Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05348 Физика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері.
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықты алгебра және Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- студенттерге матрицалар мен анықтауыштар теориясын таныстыру. Комплекс сандар өрісінің негізгі ұғымдары туралы түсінікті қалыптастыру. Студенттерге сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) үйрету болып табылады. Курста студенттер координаттық жүйелер және жазықтықтағы түзу теңдеулерін жаза білуі керек. Жазықтықтағы екінші ретті қисықтардың канондық теңдеулеріне байланысты есептерді шығара алады. Координаттық жүйелерді түрлендіру ұғымын жақсы түсініп, есептер шығаруда қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • .Математикалық анализ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - математиканың жалпы ұғымдары мен белгілеулері, нақты сандардың толық теориясы, шектер теориясы мен бір айнымалылы функциялардың дифференциалдық есептеулері берілген. Сандық тізбектер, функция шегі, функция үзіліссіздігі. Бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері. Дифференциалдық есептеудің негізгі теоремалары. Туындының геометриялық және механикалық мағыналары келтірілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ықтималдықтар теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты біртекті кездейсоқ оқиғалардың ықтималдылық заңдылықтарын оқып үйрену. Ықтималдықтар теориясының әдістері автоматты басқару теориясында және басқа да теориялық және қолданбалы ғылымдарда кеңінен қолданылады. Ықтималдықтар теориясы қолданбалы математиканы негіздеу үшін қызмет етеді, ол өз кезегінде өндірістік процестерді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде, технологиялық процестерді талдау кезінде қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, механика саласында заманауи теориялық концепцияларды тиімді пайдалану. Механиканың ұғымдары мен заңдарын және заңдардан туындайтын тепе-теңдікті, материалдық нүктенің қозғалысын, Қатты денені және механикалық жүйені зерттеу әдістерін меңгеру. Алынған білімді механиканың тиісті есептерін шешуге қоса білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты : физиканы оқыту әдістерін, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, әдістемесін түсіндіреді. Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастырады. Физикадан экспериментальдық фактылар, заңдар, теориялар, физика ғылымдарының әдістері, әлемнің физикалық бейнесі, физика заңдарының техника мен технологияда қолданылуын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Векторлық және тензорлық талдау негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-векторлық және тензорлық талдаудың әртүрлі есептерін шешудің дұрыс ғылыми тәсілін қалыптастыру. Физикалық жүйелердің теориялық және компьютерлік моделдеудің міндеттерін тиімді шешуге, тензорлық идеология негізінде Физикалық-техникалық процестердің сандық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін студенттердің физикалық-математикалық ойлау стилін дамыту. Ғылыми есептерді сауатты қою және оларды шешу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Молекулалық физика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - заттардың атомдық-корпускулалық құрылысы негізінде физикалық құбылыстармен танысу, студенттердің молекулалық физиканың ұғымдары мен әдістері туралы түсініктерін, қарапайым практикалық есептерді шығара білу, сонымен қатар зертханалық сабақтарда эксперименталдық жұмыстарды орындай білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Атомдар мен молекулалар, шекаралық құбылыстар мен фазалық ауысулар, қатты дене физикасының ұғымдары модельдік негізде интерпретацияланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физикадан оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты : Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүргізу әдістерін қолдануға үйретеді. Студенттерді физиканы жаңартылған мазмұн, пәнаралық байланыс, физикалық есептеулер мен эксперимент жұмыстар жүргізу негізінде оқыту үдерісін жүргізуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Теориялық механика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Теориялық механика теориялық физиканың бөлімі болып, материалдық денелердің қозғалыс заңдылықтарымен қозғалыс себептері қарастырылады. Теориялық механика кинематика, динамика, статика бөлімдерінен тұрады.Кинематика бөлімінде денелердің қозғалысы қарастырылып,оны тудыратын себептер қарастырылмайды.Динамика бөлімінде денелердің қозғалыс заңдылықтарымен оның себептері қарастырылады. Статика бөлімінде денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдылықтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Механиканың математикалық әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты : Механиканы оқытуда векторлық функцияларды математикалық физиканың есептерін шешуде шеттік және бастапқы шарттарды қолдануға үйретеді, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру негізінде студенттердің теориялық білімдерін техника-өндірістік салада қолдана алуға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жобалар және процестерді басқару
    Несиелер: 5

