Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде информатиканың ірг елі негіздері, ақпарат және оның қасиеттері, сигналдар, Энтропия ұғымы, ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері, ақпараттық жүйелердегі процесстер,ақпараттық технологиялар, санау жүйелері, сандық автоматтарда информацияны өрнектеу, екілік сумматорларда арифметикалық амалдарды орындау, логикалық алгебранын негізгі ұғымдары, алгоритмдер теориясынын негізгі ұғымдары, алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігі, іздеу, таңдау, сұрыптау, рекурсивті алгоритмдер, информатиканың семантикалық негізі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалау тілі (С/С++) (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    С++ программалау тілі туралы түсінік. C/C++ тілінің элементтері. Қатарлық тип. Енгізу-шығару операторлары. Салыстыру операторлары. C/C++ тілінің негізгі операторлары. Циклдік операторлар.While, do/while циклдер.Өту инструкциялары. Continue, goto және break операторлары. Массивтер.Символдық таңбаларды енгізу/шығару. C/C++ тілінде сөз тіркестерін өңдеу. Массивтерге көрсеткіштер C/C++ тілінде функция, файлдармен жұмыс. C/C++ тілі графикасы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика негіздері/
    Несиелер: 4

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бағдарламалау технологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Дербес компьютерлерді автоматтандыратын прораммалық құрылымдар. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер және әдістер. Күрделі программалық жүйені құру. Программалық өнімдердің технологияларын қамтамасыз ету әдістері. Программаның технологиялық түсінігі. Процедуралық – бағытталған тілдер базасы. Құрылымдық әдіс. Талаптарын талдау, спецификацияларын анықтау және программалық қамтаманы жобалау. Қолданушыға арналған интерфейстері құру. Программалық қамтаманы тестілеу. Программалық құжаттарды құрастыру. Трнасляторлар виртуальды компьютер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Амалдарды зерттеу
    Несиелер: 4

    Бyл кypcтa aмaлдapды зepттey мәceлeciнiң түpлi мoдeльдepi жәнe oлapды шeшyдiң әдicтepi, coның iшiндe cызықтық eceптepдi шeшy әдicтepi, жоспарлау, үлестіру, тасымалдау есептері, бүтiнcaнды бaғдapлaмaлay eceптepi, cызықты eмec бaғдapлaмaлay eceптepi, ceпepaбeльдi мaқcaтты фyнкциялapмeн тaпcыpмaлapды динaмикaлық бaғдapлaмaлay, жeлiлepдiң (тopaптapдың) caндық көpceткiштepi жәнe eceптey әдicтepi, графтардағы алгоритмдер, aмaлдapдың oйындық мoдeльдepi мeн шeшy әдicтepi қapacтыpылaды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қолданбалы программалар пакеті
    Несиелер: 4

