Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01512 География және тарих мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі. Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен кұрылымы, мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі.Ғылыми дүннетаным-оқушының интеллектуалды дамуының негізі.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.Тәрбиенің формалары мен құралдары, әдістері.Оқыту үдерісінің маңызы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары).
    Несиелер: 5

    Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі. Құқық салалары. Сыбайлас жемқорлық түсінігінің теориялық-методологиялық негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптасуы. Мәдениаралық коммуникацияның негізгі аксиомалары. Ұлтаралық коммуникациянын құрылымы мен детерминанттары. Ұлтаралық коммуникация саласындағы заманауи иновациялық үрдістер. Кредиттік оқыту технологиясынын негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның ежелгі тарихы'
    Несиелер: 4

    Қазақстанның ежелгі тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар мен тайпалардың пайда болуы мен қоныстануы. Олардың тұрақтары. Сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің және қаңлылардың қалыптасу тарихы, олардың қоныстану аумағы, рухани және материалдық мәдениеті. Қазақстанның алғашқы көшпелі тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері. Қазақ этносының қалыптасуындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің рөлі мен тарихи маңызы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы'
    Несиелер: 4

    Алғашқы қоғам тарихы. Ежелгі өркениеттер. Ежелгі Египет тарихы. Месопотамия елдері. Вавилон патшалығы. Урарту мемлекеті. Ертедегі кіші Азия мен Закавказье.Шығыс Жерорта теңізі және Аравия ежелгі кезеңде. Ежелгі Иран. Ахеменидтер тұсындағы парсы державасы. Ежелгі дүниедегі Африка. Ежелгі Греция тарихы. Ежелгі Үнді мемлекеті. Ежелгі Қытай тарихы. Ежелгі Рим тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Картография топография негіздерімен'
    Несиелер: 6

    Географиялық карталар туралы түсінік. Топографиялық карталар және оны пайдалану. Топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттар. Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі. Картографиялық проекциялар. Карталардың жіктемесі. Географиялық картадағы жазулар. Жалпы географиялық карталар. Тақырыптық карталар. Карталар сериясы. Атластар. Жергілікті түсірулер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Психология негіздері
    Несиелер: 5

    Психология ғылымының негізгі түсініктері мен заманауи мәселелері. Психологияның қалыптасу кезеңдері. Психологияның міндеттері мен әдістері. Психика, сана және өзіндік сана. Жоғары психикалық функциялар. Психикалық танымдық процестер: түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял. Психикалық күйлер және реттеушілік процестер: зейін, эмоция, сезім, ерік. Психикалық қасиеттер: бағыттылық, темперамент, мінез, қабілет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бауыржантану
    Несиелер: 3

    Б.Момышұлының өмірі, қаламгер ретінде қалыптасу жолдары. Б.Момышұлы шығармалары. Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал-мәтелдері мен афоризмдері, публицистикасы мен әңгімелері, хаттарының өзі қазақ сөз арнау тарихындағы ерекше соны жаңалық екендігі. Баласы Б.Момышұлының «Восхождение к отцу», «Во имя отца» еңбектері бала тәрбиесіне аса қажет құрал бола алатындығы. Б.Момышұлы туралы шығармалар мен ондағы батыр бейнесі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орта ғасырлар тарихы'
    Несиелер: 5

    Орта ғасырлар тарихын кезеңдеу. Феодалдық құрылыстың мәні. Рим империясының дағдарысы. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуіріне дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысы. Византия (Шығыс Рим империясы). Орта ғасырлардағы Франция, Италия, Германия, Англия, Испания. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ортағасырлық қалалардың пайда болуы және өсуі. Крест жорықтары. Ортағасырлық Азия және Африка елдері. Отызжылдық соғыс. Ортағасырлық мәдениетінің негізгі бағыттары мен дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Ұлт дәстүрлерінің тәлімдік, тәрбиелік мәні мен маңызы. Ұлт дәстүрлерінің зерттелу жайы. Ұлт дәстүрлерінің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік қатынастарды реттеуге тигізетін ықпалы. Салт-дәстүрлердің түрлері. Дәстүрдің ұлттық дүниетанымдағы орны. Дәстүр және ұлт, ұлыс, адам түсініктерінің байланысы. Салт-дәстүрлердің ұлттық әдебиеттегі көрінісі. Түркілік өркениеттің ұлттық дәстүрдегі интеграциялық әлеуеті. Ұлттық дәстүр құқық және заң аясында.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дулатитану
    Несиелер: 3

