Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Академиялық сурет
    Несиелер: 5

    Сурет-бейнелеу өнерінің негізі. Шығармашылық өнер. Сызықтық және ауа перспективасы заңдылықтары. Натюрмортты бейнелеу. Геометриялық денелер. Бас кескіні, ақ аяға ақ түсті нәрселерден құралған натюрморт. Интерьер суретін салу жолдары. Тақырыптық қойылымдар. Интерьердегі натюрморт. Антикалық бас мүсіндерінің суреті. Адам басын анатомиялық талдау. Бас сүйек суреті. Гудон сомдаған бас кескінінің экоршесі. Рим мусіндік портрет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызу негіздері
    Несиелер: 5

    Сызбаны безендіру. Сызбаның форматтары. Негізгі жазба, сызбаның сызықтары, масштабтары, өлшем қию. Сызба шрифті. Геометриялық тұрғызулар. Түйіндесу. Церкульдік аксонометриялық проекциялар жайлы түсінік. Стандартты аксонометриялық проекциялар. Геометриялық проекциялары. Сызбаны орындаудың негізгі тәріптері. Қиманың түрлері. Тіліктер. Эскиздер. Техникалық суреттер. Сызудың құрал жабдықтары. Сызудың әдісі мен ережесін анықтау. Перпендикуляр жазықтықтарды проекциялау. Кеңістіктегі денелерді бейнелеу. Пішіндер мен маштабтар. Сызу аспаптары мен жабдықтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық кескіндеме
    Несиелер: 5

    Оқу және шығармашылық жұмыстар. Кескіндеме ерекшеліктері. Нұскадан ұзақ мерзімді кескіндемелік этюд орындаудың әдістемесі. Живопистік этюд. Нұскалық қойылым. Кескіндемелік натюрмортты орындау. Акварель, гуашь, темпера, майлы бояу. Бояу түстері керіғарлы, жылы реңдері басымырақ, суық реңдерден тұратын нәрселерден натюрморт жазу. Бояу түсі гаммасы. Колорит кескіндемедегі образды бейнелеу тәсілі. Ақ түсті нәрселерден құралған натюрморт жазу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Пейзаж
    Несиелер: 5

    Пейзаж жанр түрлері. Пейзаж даму тарихы. Таулы аймақтың табиғатының көрінісі. Пейзаж кескіндеме жанры. Портрет, баталдық жанры. Пейзаж өркендеу тарихы. Пейзаж ерекшелігі. Табиғат көрінісі. Теңіз көрінісі. Ауыл көрінісі. Пейзажда композициялық байланыс. Индустриялық пейзаж. Қала пейзажы. Пейзаж өнеріндегі тенденциялар. Табиғатты көру, қабылдау көркемдеп жазу жолдары. Пейзаждағы кеңістік. Пейзаждағы творчестволық ізденіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Графика
    Несиелер: 5

    Графика. Графикалық материалдармен жұмыс орындау. Көлем кеңістік. Жарық-көлеңке берілу жолдары. Композиция заңдылықтары. Нобайдан бастап графикалық баспа станогы. Графикалық техникалар. Графикалық шығарма. Графикадағы көркемдік түр. Құралы сызықтар. Ақ пен қараның арақатынасы. Жарық реңкі, тон. Қолданбалы графика. Композициялық эскиздер. Инжинерлік графика. Машиналық графика. Шығармашылық жұмыстар, мақсаттары мен ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гравирлеу
    Несиелер: 5

    Гравюралардың жаңа түрлері. Органикалық шыныдағы терең гравюра. Гравюра әдісі. Инемен жұмыс істеу техникасы. Қағаз формаларындағы гравюра. Гравюра жасауға қолданылатын аспап-құралдар. Бірнеше тақтадан гравюралау және бастыру. Фотоплёнкада жасалған гравюра. Грунт бетіне инемен гравирлеу. Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі шығармашылық қабілеттерін дамыту. Гравюра ерекшеліктері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Композиция
    Несиелер: 6