    Кестелі процессор Excel Мәліметтермен жұмыс істеу негіздері. Электрондық кестедегі есептеулер. Стандартты функциялар. Мәлімет енгізуді жылдамдату. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон шебері. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері Excel-де сандық модельдеу. Excel-дің көмегімен мәліметтер қорын басқару Мәліметтерді сүзгілеу. Кеңейтілген сүзгілеу. Аралық қорытынды. Макростар. Есеп беру кестелері. Excel-де берігендерді картада бейнелеу. Парақтар арасында байланыс. Консолидация. Мәліметтерді енгізуді жылдамдату. Шаблон.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Компьютер архитектурасы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде қазіргі заманғы компьютерлердің даму кезеңдері,сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері, ақпаратты кодтау тәсілдері, компьютерде ақпараттың берілуі, алгебра логикасының негіздері, ЭЕМ элементтері және түйіндері, орталық процессордың жалпы құрылымы,жады элементтері, үзіліс жүйесі,перифериялық құралдар, микропроцессорлар, жүйелік плата, жүйелік магистральдарды басқару, сервер және жұмыс станциялары жәнежоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ-дер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгоритмдер теориясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Алгоритмдер теориясы курсы студенттерді ңабстрактылы, алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет. Курста төмендегідей бөлімдер: алгоритмдердің мазмұнды ұғымы, алгоритм ұғымдарын әртүрлі формальдау тәсілдері және олардың эквиваленттері, формальды әдістерді бағдарлау, универсальды номерлеу, рекурсивні саналатын және рекурсивні жиындар, алгоритмдік шешілетін және шешілмейтін проблемалар, жиындардың келтірімділігі, жай және продуктивні жиындар, жиындар баспалдығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Деректер қорының негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл курста деректер қорының негізгі компоненттері, деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) және оның негізгі функциялары, ДҚБЖ классификациялары, көп қолданушыға арналған ДҚБЖ жүзеге асырған кезде қолданылатын архитектуралық шешімдер, пішімдер мәліметтер типі, деректердің реляциялық пішімі, реляциондық алгебра, деректер қорындағы мәліметтерді әртүрлі ұсыну, деректер қорын жобалаудың негізгі қадамдары, концептуальды пішімдеу, ER диаграмма, SQL тілінде жұмыс істеу мәселелері қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Программалау (Python)(орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер. Python тіліндегі сандар. Сызықты программалау. Python-ның негізгі стандартты модульдері. Тармақталу командасы. Қайталану командасы. Жолдармен жұмыс істеу.Тізімдер. Кортеждер. Сөздіктер. Массивтер.Функциялар. Файлдар мен жұмыс. Графика. Графикалықобъектілерді салу. Объектіге бағытталған программалау негіздері. Графикалық интерфейс элементтері. Python-ның басқа бағдарламалау тілдерімен бірлесуі. Python тілінің C++, Java, OCaml, Prolog бағдарламалау тілдерімен байланыстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бұлтты технологиялар (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде бұлтты есептеулер, жеке дара бұлттар, гибридті бұлттар, мәліметтерді өңдеу орталығы, мәліметтерді сақтау жүйелері, бұлтты орналастыру үлгілері, бұлтты технологиялардың негізгі қасиеттері, бұлттық қызмет үлгілері, Тағы бірнеше негізгі бұлттық провайдерлер, технологиялар, дайын бұлттық шешімдерді пайдалану тәжірибесі, үлкен деректерді өңдеу, бұлтты инфрақұрылымды қорғау, бұлттық қызметті жеткізудің негізгі үлгілерімен есептеулер жүргізу технологиялары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сандық әдістер (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Сандық әдістерге қойылатын талаптар. Қателіктердіесептеужәнеталдау. Трансценденттік және алгебралық теңдеулерді шешудің сандық әдістері. Векторлар мен матрицалар алгебрасы. Матрицаның меншікті мәндері мен меншікті векторлары. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Сызықты емес теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Функцияларды интерполяциялау. Сандық дифференциалдау және интегралдау. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді сандық шешудің әдістері. Математикалық физиканың теңдеулерінің сандық әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен гигиена талаптарын үйретумен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Физиканың механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика бөлімдерінің негізгі ұғымдары мен заңдылықтары, тұжырымдары және физикалық есепті шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Физикалық теориялардың қолданылу шектері, лабораториялық зерттеулердің әдістері, физика жетістіктерін практикада қолдану принциптері және ғылыми-танымдық зерттеулерді талдау, пәннің нақты өмірдегі орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде операциялық жүйелердің даму бағыттары және жіктелігі, үрдістерді басқару және ұйымдастыру, сигналдар өңдеу жабдықтары, есепті көп процессорлық шешуді басқару тәсілдері, жүйелері, енгізу шығаруды басқару, дискілер, еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері, файылдық жүйе, жадыны және телекоммуникациялық қатынас құруды басқару, мультипрограммалау, уақыт бөлу режимдері, арнайы міндетті және әмбебап операциялық жүйелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық логика және дискретті математика
    Несиелер: 5