    Тарихшы, дипломат, қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір жолын, қызметі мен шығармашылығын, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметінің прогрессивті, ізгілікті табиғатын зерттеу. Тарих-и-Рашидидің тәрбиелік рөлі; ұлы ғалымның шығармашылық мұрасы мен рухани құндылығының негізгі аспектілерін талдау; М.Х.Дулатидің "Тарих - и – Рашиди" еңбегінің Қазақ хандығының құрылу тарихындағы тарихи маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның орта ғасырлар тарихы'
    Несиелер: 5

    ҮІ-ХІІ ғғ. мәдениет және орта ғасырлық мемлекеттер. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар. Ұлы Жібек Жолы. Ислам діні. Көне Түркілердің Руникалық жазбалары, Күлтегін, Білге қаған. Түрік қағанаты. Батыс-түрік қағанаты. Түркештер, қарлұқтар, қарахандар. Феодалдық қатынастар. Оғыздар, қимақтар, қыпшақтар. Ортағасырлық ғұламалардың қолжазбалары. Түрік мемлекеттерінің құрылуы. Шыңғысхан империя. Монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жеріне шабуылы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 3

    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының философиялық негіздері. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялықнегіздері. Рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының қағидалары. Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» мазмұнының негізі. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, өзін-өзі танудың мақсаты. Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы қағидасы. Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі. Өзін-өзі тану мен басқа пәндердің интеграциясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани сабақтастық
    Несиелер: 3

    Қазақ руханиятының қалыптасуының алғышарттары мен бастаулары. Түркілер өркениетінің ислам өркение-тімен байланысы және сабақтастығы. Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасының басты салалары және олардың рухани құндылығы мен маңызы. Орта ғасырлардағы түркілік мұсылман ойшылдары және олардың ілімдеріндегі рухани құндылықтар. М.Х.Дулатидың тарих философиясындағы рухани-адамгершілік бағдарлар. Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының даму кезеңі ретінде.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Минералогия және петрография негіздері'
    Несиелер: 5

    Минералдар туралы жалпы мәліметтер. Геометриялық кристаллографияның негізгі ережелері. Кристалды заттардың негізгі қасиеттері. Минералдардың физика-диагностикалық қасиеттері. Моос Шкаласы. Геологиялық процестер минералообразования. Минералдардың химиялық құрамы мен формулалары. Минералдардың жіктелуі. Минералдардың анықтамасы және сипаттамасы. Тау жыныстарының жіктелуі. Тау жыныстарын анықтаушы магмалық тау жыныстары. Тау жыныстарының химиялық жіктелуі. Шөгінді тау жыныстары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Географиялық қабықтың жалпы заңдылықтары'
    Несиелер: 4

    Географиялық қабықтың заңдылықтары. Материя қозғалысы, оның өзгеріп, дамуы. Жер шарының жалпы дамуы. Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің негізі. Геосинклиналды аймақтар мен белдеулер. Тектоникалық зерттеу жұмыстары. Ғарыштық зерттеу жұмыстары. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау. Геохронологиялық кесте.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның сакралды географиясы
    Несиелер: 3

    Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін зерттеу және қазақстандық мәдениетті танымал ету, оның рөлін анықтау; негізгі түсініктер; Қазақстандағы қасиетті орындардың орналасуы; Қазақстандағы қалыптан тыс және жұмбақ орындар; археологиялық және сәулет ескерткіштері; діни және табынушылық нысандар; тарихи тұлғалармен байланысты қасиетті орындар. Қазақстанның тарихи-мәдени, қасиетті, туристік жерлеріне экспедициялар ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау. Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геология'
    Несиелер: 5

