Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01507 Химия-Биология мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Жалпы химия (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Жалпы химия әдетте маңызды бейорганикалық, органикалық зат-тардың химиялық және физикалық қасиеттері туралы ақпаратты, хим-иялық термодинамика мен кинетика элементтерін, органика-лық синтез заңдылықтарын т. б. қамтиды. Жалпы химия пәнінің мазмұнында зат құрылысы туралы қазіргі заманғы ұсыныстар (периодтық заң және атом құрылысы, химиялық байланыс түрлері, заттың агрегаттық күйі, полимерлі және дисперсті жүйелер, заттың сапалық және сандық қасеттері) және химиялық процестер (химиялық реакциялардың классификациясы мен кинетикасы және химиялық тепе-теңдік) қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Жүйелілік, экология, геоботаника, өсімдік филогениясы сияқты пәндер үшін ең маңызды биологиялық курс. Көптеген жағдайларда құрылымды білу өсімдік органының немесе тіннің функциясын түсінудің кілті болуы мүмкін. Органикалық әлемнің эволюциясын зерттеу кезінде салыстырмалы морфологиялық және анатомиялық көзқарас қажет. Өсімдіктер ресурстарын ұтымды пайдалану, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері өсімдіктерді енгізу бойынша жұмысты сәтті жүзеге асырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Клетканың молекулалық биологиясы
    Несиелер: 4

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, іске асыру және таратумен байланысты. Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады, сондай-ақ макромолекулалық жиынтықтар биосинтезін қамтамасыз ететін мультиферменттік жүйелер жатады. Молекулалық- биологиялық зертеулердің орталық мәселелері- тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Омыртқасыздар зоологиясы
    Несиелер: 4

    Омыртқасыздар зоологиясы қарапайымдылар буынаяқтылар, молюскалар, қармалауыштар, тікентерілер, қылтанжақтылар әлемітуралы,оның шығутегі, дамуы, казіргі жағдайы, биосфера мен адам өміріндегі маңызы туралы ілім. Сонымен қатар бунақденелердің ауыз аппараты, көбеюі және экологиясын қарастырады. Әрбір типтің систематикасы құрылым ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы биологиясы, экологиясы, маңызы, палентологиясы мен филогенезі, оның шығу тег імен дамуы жүйелі түрде баяндалған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Химиялық терминология(ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Студенттерді ағылшын тілінде химиялық терминдерді үйренуге, химиялық эксперимент оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге химияны оқыту кезіндегі білім сапасын жоғарлатуға, практикалық біліктілікті қалыптастыруға, өз бетінше жұмысын дамытуға көмектеседі. Жалпы химия туралы мағлұмат алады, олардың сабаққа байланыс-ты терминдердің ағылшынша аталуын меңгереді.. Химиялық термин туралы жалпы түсінік, қазіргі химиялық термин сөздердің принциптері, заңдылықтары, ерекшеліктері, өзекті мәселелерінмеңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Омыртқалылар зоологиясы
    Несиелер: 4

    Пән ретінде биологиялық білімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл омыртқалылар туралы жан-жақты ақпаратты қамтиды - олардың әртүрлілігі, ұйымдық ерекшеліктері, өмір салты, шығу тегі мен эволюциясы, табиғатта және адам өміріндегі маңызын зерттейді. Омыртқалы жануарлар зоологиясы жалпы биологиялық пәндер кешенінің деректерін пайдалана отырып, биология - жүйенің, эволюцияның және тірі ағзалардың филогениясының маңызды теориялық бағыттарын дамытуға айтарлықтай үлес қосады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында студенттер өсімдік организмдерінің тіршілік әрекетінің жалпы заңдылықтарын, өсімдік организмдерінің минералдық заттар мен суды сіңіру процестерін, өсу және даму, гүлдену және жеміс беру, тамыр (минералдық) және ауа (фотосинтез) қоректену, тыныс алу, биосинтез және әр түрлі заттардың жинақталу процестерін меңгереді. фотосинтез,тыныс алу, су режимі және тіршілік негізін құрайтын басқада жағдайларды зерттеу, талқылау, оларды адамзатқа пайдалы жағына өзгерту болып есептеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасуша және ұлпа биологиясы
    Несиелер: 4