    Жиын ұғымы. Жиындарға қолданылатын амалдар. Эйлер-Венн диаграммалары. Жиындардың алгебралық теңбе-теңдіктері. Кортеж. Декарттық көбейтінді. Сәйкестіктер. Функциялар мен бейнелеулер. Қатынастар. Комбинаторика. Ақырсыз тізбектер алгебрасы. Графтар және графтардың берілу жолдары. Графтың дәрежелері. Графтарда анықталған амалдар. Графтың хроматикалық саны. Эйлерлік және Гамильтондық графтар. Сандар теориясының алгоритмдері. Криптографияның стандартты есептері. Кодтау теориясына кіріспе. Пікірлер.Буль алгебрасы. Қалыпты формалар. Предикаттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Желілік бағдарламалау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде транспорттық қабаттар: TCP, UDP және SC.Сокеттер. Қарапайым TCP сокеттері, TCP Клиент/Сервер байланысының мысалы және енгізу-шығаруды тығыздау: select және poll функциялары, қарапайым UDP Сокет операциялары, Қарапайым UDP Сокеттері, SCTP сокеттерінің негізі, SCTP клиент/сервер үлгісі мен Атаулар мен мекенжайлардың түрлендірілуі, IPv4 және IPv6 функциональдық сәйкестіктері, демон процестері және inetd суперсервері мен қосымша E/Ш функциялары, UNIX домен хаттамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Обектіге бағытталған программалу негізі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары. Функцияны және операцияны қайтаанықтау түсінігі, Объектіге бағытталған программалауда класстар және әдістер түсінігі және сипаттамасы, Дараланған және көпшілік жаратылысынан ие болу – тілдерді қолдау принциптері, интерфейстерді пайдалану. Көпшілік жаратылысынан ие болу. Жаратылысынан ие болу Класстар және объекттер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Динамикалық жадыны бөлу. Объектіге бағытталған талдау мен жобалау. UML тілі және объектіге бағытталған талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютермен модельдеу негіздері (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде бағдарламалау ортасында модельдеу, электрондық кестелердегі модельдеу, ДҚБЖ ортасында модельдеу, компьютерлік үлгіні пайдалану, физикалық процестерді компьютерлік моделдеудің ерекшеліктері, графикалық модельдеу, Модельдеу мақсаты бойынша классификация, математикалық модельдердің классификациясы, танымдық модель, прагматикалық модель, инструментальды модель, динамикалық модель,и ықтималды модельдер, компьютерлік модельдеудің негізгі принциптері, модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу секілді тақырыптар қамтылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мультимедиялық жобалау(орыс тілінде)
    Несиелер: 6

    Мультимедиялық технологиялар мен жұмыс істеуге, оқубарысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жолашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл пәнде жасанды интеллект теориясының даму тарихы, терминдер және анықтамалар, жасанды интеллектің қазіргі зерттеу салаларымен жасанды интеллектің қазіргі теориялық проблемалары, семантикалық модельдер ұғымы, семантикалық модельдерді құру әдістері, жасанды интеллект үшін бағдарламау тілдері Prolog, Lisp тілдері, критерия ұғымы және критерия комегінде шешім қабылдау, көпкритериалды шешім қабылдау, сараптамалық жүйелерді жасау технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Бұл пән әр түрлі идеяларға толы студенттерге ең бәсекеге қабілеттісін таңдауға және сонымен қатар МСІ-ден MVP-ге дейінгі аралықты өтуге мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында әр студент стартаппен айналысады. Командалармен жобалар жасайды. Курс ең алдымен студенттерге ІТ-құзіреттіліктерін, командалық жұмысты және бизнес дағдыларын дамытуға көмектесуге арналған. Оқу бағдарламасы идеяларды іздеуден және өнімді нарыққа шығарумен аяқталатын стартаптың бүкіл процесін қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән Информатиканы оқыту әдістемесінің дамуының өзекті мәселелерін, оқытуды реттейтін құжаттарды, информатика бойынша мектепте білім берудің мазмұны мен құрылымын, дидактикалық принциптерді,қазіргі мектептерде информатиканы оқытуды ұйымдастыруды, информатика бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстарды, информатика бөлмесінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды, информатиканыңпропедевтикалықжәнебазалық курсыноқытуәдістемесін, мектептің жоғары сатысында информатиканы саралап оқытуды жәнеинформатика мұғалімінің басқа да қызметтерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз – бұл МҚ-ны құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені. Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-ларреляциялық МҚБЖ-лар деп аталады. Деректер қорын жобалау әдістемесі негіздерін оқыту, қолданыстағы деректерді басқару мен ұйымдастырудың теориясы мен практикасының принциптеріне шолу жасау, реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Adobe Photоshop графикалық редакторы. Ерекшелеу аспаптары мен әдістері. Пикселдерге әсер ету режимдері. Ретушь аспаптары. Қабаттармен жұмыс.Тексттермен жұмыс. Суреттерді өңдеу. Векторлық графика негіздері. Corel DRAW графикалық редакторы. Corel DRAW графикалық редакторы. Алғашқы анимация. Қабаттар. Кабаттың қасиеттерін баптау. Кадрлар. Анимацияға кіріспе. Символдар және анимация.Тексттерді анимациялау. Интерактивті элементтер. Flаsh программасындағы растрлық графика

