Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02101 Музыкатану в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Музыкалық мазмұн теориясына сүйене отырып, көркем қабылдау процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық шығармаларды өнердің басқа түрлерімен байланыстыра отырып талдауды жүзеге асыру.
  • Дәстүрлі музыка мәдениетінің пайда болуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын білу ; оның үлгілерін талдай білу. Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның мәдениетінің тарихын білу, шығыс әдебиетінде шарлау, белгіленген халықтардың аймақтық және жергілікті музыкалық дәстүрлерін тыңдау арқылы анықтау.
  • Оқытылатын негізгі пәнге қатысты музыкадағы іс-тәжірибелер, формалар, тәсілдер, қажет болған жағдайда сабақтас пәндер, мәтіндік деректер, ресурстар мен тұжырымдамалар туралы терең және жан-жақты білімін көрсету.
  • Білім алушылармен әріптестік пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнату, олардың танымдық қызметіне басшылық жасау, білім алушылардың жас және психофизикалық ерекшеліктерін есепке алу негізінде психологиялық-педагогикалық қызметтің тиімді жеке стилін әзірлеу бойынша жалпы психологиялық дағдыларды дамыту.
  • Қазіргі қоғам парадигмаларының, мәдениет пен өнердің қызмет етуінің негізгі сипаттамаларын түсіндіру, талдау, бағалау; әлеуметтік-мәдени модельдеу және болжау әдістерін, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын, өнер туындысын кәсіби бағалауды меңгеру.
  • Жоғары музыкалық мектепте ғылыми негізде оқу процесін және оқытудың классикалық және инновациялық әдістері мен технологияларын пайдалану аспектілерінде кәсіби-педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын ұйымдастыра білу.
  • Сыни тұрғыдан ойлау және сыни қабылдау дағдыларын меңгеру; лекторлық шеберлік.
  • Зерттеуге арналған тиісті әдебиеттерді және басқа ресурстарды анықтау; библиографиялық тізімдер жасау.
  • Кәсіби қызметте когнитивті және коммуникативтік қызметті жүзеге асыруға қабілетті магистранттың тіл мәдениетін дамыту.
  • Музыкатануды зерттеу әдістерін білу, зерттеу саласында идеяларды, концепцияларды және процестерді дамыту мен бағалауда таңдалған тәсілдерді қолдану; сәйкес әдістемелер арқылы зерттеу алға қойған ғылыми мақсаттарды жүзеге асыру мүмкіндігі.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің теориясы мен әдіснамасын меңгеру, қоғамда және қазіргі мәдениетте болып жатқан процестер мен құбылыстарды өз бетінше талдау.
  • Қазіргі мәдени нарық жағдайында еркін шарлау мүмкіндігі; көркем жобаның аралық және соңғы нәтижелерін құжаттау, талдау және қорытындылау мүмкіндігімен .
  • Әлеуметтік-мәдени модельдеу және болжау әдістерін, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын, өнер туындыларын кәсіби бағалауды меңгеру.
Top