Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01145 Ортопедиялық стоматология в С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Тіс сауыты ақаулары
    Несиелер: 34

    Пән тістер сауыт бөлігі ақаулары бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, алынбайтын құрылымдармен (микропротездер, сауыттар) ортопедиялық емдеу, уақытша (провизорлы) протездер (алынбайтын, шеңдер, каппалар) дайындау, жергілікті жансыздандыру жүргізу; стоматологиялық қабылдауда өмірге қатерлі шұғыл жағдай болғанда жедел көмек көрсету, пациенттерді протезді күтуге ынталандыру бойынша терең білім және тәжрибелік дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жақтар жартылай адентиясы
    Несиелер: 34

    Пән тіс қатары ақауы бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, протездеуге ауыз қуысын алдын ала дайындау, әртүрлі құрылымдармен (көпірлі протездер, жартылай алмалы протездер, шеңдеуіш құрылымдар, имплантқа тіректелген) ортопедиялық ем жүргізу; уақытша (провизорлық, иммедиат) протездермен (алынбайтын, алмалы, шеңдер, каппалар) және протезді жөндеу, тіс-протездік құрылымдарды күтуге үйрету бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жақ – бет аймағы ағзалары ақаулары
    Несиелер: 32

    Пән жарақаттан, жаралану, қабыну үрдістеріне байланысты операциядан кейін, ісіктерден туындаған жақ – бет патологиясы бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, жақ-бет протездерімен, имплантқа тіректеп, ортопедиялық ем жүргізу; протезді күтуге ынталандыру; пациенттермен, оның туыстарымен, денсаулық сақтау мамандарымен жақсы нәтижеге жету үшін тиімді араласу бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Геронтостоматология
    Несиелер: 4

    Пән ортопедиялық стоматологиялық бейінді ауруларды анықтау мақсатымен егде және қарт адамдарды тексеру, диагностикалау; ауыз қуысы органдары мен тіндерінің жасқа байланысты өзгерістерін есепке ала отырып, ауыз қуысын протездеуге дайындау және емдеу әдісін таңдау, әртүрлі тіс протездері құрылымдарымен, емдеу болжамын құра отырып, ортопедиялық емдеу бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Медициналық құқық, менеджмент, маркетинг және стоматологиядағы аудит
    Несиелер: 4

    Пән стоматологиялық қызметте қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтық нормаларды; стоматологиялық кабинет еңбек қызметін басқарудың және медицина қызметкерлерін оқытудың жүйелік жолдарын қарастырады. Ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау қабілетін және пациенттің қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандыру және стоматологиялық клиниканың үздіксіз дамуын, стоматологиялық көмектің сапасын бағалауды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жақтар толық адентиясы
    Несиелер: 32

    Пән толық тістерін жоғалтқан пациентті тексеру, диагностикалау, толық алмалы протезбен, имплантқа тіректелген ортопедиялық ем жүргізу; тіс-протездік құрылымға толық үйренгенше бақылау, протезді жөндеу бойынша терең білім және дағды қалыптастырады. Коммуникативті дағдылар, медициналық құжатты толтыру, заманауи ақпараттық деректі базаларда іздену және ақпаратты сынай отырып бағалау бойынша дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Гнатология негіздері
    Несиелер: 4

    Пән тіс-жақ жүйесі барлық органдары қарым-қатынасы, бұл жүйенің анатомия, физиология, патофизиологиясын кешенді зерттеу, ортопедиялық стоматологиялық бейінді ауруларды анықтау мақсатында диагностикалау бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады. Окклюзияны қалыпты және патологиялық жағдайда бағалау, протездеуге алдын-ала дайындық жүргізу және ортопедялық емдеу әдістерін таңдау бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Цифрлы стоматология
    Несиелер: 4

    Пән тексеру, дигностикалау және ауруларды ортопедиялық стоматологиялық құрылымдармен емдеу сатыларында цифрлы технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік дағды қалыптастырады. Ең жаңа технологияларды игеру тәжірибелік дағдыларын және кәсіби дамуға ықпалын тигізеді. Дербес оқу және кәсіптік команданың басқа мүшелерін оқыту, пікір-талас, конференция және үздіксіз кәсіби даму түрлеріне белсенді қатысу дағдыларын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Код ON5

    ON5. Ортопедиялық емді түрлі құрылымдармен жоспарлап, өз бетінше жүргізу (микро-протездер, сауыттар, көпірлі протездер, жартылай және толық алмалы протездер, шеңдеуіш құрылымдар, жақ-бет протездері, импланттарға тіректелген) және дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалау;

  • Код ON6

    ON6. Уақытша (провизорлы, иммедиат) протездерді өз бетінше жоспарлау және дайындау (алынбайтын, алмалы, шеңдер, каппа) және протездерді жөндеу;

  • Код ON7

    ON7. Тіс-протездік құрылымға толық бейімделгенше пациентке протезге динамикалыық бақылау жүргізу;

  • Код ON12

    ON12. Өздігінен оқу және кәсіби команда мүшелерін оқыту, пікірталастарға, конференциялар мен басқа да нысандардағы үздіксіз кәсіби дамытуға белсенді қатысу.

  • Код ON9

    ON9. Ауыз қуысы және жақ-бет аймағындағы төтенше жағдайларда шұғыл көмекті өз бетінше көрсету және стоматологиялық қабылдауда төтенше жағдай болып, өмірге қауіп төнгенде базалық дәрігерлік көмекті көрсету;

  • Код ON8

    ON8. Протезді күтуге пациенттерге тұрақты мотивация қалыптастыру, стоматологиялық денсаулықты сақтау және ауыз қуысы органдары мен тіндеріне әсер ететін зиянды әдеттерден бас тарту;

  • Код ON2

    ON2. Ықтимал тауекелдерді бағалау мақсатында және пациент үшін ең жақсы нәтижелерге жету үшін пациентпен, оны қоршаған ортасымен, медициналық қызметкерлермен, стоматологиялық және кәсібиаралық команда мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас құру;

  • Код ON4

    ON4. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, ортопедиялық емдеу кезеңдерінде жергілікті жансыздандыруды өз бетінше жүргізу;

  • Код ON11

    ON11. Дәрігер-стоматолог-ортопедтің тәжірибелік қызметінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі құқықтық және ұйымдастыру аймағы өрісінде менеджмент, маркетинг, медициналық аудит, медициналық сақтандырудың негізгі принциптерін іске асыру;

  • Код ON3

    ON3. Ауыз қуысын протездеуге алдын-ала дайындауды және емдеу әдісі мен протездің құрылымын таңдауды өз бетінше жүргізу;

  • Код ON1

    ON1. Өз бетінше жоспар құрып және ортопедиялық стоматологиялық бейіндегі ауруларды анықтау мақсатында пациентке тексеру жүргізіп, клиникалық диагнозды тұжырымдау

  • Код ON10

    ON10. Стоматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларында, медициналық құжаттарды жүргізгенде, медициналық ақпараттық жүйелер мен деректер базасында іздену және жаңа ақпаратты сынай отырып бағалауда ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологияларды қолдану;

Top