    «Жасуша және ұлпа биологиясы» пәні мамандықты меңгеру кезінде кәсіби білім мен іскерлікті қалыптастырады. «Жасуша және ұлпа биологиясы» биологияның іргелі бөлімдеріне жатады, өйткені тіршіліктің негізгі көзі болып табылатын жасушаны зерттейді және сипаттайды. Пәннің мазмұны студенттерде жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химия тарихы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Химия тарихы туралы түсінік. Химия ғылымы. Химия пәні. Химия дамуының негізгі кезеңдері. Атом молекула жайында түсініктің пайда болуының тарихы. Химия тілі. Химиялық элементердің даму тарихы. Органикалық химияның даму тарихы. Аналитикалық химияның даму тарихы. Физикалық химияның даму тарихы. Химияның дамуына ғалымдардың қосқан үлесі қарастырылады. Химия тарихының теориялық негіздері барлық химия пәндерінің негізін құрайтын тарихи мәліметтерін, теориялық ережелер мен тұжырымдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дәрілік өсімдіктер
    Несиелер: 4

    Дәрілік өсімдіктер пәні жер шарына таралған емдік өсімдіктердің алуан түрлілігімен танысу, медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолдануды, олардың құрылысын зерттеуді, шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін зерттеп, фармакогнозия ғылымымен салыстыра білуді үйретеді. Болашақ мамандарды дәрілік өсімдік шикізатын тиімді, ғылыми-негізделген мақсатта дайындау туралы білім мен дағдыға, дәрілік өсімдік шикізатын стандарттауды, сапасын бақылауды және де өсімдік тектес дәрі-дәрмектерді тәжірибеде қолдануды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы
    Несиелер: 4

    Жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро-, субмикроскопиялық құрылысын және қызметiн, дамуын зерттейтiн, әрі организмнің пайда болғанынан өлгенге дейiнгi тiршiлiк әрекетiн және iс-тәжiрибе мүддесiне сай, даму бағытына ықпал жасау мүмкiндiктері туралы ғылым. Студенттерді жыныс жасушаларының құрылысымен және олардың даму процестерімен, сондай-ақ, жануарлардың көбеюі мен ұрығы эмбриондық дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Элементтер химиясы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 4

    Жай заттар мен химиялық қосылыс-тардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы принциптері. Элементтердің және олардың маңызды қосылыстарының периодтар, топтар бойынша қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану және басқа қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын, периодтық жүйедегі негізгі топша элементтерін қарастырады. Элементтер химиясынан алған білім студенттердің химияның басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоид химиясы, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолистік идеяның, дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бейорганикалық химия
    Несиелер: 5

    Химиялық элементтердің (атом) және заттардың (молекула) құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары қарастырылады. Сонымен бірге химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері, периодтық заң мен зат құрылысы және химиялық байланыс теориясы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процесстер, комплексті қосылыстар сияқты теориялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының негізінде анықталған оның мақсат-міндет-тері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдары қарастыры-лады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамала-ры, мектеп пен сыныптың тәрбие-лік жүйесі және тәрбие жұмысы-ның диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағдарламаның құрылымы, оқыту мақсаттары және міндеттерімен, педагогикалық әдістермен танысады. Блум таксономиясының таным деңгейлерін анықтай алады, ресурстарды, кері байланысты тиімді пайдаланады, оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін сыни ойлауда критериалды бағалау жүйелерін қолдануда XXI ғасыр дағдыларын ескереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бағалаудың өлшеу технологиялары мұғалім мен оқушыға оң нәтижелі үлгерімнің негізі болатын, негізгі топтастырылған және жеке тапсырмалардың орындалуын анықтауға жеткілікті құрал береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аналитикалық химия
    Несиелер: 5