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мобилді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Бұл курста мобильді құрылғылар: мобильді телефондар, смартфондар, коммуникаторлар, мобильді құрылғыларға арналған бағдарламала жасақтау платформалары, ОЖ сервистері, Android платформасы және негіздері, мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелердің ерекшеліктері, мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер нарығы, Windows Mobile: мүмкіндіктері мен БҚЕ, нұсқалары, интерфесі, перспективалары, Symbian OS, Google Android, BlackBerry OS, т.б. ОЖ интерфейстері мен сервистері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • С# тілінде бағдарламалау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    С# және NetFramework-қа кіріспе. Net технологиясымен танысу. С# тілімен танысу. Объектілердің жасалуы. Жолдарды пішімдеу. Мәліметтер типтері.Өрнек және операциялар. Тілдің операторлары. Процедура және функциялар – класс әлістері. Массивтер. Жолдар. Кластар. Интерфейстер. Құрылымдар. Файлдар және объекттер сериализациясы. Шығару жағдайларын өңдеу. Windows қосымшасы үшін мысалдар. Жалпы қасиеттер, әдістер және визуалдық компоненттердің оқиғалары. Графикалық инструментария. Windows forms компоненттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Java тілі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    JAVA пpoгpaммaлay тiлiнiң нeгiзгi ұғымдapы. Oбъeктiгe бaғыттaлғaн пpoгpaммaлay нeгiздepi. Java-дағы оқиғалар мен тыңдаушылар. Пaкeттep жәнe aпплeттep: Java.awt пaкeтi, Component клaccы, Label,Checkbox, Choice, List,TextComponent, TextField, TextArea, т.б. клaccтapы, Container кoмпoнeнтi, Graphics клaccының бeйнeлeyгe apнaлғaн тәciлдepi, Aпплeттiң тipшiлiк циклi. Ерекше жағдайларды өңдеу. Eнгiзy-шығapy aғындapы. Күн жәнe yaқыт шaмaлapымeн жұмыc, Date, Calendar клacтapы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы бағдарламалау (VBA) (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде визуальды бағдарламалау туралы түсінік, визуальды бағдарламалау тілдері, визуальды бағдарламалау тілдерінің жіктелуі, VBА ортасы, макростармен жұмыс, PasteSpecial қызметші сөзі, Range қызметі, For операторы, while операторы, repeat операторы, графикалық интерфейс,мәліметтер қорымен байланыс жасаушы басқару элементтері, тармақталушы алгоритмдерді программалау, Пішінде бейнелерді және графикалық өрістерді орналастыру, объектілермен жұмыс жасауды үйрену жұмыстары қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Компьютерлік желілер ұғымдарымен, түрлерімен, жұмыс оры¬н¬дау принциптерімен, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері, желілік әрекеттестікті ұйымдастырудың көпдеңгейлілік тәсілідері, жергілікті желілердің негізгі технологияларымен құрылымымен, желілерден пайдалану жолдары қарастырылады. Желілердің архитектурасы. Клиент және сервер негізіндегі желілер. Желіні топтастыру және негізгі мінездемелері. Желілік әрекеттестікті ұйымдастырудың көпдеңгейлік тәсілі мен OSI деңгейлерінің мақсаттары және функцияларының келісімдері. Дискреттік мәліметтердің тасымалдау негізі. Өткізгішсіз технологиялар мен Жергілікті желілердің негізгі технологиялары

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мобильді қосымшаларды жасақтау(орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Android платформасына кіріспе. Activity класы және ресурстар. Интерфейсті құру негіздері. Android Studio графикалық мүмкіндіктері. Негізгі басқару элементтері. Ресурстармен жұмыс. Activity және қосымшаның өмірлік циклі. Activity арасында деректерді беру. Бейнелермен жұмыс. Адаптерлер мен тізімдер. Топтар, ішкі мәзір және бағдарламалық мәзірді құрумен жұмыс. WebView мультимедиямен жұмыс. SQLite мәліметтер базасымен жұмыс. Сервистер. Телефония және коммуникация. Диалогтық терезелер. Cell-анимация. Tween-анимация

