Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау в Алматы экономика және статистика академиясы

  • Құқық және жемқорлықпен күрес мәдениетінің негіздері
    Несиелер: 5

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін білім жүйесін қалыптастыруға және осы негізде азаматтық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық сипатын және оның пайда болу себептері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін моральдық және құқықтық жауапкершілік шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама туралы түсінік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Спорттағы сауықтыру және массаж
    Несиелер: 5

    Студенттердің физиотерапия және массаж, денені сауықтыру және нығайту, денсаулықты өзін-өзі бақылау, тиімді тамақтануды ұйымдастыру, физикалық белсенділікті дамыту, адам ағзасынан зиянды заттарды шығару, сонымен қатар аурулардың қауіп факторларын болдырмау туралы теориялық білімдерін кеңейту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сана және мәдениет
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу курсында бакалавр рухани және материалдық жетістіктердің жиынтығы ретінде жалпы мәдениет пен қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын құқықтық сана және құқықтық мәдениет ұғымдарымен танысады. Сондай-ақ мынадай ұғымдармен және институттармен танысады: құқық қатынастары; заңдылық және құқық тәртібі; мемлекеттік аппарат; нормативтік құқықтық актілер

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Жаңа әлеуметтік–экономикалық жағдайлардағы басқару қызметінің мәнін түсінуге ықпал етеді, білім беру жүйесін басқару бағытындағы базалық ұғымдық аппаратпен таныстырады; білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие қызметін талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Латын графикасы және қазақ жазуы
    Несиелер: 3

    Қазақ жазуының тарихымен және жаңа ережелермен олардың ерекшеліктерімен қазақ жазуының латын графикасына көшуінде басқа елдердің тәжірибесімен таныстыра отырып, болашақ ұлт үшін қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын ашып түсіндіреді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика және психология негіздері
    Несиелер: 3

    Психология мен педагогиканың нысаны, пәні және міндеттері туралы; психика мен сананы; адамның биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ажырата білу; психологияның негізгі салаларын санамалау; педагогикалық және психологиялық талдау әдістерін сипаттау; адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқының түрлері; психологиялық процестерді, психикалық жай-күйін ажырату; тұтас педагогикалық процесті, оның құрамдас бөліктерін сипаттау; түрлі педагогикалық мектептерді атау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Пән кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет туралы білімді кеңейту және нақтылауға, жеке ісін, коммерциялық қызметті құру дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық сипаттағы құжаттарды құрастыруға, бизнес-жоспарды әзірлеуге, шағын кәсіпорынның бухгалтерлік есеп нысандарын толтыруға, бизнесті жүргізудің нақты ережелері мен тәсілдерін меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бокстегі әдістемелік шеберлікті кәсіби жетілдіру
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді бокспен шұғылдану кезіндегі педагогикалық процестің негізгі талаптарымен таныстыру, жаттығуларды үйренуде арнайы дағдыларды қалыптастыру, қателіктерді талдау және түзету, түсіндіру, тактика, оларды жүзеге асыру әдістері, әңгіме, әңгіме, дәріс үйлесімді шолу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби ағылшын тілі 1
    Несиелер: 5

    Пән ағылшын тілінің грамматика курсын, кәсіби сипаттағы лексикалық материалдарды және кәсіби сипаттағы мәтіндерді қамтиды. Бұл пәнді оқыған студент болашақтағы кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай алатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жеңіл атлетика және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жеңіл атлетика, спорттық жүру, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру, эстафеталық жүгіру, аяғын бүгіп, биіктікке секіру тәсілімен секіру, жеңіл атлетика бойынша жарыстардың ұйымдастырылуымен, өткізілуімен және ережелерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт биохимиясы
    Несиелер: 3

