Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01104 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың в Қарағанды медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Іш қуысы ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу жүргізу және асқорыту ағзалары аурулары кезінде оның нәтижелерін интерпретациялау.
  • Кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру, кәсіби команданың басқа мүшелерін оқыту және үздіксіз кәсіби дамудың түрлі түрлеріне белсенді қатысу.
  • Онкологиялық ауруларды диагностикалау және асқазан-ішек жолдары мен бауырдың ісікалды патологиясы менеджментін жүзеге асыру.
  • Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде ас қорыту мүшелерінің патологиясы бар ересек және бала жастағы пациенттерге диагноз қою және емдеуді, алдын-алуды, медициналық оңалтуды, динамикалық бақылауды жүзеге асыру.
  • Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы және төменгі бөлімдерінің диагностикалық эндоскопиясы мен емдік эндоскопияның базалық рәсімдерін жүргізуді көрсету.
  • Ұлт денсаулығын нығайту саясатын, соның ішінде төтенше жағдайларда жүзеге асыру үшін өз мамандығы бойынша денсаулықсақтау жүйесінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану.
  • Гастроэнтерологиялық көмектің сапасы мен жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін этикалық қағидаттарды ұстануды көрсету және ең тиімді әдістерді қолдану.
  • Кәсіби әдебиетті талдау, өзінің кәсіби қызметінде халықаралық деректер базасын тиімді пайдалану, зерттеу тобының жұмысына қатысу.
  • Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулықсақтау мамандарымен, оның ішінде пәнаралық және кәсіби аралық командалар құрамында тиімді өзара қатынасты көрсету.
  • Шұғыл және өмірге қауіпті жағдайларда білікті медициналық көмек көрсету.
  • Науқастың нутрициологиялық статусын анықтау және асқорыту мүшелерінің аурулары кезінде оны түзету.
Top