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • PHP тілі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    РНР тілі негіздері, оның даму кезеңдері.РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. HTML ортасынан РНР тілінекөшу. РНР тіліндегі операторлар.РНР тілінде сөз тіркестерін пайдаланутәсілдері. РНР функциялары. Қолданушы функциясын жазу жолдары. Cookies және PHP сессиялары. Cookies құралын PHP көмегімен басқару. РНР программалау ортасында файлдармен жұмыс істеу. РНР программалау ортасында мәліметтер базасын қолдану. РНР ортасындағы сайт архитектурасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Интернет технологиясы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Интернет туралы түсінік.Компьютерлік желілер. Web беттерді ашу программалары. Компьютер тармақтары туралы негізгі мәлімет. Компьютер тармақтарының негізгі түрлері. Мәліметтерді ұзату. Желілік операциялық жүйе. Интереттің істеу технологиясы. Интернет желісіне кіру. Интернетте іздеу механизмі. Интернет қызметтері. Электрон пошта: хабарлар ұзату сервері негізгі қасиеттері мен мүмкіншіліктері.Электрондық поштаны программалық қамтамасыздандыру түзілісі. Интернет гипертекст, гипермедиа. Интернетке байланысу және одан шығу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, оның оқу процесінде алатын орны. Ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін және ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыздандыру. Алгоритмдік және тағы да басқа компьютерлік ақпаратты қорғау әдістерімен, қазіргі криптожүйелермен таныстыру. Ақпаратты қорғау есептерін шешуге қажетті қорғау элементтері мен объектілерінің сипаттамаларын анықтау. Ақпаратты қорғау жүйесін моделдеу әдістерін жіктеу және жалпы талдау. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік модельдері. Қорғау және қауіпсіздендіру жүйелерін практикалық іске асырудың мысалдары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жүйені әкімшілендіру (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Жүйені басқару туралы жалпы мәліметтер. Жүйені басқару дегеніміз не? Жүйелік әкімші не істей алады? Операциялық жүйелердегі енгізу-шығару ұйымдастырудың негізгі түсініктері. Операциялық жүйенің құрылымын және оның негізгі ішкі жүйелерін, соның ішінде әртүрлі файлдық жүйелердің басқару және басқару құрылымы мен принциптерін, сонымен қатар FAT, HPFS, NTFS және Ext4 файлдық жүйелерін пайдалану дағдыларын үйреніңіз. Жүктеу жүйесін ұйымдастыру Негізгі Windows басқаруқұралдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    ДК ұйымдастырылу прнциптері. ДК архитекурасы мен кұрылымы. ДК-ң арифметикалық негіздері.ДК-ды логикалық жобалаудың негізгі теориясы.ДК-ң жадысын ұйымдастыру.Сыртқы жады құрылғылары.ДК-ң орталық процессоры.Микропроцессормен жұмыс істеу кезінде элементттердің өзара байланысы.Ақпаратты енгізу-шығаруды ұйымдастыру.Сыртқы құрылғыларды басқару.Деректердің желі және кабель бойынша берілісі.Желілік технологиялар.Үлкен желілер. Модем. Репитор.Желілі операциялық жүйесі.Локалды ресурстарды басқару.Кабельдер типтері.Желілік адаптердің тақшалары.Желілерге қойылатын талаптар.Аутентификация әдістері және рұқсаттарды басқару