    Жердің пайда болуы. Жердің магниттік, гравитациялық және жылу өрістері. Жердің сыртқы және ішкі құрылымы. Мантияның және ядроның құрамы мен құрылысы. Геологиялық құрылымдардың жасы. Эндогенді және экзогенді процестер. Эффузивті магматизм немесе вулканизм. Интрузивті магматизм. Тау жыныстарының метаморфизмі. Метаморфизмнің факторлары мен типтері. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысы. Жер сілкінісі және олардың геологиялық табиғаты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Өз аймағының табиғаты, халқы, экономикасы, тарихы мен мәдениетін зерттеу және жан-жақты білу; оның табиғи, экономикалық және мәдени ресурстарын, географиялық, этнографиялық және демографиялық сипаттамаларын, тарихын, әлеуметтік өмірі мен даму перспективаларын ескеру; туған жер тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен үй тұрмысы; аймақтағы археологиялық орындар; өлкетанудың мәні мен маңызы, өлкетану жұмысының негізгі формалары мен әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұрғындар географиясы'
    Несиелер: 3

    Қазіргі әлемдегі халықты зерттеу. Түрлі үлгідегі өндіріс елдеріндегі демографиялық саясат. Халықтың этностық құрамы. Халықты араластыру. Әлем халқының нәсілдік құрамы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану. Әлем халқының көші-қоны. Әлемнің діни құрамы. Урбанизацияның әлеуметтік-географиялық заңдылықтары және оның аумақтық көрінісі. Ауыл тұрғындарының географиясы. Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралия халықтарының географиясы. Қазақстан халықтарының географиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алыс және жақын шетелдер географиясы'
    Несиелер: 5

    Алыс және жақын шет елдердің табиғи жағдайлары мен табиғат ресурстары туралы түсінік. Алыс және жақын шет елдердің шаруашылық салаларының құрылымы мен географиясы. Өндірістік емес сала географиясы. Экономика жаһандану жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы. Алыс және жақын шет елдердің экономикалық және әлеуметтік географиясы және аймақтық даму мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Археология'
    Несиелер: 3

    Археология ғылымының дамуы. Археологиялық қазбалар. Археологиялық ескерткіштер және оны топтау. Тас, қола дәуірінің археологиясы. Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар, олардың археологиялық ескерткіштері. Кейінгі көшпелілер археологиясы. Орта ғасырлар археологиясы. Сәулет өнерінің қалыптасуы, даму кезеңдері. Архетектуралық ескерткіштер. Ортағасырлық қалалар археологиясы. Ұлы Жібек жолының археологиялық ескерткіштері. Әлемдік археологияның жетістіктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Елтану'
    Несиелер: 5

    Әлемнің саяси картасы және оның ерекшеліктері. Әлем мемлекеттерінің географиялық типологиясы. Оңтүстік, Шығыс Еуропа елдері. Солтүстік және Орталық Еуропа елдерінің экономикалық географиялық жағдайы. Оңтүстік Батыс Еуропа елдерінің экономикалық және географиялық ерекшеліктері. Азия елдері және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері. Солтүстік Америка елдері және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері. Оңтүстік Америка елдері және мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мұражайтану және мұрағаттану'
    Несиелер: 5

    Мұражайтану ғылыми пән ретінде. Мұражайлардың ғылыми қор жинау жұмысы. Мұражай экспозициясы. Мұражай және көрме. Мұражай педагогикасының білім беру жүйесіндегі орны. Мұражайлардың жұмыс бағыттары. Қазақстандағы музейлер. Мұрағаттану саласындағы ұғымдар жүйесінің қалыптасуы. Мұрағаттану ғылым ретінде қалыптасуы. Мұрағатардың даму кезендері. ХІХ ғасырда Мұрағат ісі. Ведомоствалық мұрағаттар. Мұрағат қорында құжаттарды ұйымдастыру формалары. Архив ісі саласындағы менеджмент және маркетинг. Құнды құжаттарға сақтандыру қоры.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазахстан археологиясы'
    Несиелер: 3