    Дене жаттығулары мен спорт биохимиясы. Бұлшықет жұмысы биохимиясы. Бұлшық ет қызметiндегi биоэнергетикалық процестер. Түрлi сипатты жұмыс барысындағы биохимиялық өзгерiстер. Шаршау мен қалпына келудiң биохимиялық ерекшелiктерi. Спорт түрлерiмен шұғылдану барысындағы биохимиялық өзгерiстер. Түрлi жастағы және жыныстағы адамдармен дене жаттығуларын орындаудың биохимиялық негiздемесi. Спортшы тамақтануының биохимиялық негiзi.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған қазақ (орыс) тілі 3
    Несиелер: 5

    Студенттер мамандықтары туралы тереңірек біліп, термин сөздермен жұмыс жасауға дайындалады. Ой-пікірлерін дұрыс жеткізе білуге, сөздік қорларын байытуға тырысады. Пән білім алушының болашақ маман ретінде кәсіби шеберліктерін мемлекеттік тілде меңгеруіне негіз болады. Пән кәсіби қазақ тіліндегі сөздерді сауатты оқуға, мәтіндерді мазмұндауға, сөйлеу тілін жаттықтыруға, техникалық тақырыптарды меңгеруге, сауатты жазуға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Спорттық гимнастикa
    Несиелер: 3

    ЖДД жаттығуларын, ЖДЖ-ның бөлек тәсілмен орында өткізуді, гимнастикалық жаттығулар кешендерін кедергілер жолағын еңсеру әдісімен пайдалануды ұйымдастыруды және әдістемесін, шеңберлі жаттығу әдісімен гимнастикалық жаттығулар кешендерін өткізуді, төмен белдемдегі элементтерді, жоғары белдемдегі элементтерді, бүгілуді ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлттық спорт түрлері
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын, ұлттық спорт түрлерін оқытудың әдістемелік негіздерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дінтану
    Несиелер: 3

    Қазіргі қоғамның рухани мәдениеті жүйесіндегі діннің рөлін қалыптастыру, дін ұстанымдары мен тұжырымдамаларының, діни-философиялық ілімдердің ерекшеліктерін ашу, діннің шығу тегі мен эволюциясының мәселелерін, негізгі діни конфессиялардың діни ілімі мен дін тарихы мен ерекшелігін жариялау, қазіргі заманғы әлемдік және дәстүрлі емес діндерді ұйымдастыру, Қазіргі әлемдегі діннің өмір сүруі мен дамуының негізгі тенденциялары

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дене тәрбиесі мен спорттың теориялық және әдістемелік негіздерінің қазіргі заманғы стандарттары
    Несиелер: 5

    Пән дене шынықтыру мен спорттың заманауи стандартты теориялық және әдістемелік негіздерінің принципті мазмұнын құрайтын басты тұжырымдамалық ережелерді түсінуге, дене қасиеттерін дамыту әдістемесін, спорттық жаттығудың әдістері мен принциптерін, жаттығу және жарыс жүктемелерін меңгеруге ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дене тәрбиесі теориясын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру мен спорттың қазіргі теориялық және әдістемелік негіздерінің мазмұнын құрайтын басты тұжырымдамалық ережелерді түсінуге ықпал етеді, спорттық жаттығудың және жарыс жүктемесінің әдістері мен принциптерін дамыту әдістемесін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби ағылшын тілі 2
    Несиелер: 5

    Кәсіби-бағытталған шет тілді сөйлеуді қолдану дағдылары мен біліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді; полимәдени және көптілді орта жағдайында әлеуметтік-мәдени, академиялық және кәсіби салаларда тиімді, өз бетінше қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 4

    Дәстүрлі тәсіл және нәтижелерді инновациялық бағалау туралы мәліметтерді кеңейтеді; "критериалды бағалау технологиясы" ұғымының мәнін түсіндіреді; білім алушылардың уәждемесін арттыру құралы ретінде білім беру нәтижелерін бағалаудың критериалды тәсілін көрсетеді; құзыреттілік және жеке-бағытталған тәсіл логикасында критериалды бағалау технологиясын, білім беруді инновациялық дамытудың қазіргі кезеңінде оқушылардың білім сапасын бағалаудың объективтілігін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спорт медицинасы
    Несиелер: 5