    Натюрморт композициясы. Реңдік және бояу түсті ізденістері. Композиция және көрністі-бейнелі қабылдау психологиясы. Интерьердегі күрделі тақырыптық натюрморт композициясы. Композиция тарихы. Композиция міндеттері мен мазмұны. Композицияның негізгі заңдылықтары. Шығармашылық процестің мәні мен даму бағыты. Көркемөнер туындысының құрылымы. Сәулет өнерінің композициясы. Жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композициялық шешімін табу. Портрет композициясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мамандық бойынша композиция
    Несиелер: 5

    Көркем шығарманың композициясын талдау. Мамандық бойынша композиция әдістері. Композицияның ерекшеліктері. Шығарма идеясы. Композициялық байланыс. Шығарма сюжеттері. Жіппен бейнелеу. Композиция және шығарманың ішкі құрылымы. Элементтері. Әдіс тәсілдері. Сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасы. Композиция түрлері. Картина бетінің композициялық шешімі. Композицияның барлық элементтерінің көркем-суреттік ойға бағыну. Ой, сюжет, көркем шығарма.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Пластикалық анатомия
    Несиелер: 5

    Пластикалық анатомия пәні және оның маңызы. Пластикалық анатомиясының қысқаша тарихы. Пластикалық анатомиясының зерттеу методтары мен тәсілдері. Пластикалық анатомиясының жеке бөлімдері. Адам денесіне жалпы шолу . Қаңқа, бұлшық ет, тері, шашы. Сыртқ пішіндегі жыныстық ерекшелікке сай тері асты майларының әсері. Адам денесін мүсіндеу. Суреттеу методтары. Мүсін өнерімен таныстыру. Мүсін өнерінің материалдары мен оқыту технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымы. Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері. Пәннің мақсат-міндеттері. Құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері. Педагогикалық процестің түсініктері. Оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдары. Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Тәрбие жұмысының диагностикасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары.Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология) Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасы жайындағы пайымдамасы. Абай ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен гигиена талаптарын үйретумен сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Биология ғылымдарының бірі "Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері" пәні болып табылады. Бұл пәнді толық игеру үшін біз экология туралы ғылымды білуіміз керек. Экология ғылымы үш бөлімге бөлінеді: аутоэкология, демэкология, синэкология. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету және адамзатты қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың әдістемесі мен теорияларын қамтитын ғылым саласы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мүсіндеме және пластикалық адам анатомия
    Несиелер: 5

    Мүсін өнері. Мүсін өнерінің материалдары мен технологиясы. Модельге қарап барельефті орындау (плита, өсімдік өрнегі). Барельефті натурарға қарап орындау. Гипстік геометриялық денелерден құралған натюрморт. Антикалық бастың (копия) гипстік үлгісінен қарап мүсіндеу. Адам басын натураға қарап мүсіндеу. Композициялық тапсырма портрет. Адам денесінің бұлшық еттерінің пластикалық анатомиясы. Адам қолы мен аяғының бұлшық еттерінің пластикалық анатомиясы. Адам денесін бейнелеу процесіндегі қаңқасының тірек нүктелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Мәдениетаралық коммуникация-күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым. Философ, тілші, мәдениеттанушы, психолог, әлеуметтанушы, тарихшы, географ, биолог, геолог, химия, физик сынды гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының барлық өкілі адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделеп білу мәселесін түсіне алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Материалдарды өндеу технологиясы (сала бойынша)
    Несиелер: 8

    Материалдарды өндеу технологиясы. Бұйым жасауға арналған материалды таңдау .Материалдарды өндеу қасиеттері. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Ағаштың химиялық қасиеті. Ағаштың физикалық қасиеті. Ағаш ою құралдары және ою ережелері. Жиһазға арналған ағаш түрлері. Ағаштан жасалған жиһаздардың артықшылықтары. Табиғи ағаштан жасалған жиһаз технологиясы. Жиһаз құрастыру технологиясы. Адыра дайындау технологиясы. Эскизбен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сызба геометрия және перспектива
    Несиелер: 4

    Перспектива заңдылықтары. Суреттегі перспектива. Переспективаның даму тарихы. Переспективадағы түсініктер мен терминдер. Переспективаның нүктесі, түзу және сызықтығы. Шеңбердің, пакет пен геометриялық денелердің переспективасын тұрғызу. Кеңістікті графикалық әдістер. Геометриялық денелердің жазықтықта кескіндеу. Кескін бойынша нәрсенің кеңістіктегі орнын анықтай білу. Түзулер мен жазықтықтардың проекциясы. Геометриялық денелер. Аксонометриялық проекция туралы жалпы мағлұматтар беру. Конструкторлық модельдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ағаштарды жене металдарды өңдеу
    Несиелер: 8