    Археология. Археологиялық ескерткіштер, қазбалар, ескерткіштер. Көне, орта, жаңа тас ғасыры археологиясы. Темір дәуіріндегі тайпалар, олардың археологиялық ескерткіштері. Кейінгі көшпелілер археологиясы. Қазақстандағы орта ғасырдағы археология. Қазақ сәулет өнерінің қалыптасуы, даму кезеңдері. Қазақ жеріндегі ірі архетектуралық ескерткіштер. /Айша бибі, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи тб/. Балбал тастар. Қазақстан территориясындағы тастардағы таңбалардың зерттелуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қалалар географиясы'
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты мен міндеті, басқа пәндермен байланысы. Қалалар географиясы әлеуметтік-экономикалық географияның бір бөлігі. Қалалар географиясының даму заңдылықтары. Қалалар, қала типтес елді мекендер. Урбандалу үрдісі. Агломерациялар. Әлемнің миллионер қалалары, олардың қалыптасу заңдылықтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Менеджмент басқару туралы ғылым. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау. Әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау. Педагогикалық ұжым басқарудың обьектісі және субьектісі ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы. Білім беру менеджерлерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 3

    Адам мен қоршаған ортаны техносферадағы жағымсыз факторлардың әсерінен қорғау; адамның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде оның қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы күрделі оқиғаларды, төтенше жағдайларды, процестерді, құбылыстарды жіктеу және жүйелеу, сондай-ақ сүмкін болатын қауіптер мен қатерлердің алдын алу, оқшаулау және жою бойынша шараларды әзірлеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Географияны оқыту әдістемесі'
    Несиелер: 5

    Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті, орта мектеп оқушыларының негізгі фактілерді, ұғымдарды, заңдар мен теорияларды игерудің оңтайлы жолдарын табу, географияға тән терминологияда оларды көрсету қарастырылады. Жаңартылған мазмұндағы оқу жетістіктерін саралап бағалау мазмұны. Географияны оқыту әдістері, олардың анықтамалары мен өлшемдері. География пәнінен сыныптан тыс жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары'
    Несиелер: 3

    Бағалау критерийлері. Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау әдістері. Бағалау құралдары. Дескрипторлар. Жалпы ішкі балл. Бөлімнің жалпы бағасы. Жалпы сыртқы бағалау. Оқушылардың үлгерімі туралы есеп. Портфолио. Модерация. Ата-анаңызбен жұмыс жасаңыз. Студенттің жеке жұмысы. Оқушы дамуының жеке траекториясын түзету. Оқушылардың ынтасы. Рефлексия. Рефлексиялық есеп. Қашықтықтан оқытуда бағалау құралдарын жасау және қолдану

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілі (Латынша жазу)
    Несиелер: 2

    Латын әліпбилі қазақ жазуының тарихы. Латынша жазуды меңгертудің теориялық және практикалық мақсаттары. Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудің әдіснамасы мен теориялық қағидаттары. Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудің педагогикалық, психологиялық негіздері. Латын әліпбилі қазақ жазуының лингвистикалық негіздері. Латын әліпбилі қазақ жазуын сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту. Латын әліпбилі ұлттық жазудың әдістемелік жүйесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірін, денсаулығын және жұмыс қабілеттілігін сақтау жүйесін қамтамасыз ету; персоналдың әртүрлі санаттары үшін психофизиология, эргономика және еңбек эстетикасы талаптарын ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыру және демалыс режимдерін оңтайландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы'
    Несиелер: 6

    ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ облыстық съездері. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Бейбіт өмірге көшу. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі Қазақстан саяси дамуының негізгі бағыттары. ҚР индустриялық-инновациялық дамуы. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі. Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы және шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы'
    Несиелер: 6

