Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі в Сулейман Демирел атындағы университет

  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнін оқу барысында студенттерде қазіргі заман педагогына қойылатын талаптар және педагогикалық мамандықтың даму перспективалары туралы білімі қалыптасады. Педагогикалық әрекет пен оны құрайтын элементтердің сипаттамасын қарастырып, педагогтың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуы, оның құзыреттілігі, педагогикалық әрекеттің заңды негіздерімен танысады. Студенттер болашақ кәсіптік қызмет іскерлігінің түрлерімен, функцияларымен, тапсырмаларымен және мәселелерімен таныстырылады. Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін, болашақ кәсіптің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді, кәсіби-педагогикалық біліктері қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің негіздері
    Несиелер: 5

    Курста студенттер тілдік терминдер мен ұғымдарды меңгереді, тіл дыбыстарының жасалу жолы мен дыбыстардың үндесу заңдылықтарын біледі, сөз мағынасы түрлерін ажыратып, оларды сөйлеу барысында дұрыс пайдалана алады, тілдің грамматикалық ерекшелігін игереді, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде сауатты, еркін жеткізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математиканың бастауыш курс негіздері
    Несиелер: 5

    Курста білім алушылар бастауышты оқытуға қажетті математикалық білім негізін игереді, ауызша және жазбаша есептеудің алгоритмдерін үйренеді. Математикалық логика, комбинаторлар, ықтималдық теориясы және т.б. қамтып, математиканы бастауыштық курста игертуге қатысты білімді толық меңгереді.//

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 1 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Қазақ және түрік тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне анализ жасап, ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге дағдыландырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудің акмеологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән аясында инновациялық білім берудің жағдайында білім сапасын арттырудың ғылыми негіздері, білімнің теориялық-əдіснамалық, технологиялық жəне акмеологиялық аспектілері қарастырылады. Пән мазмұны қазіргі психологиялық-акмеологиялық білімнің əлеуетін жəне оларды жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің шынайы тəжірибесінде қолданудың мүмкіндіктерін қамтиды, сонымен бірге оқырманға акмеологиялық білімді кəсіби жəне тұлғалық мəселелерді шешудің құралы ретінде оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Педагогикалық мамандықтарда «Абайтану» курсын оқытудың мақсаты жас мамандарға оқу-үдерісі негізін ұлттық, адамзаттық құндылықтарға бағдарлай жүргізу, тұлға қалыптастыруда Бастауыш сыныптан бастап оқу-таным үдерісін Абай нұсқаған ізгілік жолына құру идеяларын сіңіріліп, Абайдың бала танымына лайықты шығармаларын, мысал өлеңдерін оқу үдерісінде қолдану жолдарын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу
    Несиелер: 5

    Отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Көрнекті балалар жазушыларының шығармашылығын зерттеп, көркем мәтінге аналитикалық талдау жасау дағдыларын дамытады. Көркем шығармаларын балалардың жас ерекшелігіне байланысты психологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, мәнерлеп оқу шеберліктерін шыңдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі 2 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 4

    Педагогтың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мен дамуы, оның құзыреттілігі, педагогикалық әрекеттің заңды негіздерімен танысады, сондай-ақ әртүрлі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды орындай отырып кәсіпті меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі 2 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш сыныптағы жаратылыстану және оны оқытудың технологиясы
    Несиелер: 4

    Жаратылыстану пәндерін оқыту қабілеттері мен білімдерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыланады. Оқу курсын ұйымдастыру формалары мен әдістерін, тәрбиелік міндеттерді дұрыс белгілей алу қабілеттерін шыңдайды. Бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасауды қалыптастырып, дидактикалық материалдар дайындай алу біліктілігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жаратылыстанудан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі
    Несиелер: 4