    Ағаш түрлері. Ағаш қасиеттері. Ағашпен жұмыс жасау әдістері. Метал түрлері. Металдарды өңдеу қасиеттері.Ағаш және металды қолмен өңдеу операциялары. Ағаш және металды механикалық өңдеу операцияларының ұқсастығы. Аралау, жону және қашау, фрезерлеу, бұрғылау. Өңделетін материалдардың құрамымен танысу. Ағаш құрылысы. Ағаш құрылысы сорты және оларды қолдану ерекшеліктері. Құралдар мен инструменттердің құрылысы. Материалдарды қолмен өңдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тігін бұйымдарын өндеу
    Несиелер: 8

    Тігін бұйымдарын құрастыру. Тігін бұйымдарын өндеу . Материалдардың ассортименті. Түр-түсі, өрнектерімен қатар олардың қасиеттерін де жақсы меңгеру. Тігу бұйымдарының технологиясы. Тігу бұйымдарының түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Металды механикалық жолмен өңдеу негіздері
    Несиелер: 6

    Жобаға байланысты метал таңдау. Таңдалған металды жалпы өңдеу. Өлшемдер немесе берілген пішін бойынша металды кесу. Бөлшектерді электро немесе қол құралдарымен өңдеу. Бөлшектерді констуркциялау үшін қиылстыру әдістері. Берілген бөлшектерді біріктіру технологиясы. Металдан жасалған бөлшектерді әрлеп өңдеу. Металды қолмен және механикалық жолмен өңдеу негіздері. Металл кесетін құралдар. Металдарды станоктармен өңдеу. Метал кесетін станоктардың түрлері мен ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тігін бұйымдарының композиция негіздері
    Несиелер: 6

    Құрастыру, көркем модельдеу. Тігін өндірісінің негізгі жұмыстарының терминологиясы.Тігін бұйымдарының түржиыны.Құрастырылуы, жұмыс кезінде пайда болатын ақаулардың түрлері. Жою жолдары мен әдістері. Киімді дайындау технологиясы. Тігін өндірісі және киімді модельдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Ынтымақтастық оқу технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Оқушыларды кәсіптік даярлау жүйесіндегі инновациялық технологиялар. Дамыта оқыту тұжырымдамасы. Дамыта оқыту технологиясының психологиялық қағидалары. Оқыту технологиясының мәні және интегралды сипаттамасы. Проблемалық оқыту теориясы. Кәсіптік білім берудегі дәстүрлі технологияларды түрлендірудің концептуалды тәсілі. Оқушыларды дайындаудағы оқытуды жекелендіру және дифференциялау технологиялары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Бейіндік оқытудың әдістемелік негізі. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Бейіндік оқытудың негізгі аспектілері. Бейіндік мәселелерді шешудің жүйелі тәсілдерін оқыту. Қашықтықтан оқыту мен әдістемелік жинақтарды қолдану негізінде білім беру жүйесінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Профильге дейінгі және профильді оқытудың ерекшеліктері 12 жылдық мектепте. Бейіндік оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Бейіндік дайындық мазмұнын таңдау әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнер тарихы І
    Несиелер: 5

    Ежелгі кезең өнері.Пластикалық өнердің пайда болуы. Мифология және өнер. Палеолит,мезолит, неолит өнері. Ежелгі Мысыр өнерінің дүниетанымдық түсінікпен байланысы. Ежелгі Рим өнері. Ежелгі және орта ғасырдағы Үнді мәдениеті. Ежелгі Орта ғасырдағы Қытай мәдениеті мен өнері. Орта ғасырдағы Жапон мәдениеті. Орта ғасырдағы Орыс мәдениеті. Италия өнері. Голландия өнеріне жалпы сипаттама. Франция өнері. “Өнер әлеміне” шығармашылық бірлестігі. Футуризм, Абсракционизм , Превматизм, Лучизм бағыттары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оқу шеберханасындағы материалдарды өңдеу практикумы
    Несиелер: 6