    Жобалар және процестерді басқару курсы - бұл жобалар мен процестерді уақытылы аяқтау үшін қажетті ресурстарды ұйымдастыру және тиімді басқару болып табылады. Курстың мақсаты – білім алушыларды жобалар мен процестерді басқару барысында ұтымды шешімдер қабылдап,нәтижелілікке тиімді қол жеткізуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-студенттердің электромагниттік өзара әрекеттесуі туралы негізгі түсініктерді алуы болып табылады. Практикалық есептерді шешу үшін статикалық өріс және электромагниттік өріс заңдарын қолдану. Курс студенттердің қазіргі жаратылыстану ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, ғылыми ойлауды дамытуға және олардың ғылыми-техникалық ой-өрісін кеңейтуге ықпал етуі тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физиканы медицинада қолдану негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Білім алушылардың бойында ағзалар мен жүйелердің құрылысы мен қызмет етуінің физикалық негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Сонымен қатар, медицина саласында, медициналық апараттарда кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылылықтар және оларды зерттеу әдістері, жасушаға физикалық факторлардың әсер ету ерекшеліктері туралы жүйелі білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Баламалы энергия көздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалануға бағытталған техникалық шешімдерді ұсыну. Қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу және аз қалдықты технологияларды құру үшін пайдаланылатын баламалы энергия тиімді технологияларды пайдалану саласында мамандар үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Энергияның баламалы көздерін есептеу және таңдау әдістемесіне үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электр тізбектер теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : электр тізбектерінің негізгі заңдарын, қасиеттерін, есептеу әдістерін оқыту. Курсты оқыту үдерісінде студенттерді электр тізбектері элементтерінің сипаттамаларымен, қасиеттерімен, негізгі заңдылықтары туарылы алған білімдерін практикада қолдануға үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Студенттерде геометриялық, толқындық және кванттық оптикадағы негізгі заңдылықтар мен принциптер жайлы жалпы ой қалыптастыру; студенттерді негізгі оптикалық құбылыстар, оптикадағы негізгі физикалық шамалар және эксперименталды зерттеу әдістерімен таныстыру; эксперимент барысында құрылғылар, олардың жұмыс істеу принциптерін меңгеру және физикалық өлшеулерді орындау дағдыларын меңгеру; оптика курсынан алған білімдерін тәжірибеде және кәсіби қызметінде қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикадан ғылыми - зерттеу жұмыстарын жобалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Физика саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды жүйелеу, шоғырландыру және кеңейту, оларды нақты ғылыми-зерттеу, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттерді шешуде қолдану болып табылады. Студенттердің өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау және жасау дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді игеру және келелі мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Пәнді меңгеру барысында студенттің қазіргі өндіріс, ғылым, технология жағдайындағы өзіндік жұмысқа дайындығы, оның кәсіби құзіреттілік деңгейі қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңғыртылатын энергия ресурстары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен байланысты техникалық мәселелер мен міндеттерді шешу қабілетін дамыту. Сонымен қатар студенттерді жаңартылатын энергия ағындарының пайда болуына әкелетін процестер мен құбылыстар физикасына үйрету. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электродинамика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – электрмагниттік құбылыстарды сипаттау мен зерттеудің негізгі теориялық әдістерін оқып үйрену және меңгеру және классикалық электродинамика есептерін өз бетінше қою және шешу дағдыларын меңгеру. Студент электродинамика саласындағы ғылым мен техниканың қазіргі даму тенденциялары туралы түсінігі болуы тиіс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электротехника негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Электрлік және магниттік құбылыстарды теориялық және практикалық жағынан үйрететін пән болып табылады.Мұнда электр энергиясын өндіру,тасымалдау,тұтынушыларға тарату және өндірісте,ауыл шаруашылығында пайдалануды қарастырады.Сызықты және сызықты емес электр тізбектерінің заңдылықтарын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жарық құбылыстары мен қасиеттері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : студенттерді жарық құбылыстары мен қасиеттерінің негізгі идеяларымен және әдістерімен таныстыру арқылы олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру; студенттердің бойында тұлғалық қасиеті-құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау, Венн диаграммасы және критериалды бағалау технологияларын қолдану; жарық сәулеленуінің негізгі құбылыстарын және олардың жүру ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін меңгеру; зерттеу барысында оптикалық әдістерді қолдана отырып алынған нәтижелерді өз бетінше эксперименттеу және өңдеуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Ғылымның жіктелуін, белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысын, материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектілерді зерттеуіне байланысты ғылымның түрлерін, ғылым түрлерінің проблемаларын зерттеуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Астрофизика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - бізді қоршаған әлемнің құрылымы мен құрамы Күн жүйесінен әлемнің бақыланған шекарасына дейін туралы түсініктерді қалыптастыру. Студенттер жұлдыздардың негізгі параметрлерін температура, масса және радиусы ретінде анықтау әдістері туралы негізгі мәліметтерді алуы тиіс. Жұлдыздардың эволюциясын және әлемнің химиялық эволюциясын зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кванттық физика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – кванттық физика үйренуде білім алушылар микробөлшектердің физикалық қасиеттерін классикалық физика аясында түсіндіру мүмкін еместігіне көз жеткізеді. Де-Бройль болжамы, анықталмаушылық принциптері, толқындық функция, Шредингер теңдеуі ұғымдары арқылы сутегі атомының және көп электронды атомдық жүйелердің күйлерін сипаттау мүмкін екенін дәлелдей алады және атомдық пен ядролық процесстердің физикалық мағынасын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Атом құрылысы мен қасиеттері
    Несиелер: 6

