Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы в Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ

Оқыту нәтижелері

  • Орман өсімдіктерін аудандастыру принциптеріне және орман биогеоценоздарының даму заңдылықтарына, орман экожүйелеріндегі құрылымдық және функционалдық байланыстарына сәйкес орман өсірудің заманауи әдістерін білу және меңгеру
  • Ғылыми зерттеулердің басым негізгі бағыттарын, орман шаруашылығында тәжірибе жүргізу әдістемесін, оларды бағалау және нәтижелерді ұсыну әдістерін білу
  • Орман пайдалану тәжірибесіне орман ресурстары мен пайдалылығын есепке алу мен бағалауға арналған инновациялық технологияларды, технологиялық жабдықтар мен бағдарламалық жүйелерін қамтамасыз етуді білу және енгізу
  • Ерекше табиғатты қорғау, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар жалпыұлттық игілік объектілерін пайдалану ережесін білу
  • Ормандағы өртқа уіптілігін бағалай білу, қалыптасқан жағдайды талдау негізінде орман өрттерінің алдыналу, өртсөндіру және орман өрттерінің салдарын жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
  • Жоғары білім берудегі педагогика мен психология туралы базалық білімге ие болу, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау
  • Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтап, ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; Орман шаруашылығы саласындағы ағымдағы әдістемелік, методологиялық мәселелерді сипаттау
  • Урбанизацияланған ортадағы көгалдандыру объектілерін ландшафтық ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, елді мекендерді көгалдандырудың технологиялық инновацияларын, заманауи әдістерімен жүйелерін қолдану
  • Рекреациялық мақсаттағы ландшафтық сәулет нысандарын жобалау, құру, пайдалану және қайта құру бойынша базалық білімді меңгеру
  • Орман ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін, орманның өнімділігі мен экологиялық функцияларын сақтау әдістерін, биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауды білу
  • Орманның генетикалық ресурстарын сақтау және молықтыру үшін биотехнология және гендік инженерия әдістерін білу және қолдану, берілген белгілері бар өсімдіктердің жақсартылған нысандарын жедел жасау; ормандардың фитосанитариялық жай-күйін бағалау және мониторингілеу, орманды қорғаудың биологиялық құралдарын құру
  • C1-C2 халықаралық стандарттар деңгейінде шет тілін және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларын игеру; халықаралық ортада жұмыс істей білу
  • Тұқым қуалаушылық қасиеттері бар бағалы және себу сапасы жоғары тұқым алудың қазіргі заманғы әдістерін білу; ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдарын өсірудің инновациялық технологияларын қолдану
Top