    Металл өңдеу. Металл өңдеу саласында жасалатын бөлшектердің сызбалары. Слесарлық құрастыру жұмыстары. Токарь-бұранда кесу станогының құрылысы. Ағаш өңдеу станоктары. Электродоғалық пісіру, газбен пісіру. Қатты ерітінділерді дәнекерлеу. Оқу шеберханасы. Санитарлық гигиеналық талаптар.Макеттік шеберхана.Сәулет бөлшектері. Электрлік техника. Графикалық жұмыстарға арналған үстел. Шеберхана жұмыс орындары білдектермен токарлық,жонғылық, бұрғылау, қайрау. Кермелеу қорабы бар дәнекерлеу мен куйдіру орындары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Киімді конструкциялау және модельдеу
    Несиелер: 6

    Киімді дайындау технологиясы.Киімді конструкциялау және модельдеу.Тігін өндірісінің материалдардың ассортименті.Түр-түсі, өрнектердің қасиеттері. Текстильді материалдардың талшықтық құрамдары. Тоқыма және трикотаждық өрімдерді танып-білу. Киімді конструкциялау негіздері. Киімдердің түр пішініне, сұлбасына қарай ерекшеліктері. Негізгі өлшемдер сипаттамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
    Несиелер: 4

    Білім беру мекемесінің кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы. Коммерциялық емес ұйымдардың бизнес жүргізу құқығы. Білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері. Құқық және бизнес. Бизнес қызметін реттеуде жеке және қоғамдық құқықтық нормалар.Кәсіпкерлік қызмет білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде.Коммерциялық емес ұйымның қызметі. Нарықтық сегментациясы.Білім беру қызметінің сапасы,жарнама техникасы,стратегиялық маркетинг. Кәсіпкерліктің қалыптасу тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педменеджмент
    Несиелер: 4

    Кәсіби білім берудегі педагогикалық менеджмент. Педагогикалық менеджменттің мәні мен ерекшеліктері. Білім беру ұйымын басқару принциптері. Білім беру ұйымындағы басқару міндеттері. Білім беру ұйымын басқару принциптері. Білім беру мекемесінің басқару функциялары.Білім беру ұйымын басқару әдістері.Білім беру мекемелерін басқарудағы жүйелі тәсіл. Педагогикалық ұжым және оны жинау әдістері. Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар. Педагогикалық менеджмент. Педагогикалық менеджменттің шешетін мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы композиция
    Несиелер: 5

    Арнайы композицияның негізгі заңдылықтары. Акварель, гуашь, темпера, тушь, майлы бояу техникасы және технологиясы. Арнайы композиция құрастыруда жазу мәнері мен қолтаңбасын қалыптастыру. Шығарманың композициялық құрылымы. Композициялық сөйлеу формалары. Композицияның негізгі заңдылықтары. Арнайы композицияның негізгі заңдылықтары арқылы акварель, гуашь, темпера, тушь, майлы бояу текника және технологиясы. Арнайы шығарманың композициясы мен сюжеті. Арнайы композицияның құрылымы. Композициялық шығарманы талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының қолөнері
    Несиелер: 4

    Қазақ халқының қолөнері пәні – қазіргі нарықтық экономика жағдайында ең күрделі, маңызды сабақтардың бірі болғандықтан, бұл құрал студенттерді еңбекке, оның ішінде ата кәсіп іскерлігіне баулуға, белсенділікке, шығармашылық қасиеттерін арттырыға, жан –жақты тәрбиелеуге көмегін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Материалдармен жұмыс гобелен тоқу
    Несиелер: 5

    Гобелен әдісімен кілем тоқу.Түскиіз, кілем, панно.Тоқыма талшықтары туралы жалпы мәлімет.Гобелен тоқу әдіс тәсілдері.Тоқыма маталар техникасы.Табиғи талшықтар. Гобелен өнерінің шығу тарихы. Гобелен тоқуға арналған станок, кілем тоқуға арналған жіптер.Арқау жіп, шанышқы тәріздес ұрғыш, тебен ине.Қолөнер бұйымдарын жасау әдіс-тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Эксперименттік зерттеу жұмыстары
    Несиелер: 4