    Атом құрылысы мен қасиеттері пәнін мақсаты білім алушылар ХХ ғасыр басында пайда болған кванттық жаңа көзқарастың пайда болу негіздері мен атом құрылысы мен қасиеттері талдау. Онда білім алушылар атомның алғашқы Томсон және Резерфорд модельдерін талқылау. Паули принципі негізінде элементтердің периодтық кестесіндегі электрондардың қабықтар мен қабықшаларда орналасу заңдылықтарын, рентген және лазер сәулелерінің табиғатын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қатты денелер физикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Қатты денелер физикасының негізгі ұғымдарын, байланыс түрлерін және олардың қатты денелердің қасиеттеріне әсерін талдауды үйрету. Кристалдардың атомаралық өзара әрекеттесуі және механикалық қасиеттері, магнит өрісіндегі қатты денелердің сипаттамалары, қатты денелердің әртүрлі магниттік қасиеттерінің пайда болу себептері, магниттік құрылғылардың жұмыс істеуінің физикалық негіздері жайлы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кванттық механика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – де-Бройль формуласы, анықталмаушылық қатынастары, толқындық функция, операторлар туралы түсінік беру және бөлшектердің сипаттамаларын стационарлық және жалпы түрдегі Шредингер теңдеуі арқылы түсіндіру болып табылады. Студенттер нәтижесінде сақталу заңдарын, бір өлшемді ортаның симетриялы өрісте бөлшектің қозғалысы, көріністер теориясын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Микроәлем физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқып үйренуде білім алушыларда келесі тақырыптар туралы түсінік қалыптасады: алғашқы элементар бөлшектер және оның анықтамасы, сақталу заңдары, элементар бөлшектердің классификациясы, лептондар, адрондар, мезондар, гиперондар, адрондардың кварктық құрылымы, электромагниттік әсерлесулер, күшті әсерлесулер, әлсіз әсерлесулер, стандарттық модель және әсерлесудің біріктіру теориялары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жартылай өткізгіштер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің жартылай өткізгіштер физикасы саласындағы білімдерін қалыптастыру және пәннің ерекшелігін ескере отырып, жартылай өткізгіш құрылғылардың жұмыс принциптерімен танысу. Бұл сонымен қатар жартылай өткізгіштер физикасы саласындағы іргелі білімді өңдеу және зерттеуде қолданылатын дағдыларды шоғырландыру, жартылай өткізгіштер теориясын қалыптастыру, сонымен қатар негізгі білімдердің негізгі қасиеттері, жартылай өткізгіштер қасиеттері және жартылай өткізгіштермен байланысты нақты мәселелерді шешу әдістерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістері
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты - жоғары қиындықтардың өзіндік міндеттерін шешу бойынша құзыреттілік-бағытталған білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру. Студенттердің кәсіби құзыреттілігін оқу және олимпиадалық тапсырмаларды шешу кезінде оқушыларды физикалық білімді қолдануға оқытуға дайындау арқылы қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиоэлектроника
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: «Радиоэлектроника» студенттерді жартылай өткізгіш құрылғылардың жұмысының физикалық принциптерімен, тізбектер мен сигналдар теориясының негіздерімен, сонымен қатар цифрлық және аналогты схемалардың негізгі элементтерімен таныстырады. Дәріс сабағы зертханалық семинармен қатар жүреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физика ғылымының эволюциясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Ғылыми білім циклі, ондағы эксперименттің орны, теория мен эксперименттің арақатынасы туралы түсінік беру. Физика ғылымының даму тарихындағы іргелі тәжірибелердің рөлі мен орны, физиканың даму тарихы, ғалымдардың ғылыми қызметі және ғалымдардың өмірбаяны, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестегі іргелі тәжірибелердің рөлі және эксперименттер жоспарлауды үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Статистикалық физика және термодинамика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-теориялық физика саласында терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген студенттерді тереңдетіп дайындау болып табылады. Студенттерді «Термодинамика және статистикалық физика» саласындағы ғылыми білімнің теориялық негіздері мен әдістерін үйрету. Термодинамика мен статистикалық физикада қолданылатын математикалық аппаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Асқын өткізгіштер физикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Асқын өткізгіштіктердің қазіргі заманда және болашақта қолданылу бағыттарын анықтау. Асқын өткізгіштіктің ашылу тарихымен танысу; асқын өткізгіштіктің негізгі түрлерін зерттеу; қазіргі заманда және болашақта асқын өткізгіштік феноменін қолданудың практикалық маңыздылығы мен болашағын анықтау; бөлме температурасында асқын өткізгіштікті дамытуда нанотехнологияның рөлін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ерекше қасиеті бар металдар физикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-термиялық өңдеу процестерінің табиғатын түсіну және металдардың қасиеттерінің өзгеруін қамтамасыз ету үшін металдар физикасы мен металдардың физикалық қасиеттері саласындағы теориялық дайындық болып табылады. Металдар мен қорытпалардың құрамы мен құрылымына байланысты физикалық қасиеттерді өлшеуді жүргізу дағдысын және алынған нәтижелердің нақтылық дәрежесін бағалай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Нанотехнология алабына кіріспе