    Спорттық медицина курсының пәні мен міндеттері. Негізгі категориялары. Спортшылардың дене құрылысы. Спортшының функционалдық, кардиоспинарлы және жүйке жүйесі, тірек-қозғалыс аппараты. Дененің жұмыс қақабілеттілігі. Дене шынықтыру және спорт сабақтарында рационалды емес патологиялық жағдайларда, емдеу, диагностикалау және профилактика. Дене жүктемсі жағдайындағы спорттық жарақаттар. Спортшының денсаулығына жүргізілетін дәрігерлік бақылау жүргізудің ерекшелігі. Антидопингтік бақылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Студенттер пәнді оқу барысында инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы туралы түсінік алады; Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласындағы заңнамамен бекітілген құжаттар туралы, елдегі және шетелдегі инклюзивті білім беру мәселесі мен даму тарихы туралы баяндалады; мүгедектігі бар балалардың психологиялық-эмоционалды және психикалық дамуына ықпал ететін инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары, инклюзивті білім берудің әдістері меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спорттық метрология
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорт бойынша білім беру саласында өз қызметін жүзеге асырады. Спорттық метрологияның мазмұны келесі бағыттармен анықталған: өлшеудің нақты заманауи тәсілдерін қолдана отырып, дене шынықтыру мен спортта болатын құбылыстар мен үрдістер санын көрсету және алынған материалды математикалық статистика әдістерімен өңдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Қазіргі ғылыми зерттеулердің ерекшеліктерін, жалпы философиялық және танымның жалпы ғылыми әдістерін зерттеуді дамытуға ықпал ету, ақпараттық және библиографиялық мәдениеттің, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды негіздеу, зерттеу жүргізу кезінде танымның жалпы ғылыми әдістерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, ғылыми ақпаратты алу кезінде заманауи компьютерлік ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Таңдаған спорт түрінің ұйымдастырушылық, ғылыми, әдістемелік, жаттықтырушылық, жалпы сипаттамасын, қозғалыс әрекетінің ерекшеліктерін ашады. ТСТ бойынша жарыстардың жіктелуі, ережелері, оны ұйымдастырудың, өткізудің, анықтаудың жалпы негіздері, сондай-ақ жарыстардың сипаттамасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттық туризм
    Несиелер: 5

    Пән балалар мен жасөспірімідер туризміндегі туристік сапарларды ұйымдастыру, дайындау және өткізуді, балалар мен жасөспірімдер туризмін ұйымдастыру саласындағы теориялық және практикалық негіздерді оқытуға, балалар туристік сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, аймақтық туризмді ұйымдастыру және өткізуді үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттық жаттығу негіздері
    Несиелер: 5

    Адамдардың дене дамуын, белсенді тұлғаға тән рухани және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеумен бірге олармен байланысты дене қасиеттерін жан-жақты дамытудың мүмкіндіктерін жүзеге асырады; осы негізде қоғамның әрбір мүшесінің жемісті еңбек етуге және басқа да қоғамдық-маңызды қызмет түрлеріне даярлығын қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Күштік және атлетикалық дайындық
    Несиелер: 5

    Студенттерді күштік атлетика бойынша кәсіби, педагогикалық, жаттықтырушылық жұмыстарға, спорт мектептерінде, клубтарда, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін оқытушыға, жаттықтырушыға қажетті теориялық білімді, кәсіби, педагогикалық дағдылар мен іскерлікті меңгеруге дайындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби ағылшын тілі 3
    Несиелер: 5

    Таңдаған мамандықтары бойынша тілдің күрделі деңгейлері мен функциялары туралы білім береді; жүйелі мақсатты оқу үшін теориялық материалды, жаттығу жаттығуларын, кәсіптік терминдермен техникалық тақырыптарға жазбаша тапсырмаларды қамтиды; ағылшын тілінде сөйлеуді дамыту, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спортшының тұлғалық психологиясы
    Несиелер: 5