    Модульдік оқыту технологиясы. Ақпараттық оқыту технологиясы.Қашықтықтан оқыту. Проблемалық оқыту. Этнопедагогикалық оқыту технологиясы. Эксперименттік зерттеу жұмыстарын зерттеу. Кәсіби педагогикада ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Эксперименттік зерттеу мәселелерін зерттеуде қолданылатын әдістер. Оқытудың білім беру технологиясының интегралды сипаттамасы. Білім беру технологиялары мен оқытудың техникалық жүйелерінің маңызы мен ролі. Жобалау әдісіне оқыту. Оқыту технологиясының тарихы және болашақта дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сызуды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Сызу оқу пәні ретінде. Тақырып бойынша сабақтар жүргізу және оны ұйымдастыру әдістемесі. Қималар. Тіліктер. Сызбада бұранданы кескіндеу және белгілеу. Ажырайтын және ажырамайтын қосылымдар. Сызуды оқыту үдерісі. Сызуды оқыту үдерісін ұйымдастыру және қалыптастыру. Сызуды оқыту әдістеме пәнінің оқытудың теориялық негізі. Техникалық графика. Сызу пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшелігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағашты қолмен және механикалық өңдеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Ағашты қолмен өңдеу технологиясы. Бұйым жасауға байланысты материал таңдау. Ағашты механикалық өңдеу технологиясы. Ағашты қарапайым өңдеу. Өңделген материалды бұйымның бөлшектеріне сәйкес кесу мен шабу. Дайын бөлшектреді қиылыстыру мен үйлестіру. Ағашты механикалық түрде өңдеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері. Бұйым жасауға қажетті қол және механикалық құралдарды меңгеру. Бұйым жасауда құралдарды икемдеу мен дұрыс пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өндірістік оқыту шебері
    Несиелер: 4

    Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу шаруашылығында немесе өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру. Оқушылардың өндірісте өндірістік оқытудың міндеттері. Өндірістік оқыту сабағының құрылымы. Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық біліктілігін дамыту және қалыптастыру. Өндірістік оқыту формалары мен әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіптік білім берудегі ғылыми зерттеулер
    Несиелер: 4

    Педагогикалық эксперимент. Ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі. Кәсіби педагогикалық зерттеу жүйелері. Ғылыми зерттеу кезеңдері. Жеке тұлғаны зерделеу. Кәсіби педагогикалық зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану. Кәсіби педагогикада ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері. Педагогикалық басқару. Дидактикалық зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жинақтау. Ғылыми таным әдіснамасының дамуы. Кәсіби педагогиканың нақты мәселелерін зерттеуде қолданатын әдістер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолөнер негіздері
    Несиелер: 4

    Ұлттық қолөнердің шығу және даму. Ұлттық қолөнер негізінде тұрмыста қолданылатын бұйымдардың жасалу әдіс-тәсілдері. Киіз үй және оның жиһаздарын жасау жолдары. Сәндік қолөнерде зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы. Ши тоқыту әдісі. Киіз басу, кілем тоқу технологиясы. Зергерлік өнері. Әр ұлттық киім үлгілері мен аяқ киімдері. Бас киімдерінің пішімдері, салтанатты және күнделікті киімдер дайындайтын материалдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы электротехника
    Несиелер: 4

    Электроника автоматика негіздері, радиоэлектрондық аппараттардың элементтік базасы. Электр тізбегін сипаттайтын негізгі шамалар. Электр өрісінің кернеулігі электр əлеуеті жəне кернеу. Электр тоғы. Тоқ тығыздығы. Электр тізбек элементтері. Микроэлектроника. Электрондық күшейткіштер. Гормониялық тербеліс генераторы. Импульстік және есептеу техникасы элементтері. Сандық техника элементтері. Электр тізбегін сипаттайтын негізгі шамалар. Электроника электротехника және автоматиканың перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Электротехника, электороника және автомитика негіздері
    Несиелер: 4

    Электроника автоматика негіздері. Сызықтық элекр тізбектері. Электрлік өлшеулер және электр өлшегіш приборлары. Трансформаторлар. Сызықтық емес электр тізбектері. Түзеткіштер. Айнымалы ток машиналары. Тұрақты ток машиналары. Элекр энергиясын өндіру. Халық шаруашылығына пайдалану. Радиоэлектрондық аппараттардың элементтік базасы. Үш фазалы электр жүйесінде айналып магнит өрісін қоздыру. Электр энергиясын халық шаруашылығына пайдалану. Синхрондық машиналардың қайтымдылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері
    Несиелер: 4

    Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы. Ат үстіне ер-тоқым жасау өнері. Қазақ Сәндік қолдабалы өнерінің тарихы және түрлері. Қазақтың қолданбалы қолөнері мен өзіне тән ерекшеліктеріне, қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Қолөнер шеберлерінің шығармашылық идеялары. Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері. Қолөнер бұйымдарын орындау әдістері. Көркемдеп өңдеу. Қолөнер бұйымдар түрлері жасалу әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Салалық материалтану мен конструкциялы материялдар технологиясы (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Заттар құрылысы материалдарының технологиялық қасиеті. Металл конструкциялық-технологиялық материалдар. Тоқыма материалдарын технологиялық өңдеудің түрлері. Материалдарды кесу негіздері. Материалдарды өңдеудің оқу үрдісі. Кабинетін жабдықтау. Механикаландырылған престер және құрал-жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді. Болашақ кәсіпті оқыту және еңбек технологиясы мен кәсіпкерлік оқытушысының материалдарының түрлері, қасиеті құрылымы мен қолданылуы, түрлі бұйымдар жөнінде ұғымдарын қалыптастыру (сала бойынша).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сәндік қолданбалы қолөнер
    Несиелер: 5

    Сәндік қолданбалы өнер шығу тарихы. Сәндік қолданбалы қолөнер түрлері. Ою-өрнек түрлері. Ою-өрнек мотивтері. Жүн және одан жасалатын заттар.Кесте және көркемдеп тігу. Өрмек. Ағаш бұйымдары. Зергерлік өнер. Ши орау. Тері өңдеу ұқсату. Табиғи шикізаттар. Қолданбалы қолөнер. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы технологиялық реттіліктерді өңдеу. Сәндік қолданбалы қол өнер бұйымдарын әзірлеу технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы .Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері. Сурет салуды оқытудың шетелдік әдістеріне тарихи шолу. Пән бойынша әдістемелік әдебиеттерді талдау. Бейнелеу өнері сабағы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру. Инновациялық технологияларды пайдалану. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша күнтізбелік-иллюстративтік, тақырыптық жоспарларды жасау. Безендіру, өнерді қабылдау, мүсіндеу, нұсқадан сурет салу, батик, қағаз пластикасы және т.б сабақтардың теориялық негіздері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тамақ әзірлеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Тамақ пісіргендегі техника қауіпсіздігі ережесі. Тамақтануға байланысты туындайтын жұқпалы аурулар. Тамақтан уланудың алдын алу. Азық-түліктердің сапасын анықтау.Ет пен балықтың азықтық құндылығы.Үгілмелі қамырды дайындау технологиясы.Салат әзірлеу технологиясы. Оливье салатын әзірлеу. Тәтті тоқаш әзірлеу технологиясы. Медовый торт әзірлеу технологиясы. Бесбармақ әзірлеу технологиясы. Қойдың ұшасын ұлттық дәстүр бойынша қасаптау. Дастархан басында өзін-өзі ұстау мәнері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шығармашылық натюрморт
    Несиелер: 5

    Натюрморт жанрының композициясы. Шығарманың құрылысы. Шығармашылық натюрморттың колориті. Сюжеті. Композициялық байланыс. Кескіндемелік жұмыс. Кескіндерді беру шарттылығымен түстердің қатынасы, текникалық және бейнелеу мүмкіндіктеріне тәуелділік, әсемдік заттарының ерекшелігі. Шығармашылық әртүрлі заттардан құралған натюрморт салуды меңгеру. Кескіндерді беру шарттылығымен түстердің қатынасы. Техникалық және бейнелеу мүмкіндіктеріне тәуелділік, әсемдік заттарының ерекшелі. Бояулар үйлесімділігі. Натюрморт түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік жобалау
    Несиелер: 4