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Студенттерді нанотехнологияның қалыптасу тарихымен таныстыру, наноматериалдар мен құрылғыларды зерттеу, жобалау және өндіру үшін қолданылатын технологиялық әдістердің жиынтығымен таныстыру. Студенттердің нанотехнология туралы жалпы түсініктерін және нанотехнологияларда кеңінен қолданылатын кванттық эффектілердің негіздері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физикадағы жаңартылған білім беру бағдарламасының заманауи мәселелері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - жайлы білім беру ортасын құра білу, сын тұрғысынан ойлау, іс-әрекеттегі зерттеу, АКТ–ны қолдану, коммуникативтік қабілеттерді дамыту, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді студенттерге таныстыру болып табылады. Студенттер функционалды сауаттылықты, шығармашылықты сабақ барысында тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқытудың әдіс-тәсілдерін (белсенді оқыту әдістері, бірлескен оқу, «Lesson Study» арқылы оқыту мен оқудың өсу динамикасын көрсету тәсілдері, модельдеу, критериалды бағалау, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдануды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физиканың компьютерлік әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - күрделі операциялық ортада мәтіндерді өңдейтін қолданбалы пакеттер, ақпараттарды графикалық елестету жұмыстарын жүргізу болып табылады. Студенттер физика есептерін шығаруда, компьютердің көмегіне сүйене отырып онымен жұмыс жасау, физиканың әртүрлі бөлімдерінен күрделі есептер шығарған кезде тәжірибе алу арқылы түрлі құралдарды пайдалану, физика есептерін шығарғанда, физикалық процестерді модельдегенде, ақпараттарды өңдеген кезде компьютерлік әдістерді қолдануды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ядролық физика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттердің ядролық физика саласындағы түсініктерін, білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білуі керек: микромирдің негізгі заңдары мен құбылыстарын, ядролық-физикалық зерттеулердің әдістерін, ядролық реакциялардың типтерін және олардың заңдылықтарын және зат арқылы сәулеленудің өту заңдарын. Алған білімдерін практикалық қызметте қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қатты денелерді зерттеудің физикалық әдістері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттерде қатты денелер саласындағы зерттеу объектілері мен әдістеріне тұтас көзқарас қалыптастыру. Студенттер қатты денелерді зерттеудің заманауи әдістерімен, мысалы, микроскопияның әр түрлі түрлері, оптикалық, рентгендік зерттеу әдістері және т.б., сонымен қатар осы әдістердің көмегімен алуға болатын ақпаратты интерпретациялау мүмкіндіктерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы және жалпы салыстырмалылық теориясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты :Кеңістік, уақыт және қозғалыс туралы заманауи түсініктермен таныстыру, арнайы және жалпы салыстырмалылық теориясының негіздері және оның қолданылу шекарасы жайлы түсінік қалыптастыру. Релятивистік физика принциптерімен және онда қолданылатын математикалық аппаратпен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи физика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Классикалық және қазіргі заманғы физиканың іргелі заңдары туралы түсініктерді, білімді және физикалық өлшеу және зерттеу әдістерін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру.Сонымен қатар,микроәлем физикасының заңдылықтарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Наноматериалдар мен нанобөлшектерді зерттеудің эксперименттік әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты : Студенттерге наноматериалдар мен ннобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін үйрету. Наноматериалдар мен нанобөлшектердің параметрлерін, фазалық құрамын, физикалық қасиеттерін анықтау және эксперимент нәтижелерін өңдеу туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ядролық реакциялар
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты : ядролық реакциялардың жалпы қасиеттері мен классификациясы, ядролық реакциялардың механизмдері, сақталу заңдары, бөлшек көздері, үдеткіштер, тізбекті ядролық реакциялар, ядролық реакторлар, термоядролық синтез реакциялары, қолданбалы ядролық физика, ядролық астрофизика, ғарыштық сәулелер және диаграммалар техникасы тақырыптары қарастырылып, талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Зерттелетін салада мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады

  • Код ON2

    Жеке, мәдени және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей отырып, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    Ұлттық қарым-қатынастардың рухани құндылықтарының әлеуметтік, этикалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерін түсініп, қоғамның экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтай отырып, ұлтаралық командада жұмыс істеуге қабілетті

  • Код ON4

    Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың оқу жетістіктерін бағалай және талдай отырып, педагогикалық процестерді ұйымдастырады

  • Код ON5

    Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескре отырып, қарым-қатынас орнату арқылы басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті

  • Код ON6

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарында физиканың іргелі заңдары мен теориялары туралы білімдерін қолданады отырып, жалпы академиялық адалдықтың қағидаттары шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнын, түрлерін және заңдылықтарын анықтай алады

  • Код ON7

    Жалпы және теориялық физика курсының заңдылықтарын меңгере отырып, күрделі есептерді шешуде ғылыми сараптаудың түрлі әдістерін ұсынады

  • Код ON8

    Физика саласында қолданылатын математикалық аппарат пен математикалық әдістерді қолдана отырып, жалпы және теориялық физиканың негізгі түсініктерін, заңдары мен модельдерін және оларды практикалық қолдану заңдылықтарын көрсете алады

  • Код ON9

    Жалпы және теориялық физика курсын меңгере отырып, физикалық құбылыстарға, процестерге, заттардың физикалық қасиеттеріне заманауи технологиялар негізінде эксперименттік зерттеулер жүргізуге қабілетті

  • Код ON10

    Математикалық пәндер бойынша терең білімдерін, есептерді шығаруда негізгі заңдылықтармен байланыстырып, практикада қолданады

  • Код ON11

    Физикалық объектілерді бақылау, жіктеу, салыстыру, суреттеу және сараптау арқылы алынған ғылыми зерттеу нәтижелерін өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады

  • Код ON12

    Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, кезеңдерін, нақты тәсілдерін талдай отырып, физиканы оқытудың мазмұны, әдістері мен технологиялары бойынша түрлі сабақ конспектілерін құрастыра алады

Top