    Студент жаратылыстану туралы қажетті білім деңгейін қабылдап, оны бастауыш сыныпта оқытуға арналған дидактикалық материалдардың түрлерімен танысады. Қажетінше оқу материалдарын дайындаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қағаз таңдау, бояу реңін сәйкестендіру, матаның түрлерін іріктеу, жазу, сызу, т.б. жолдарын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы және инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бастауыш сыныпта оқитын балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері түсіндіріледі. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастырылады. Оқытуда маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстырылады. Физиологиялық ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дидактика
    Несиелер: 6

    Оқытудың теориялық және практикалық негіздерін игереді. Білім алушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастыру және әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымы, оқыту формалары, оның әдістері мен инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырудың жолдарын ғылыми негізде игереді.//

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жас ерекшелік психологиясы
    Несиелер: 5

    Адам психикасы мен іс-әрекетінің өзгеру заңдылықтары мен тенденцияларын танып, психикалық дамуға сипаттама жасайды. Бала психикасын зерделеуге мүмкіндік алады. Болашақ мұғалімнің бастауыш сынып жас ерекшелігін терң түсініп, кәсіби әрекет ету теориясын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған шет тілі 1
    Несиелер: 3

    Білімалушылардың кәсіби құзырлық деңгейін қалыптастыру, маман ретінде іс-әрекетінің әр түрлі аспектілерін жүзеге асыруда сөйлеу констекстерінде грамматикалық, лексикалық құрылымдарды қолдана алу мен коммуникативтік қатынастарында кәсіби шет тілін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бастауышта игерілетін қазақ тіліндегі тілдік бірліктерді оқытудың әдістемесін игереді. Фонетикалық, морфология және синтаксистік білімді практикамен ұштастыра оқыту тәсілдерін біледі. Мәтіндермен жұмыс түрлерін, сөйлеу, жазу нормаларын оқытуда жаңа технологиялар қолдануды, және оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектепте математиканы тереңдетіп оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бастауыш сынып оқушыларының жасына және оқу материалы мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес математиканы оқытудың әдістемесін қарастырады. Оқу құралдарын қалай қолдануды түсініп, оқушылар орындайтын тапсырмалар мен жаттығуларға арналған есептер үлгісіне талдау жасап үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кәсіби бағытталған шет тілі 2
    Несиелер: 3

    Бұл пән коммуникативтік және мамандыққа бағытталған тәсілдерге басымдылық бере отырып, студенттердің сөздік қорын дамытуға, кәсіби терминдерді игеруге ықпал етеді. Ауызша және жазбаша негіздерін практика жүзінде С2 деңгейінде меңгеруін қамтамасыз етеді.//

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 4

    Математиканы жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқытудың мақсатын, міндетін, мазмұнын, құралдарын, ұйымдастыру формаларын негіздеу, практикада пайдалану, критериалды бағалау түрлерін қарастырады. Ортақ тақырыптарды интеграциялау, оқушының ерекшелігіне сай сын тұрғысынан шығармашыл, позитивті ойлауын дамыту әдістерін жаңа контексте ұсыну, контент жинақтау, АКТ-ны қолдану, инклюзитивті білім беру мәселелерін сипаттайды. Болашақ маман бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес математиканы оқытудың әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 4

    Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастауыш мектептерде көркем еңбек сабағында қолданылатын жұмыс түрлерімен танысады. Балалардың қол икемдері дамытуда түрлі еңбек материалдарын пайдаланудың жолдарын үйренеді. Оқушыларды болашақта тұрмыстық құралдарды пайдалануға дағдылануды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін және еңбек қауіпсіздігін сақтаудың жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ұлттық ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесі
    Несиелер: 4