    Құрлықтар мен мұхиттарға жалпы шолу. Материктің табиғатын қалыптастыру. Морфоқұрылымды аудандастыр Климат. Ішкі су. Өсімдіктер, топырақ, жануарлар әлемі. Географиялық белдіктер мен аймақтар. Жер ресурстарын пайдалану. Тынық, Атлант, Үнді және Арктика мұхитының органикалық әлемі. Мұхит пен құрлықтағы табиғи-аумақтық кешендердің заңдылықтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихты оқыту әдістемесі'
    Несиелер: 5

    Оқу жоспарлары мен бағдарламалары. Инновациялық әдістер. Тарихты оқытудағы құжаттың рөлі. Тарихты зерттеуде көрнекі құралдар. Тарихты оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша «Мооdl-қашықтықтан оқыту жүйесі», ZOOM, Platonus бағдарламаларын қолдану. Ерекшелігі бар балаларға инклюзивті білім беру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру түсінігі, олардың түрлері мен классификациясы. Қашықтықтан оқытудағы оқытушының жұмысының ерекшеліктері. Интерактивті тақта мен панельдерде сабақ әзірлеуге арналған бағдарлама. Сызықтық емес презентация құру. Электрондық оқытуды қолданып білім беру бағдарламаларын іске асыру. Жаппай ашық онлайн курстары. Оқу нәтижелерін бағалау. Видео дәрістер құру концепциясы, видеоөңдеу элементтері. Архиваторлар және түрлендіргіштер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еуропа және Америка мемлекеттерінің жаңа және қазіргі заман тарихы'
    Несиелер: 6

    Индустриалды өркениеттің басталуы. Ерте буржуазиялық революциялар. 1870-1914 жылдардағы Еуропаның жетекші елдерінің, АҚШ пен Ресейдің саяси дамуы. Еуропа мен Америка мемлекетаралық қатынастардың жаһандық жүйесінде. Соғыстан кейінгі әлем 1918-1939 жж. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939-1945 жж. КСРО-ның ыдырауы, ТМД-ның құрылуы. ХХ ғасырдың аяғындағы әлем жаңа өркениет жолында.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Топонимика'
    Несиелер: 3

    Топонимиканың теориялық негіздері. Географиялық терминдерге негізделген топонимдер. Топономиялық жүйелердің пайда болу ерекшеліктері. Аймақтық топонимиканы зерттеу мәселелері. Қазақстан мен Орта Азияның топономиялық жүйелері. Еуропа елдерінің топонимикасы. Америка елдерінің топонимикасы. Африка елдерінің топонимикасы. Австралия мен Океания елдерінің топонимикасы. Географиялық атауларды жүйелеудің заманауи мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңа замандағы Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің саяси және экономикалық дамуы'
    Несиелер: 6

    Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуының негізгі белгілері. Солтүстік Американың Тәуелсіздік отарларының соғысы. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани дамуының жалпы тенденциялары мен ерекшеліктері. XIX- ХХ ғасырдың басындағы саяси доктриналар. 1812-1865 жылдардағы АҚШ-тың әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуы. Халықаралық қатынастар. Бірінші дүниежүзілік соғыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 3

    Ғылым ретінде экологияның даму тарихын және экологияның басқа ғылым салаларымен байланысын айқындау. Мәселелерді зерттеуге кешенді көзқарас негізінде ғаламшардың экологиялық дағдарысы және адамзаттың тұрақты даму болашағы туралы білімді игеру. Курс студенттердің адамзаттың тұрақты дамуының геологиялық, биологиялық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және саяси факторларын жан-жақты талдау дағдыларын игеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы экономика
    Несиелер: 3

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикасының тұжырымдамалық негіздері, микро және макродеңгейлердегі экономиканың жұмысының негізгі категориялары мен заңдылықтары, бизнес құрылымдарының жұмыс істеуінің экономикалық механизмі, сұраныс пен ұсыныс, икемділік, бәсекелестік және нарық түрлері, үкімет нарыққа араласу, өндірістің экономикалық негіздері мен кәсіпорынның ресурстары, өндіріс пен шығындар, экономикалық тиімділік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ТМД-ң физикалық географиясы'
    Несиелер: 6