    Аналитикалық әдістердің теория-лық негіздерін, әртүрлі орталарда, түрлі агрегаттық күйлерде болатын элементтердің қосылыстарын кеңінен зерттеуге, координациялық қосылыстардың құрамын, тұрақтылығын, заттың оптикалық, электрохимиялық, химиялық реакциялардың жылдамдықтарын, әдістердің метрологиялық сипаттамаларын анықтауға, анализдің жаңа әдістерін іздеуге, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін аналитика-лық мақсаттарда қолдануға баулу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам анатомиясы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формаларымен пропорцияларын, жекелеген мүшелді және микроскопиялық құрылысын зерттейді.Жүйке талшығы. Жүйке талшық-тарының құрылымдары және олардың физикалық қызметі. Тітіркеніс пайда болуы және таралуы. Синапстың құрылымы және жіктелуі. Рецеп-торлар және олардың жіктелуі. Вегетативтік, симпатикалық және парасимпатикалдық бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Химиядан есептер шығару әдістемесі (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Заттардың химиялық формулалары. Газдар қоспасы. Металдар қоспасы-ның құрамы. Бейорганикалық, органикалық заттардың қоспасы, орга-никадан тізбекті реакциялар. Негіз-дер мен тұздардың суда ерігіштігі. Металл мен тұз ерітіндісі арасындағы орын басу реакциясы. Өнім-дердің теориялық және практикалық шығымдары. Заттардың химия-лық реакция теңдеулерін және т.б. түрлерін практикада есептер шығару арқылы қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Органикалық химия (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Органикалық химия туралы түсінікті қалыптастырып, органикалық химияның даму тарихына көз жүгірту, негізгі түсініктерді қалыптастыру: структуралық құрылысы, изомерия, гомологтар, Бутлеровтың теориясы. биологиялық белсенділігі бар, табиғи органикалық қосылыстардың кластары бойынша білім береді.Химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын, органикалық заттардың синтезі мен құрылымын, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдар-дың кеңістіктік орналасуын, реакция механизмін меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім беру мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
    Несиелер: 6

    Алифатты қосылыстардың клас-сификациясы, номенклатурасы, химиялық қасиеттері және құры-лысын байланыстыратын жалпы заңдылықтарын, зертханада және өндірісте алу жолдарын, олардың туындыларының қасиеттерін, түр-лендіру жолдарын, реакция түрлері мен механизмдерін меңгереді. Органикалық химияның фундаментельды негіздерін циклді органикалық қосылыстар химиясын, химия өнеркәсібінің теориялық негізін құрайтынын, маңыздылығын, циклді органикалық қосылыстардың негізгі кластарының құрылысы мен қасиеттерін, синтезделу жолдары жайлы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адам даму биологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Адам даму биологиясы - адамзат дамуының кезеңдері.Бұл адамдар бүкіл өмірлік траекториясында өтетін биологиялық, физикалық, эмоционалдық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістер тізбегі. Пәнді оқыту тірі организмдердің шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы, олардың құрылысы, дамуы, көбеюі және тіршілік ету процестері туралы білім негіздерін студенттерге қалыптастыруға бағытталған. Адам биологиясынан білімін қалыптастыру, биологиялық теориялар мен базалық түсініктерді білу, организмдегі физиологиялық процестердің жүру механизмін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адам және жануарлар физиологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 6

    Физиология курсының негізгі мақсаты тұтас ағзалардың, физиологиялық жүйелердің, ағзалар мен жасушалардың және жеке жасушалық құрылымдардың тіршілік әрекетін зерттеу болып табылады. Курсты меңгеру барысында студенттер өмірлік функциялардың көріністерін зерделейді. Онда тірі организмнің қызметтері, оларды жүзеге асыру механизмдері, өзара қарым-қатынасы, реттелу және сыртқы ортаға бейімделу, жеке тұлғаның эволюция процесінде пайда болуы және жеке дамуы талқыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикалық химияның дисперсті жүйелері
    Несиелер: 6

    Дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, физикалық қасиеттерін, фазалардың жанасу беттер-індегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын ауыспалы құрамның қатты немесе сұйық гомогенді жүйелері, дисперсиялық жүйлер олардағы өтетін процестер физико-химиялық заңдылықтар, күш әсерімен денелердің қозғалысы, галактикадан ұсақ, элементарлық бөлшектерге дейінгі объектілер білуге бағытталған пәндерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеке даму биологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    «Жеке даму биологиясы» - жануарлар ағзаларының эмбрионалдық дамуының жалпы үлгілерін зерттеу. Сонымен қатар, эмбриональды даму - гаметогенез және постембириялық даму - қарастырылады. Студенттер басқа биологиялық пәндер арасында жеке дамудың заманауи биологиясының негізгі бағыттары туралы түсінік береді. Бұл пәнде Жеке даму биологиясының негізгі мәселелері: жыныс клеткаларының пайда болуы, ұрықтану, эмбриогенез, постнатальды даму кезеңі, карастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикалық және коллоидты химия
    Несиелер: 6