    Оқыту, тәрбиелеу және спорттық жетілдірудің психологиялық аспектілері, дене тәрбиесі процесінде студенттердің психомоторлық, танымдық қабілеттерін дамыту. Тұлғаның және ұжымның (команданың) психологиялық жағдайына спорттық іс-әрекеттің әсері, оны зерттеу және түзету әдістері; психологиялық реттеу, спорттық психодиагностика; спорттық іріктеу психологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттың қысқы түрінің оқыту әдістемесі және практикумы
    Несиелер: 5

    Қысқы спорт түрлерінің даму тарихы және ел арасында дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны. Қысқы спорт түрлерінің жіктелуі. Қысқы спорт түрлерімен жаттығуда қозғалыс дағдылары мен дене сапаларын дамытуды қалыптастыру ерекшеліктері. Халықпен жүргізілетін әртүрлі жас аралығында дене шынықтыру – спорттық және сауықтыру іс – шараларының әдістемелері. Қысқы спорт түрлері сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Таңдаған спорт түрінде жарыстық қызметті жетілдіру
    Несиелер: 5

    Пән таңдаған спорт түріндегі жарыстық қызметті, спорттық даярлық пен жарыстық қызметтің құрылымын, спортшыларды даярлаудың қазіргі заманғы әдістерінің мазмұны мен негізгі ережелерін, сонымен қатар жарыстық қызметтің мазмұнын ашып береді, болашақ педагогтарға таңдаған спорт түрін оқытуда қажетті білік-дағдыларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорт психологиясының негіздері
    Несиелер: 5

    Отандық және шетелдік спорттық психологияның тарихына, психология пәніне, спорттық психологияның міндеттері мен әдістеріне, негізгі ұстанымдары мен бағыттарына қатысты бірқатар мәселелерді талдау. Отандық спорт психологиясының негізін қалаушылардың негізгі көзқарастарын ұсыну. Спорт туралы ғылым жүйесіндегі заманауи спорттық психологияның маңызы, рөлі мен орнын көрсететін іргелі және практикалық-бағытталған аспектілерді жалпылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Таңдаған спорт түріндегі тактикалық және психологиялық даярлықты жетілдіру
    Несиелер: 5

    Пән әртүрлі біліктіліктені спортшыларды жатықтырудың құралдары мен әдістерінің, таңдаған спорт түрінде әртүрлі жыныстағы және әртүрлі топтағы спортшыларды психологиялық даярлаудың ерекшеліктерін, спортшыларды тактикалық және психологиялық даярлау үдерісінің құрылымы мен оны жасау әдістемесін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Анатомия, спорт морфологиясының негіздері
    Несиелер: 5

    Курс кіріспе, организмнiң жасушалық және ұлпалық құрылымының дәрежесін, организмнiң өсу және даму заңдылықтарын, қалып, сүйектер және олардың бiрiгуiн, скелеттік бұлшықеттер, бұлшықеттердің жұмысы, жалпы және жеке қалыпты қозғалыстағы анатомия, ішкі ағзалар, жүрек – тамыр жүйесі, ішкі секреция ағзалары, жүйке жүйесі, сезу мүшелері, жас шамасы морфологиясын, конституционды морфологияны, жыныстық деформизм және спорттық морфологияны қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорт оқытушысының (жаттықтырушының) психологиялық-педагогикалық қызметінің ерекшеліктерімен байланысты кәсіби міндеттерді шешуге студенттерді дайындау жүйесін қарастырады; қазіргі жағдайда оқыту әдістемесін, оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру дағдыларын ұсынады, студенттерде дербес оқу-педагогикалық және оқу-жаттығу жұмыстары үшін педагогикалық білім негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Бұл әртүрлі академиялық жұмыстарды (эссе, емтихан, әдеби шығармаларды талдау және т.б.) жазуда қолданылатын тілдік стильді таныстырады. Академиялық жазу дағдыларын дамыту - барлық деңгейдегі тілдерді жетілдіру, студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау көзделген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық шеберлігі
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберлік-барлық қызмет түрлерін оңтайландыра білу, оларды жан-жақты дамытуға және жеке тұлғаны жетілдіруге бағыттау, оның дүниетанымын, қабілеттерін, әлеуметтік маңызы бар қызметке қажеттілігін қалыптастыру. Педагогикалық білім берудің заманауи тұжырымдамасы Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауды, терең ғылыми кәсіби – педагогикалық дайындыққа қолжеткізуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Волейбол және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс спорттың әлемдегі және Қазақстандағы қалыптасуы жайлы материалдарды қамтиды. Ойынның ережесі. Сайман және жабдықтар. Ойыншылардың қызметі. Оқытудың әдістемесі және техникасы мен тактикасының классификациясы. Шабуыл қозғалыстағы жеке, топтық және командалық өзара әрекеттесу сипаттамасы. Шабуыл мен қорғаныстағы техникалық тактикалық қималдарды оқытудың негізгі әдістемелері. Волейболдан жарыс ұйымдастыру және өткізу. Ойынның төрешілік әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Денсаулық психологиясы
    Несиелер: 5