    ТМД елдерінің физикалық-географиялық орны. ТМД елдері аумағының жер бедері, геологиялық құрылысы. Климаты. Ішкі сулары. Көлдер мен бөгендер. Жер асты суларын қорғау және олардың экологиялық проблемалары. Топырақ жамылғысы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Аудандастыру. Табиғат зоналары. Тау жүйлерінің биіктік белдеулілігі. Табиғат ресурастарын үнемі пайдалану және қоршаған табиғат ортаны қорғау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Конструкторлық құжаттардың графикалық бөлімін AutoCAD бағдарламасында орындау негіздерін игеру; кеңістіктік және логикалық ойлауды дамыту және жетілдіру; бұйымдардың сызбаларын және олардың үшөлшемді үлгілерін әзірлеуге машықтану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
    Несиелер: 3

    Климаттың негізгі ұғымдарын, климаттың ерекшеліктерін, климаттың өзгерісімен «жасыл» экономикамен өзара байланысын, ҚР мен әлемде климаттың өзгерісіне бейімделуін, парникті газдардың сипаттамасы мен климаттың өзгерісіне ролін, экожүйеге климаттың өзгерісінің салдарларын, «жасыл» экономика ұсынатын қалдықтар мәселесін шешудің жолдарын үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның физикалық географиясы'
    Несиелер: 6

    Қазақстанның географиялық орналасуы және шекаралары. Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан аумағының тектоникалық және геологиялық құрылымы. Қазақстанның рельефі. Қазақстаның жер бедері. Казақстаның климаты. Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның топырақ жамылғысы. Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары. Қазақстанның жануарлар дүниесі. Аумақты физикалық-географиялық аудандастыру. Экологиялық жағдайы. Геоэкологиялық аудандастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 4

    Кәсіпкерлік құқық - құқықтың кешенді интеграцияланған саласы. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер экономика саласындағы құқықтық білімдерін жетілдіруге,кеңейтуге және кәсіби қызметінде қолдануға мүмкіндікті иеленеді. Мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің негізгі теориялық ережелерін түсіндіру, кәсіпкерлік қызметті реттейтін азаматтық, салықтық, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің мәнін ашып көрсету, студенттерде әр түрлі кәсіпкерлік қатынастардағы жағдайларда құқық нормаларын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің өзекті мәселелері'
    Несиелер: 6

    Қазіргі Шығыстағы жаһандану және саяси үдерістер: вестернизация және ұлттық бірегейлік. Орта Шығыс елдерінің саяси өміріндегі исламның даму үлгісі. Араб-Израиль қақтығысы. Реттеу мәселелері. Солтүстік Африкадағы Ислам фундаментализм мәселесі. Пәкістан мен Бангладеш саясатындағы ислам факторы. Исламдағы радикализм мәселесі. АТР-да күштердің қазіргі геосаяси орналасуы. Қазіргі Қытайдың саяси даму мәселесі. Корей мәселесін шешу болашағы. Қазіргі әлемдегі жапондық даму моделі. Шығыс Үнді елдері. Қазіргі Үндістанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері. Африка құрлығындағы этносаралық қақтығыстар мәселесі. Орталық Азия: қақтығыстар мен сын-қатерлер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы білім беретін мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс негіздері'
    Несиелер: 3

    Жалпы білім беру жүйесіндегі ғылыми әдістемелік жұмыстың мазмұны. Білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмыстың міндеттері. Білім беру саласындағы эксперименттік жұмысты ұйымдастыру негіздері: педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі. Білім беру саласындағы эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Студенттердің оқу-зерттеу қызметінің әртүрлі түрлерінің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    Саланың ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлі, негізгі және айналым капиталының ерекшелігі негізгі буыны ретінде кәсіпорынның мәні мен түрлері; саланың экономикалық ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері, өндіріс тиімділігінің өсуінің негізгі бағыттары мен саланың техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы'
    Несиелер: 4