    Химиялық термодинамиканы, термодинамиканың негізгі заңдарын,физико-химиялық анализ және фазалық тепе-теңдікті,коллоидты химияның негізгі бөлімдері мен әдістерін меңгереді. Физикалық және химиялық тепе-теңдіктің негізгі заңдылығын, тем-пература, қысым, концентрация сияқты өлшемдердің бірі не бірне-шеуі өзгергендегі тепе-теңдік заң-дылығынын құбылысын, түрлену-ін, зерттейді. Заттың агрегаттық күйі оның негізгі физика-химия-лық сипаттамасы. Заттың бір агрегаттық күйден екінші күйге ауысуын агрегаттық түрленуін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұнындағы химияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Технология-өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Болашақ мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, білім алушылардың қабылдау деңгейіне қарай қолдануды біледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қоршаған орта химиясы
    Несиелер: 5

    Қоршаған орта химиясы-қоршаған табиғи ортада болып жатқан химиялық өзгерістерді зерттейтін химия бөлімі.Шығарылатын заттардың жалпы мәліметтері. Обьектінің орналасуының схемасы. Судың пайдалануы мен шығымының баланысы. Қолданылатын шикі затқа түсінік. Зиянды қалдықтардың атмосфераға әсері. Атмосфера қабатындағы зиянды заттардың құрамы. Қолданылатын судың көрсеткіштері. Өндірістегі және су қоймаларындағы зиынды қалдықтардың атмосфераға әсері. Қолданылатын су мен зиянды заттардың құрамының көрсеткіштері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Студенттердің мектеп шеңберіндегі химия курсындағы экспериментті пайдалана алуы білімі мен дағдыларын дамытуға бағытталған.Химиялық эксперимент көмегімен құбылыстарды зерттеуге, түсінік-терді қалыптастыруға, жаңа оқу материалын зерттеуге, білімді бекітуге және жетілдіруге, практи-калық дағдыларды қалыптастыру-ға, дербестікті, қызығушылықты дамытуға ықпал етуге болады. Жалпы химия, бейорганикалық химияның теориялық негіздері, органикалық химияның теориялық негіздері және аналитикалық химия пәндерін оқығандағы студенттердің алған білімдеріне негізделген.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогикалық шеберлікті игеруге мүмкіндік береді. Студент пәнді оқытуда қолданылатын құрылымды, мазмұнды, мақсаттар мен міндеттерді, құндылықтар, педагогикалық әдістер туралы түсінеді. Оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін АКТ, СТО және критериалды бағалау жүйесін қолдана алады, Блум таксономиясы бойынша иерархияны құра алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Химиялық экология (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Қоршаған орта факторлары; эколого-антропогендік факторлар; Қорашаған ортаның экологиялық проблемалары; адам денсаулығына байланысты атмосфера ауасының, судың топырақтың және т.б. факторлардың әсері. Экологиялық факторлар, проблемалар, адам денсаулығы, судың, топырақтағы әсері туралы түсініктер қалыптасады. Қазақстан үшін энергия үнемдеу проблемаларының жаһандылығын ескере отырып, "жасыл экономикаға"көшу жөніндегі халықаралық декларациялардың негізгі ережелерін ескеретін орнықты дамудың негізделген ұлттық стратегиясын әзірлеу өзекті болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Генетика және селекция негіздері (орыс тілінде)
    Несиелер: 6

    Генетика – тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, яғни тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Генетиканың біріктіруші рөлі, ол – тірі материяның әмбебап қасиеттерін барлық (молекулалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық) ұйымдасу деңгейлерінде және ағзалардың барлық таксономиялық топтарында (соның ішінде адамды) зерттейді. Өсімдіктер мен жануарларға тұқым қуалаушылыққа әсер ету тәсілдерін адам үшін қажетті бағытта олардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін өзгерту мақсатында әзірлеу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Популяциялық генетика (орыс тілінде)
    Несиелер: 6