    Компьютердің заңдылықтары. Компьютердің принциптері. Графикалық білімнің негіздерін беру. Компьютер және қосалқы құрылымдар туралы жалпы мағұлмат. Компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша негізгі салалары. Конструкторлық, жарнама,суреттеу графикалары. Композиция құрастыру. Перифериялық сыртқы құрылымдармен жұмыс істеу. Сканер, принтер, ксерокс. Машина құрылысы және құрылыс сызбалары. Заттардың эскизі. Өлшеудегі және сызудағы КҚБЖ ережелерінде сыза білудің дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кескіндеме тәсілімен технологиясы
    Несиелер: 5

    Жалаңаш тұлғаның кескіндемелік формасы. Өнер мен жанр түрлері. Бояу түсі бірлігі және біртұтастылығы. Ұлттық бұйымдардан құралған натюрморт. Сәндік кескіндеме. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Жалаңаш әйел денесінің этюды. Жартылай адам денесінің этюді. Толық формадағы қиімдегі ер адамның дене этюді. Интерердегі киімді адам денесінің этюді. Акварель, гуашь, темпера, майлы бояу түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Материалдар негіздері
    Несиелер: 5

    Материалтану. Материалдар негіздері.Материалдарды жобалау. Бұйымның модельдік ерекшеліктері. Конструкциялық материалдар. Материалдар технологиясы. Материал жобалау арқылы, мата тоқылымдарының анализін, бояу тәсілдерін меңгеру. Материалтану зерттеулерінің бағыттары. Материалтану негізделген ғылым салалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жиһаз жасау
    Несиелер: 5

    Жиһаз жасау жабдықтары. Жиһазды құрастыру. Жиһаздың түрлері. Орындық жасау технологиясы. Бөлшектерді бекіту, біріктіру арқылы жиһазды құрастыру. Жиһаз өңдеу технологиясы. Ағаштан жасалған жиһаздардың артықшылықтары. Ағашты қолмен және механикалық өңдеу технологиясы. Жиһаз жасау құралдарының түрлері. Жиһазға арналған ағаш түрлері. Табиғи ағаштан жасалған жиһаз. Жиһаз құрастыру технологиясы. Адыра дайындау технологиясы. Эскизбен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 4

    Компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша негізгі салалары. Дербес компьютердің бейне жүйесі. Paint графикалық редакторынында натюрморт салу. Компьютерлік графиканың түрлері. Әртүрлі баспа және анимациялық бұйымдар құрастыру. Жаңа кәсіби информациялық технологияларды оқыту. Графикалық пакеттер мен олармен көркем жұмыс істеу әдістері. Компьютерлік графиканы зерттеу әдістері мен әдістемесіне меңгеруге дағдылану. Компьютерлік графика жүйесі. Компьютерлік графика мамандандыру. Суретші-дизайнер кәсіби шеберліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқу шеберханасындағы практикумы
    Несиелер: 5

    Металл, ағаш және аздап пластмасса өңдеу әдістері. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу ерекшелігі. Бұйым жасауға арналған материалды таңдау. Жиһаздың түрлері. Оқушыларды материалдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру. Экономикалық саласының әр түрлі салаларында алатын орны мен маңызы. Пластмассаны колдану. Металл мен оның қоспасы. Материалдарды өңдеу біліктілігі мен дағдысы. Саласы технологиялық машиналардың кинематикалық жүйесін үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON12

    шығармашылық оқу шеберханаларын түзей және жабдықтай алады;

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және теориялық және практикалық білімді қолдана алады;

  • Код ON5

    педагогикалық технологияларды пайдалана, іздене, қолдана және біліктері мен дағдыларын менгере алады;

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсете алады;

  • Код ON9

    кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;

  • Код ON2

    берілген ақпаратқа сүйене отырып, оқытылатын саладағы тапсырмаларды шеше алады;

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыра алады, өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулердің әдістерін оқытылатын салада қолдана алады;

  • Код ON7

    көркем еңбек және сызу өнерінің даму кезеңдері мен шығармашылықтарын, олардың арасындағы күрделі тәуелділікті байланыстыра алады;

  • Код ON8

    оқу үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана алады;

  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында қалыптастыратын технологиялық ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыра алады;

  • Код ON11

    ортақ мақсатқа жету үшін командада, көшбасшылықта креативтілік көрсете біледі;

  • Код ON10

    кәсіптік оқыту бойынша оқыту мен тәрбиенің және әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана алады;

Top