    ҚР-ның табиғи жағдайлары және ресурстары. Халқы. ҚР шаруашылық салалары. Көлік жүйесі.Өндірістік емес сала географиясы. Экономика жаһандану жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы. ҚР аудандарының экономикалық және әлеуметтік географиясы және аймақтық даму мәселелері. Батыс Қазақстан экономикалық-географиялық ауданы Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан экономикалық-географиялық аудандар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқушылардың сыни ойлауын дамыту және функционалдық сауаттылық'
    Несиелер: 3

    Сыни ойлау құрылымы және оның функциялары. Сыни ойлау модельдері. Сыни ойлауды қалыптастыру әдістері. Сыни тұрғыдан ойлау қызмет принципі ретінде. Сыни талдау және шешім қабылдау. Шешім қабылдау процесіне адам факторының әсері. Сыни ойлау функциялары. Сыни ойлауды қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалды оқыту
    Несиелер: 3

    Білім беру ұйымдарында саралап оқытуды ұйымдастырудың технологиясы мен принциптері. Дифференциалды оқыту түрлері. Білім алушыларды топтарға бөлу критерийлері: зияткерлік даму деңгейі бойынша; ойлау түрі бойынша; темперамент бойынша; қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша. Саралап оқыту сабағында топтық және жеке жұмыс түрлері. Мұғалімнің рөлі. Оқушылар мен мұғалім үшін артықшылық және негізгі қиындықтар. Саралап оқыту сабағының құрылымы. Дидактикалық материалдың деңгейлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка мемлекеттерінің жаңа және қазіргі заман тарихы'
    Несиелер: 6

    Азия және Африка елдеріндегі қоғамдық жән еәлеуметтік-экономикалық қозғалыс мәселелері. Шығыс елдеріндегі отаршылдыққа қарсы тұру. Отаршылдық экспансияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салдары. АзияменАфрика елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстармен буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияның пайда болуы. Шығыстың отарлық елдері экономикасының құрылымы. Азиямен Африка халықтарының ұлт-азаттық күресінің өрлеуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы'
    Несиелер: 5

    Қазақстан Ресей империясының құрамында. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. Патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалары. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты. Өнеркәсіп, сауда, қалалардың дамуы. Халықтың әлеуметтік құрылымынң өзгеру. Қазақ халқының азаттық қозғалыстарындағы ұлттық зиялы қауымның ролі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    ҚР инклюзивті білім берудің құқықтық негізі. Инклюзивті сыныптарға арналған типтік бағдарламалардың ерекшеліктері. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың шетелдік тәжірибесі. Инклюзивті білім беру модельдері. Қазіргі мектепте инклюзивті процесті ұйымдастыру әдістері. Инклюзияны қолданатын мекемелердегі жабдықтарға қойылатын әдістемелік талаптар. Инклюзивті сыныптағы педагогтардың функционалдық міндеттері. Білім беру ортасын модельдеу ерекшеліктері. Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жұмыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
    Несиелер: 4

    Академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, дайындау бағыты бойынша есептерді, ғылыми жобалар мен конкурстарға өтінімдерді құру мен олардың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары; авторлық куәлік алу; жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері; стартап құру; ҒЗЖ коммерцияландыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі , жүйесі, принциптері; кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары мен нысандары; іскерлік қатынастар; мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негіздері; заңды тұлға түсінігі, кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы; іскерлік міндеттемелер; кәсіпкерлікті техникалық реттеу; кәсіпкерлікті лицензиялау; кәсіпкерлікті монополияға қарсы реттеу; кәсіпкерлікті валюталық реттеудің құқықтық негіздері; кәсіпкерлікті салықтық реттеу негіздері; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; кәсіпкерлердің заңды жауапкершілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандық құқық
    Несиелер: 3

    Конституциялық құқығы, ҚР Әкімшлік құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Кылмыстық құқығы, ҚР Азаматттық іс жүргізу және Қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР Еңбек құқығы және ҚР Экологиялық құқығы, ҚР Қаржы және салық құқығы, ҚР отбасы құқығының негізгі ережелері мен институттары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы'
    Несиелер: 5

    Дүние жүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. Шетелдік Еуропа елдері. Солтүстік Америка Елдері. Шет Азия Елдері. Африка Елдері. Австралия және Океания. Әлемнің саяси картасы. Әлемнің саяси картасының қалыптасу кезеңдері және қазіргі құрылымы. Әлемдік экономикадағы мемлекеттердің және олардың экономикалық бірлестіктерінің негізгі түрлері. Макроэкономикалық көрсеткіштер: ЖІӨ және ЖҰӨ. Оларды есептеу әдістемесінің түсінігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    ОН1 Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.

