Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01112 Неврология ересектердің, балалардың в Қарағанды медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Неврологиялық бейіндегі пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау, медицинада, ғылым мен практикада озық инновациялық технологияларды қолдану және дамыту, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалану, халықтың денсаулығын нығайту. Мамандар мемлекет және әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R037 Неврология ересектердің, балалардың
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, соның ішінде шұғыл неврологиялық жағдайларда алғашқы көмек пен реанимация кезінде диагностика және шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру.
  • Қазақстан Республикасында медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді білу және оларды практикалық қызметте мүлтіксіз басшылыққа алу.
  • Неврологиялық аурулар кезінде реабилитацияның принциптері мен әдістерін білу, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін анықтау және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу.
  • Нерв жүйесінің анатомиясы мен физиологиясының негіздерін, неврологиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, жіктелуі, диагностикасы және емдеу принциптері туралы қазіргі заманғы түсініктерді білу.
  • Өзінің рөлдеріне, қабілеттері мен біліктілігіне сәйкес міндеттерді орындау,этикалық, құпия міндеттемелерді, медициналық этика мен деонтология талаптарын сақтау және күнделікті тәжірибеде кері байланысты пайдалану.
  • Неврологиялық патологияның алдын алу, науқастарды диспансерлеу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
  • Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу қызметінің негізгі принциптерін білу, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық және биомедициналық зерттеулерді талдау және бағалау дағдыларын меңгеру, ғылыми принциптерді қолдану және дәлелді медицинаны білу медициналық практика мен зерттеулерге.
  • Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дәстүрлерді назарға ала отырып, әріптестермен, пациенттермен, олардың отбасыларымен және жұртшылығымен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру, кәсіби команда жұмысына қатысу, талаптарға сәйкес медициналық құжаттарды рәсімдеу және пациенттерге көмек көрсету және әріптестерімен коммуникацияларды оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану.
  • Объективті өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту және көрсету, өз құзыреттерінің шекарасын бағалау және қажет болған жағдайда әріптестеріне көмек көрсету, одан әрі оқыту және өзін-өзі жетілдіру үшін мақсат қою, оқыту арқылы білім, дағдылар мен тәсілдердегі олқылықтарды жою.
  • Нерв жүйесі ауруларын емдеудің заманауи әдістерін дәлелді практикаға сәйкес қолдану және олардың тиімділігін анықтау.
  • Жалпы дәрігерлік манипуляция, анамнез жинау, науқастарды неврологиялық зерттеу, клиникалық симптомдар мен синдромдарды бөлу, дифференциалды диагностика жүргізу арқылы диагноз қою дағдыларын меңгеру.
  • Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдістерін анықтау, қауіптерді бағалау және дәлелді медицина тұрғысынан диагностиканың тиімді әдістерін таңдау, зерттеудің функционалдық әдістерінің нәтижелерін түсіндіру және диагностикалық бағалауды жүргізу.
Top