    Популяциялық генетика – популяциядағы генетика құрылымын, және оның ұрпақтан ұрпаққа өзгеруін зерттейді. Элементарлы эволюциондық факторлардың әсерін және тұқымқуалаушылыққа орта факторлардың әсерін, адам генетикасы туралы түсінікті қалыптастыру. Сұрыптау әдісі. Генетика дамуының негізгі көрінісі. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік. Гибридиологиялық талдау Генетиканың ерекше негізгі әдісі ретінде. Мутациялық өзгергіштік, классификациясы. Модификациялық өзгергіштік. Геннің табиғаты. Даму генетикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Микробиология және вирусология (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    «Микробиология және вирусология» курсының мақсаты – студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындау болып табылады. Микробиология және вирусология микробтардың, вирустардың морфологиясы мен физиологиясы олардың әртүрлi физикалық және биологиялық әсерлерге төзiмдiлiгiн, генетика мен сыртқы ортада таралуын, зат алмасуға қатысуын, жеке микробтардың биологиялық қасиеттерiн қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Электрохимия (орыс тілінде)
    Несиелер: 4

    Электрохимия электр тогының пайда болуымен бірге болатын химиялық процестерді зерттейтін физикалық химияның бөлімін меңгереді.Электр өрісінің әсерінен зарядтал-ған бөлшектердің жүрісін, электр-өткізгіштік құбылысын, электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр тогының электрод-тар бетінде жүретін құбылыс-тарды зерттейді. Химиядағы элементар процестер, элементар бөлшектер, фотохимия, радиациялық химия, плазмохимия, тізбекті реакциялар, жану және жарылыс процестері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биохимия (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 6

    Биохимия-өмір химиясы, тірі табиғаттағы химиялық құбылыстар туралы ғылым. Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді зерттейді. Биологиялық қосылыстардың –ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің құрылымы мен қасиеттерін, олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін зерттеу, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің негізінде жатқан химия-лық процестер туралы ұғымды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Органикалық реакциялардың механизмдері
    Несиелер: 5

    Органикалық химия теориясының дамуының негізгі этаптары, бағытталған валенттіліктер теориясы, органикалық заттардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері, структуралық және стереоизомерлер, органикалық синтез реакциялары, органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негізділігі, радикалдар, олардың реакциялары және механизмдері, көміртегі атомы арасындағы еселік байланыстарға қосылу реакциялары, олардың механизмдері қарастырылады. Студенттерді органиканың таңдаулы тарауларымен таныстыру. Бөлімдерді таңдау соңғы жылдары органикалық химияның даму үрдістерімен анықталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Молекулалық биология және биотехнология негіздері (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 5

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, іске асыру және таратумен байланысты.Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады.Биотехнология - клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалануды, заманауи иммунобиотехнологияның, инженерлі энзимологияның, қоршаған ортаны қорғаудың перспективті бағытын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Органикалық химия сабағында есептер мен жаттығулар
    Несиелер: 5

    Парафиндер, алифатты, ароматты қосылыстардың туындыларына есептер мен жаттығулар шығару әдістемесін үйрету. Студенттерді орта мектеп бағдарламасы шеңберінде қарастырылатын органикалық химия есептерін шығару,есептерді талдау, оларды шығару әдістемесімен танысу, органикалық заттардың сапалық анализіне арналған тәжірибелік есептерді шығаруға дағдыланады. Tсеп шығару арқылы білім алушылардың ой-өрісін арттыру, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асыру, білім алушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теориялық және эволюциялық биология (орыс тілінде)
    Несиелер: 5

    Тірі организмдерде байқалатын биологиялық заңдылықтардың әртүрлі көріністері. Студенттерге тірі организмдер қызметінің негізгі заңдылықтарымен таныстыруға арналған. Жалпы бұл курс биожүйелер фнкцияларын ретту, үлгілеу және оларды басқарудың жаңа жолдарын іздестірудің негізін қалайды. Эволюция ілімі курсы органикалық дүниенің даму тарихы мен эволюция процесінің жүріп өткендігін зерттейтін ілім. Қазіргі заманғы эволюциялық көзқарастардың бастамасы. Ламарктың эволюциялық теориясы. Дарвиннің эволюциялық теориясы. Эволюцияның синтетикалық теориясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Cтуденттердің ғылыми жұмыстарды жүргізу, ғылыми әдістерді меңгеруі болып табылады. Сонымен бірге ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысып, ғылыми жұмыстың бағытын анықтау Ғылыми-зерттеу жұмысы-қолда бар білімді кеңейту, жаңа білім алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерт-теулер жүргізумен, эксперимент-термен, ғылыми гипотезаларды тек-серумен, табиғатта, қоғамда пайда болатын заңдылықтарды анықтау-мен, ғылыми қорытындылармен, жобаларды ғылыми негіздеумен байланыстыру арқылы студентке ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биоорганикалық химия
    Несиелер: 6