    Денсаулық психологиясы ғылым болып табылады, оның зерттеу пәні денсаулық пен аурудың психологиялық процестері болып табылады. Оған сәйкес, Денсаулық немесе аурудың физикалық жағдайы биологиялық процестермен ғана емес, сонымен қатар келесі факторлармен анықталады: психологиялық, мінез-құлық, мәдени

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқытылатын тіл теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Оқытылып жатқан тілдің теориялық негіздері фонетикалық база түсінігін, тіл құбылыстарын үйренуде функционалды тәсілді пайдалана отырып теориялық грамматиканың практикамен байланысын қарастырады.Пән алынған теориялық білімді жүйелендіруге және біріктіруге үлес қосып, эссе, баяндамалар жазу кезінде арнайы және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану дағдыларын қалыптастырады;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Спорт түріне техникалық және тактикалық даярлаудың негіздерімен оқыту-жаттығу үдерісін ұйымдастыру мен өткізу элементтерін жетілдіруге, спортшылардың шаршауы мен қалпына келтіруші процестердің физиологиялық негіздерін, қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың физиологиялық заңдылықтары мен кезеңдерін ескере отырып спорттағы жаттығу үдерісінің физикалық өнімділігі мен бағытталуының байланысын дамытуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мәнерлеп сырғанау спорты
    Несиелер: 4

    Оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және нысандарын таңдауды, спортшылардың жас ерекшеліктерін және шұғылданушылардың физикалық және техникалық дайындығының деңгейін ескере отырып жарыс қызметін басқаруды, коньки тебу спорты мен айналысуға арналған спорттық жабдықтар мен мүкәммалды іріктеу мен пайдалануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Футбол
    Несиелер: 5

    Футбол ойнау техникасы элементтерін түсіндіру, көрсету және оқыту тәсілдерін меңгертуді, қателіктерді анықтау және түзету іскерлігін, футболшылардың физикалық қасиеттерін дамытуды, оқушылардың жас ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып, мектепте футбол бойынша сабақтарды ұйымдастыру формаларын пайдалануды үйретуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру-спорттық кешендерін басқару
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің бойында спорттық немесе дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін басқаруға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Пәнді оқу барысында аталған қызметтің тиімділігіне талдау жасалып, студенттер өз беттерінше мәселелерді табуды және басқаруға қатысты шешімдерді уақытылы және негізді түрде қабылдауды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
    Несиелер: 5

    Оқыту процесінде дене шынықтыру-спорт қызметінің базалық түрлерін қолданудың теориялық негіздері туралы түсінік. Жоспарлау технологияларын меңгеру және жүзеге асыру үшін сабақтар мен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кәсіптік білім беру және рекреациялық қызмет