    Оқушыларды болашақта тұрмыстық құралдарды пайдалануға дағдылануды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін және еңбек қауіпсіздігін сақтаудың жолдарын меңгереді. Ұлттық ою-өрнек түрлерімен апликация жасаудың сызбасын, құралын, әдісін, түстерді сійкестендіру, қағаз таңдау, т.б әрекеттерге дайындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инновациялық үрдістер
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын игертуді, ақпараттық қолдану мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Болашақ Цифрлы Қазақстанның электронды ресурс мүмкіндіктерін еркін меңгеретін кәсіби маман даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұны түсіндіріледі. Оқытудың ұстанымдары мен құралдарын игереді. Шет тілін оқытудың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық аспектісін қарастырады. Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым тапсырмаларымен жұмыс жасау тәсілдерін меңгереді. Шет тілі пәні бойынша мектептерге арналған қазіргі заманғы ОӘК және оларды талдау критерийлерімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пән бастауыш сынып оқушыларының психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көркем жазу дағдысын қалыптастыруға үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жазуға үйретудің тарихын, жазудың мақсаты, міндеті, принциптері түсіндіріледі. Жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын игеріп, оны қолдану машығын қалыптастырады. Жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Балалардың графикалық машықтарын жетілдіру
    Несиелер: 4

    Пән бастауыш сынып оқушыларының психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көркем жазу дағдысын қалыптастыруға үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жазуға үйретудің тарихын, жазудың мақсаты, міндеті, принциптері түсіндіріледі. Жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын игеріп, оны қолдану машығын қалыптастырады. Жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Математикадан есеп шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Курс математикалық білімін практикада қолдануға пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Логикалық есептерді шығару
    Несиелер: 5

    Пән зерттеушілік, ізденушілік іс-әрекетке бейімділігін дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің практикалық міндеттеріне жүзеге асыру үшін зерттеу әдістерін қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру; математиканың теориясы және технологиясының көкейкесті сұрақтары мен олимпиада есептері бойынша студенттердің білімін тереңдету, логикасын кеңейту мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ұлттық құндылықтар және этнопедагогика
    Несиелер: 5

    Стyденттердi халықтық және ұлттық педагогиканың негiзгi идеялары, тәжiрибелерi, этнопедагогикалық теориялары, оларды қазіргі оқу-тәрбие процесiнде шығармашылықпен қолдана алу бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастырады. Сыныптан тыс этнопедагогикалық жұмыcты жоспарлай алу, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудың әдіс-тәсілдері туралы бiлiгiн қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шешендік өнер
    Несиелер: 5

    Пән шешендік өнердің қалыптасу тарихымен таныстырады. Болашақ мектеп мұғалімінің көркем сөздің нәрін, астарлы мәнін түсіне білу, шығармашылық, өз беттерімен ойлау қабілеттерін дамыту, шешендік өнерге деген бейімділіктерін ұштау көзделеді. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне тереңірек тоқталып, осы дәуір әдебиетіндегі заман шындығы, әдеби үлгілер, оның өкілдеріне жеке арнау, толғау, жырларына талдау жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш сыныпта әдебиетті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Көрнекті балалар жазушыларының шығармашылығын зерттеп, көркем мәтінге аналитикалық талдау жасау дағдыларын дамытады. Көркем шығармаларын балалардың жас ерекшелігіне байланысты психологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, мәнерлеп оқу шеберліктерін шыңдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Курс «Адам», «Табиғат», «Қоғам» ұғымдарын бірлестіретін дүниетану пәнінің теориялық негізі еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдарды қалыптастырады. Студенттерге дүниетану пәндерін оқыту процестерін басқаруды меңгертеді. Дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізілу тәсілдерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бастауыш сыныптың ата-аналармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
    Несиелер: 4

    Пәннің негізі бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Болашақ маман ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері туралы білім қалыптастырады. Отбасынан бастау алатын бала тәрбиесі үштік бірлікті құрайды. «Бала-ата-ана-мұғалім» бірлігі әрекеттерінің педагогикалық негізін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниетанудан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Дүниетану» пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруланады. Дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда қолданатын дидактикалық материалдарды педагогикалық қағидаларға сай дайындаудың жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Студенттерді бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздерімен таныстырып, іскерлік дағды қалыптастырады. Инновациялық технологиялар мен жұмыс формаларын игереді. Сынып жетекшінің жұмыс бағыттары мен оның атқаратын міндеттерін, тәрбие жұмысын жоспарлау, диагностикалау, оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы және педагогикалық диагностикасы
    Несиелер: 5

    Педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгере отырып, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерін қалыптастырады, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторинг жүзеге асыра алады. Оқушы тұлғасының жан-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жасау арқылы оқушы тұлғасындағы түрлі сапаларды, олардың көрініс беру деңгейін, дамуындағы және жүріс-тұрысындағы түрлі ауытқулардың себептерін анықтай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде қарастырылады. Кәсіби педагогикалық әрекет, . педагогикалық эрудиция және құзыреттілік, педагогикалық сөз және оның функциясы, педагогикалық этика және такт, педагогикалық қарым- қатынастың негізгі элементтері туарлы мағлұматтар беріледі. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру жолдары түсіндіріліп, орта білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру біліктілігі қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 5

    Болашақ педагогтің кәсіби қалыптасу процесінде педагогикалық психологияның маңызын түсіндіріп, оның теориялық негізін меңгертеді. Кәсіби іс-әрекетте педагогикалық психологиядан алған білімдерін қолдану дағыдысын қалыптастырып, оның эксперименталды әдістерін талдай білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Курста студент бастауыш сыныпта оқытылатын АКТ пәнінің мазмұныны меңгереді. Болашақ мұғалімдерде информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы сабағынан бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды пайдалану жағдайында пәнді оқыту процесін ұйымдастыруға қажетті білім,білік және дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Білім берудегі инновациялық және интербелсенді технологиялар
    Несиелер: 5

    Болашақ педагог мамандар білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа технологиялары туралы ақпарат алып, теориясын игереді. Оқытуда белсенді және интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық беріледі. Келешекте өз оқушыларының сапалық деңгейін, әрекет мотивтерін, қажеттілігін, қызығушылығын, құндылық бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістер іріктеліп, үйретіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Музыканы оқытудың жаңа технологиялары
    Несиелер: 5

    Бастауышта білім алушы балалардың музыканы қабылдап үйренуіне жол ашатын жаңашыл әдістер мен технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастыру және қажетті әдістемелік үдерісті ұйымдастыруға бағытталған пән. Болашақ бастауыш білім маманы музыкалық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін игереді, музыкалық мәдениет рухани дамудың бір бөлігі ретінде бастауыш сыныптарда балаларды дамыту бағытындағы оқу-таным үдерісінің әдістемелік жүйесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Компьютерлік дизайн (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Компьютер арқылы дизайн өнері, түрлері, тәсілдері туралы ұғымдарды игереді. Заманауи көркемдік стилдерді, графиканы бейнелеу тәсілдері мен ерекшеліктерін, материалдар мен орындалу технологиясын меңгереді. Студенттер эстетикалық талғам қалыптастырып, компьютерлік дизайнның теориялық және практикалық тәсілдерін меңгереді, композициялық-шығармашылық қызметтерін дамыта алады. Компьютердегі түрлі дизайнерлік бағдарламаларды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға оқыту нәтижесін бағалаудың орны мен рөлі, критериалдық бағалау технологиясының моделі жайында түсінік береді. Осыған орай, білім алушыларға бағалаудың түрлері және ұстанымдары жайында мағлұмат беріп, бағалау кезеңдері және инструменттерін талдата меңгертеді. Критериалдық бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқу бағдарламасы және оқу жоспарын қолдана алу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің стилистикасы және редакциялау
    Несиелер: 5

    Оқу барысында студенттер әдеби тілдің стилистикалық жүйесімен, ғылыми, ресми, әдеби-көркем, публицистикалық және әдеби стилдердің қолдану аясының ерекшеліктермен, мәтінмен жұмыс жүргізу және мәтінді түзету жұмыстарымен танысатын болады. Бұл пән кез-келген мәтінді редакциялауды меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 5

