Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07105 Ақылды қалалар және ақылды жүйелер в Қазақстан-Британ техникалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулер, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде әдістемелік білімді қолдану, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін психологиялық әдістер мен құралдарды білу, сондай-ақ коммуникацияларды құра білу және шет тілін жетік меңгеру.
  • Қалалар үшін көлік, электр энергиясы және газды қоса алғанда, желілерді таратудың әртүрлі процестерінің математикалық модельдері мен әдістерін қолдану.
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу арқылы ақылды қалалар үшін электрондық мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелердің архитектурасын жасау.
  • Қалалардың тұрғын және тұрғын емес объектілерін автоматтандыру үшін эргономикалық пайдаланушылық интерфейстерді жобалау.
  • Жобалаудың негізгі стандарттарын, принциптері мен шаблондарын, бағдарламалау әдістерін, құралдары мен тілдерін таңдауды дәйектеу, оның ішінде ақылды қалалар жүйесін құру үшін әдістер мен құралдарды таңдау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді бағдарламалық, аппараттық, ақпараттық, математикалық, функционалдық қамтамасыз етуді әзірлеу және/немесе пайдалану.
  • Процестерді басқарудың түрлі технологияларын қолдана отырып, орнықты даму және ұлттық қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік саясаттың әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, қалалар мен басқа да аумақтық бірліктердің ресурстарын басқаруға қатысу қабілеті.
  • Ақылды қалалар салу бойынша үлкен деректерді талдау үшін жасанды интеллекттің статистикалық және математикалық модельдерін пайдалану.
  • Деректерді кейіннен өңдеу және визуализацияға дайындау үшін нақты уақыт режимінде ақпараттық ағындарды қоса алғанда, барлық көздерден қажетті ақпаратты ала білу.
  • Ғылыми статистикалық гипотезаларды құру арқылы үлкен деректерді өңдеу және талдау бойынша қолданбалы есептерді шешу.
  • Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін жәнеде деректерді өз бетінше жинау, зерделеу, талдау және қорыту дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін кешенді талдау және талдамалық қорытындылауды жүргізу.
Top