Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04202 Құқықтану в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық қызметтің нақты салаларында құқықтық нормаларды қолдануға, құқықтық саладағы проблемалар мен процестерді шешу үшін ғылыми-құқықтық әдістерді пайдалануға қабілетті
  • Қажетті құқықтық құжаттарды құрастыруға, шешендік өнер дағдыларын меңгеруге, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және қисынды рәсімдеуге қабілетті.
  • Күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті әртүрлі қызмет салаларында құқықтық білімді қолдануға, білімді кеңейтуге және тереңдетуге қабілетті
  • Кәсіби қызмет үшін қажетті құқықтық және өзге де ақпаратты іздеу, жинау және талдау дағдыларына ие болуға; құқықтық ғылымның қазіргі заманғы проблемаларын; кешенді құқықтық зерттеулер контекстінде салалық, өңірлік, ұлттық және жаһандық проблемаларды талдауға қабілетті
  • Өндірісті басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін көрсетуге, менеджмент, диагностика, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, шешімдерді қабылдау және оларды tәжірибеде іске асыру әдістерін пайдалана отырып, өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдауға қабілетті.
  • Құқықтық актілермен жұмыс істеуге, әртүрлі құқықтық құбылыстарды, заң фактілерін, құқықтық нормаларды талдауға; құқықтық саладағы проблемалар мен процестерді шешу үшін құқықтық талдаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдануға қабілетті.
  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті, өз ойын ауызша және жазбаша нысанда академиялық адалдық ережелерге сай дұрыс ресімдеуге қабілетті.
Top