмыстарының түрлері мен әдістерін жоспарлайды. Мелиорацияланатын жерлер мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану принциптерін қолданады. Мелиоративтік объектілерді, кешенді гидротораптар мен гидротехникалық құрылыстарды жобалауға, салуға және пайдалануға, олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін бағалауға қабілетті. Еңбек ресурстарын бөледі, шаруашылықтың су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында нақты және нәтижелі нұсқаулар береді.

  • Код ON4

    Суландыру және құрғату жүйелері бойынша нормативтік және техникалық құжаттаманы, мелиорацияланатын жерлердің топырақ - топырақ жағдайларын, сондай-ақ жерді мелиорациялауды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, нұсқаулықтар мен әдістемелік материалдарды білуін көрсетеді. Ұтымды су және жер пайдалану бойынша шолу, талдау және шешім қабылдау жүргізеді. Сұйықтықтардың тепе-теңдік күйін және қозғалыс заңдылықтарын, сүзгілеу ерекшеліктерін, гидравликада зерттеулерде қолданылатын әдістерді біледі; түрлі өлшеу аспаптарын пайдалана алады. Механиканың негізгі түсініктері мен аксиомаларын, байланыстардың түрлері мен реакцияларын, материалдық нүкте динамикасының негізгі заңдарын және механикалық жүйе динамикасының теоремаларын біледі. Ландшафтық карталармен жұмыс істей алады; табиғи және антропогендік ландшафтардың қалыптасуының табиғи заңдылықтарын біледі. Су ресурстарын кешенді пайдалану, экологиялық және экономикалық жоспарға негізделген су шаруашылығы кешенінің құрамын құру нұсқаларын әзірлей және талдай алады.

Top