  • Код ON2

    ОН2 Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды көрсету; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын сипаттау және талдау тәсілдерін меңгеру. Қазақ тілінің латын әліпбиін пайдалана отырып жазу және оқу дағдыларын меңгеру

  • Код ON3

    ОН3 Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.

  • Код ON4

    ОН4 Өнеркәсіптік объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен аудит жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.

  • Код ON5

    ОН5 Кәсіпкерлік іс, экономика пәндері жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдыларды меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.

  • Код ON6

    ОН6 Педагогикалық іс-әрекет туралы жалпы түсінік білімін көрсету, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды жүргізу технологияларын меңгерту.

  • Код ON7

    ОН7 Географиялық ақпаратты өңдеудің картографиялық әдістерін түсіну және қолдану, Жалпы жертану мен геологияның негізгі ұғымдары мен әдістерін тұжырымдау, картографиялық материал бойынша геологиялық жағдайды теориялық талдау дағдыларын көрсету және топонимдердің мағынасын және шығу тегін білу. Оқытылатын пәніндегі оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.

  • Код ON8

    ОН8 Физикалық географияны, оның құрылымын, географиялық қабық пен оның құрылымдық бөліктерінің – табиғи-аумақтық кешендер мен олардың компоненттерінің динамикасы мен жұмыс істеуін, соның ішінде ТМД және Қазақстан мысалында континенттердің, мұхиттардың, жекелеген елдердің физикалық географиясын зерттеу дағдыларын меңгеру.

  • Код ON9

    ОН9 Жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру мекемелерінде оқу процесін ұйымдастыру мен өткізудің дидактикалық әдістері мен тәсілдерін қолдану. Базалық кәсіби-педагогикалық пәндерді оқу кезінде алған біліктері мен дағдылары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастыру саласындағы жаңа білімді синтездеу. Жаңартылған мазмұны бойынша орта мектепте оқыту әдістемесін оқытудағы озық технолгогияға негізделген оқытылатын салада білімі.

  • Код ON10

    ОН10 Әлем елдерінің негізгі географиялық сипаттамалары мен көрсеткіштерін түсіндіру, жекелеген этностар мен мемлекеттердің демографиялық деректерін жүйелеу және жалпылау, жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық географиясы туралы білімдерін түсіну және қолдану қабілетін көрсету.

  • Код ON11

    ОН11 Мұражайтану және мұрағаттану саласындағы теориялық және практикалық білімді түсіну және қолдану. Әлем музейлерінің тарихы мен терминологиясын білу және түсіну. ҚР ведомстволық мұрағаттарында мәліметтерді жүйелеу және жұмыс істеу дағдыларын көрсету.

  • Код ON12

    ОН12 Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан аумағындағы қоғамдық – саяси, экономикалық, этникалық және мәдени үдерістер саласындағы білімдерін көрсету. Қазақ халқының шығу тегі мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелерін білу және түсіну. Археология және археологиялық зерттеу әдістері саласындағы базалық білімді меңгеру. Тарихи дерек көздермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, салыстырмалы талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну.

  • Код ON13

    ОН13 Азия мен Африка, сондай-ақ Еуропа мен Америка елдері тарихының дамуының негізгі тарихи деректері мен фактілерін білу және түсіну. Азия мен Африка, сондай-ақ Еуропа мен Америка елдерінің жаңа тарихының даму заңдылықтары мен бағыттарын талдау қабілетін көрсету. Тарихи дереккөздерді талдау әдістерін; тарихи ақпаратты кешенді талдау тәсілдерін меңгеру.

Top