Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05313 Эксперименттік-техникалық физика в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Теориялық және сандық зерттеу әдістерін қолдану; физикалық процестерді модельдеу; кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелердің жаратылыстану-ғылыми мәнін анықтау; есептерді қою және шешу, алынған нәтижелерді талдау.
  • Эксперименттік зерттеу әдістерін білу; таңдалған сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған физикалық құрылғылардың элементтік негізін және жұмыс істеу принциптерін меңгеру.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Математикалық талдау әдістерін, математикалық физиканың негізгі теңдеулерін білу; кәсіби есептерді шешу және талдау үшін математикалық құралдарды практикалық қолдану дағдылары; дифференциалдық, интегралдық теңдеулер теориясының және математикалық статистиканың әдістерін білу.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
  • Негізгі ұғымдар мен принциптерді, жалпы және теориялық физика, аспан денелерінің механикасы заңдарының қолданылу шегін білу; заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу үшін арнайы білімді пайдалануға дайын болу.
Top