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жауынгерлік өнерді оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім беру мекемелерінде өз бетінше жұмыс істеу үшін жауынгерлік өнер бойынша спорттық жаттығуларды құрудың негізгі бөлімдерін, принциптері мен заңдылықтарын зерделеуге ықпал етеді. Қауіпсіздік техникасын ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыруда кәсіби-педагогикалық дағдыларды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық кешендер
    Несиелер: 3

    Спортпен айналысуға арналған спорт ғимараттарын, тұрғылықты жері бойынша бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жобалаудың жалпы негіздерін зерделейді, оқытушы мен жаттықтырушының, әртүрлі спорт ғимараттарын пайдаланатын ұйымдар мен адамдардың кәсіби-практикалық қызметі үшін қажетті әлеуметтік тәжірибе қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аэробика
    Несиелер: 5

    Таза ауадажәне спорт залда жаттықтыру үдерісін өткізу әдістемесінің негіздері. Би элементтері, дене жаттығу-лары, секіру, олардың саны жарыс ережелеріне сәйкес анықталады. Дербес тренингті, тағам негіздерін, спорттық медицинаны ұйымдастыру. Аэробика жүйесінің әр алуандығы және олардың мазмұнының ерекшеліктері. Негізгі (базалық) аэробика жаттығулары. Әртүрл бағыттағы кешендерді құруға қойылатын талаптар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Балалар мен жасөспірімдердің және ересектер спортының негіздері
    Несиелер: 5

    Пән жарыстық қызмет пен спорттық даярлық жүйелерін, жаттықтыру процесін құру негіздерін, спорттық жаттықтырудағы кешенді бақылауды, спорттағы жоспарлау мен есепке алуды қарастырады. Пәнді оқып шыққан студент балалар мен жасөспірімдер, ересектер спорты саласына қатысты біліммен қаруланып, дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шаңғы спорты
    Несиелер: 4

    Оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және нысандарын таңдауды, спортшылардың жас ерекшеліктерін және шұғылданушылардың дене және техникалық дайындық деңгейін ескере отырып жарыс қызметін басқаруды, шаңғы спортымен айналысуға арналған спорттық жабдықтар мен мүкәммалды іріктеу мен пайдалануды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Таңдаған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 3

    Пән жарыстар ережелерін үйретуге, жарыстық қызметті жіктеуге, таңдаған спорт түрінде спорттық-педагогикалық шеберлікті қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында дене шынықтыру және спорт пәнінің болашақ мұғалімдері мен тренерлердің бойында спортық-педагогикалық шеберлік негіздері және таңдаған спорт түріндегі спорттық жаттығу технологиясы туралы білім беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорт менеджменті
    Несиелер: 5

    Оқу пәні ретінде метрологиялық бақылау дене тәрбиесі мен спорттағы барысын басқару негізінде спорттық өлшемдердің теориясының негіздерін және тәсілдері мен (әдістері) спорттық педагогикалық өлшемдердің техникасын, жарыс қызметін, техникалық бақылаудың метрологиялық негіздерін болжау мен іріктеудің жаңаша ақпараттық жүйесінде әдістемелікжүйелер негізінде басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Олимпиадалық спорт
    Несиелер: 4

    Болашақ дене шынықтыру және спорт мұғаліміне оқушыларды олимпиадалық тәрбиелеу мен білім берудің маңызын, олимпиадалық және кәсіби спорт бойынша білімді қалыптастырудың ғылыми негіздерін, оқытудың заманауи құралдарын қолдануды көрсету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жүзу
    Несиелер: 5

    Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізуге байланысты кәсіби дағдыларды дамыта отырып, жүзу кезіндегі техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіреді, жоғары моральдық, ерік-жігер, физикалық қасиеттерді тәрбиелей отырып, студенттерде кәсіби-педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесі және спорт тарихы
    Несиелер: 4

