Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7R01105 Гематология ересектердің в Қарағанды медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Гематологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын, медицинада, ғылымда және тәжірибеде озық технологияларды қолдануға және дамытуға, өмір бойы оқуға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R005 Гематология ересектердің
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Гематологиялық көмек көрсетудің үздік нәтижелеріне қол жеткізу үшін пациентпен, оның ортасымен және денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ынтымақтасу, сонымен қатар ақпараттық технологияларды пайдалану.
  • Гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдістерін таңдау кезінде, науқастан ақпараттандырылған келісімді алу барысында науқастың этикалық қағидаттарына, мүдделеріне бейімділігін көрсету
  • Пациенттерді күтуді жақсарту мақсатында команданың басқа мүшелерін үйрету қабілеті, үздіксіз өзін-өзі жетілдіру үшін қажетті жеке және кәсіби қасиеттерін көрсету
  • Гематологиялық проблемалары бар жүкті әйелдер мен басқа мүшелер мен жүйелердің аурулары бар науқастарға кеңес беру, гематологиялық синдромдар кезінде дифференциалды диагностика алгоритмдерін тиімді пайдалану.
  • Дәлелді медицина негізінде жоғары мамандандырылған гематологиялық көмек жүргізу және оған көрсеткіштерді анықтау.
  • ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес қан компоненттері мен препараттарының трансфузияларын жүргізу және көрсеткіштерді анықтау.
  • Диагностиканың заманауи әдістері негізінде диагноз қойып, ҚР ДСМ диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес гемобластоздарды емдеу бағдарламасын жүзеге асырады және оның тиімділігін бағалау.
  • Кәсіби әдебиетті сыни талдау, күнделікті қызметте әлемдік мәліметтер базасын, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, зерттеу командасының жұмысына қатысу
  • Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында өз мамандығы бойынша, оның ішінде кәсіптік және пәнаралық командалар құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет ету
  • Сабақтастық принциптерін сақтай отырып, амбулаториялық кезеңде қан және қан түзу ағзаларының аурулары бар пациенттерді жүргізу және мониторингті жүзеге асыру.
  • Дәлелді медицина негізінде қан ауруларын және қан түзетін мүшелердің ісіктік емес ауруларын диагностикалау және емдеуді жүргізу.
  • Гематологиялық аурулары бар ересек емделушілерді жедел диагностикалау және медициналық көмек көрсету.
Top