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Программалау практикумы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Талаптарға анализ жасау.Алғашқы жобасын жасау. Бастапқы берілгендерді анықтау және дайындау. UML тілінде модель құру. Қарапайым және құрылымдық деректер типтері. Бастапқы берілгендердің типін белгілеу және сипаттау. Инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Объектілер үшін енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Файлдарға енгізу және оқу. Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын объектілер. SQL тілінің операторлары. Программалау тілдерінің графикалық режимдері. Қарапайым геометриялық объекттер. Графикалық процедуралар мен функциялар. Программалауда кездесетін қателіктер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Робототехника (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Робототехника курсына кіріспе, робототехника туралы негізгі білім, қолданбалы өрістер, робот түрлері, тарихы және келешегі, курс жабдығы туралы білім, LEGO MINDSTORMS EV3 оқулығы, EV3 модульдері, роботтардың, қозғалтқыштардың және сенсорлардың негізгі дизайны, EV3 модулінің интерфейсі, қозғалтқыштың үстіңгі жағы, Басқару блоктары , үлкен мотор блогы, ультрадыбыстық сенсор, кедергілерге жауап беру және оларды анықтау, гироскоп.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Borland C++ Bulder ортасы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    C++ программалау тілі. C++ тілінің бастапқы коды. C++ Builder жобаларында қолданылатын файлдар. C++ Builder негізгі мәзірі және құралдар тақтасы. Пішіндерді пайдаланыңыз. Құрамдас бөліктер бөлектелген. Құрамдастарды жылжытыңыз немесе ауыстырыңыз. ListBox және ComboBox компоненттері. MainMenu және PopupMenu компоненттерін пайдалану жолы. Құрастыру компоненттерін көрсету үшін Visual C++ бағдарламалау тілін пайдаланыңыз. Trackbar компоненті. Көбейту кестесін құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік анимация (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Мультипликация және анимация. Анимация түрлері. Анимация жасаутехнологиялары. Анимация тарихынашолу. Аниматорлар. Жазық анимация. Көлемді анимация. 3D-анимациялық мультипликациялар құруға мүмкіндік беретін бағдарламалар. Классикалық мультипликация принциптері. Macromedia Flash анимациясы. CorelRave программасының анимациялық мүмкіндіктері. 3D Studio Max. Анимация. Кілттік кадрларды құру. Анимация жасау технологиялары. Анимация тарихына шолу. Дәстүрлі анимация.2D векторлық анимация. 3D компьютерлік анимация. Қозғалыс графикасы. Қозғалысты тоқтату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде ҚР білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану,қоғамды және білімді ақпараттандыру,білім беруде пайдаланылатын техникалық құрал,жалпы орта білім беруде мультимедиа пайдаланудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, оқушыларды оқытуда мультимедианы пайдалану,ақпараттық жәнетелеқатынастық технологиялар, оқыту үрдісіндегі ақпараттандыру құралдары, оқытудың нəтижелілігін өлшеудегі ақпараттық, тəрбиелеу мен оқудан тыс жұмыстағы ақпараттық жәнеденсаулық сақтау технологиялары,және білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Web бағдарламалау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Web-технологияларды қолдану орталары. Web қосымшаларын құру технологиялары. HTML комендалары. Құжат ішіне тізімдер орналастыру. Бір Web-параққа фреймдер арқылы бірнеше құжаттарды орналастыру. HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері. Стильдердің сталы кестелері. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль. Бірнеше HTML-файлдарға арналған стиль. CSS қасиеттеріне шолу. JAVASCRIPT тілі. Функцияларды сипаттау және пайдалану. Web - қосымша интерфейстері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Қазіргі есептеу машиналарын және желілерінің ұйымдастыру ерекшеліктері.Есептеу жүйелерінің және желінің құрылымдық және функционалдық қағидалары. Цифрлық құрылғыларды логикалық жобалау негіздері. Бульдік алгебра. ЭЕМ элементтері мен функционалдық түйіндер. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздері. Дешифраторлар, шифраторлар. ҮИС сұлбатехникасы Сыртқы және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері. Есептеу техника жабдықтарының элементтері. Ақпаратты өңдеу жүйелері.. Есептеу жүйелері мен желілерін жобалау негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    әлеуметтік, этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинай алады және пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;

  • Код ON1

    ақпараттық технологиялар саласының негізгі бөлімдерін қорытындылай алады, кәсіби салалардағы мәселелерді тұжырымдай алады;

  • Код ON10

    Информатиканың фундаментальды бөлімдерінен, бағдарламалаудан, деректер базасынан, ақпараттық жүйелер мен дағдыларын көрсете алады;

  • Код ON2

    оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін берілген ақпаратқа сүйене отырып теориялық және практикалық білімді қолдана алады;

  • Код ON3

    осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін білімі мен түсініктерін көрсете алады және оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай алады;

  • Код ON7

    академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын байланыстыра алады, командада тұлғааралық қарым-қатынаста, коммуникативтілік, көшбасшылыққа креативтілік көрсете алады;

  • Код ON8

    педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана алады;

  • Код ON9

    оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті түсіне алады және кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады, педагогикалық процесті модельдейді алады;

  • Код ON11

    Математиканың, физиканың және компьютерлік техникаларды қолдану әдістерін пайдалана алады;

  • Код ON6

    оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгере алады, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастырады және өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға әрекет ете алады;

  • Код ON12

    Программалық және мобильдік қосымшаларды жасау мен іске асыру арқылы білім интеграциясын көрсете алады.

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалай алады және диагностикалауды қолдана алады;

Top