    Дене шынықтыру мен спортты дамытудың пайда болуын, заңдылықтарын және спецификалық принциптерін зерттейді. Дене шынықтыру және спорт тарихы дене тәрбиесі жүйесінің тарихы, дене шынықтыру саласындағы жетекші идеялардың, фактілердің, санаттар мен ұғымдардың тарихы, дене тәрбиесі әдістерінің, ұйымдастыру нысандары мен құралдарының тарихы, спорт ғимараттарының, жабдықтар мен Мүкәммалдың тарихы, дене шынықтыру білімінің тарихы сияқты өзара байланысты бағыттарды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дене тәрбиесіне бейімдеу\\
    Несиелер: 5

    Курс мыналарды қамтиды: Педагогикалық антропологияның саласы, ол барлық нозологиялық нысандардағы адамдарды (оның ішінде мүгедектерді) денсаулығына бейімделген дене тәрбиесі, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тану, формалары және барлық нозологиялық нысандары бар адамдарды таныстыру. Физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани қасиеттерін түзету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттық күрес түрлерін оқыту әдістемесі және практикумы
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастырудың кәсіби-педагогикалық дағдыларын, әртүрлі саладағы және күрес түрлеріндегі шеберлік пен дағды кешенін пайдалана отырып, күресте өзіндік жұмыс үшін спорттық жаттығуларды құрудың негізгі бөлімдерін, принциптері мен заңдылықтарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    Білім берудегі басқару қызметінің мәнін ұсыну, елде инклюзивті оқытуды дамыту, психологиялық үрдістерді, педагогикалық мектептерді ажырата отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын талдау; жаңартылған білім беру мазмұны мен қашықтықтан оқыту нысандары жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, қағидаттарын, нысандарын, әдістерін, құралдарын ескере отырып жұмысты жоспарлау.

  • Код ON8

    Дене шынықтыру мұғалімі және таңдаған спорт түрінің жаттықтырушысы ретінде білім беру, тәрбиелік, спорттық, ұйымдастырушылық және сауықтыру жұмыстарын өткізе білу.

  • Код ON7

    Футболдан жаттығу өткізу теориясы мен әдістемесін ескере отырып, дене тәрбиесінің әлеуметтік маңыздылығын, таңдаған спорт түрінің негіздемесін түсіндіру

  • Код ON11

    Дене тәрбиесіне бейімдеуде ойын түрінің негізгі заңдылықтарын түсіндіру және жүзуде техникалық және тактикалық әрекеттерді жетілдіру, оқу процесін ұйымдастыруда немесе өткізуде кәсіби дағдыларды дамыту.

  • Код ON2

    Спорттық метрологияның негіздерін, гимнастикада қолдануға арналған спорттық құрылыстардың құрылысын, шаңғымен және конькимен сырғанау үшін спорттық құралдарды таңдауды және пайдалануды, жас ерекшеліктері мен дене шынықтыру деңгейлерін ескере отырып анықтау.

  • Код ON9

    Білім беру, жаттықтыру және жарыс өткізу үдерістеріне, дене шынықтыру-спорттық ұйымдар қызметіне арналған жоспарлар жасап, оларды әдістемелік қамсыздандыру, жаңартылған білім беру мазмұны мен қашықтықтан оқыту нысандары жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, қағидаттарын, нысандарын, әдістерін оқыту және есеп жүргізу

  • Код ON5

    Ғылыми зерттеулерді дене шынықтырумен, спортпен, дене тәрбиесімен, спорттық жаттығудағы озық технологиялармен, дене жүктемелерін іріктеумен біріктіру

  • Код ON1

    Мәдениет пен дінге байланысты кең дүниетаным, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа қарсы моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру

  • Код ON10

    Дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, рекреация, оңалту саласындағы білімдерін, оқытылатын саладағы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде көрсету

  • Код ON3

    Кәсіби сөйлеу жағдайларындағы нақты коммуникативтік міндеттерді лингвистикалық құралдармен шешу, өзінің кәсіби қызметінде терминдерді қолдану

  • Код ON6

    Ағзаның бұлшық ет жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдерін бағалау, күштік спорт түрлерінде, жаттығуларда қозғалыс дағдыларын дамыту

Top