Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M06109 1Ақпараттық жүйелер (КМККАУ) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету және бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу мақсатында ұйымның ақпараттық жүйелерін дамыту, жеткізу, интеграциялау және пайдалану бойынша ұзақ мерзімді жоспарларды құру және іске асыру;
  • ұйымның ішкі процестерінің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ұйымның бизнес-процестерін талдау негізінде ақпараттық жүйелердің архитектурасы мен инфрақұрылымын құру / дамыту;
  • ақпараттық жүйенің қолданыстағы архитектурасын және ақпараттық жүйелер саласындағы сапа стандарттарын ескере отырып, ақпараттық жүйенің модульдерін жобалау және құру;
  • ұйымның дамуына ақпараттық жүйелердің әсерін бағалау және ақпараттық жүйелерді нәтижелі қолдау мақсатында ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша стандарттар, салалық заңдар мен ережелер негізінде ақпараттық технологиялар жобасының техника-экономикалық негіздемесін және ақпараттық жүйелерді құру жобасының құжаттамасын әзірлеу;
  • бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйелердің тәуекелдерін, қауіпсіздігі мен сенімділігін басқару процедуралары мен технологияларын жоспарлау және енгізу, сонымен қатар IT қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен ережелер негізінде ұйымның ақпараттық технологиялық жабдықталуының тұтастығы мен сапасына аудит жүргізу;
  • шешім қабылдау және бизнес-процестерді жетілдіру үшін қажетті білімді қамтамасыз ету мақсатында мәліметтерді интеллектуалды талдау әдістері мен құралдарын қолдану;
  • қолданыстағы АКТ салаларынан, жаңа немесе пәнаралық салалардағы білімді интеграциялау арқылы және философиялық, тарихи, лингвистикалық, психологиялық ойларды ескере отырып, теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту;
  • ғылыми-зерттеу құжаттамасын жүргізу бойынша стандарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкес ғылыми зерттеу үрдісі мен нәтижелерін құжаттандыру, қажет болған жағдайда, кәсіби және ғылыми қызметте ағылшын тілін байланыс құралы ретінде пайдалану;
  • оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу және психологиялық-педагогикалық принциптер негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін курстың мақсаттарына сәйкес оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын таңдау;
  • жоғары әлеуметтік құндылықтардың ұлттық басымдықтарын ескере отырып, студенттердің мәдени және лингвистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал ететін гуманистикалық педагогика идеяларына бағытталған тәрбиелеу процесін құру.
Top