    Биоорганикалық химия (БОХ) – органикалық қосылыстардың құрылысы мен олардың биолгиялық қызметтерінің арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Биоорганикалық қосылыстардың- құрамы, құрылысы, алу әдістері, химиялық қасиеттері және прак-тика жүзінде қолданылу мүмкіндік-тері оларды өндірісте және зертханада алу, реакцияның механизміне қарай отырып маңыздылығы жайлы түсінік қалыптастыру. Студенттерді органикалық заттардың құрылысы мен олардың биологиялық функциялары арасындағы байланысты зерттеумен,зерттеу объектілерін биологиялық маңызды табиғи және синтетикалық қосылыстармен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның химия өнеркәсібі
    Несиелер: 5

    Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Еңбек заттарын өңдеуде негізінен әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының комплексі. Іштей химия және мұнай-химия, кен-химия, негізгі химия, жасанды талшық, талшықтар, синтетикалық шайыр және пластикалық массалар, сыр-бояу өнеркәсібі .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Химиялық технология және нанотехнология
    Несиелер: 5

    Технология – өнеркәсіп өнімдерін табиғи шикізаттан өндірудің нәти-желі әдістері мен процестері, жәненаноқұрылымдар мен нанонысан-дарды бағалау мен зерттеудің бір-қатар заманауи әдістері: электрон-ды, ионды-өрістік микроскопия, оптикалық, рентгенді және магнитті спектроскопия сипатталғаны жайлы бағыт беру. Кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттеуге мүмкіндік береді..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON8

    Химияның теориялық және эксперименттік негіздері мен химиялық технология бойынша білімдерін қолдана алады;

  • Код ON9

    Табиғи биологиялық құбылыстардың, үдерістердің, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін шығармашылық қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыта алады;

  • Код ON12

    Биотехнологияның сонгы үлгідегі әдістерін қолдана отырып, ғылыми жобаларды жасай біледі және табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануға арналған іс-шараларда қолдана біледі.

  • Код ON3

    пән бойынша негізгі түсініктер, ұғымдар, заңдылықтар мен теорияларды қалыптастыра біледі.

  • Код ON4

    Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі, мәселені шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай біледі, сонымен бірге пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады

  • Код ON6

    химиялық есептерді шығарудың әртүрлі әдістерін қолдана алады және химиялық экспериментті жүргізу әдістемесін, химиялық және физика – химиялық талдау әдістерін ажырата біледі;

  • Код ON2

    Экологиялық білімдер мен тіршілік қауіпсіздігі салаларындағы кәсіби дағдылардың негізінде туындаған мәселелерді шеше алады, оқушылардың физиологиялық, психологиялық дамуы мен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында арнайы әдістер мен құралдарды пайдалана біледі, гигиенаның негізгі ұстанымдарын қалыптастыра алады

  • Код ON1

    Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынастық мәселелерді шеше алады, тарихи тұлғалардың еңбектерін өмірде қолдана біледі, әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыра алады және академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын байланыстыра алады

  • Код ON11

    Биологиялық жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін, қызметін, өзара байланысын, биологияның негізгі концепциялары мен даму перспективаларын анықтай алады және экологиялық топтардың, қауымдастықтағы заңдылықтарды айқындай біледі, қазіргі заманғы биологиялық әдістер мен базалық жалпы кәсіби теориялық білімдерін өндірісте қолдана алады;

  • Код ON10

    Тірі ағзалардың түрлерін, құрылысы мен тіршілік белгілерін, негізгі қасиеттерін молекулалық, клеткалық және ұлпалық деңгейде зерттеу жүргізе алады, ағзаға тән функциялар мен физиологиялық процестердің жүру механизмін көрсете алады, жалпы кәсіби базалық ақпаратқа талдау жасай алады;

  • Код ON5

    Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жобалау қызметінде және білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық, сандық технология мен қашықтықтан оқытудың әртүрлі әдістерін қолдана алады;

  • Код ON7

    химиялық қосылыстардың классификациясы, номенклатурасы, құрылысын көрсете алады және химиялық реакциялардың жүру механизмдері мен қасиеттерін анықтай алады;

Top