    Педагогикалық менеджменттің ғылыми-әдістемелік негіздері беріледі. Мектепішілік басқару, мектептегі менеджменттің заңдылықтары мен ұстанымдары, Педагогикалық менеджменттің функциялары мен әдістері, басқарудағы ақпараттық технологиялар қарастырылады. Басқару стильдері, басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті, маркетинг туралы ақпарат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • STEM білім беру және робототехника (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    STEM білім беруді ұйымдастырудың негізгі тәсілдері қарастырылып, мектептердегі оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, математикалық, технологиялық сауаттылықты дамыту бойынша әдістемелік нұсқаулармен танысады. Бастауыш мектепте STEM білім беру элементтерін енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды қарастырып, тәжірибеде жүзеге асырудың тетіктерін талдайды. Алған білімдерінің нәтижесін жоба жұмысымен тиянақтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Музыка, музыкалық білім әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастауыш сынып оқушыларының музыка табиғатын сезініп, қабылдауына, сол арқылы қиялын дамытуға қажетті әдістемелік үдерісті ұйымдастыруға бағытталған пән. Болашақ бастауыш білім маманы музыкалық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін игереді Музыкалық мәдениет рухани дамудың бір бөлігі ретінде оқушыларды дамыту бағытындағы оқу-таным үдерісінің әдістемелік жүйесін меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Құжаттық лингвистика және электрондық құжаттама
    Несиелер: 5

    Қазіргі уақытта кез келген маманға құжат айналымын қамтамасыз етуге қатысты біліктілік қажет. «Құжаттық лингвистика» пәні студенттерге іс қағаздарын жүргізу, мектеп құжаттары аясындағы терминдерді меңгеру, құжат мәтіндерін сауатты жаза білу, құжат түрлерінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін, лексика-грамматикалық минимумын, стандартты тілдік бірліктерді меңгереді. Болашақ маманның құжаттармен сауатты жұмыс жасай білу біліктілігін арттыруға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш сыныпта ғылыми жұмысқа баулу әдістемесі
    Несиелер: 6

    Студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу негіздерін игереді. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың әдістемесі түсіндіріледі. Ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, Танымдық әрекетке негізделетін зерттеу тәсілдерін игереді. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілет пен өз бетімен білім алу мүмкіндігін дамытатын технологияларды, амалдарды қолдануды үйренеді. Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашатындай креативті, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа білім қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін игереді. Ғылыми зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптармен танысып, білімді дайын күйінде емес өзі ашатындай креативті, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жаңа білім қалыптастырады. Зерттеу жұмысын жоспарлау, ақпараттар жинау, зерттеудің тиімді әдістерін қолдану негіздерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Код ON1

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұжырымдар мен ақпараттарды жинап, түсіндіре біледі және өмірге, қоғамға деген азаматтық позициясын көрсете алады.

  • Код ON2

    Базалық білімі арқылы өзінің жалпы мәдени, ақпараттық-аналитикалық, тұлғааралық-коммуникативтік қабілеттерін қалыптастырады.

  • Код ON3

    Математика мен информатиканы бастауыш сыныпта инновациялық технологиямен оқытады.

  • Код ON4

    Бастауыш сыныпқа қажетті озық тәжірибелерді игеріп, оны оқушы сауаттылығы мен тілін дамытуда еркін қолданады

  • Код ON5

    «Жаратылыстану» және «Адам және қоғам» саласының материалдарына өздігінен теориялық талдау жасайды.

  • Код ON6

    Ұлттық және рухани құндылықтарды болашақ ұрпақ санасына сіңіруде музыка мен бейнелеу өнері, қол өнер бойынша білімін тереңдетеді.

  • Код ON7

    Бастауышта оқытуда ақпараттық коммунникациялық технологияларды сабақ үдерісінде кәсіби мақсатта қолдана алады.

  • Код ON8

    Кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қарым-қатынас жасайды.

  • Код ON9

    Ұйымдастырушылық қабілеттерін кәсіби деңгейде практикада қолдана біледі.

  • Код ON10

    Педагогика саласындағы ғылыми-теориялық зерттеулердің методологиясы мен STEM білім берудің негізгі тәсілдерін меңгереді.

Top