Меню

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы 6B04103 Менеджмент в Нархоз Университеті

Білім беру бағдарламасының мақсаты
Сыртқы орта жағдайына негізделген топта жұмыс істей алатын, құзыретті, бәсекеге қабілетті, көптілді, сыни ойлайтын менеджерлерді әзірлеу
Академиялық дәреже
Бакалавриат
Оқыту тілі
Русский, Қазақша
ЖОО атауы
Нархоз Университеті
Оқу мерзімі
4 года
Кредиттер көлемі
240
ҰБТ-дағы пәндер
Математика және География
Білім беру саласы
6B04 Бизнес, басқару және құқық
Дайындық бағыты
6B041 Бизнес және басқару
Білім беру бағдарламаларының тобы
B044 Менеджмент және басқару
  • Макроэкономика кіріспе
    Несиелер: 6

    Курс ел экономикасының қызметі туралы түсініктерді қалыптастыруға және ойлау мәдениетін арттыруға бағытталған. Cтуденттер макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдануды меңгереді, cондай-ақ экономикалық ақпарат көздері негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің мінез-құлқын талдауды үйренеді,аналитикалық және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстыруды дайындау және қорғау, экономикалық мәселелерге қатысты өз пікірін сыни тұрғыдан қалыптастыру және қорғау дағдыларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Менеджмент негіздері
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: менеджмент функциялары, ұйымның макро және микро ортасын талдау, жоспарлау үдерістері, операциялық менеджментке кіріспе және адам ресурстарын басқару, басқарудағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ролі. Студенттер стратегия, құрылым, мәдениет, адамдар, этика сияқты аспектілерді және де олардың шешім қабылдауға әсері мен ұйым дамуының ұтымды бағыттарын болжауды кейс стади, топтық пікірталастар, жазбаша жұмыстарды орындау арқылы меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Деректер және машиналық оқыту туралы ғылымдар негіздері
    Несиелер: 6

    Курс деректерді жинауды, деректерді біріктіруді, болжамды және сипаттама модельдеуді, деректерді жасауды, бағалауды және деректерді алмасуды қоса алғанда, деректермен жұмыс істеудің әртүрлі құралдарын қамтиды, сондай-ақ, роботтармен бақылау, деректерді интеллектуалды өңдеу, дербес навигация, сөз мәтінін тану, мәтін және веб-деректерді өңдеу секілді соңғы трендтерді қамтиды. Тақырыптық зерттеулер мен түрлі топтық жобалар арқылы проблемаларды шешуде осы концепцияларды қолдануға болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Шешімдерді қабылдау
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: қойылған міндеттерге сәйкес экономикалық және басқарушылық деректерді өңдеу үшін құралдарды таңдауды жүзеге асырудағы теориялық және тәжірибелік дағдылар; этикалық нормаларды ескеру мен басқарушылық ойлауды дамытуға әсерін тигізетін көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру арқылы ортаның белісіздігі жағдайында шешім табу мен қабылдауға мүмкіндік беру. Оқу нәтижелерін бағалау симуляциялық ойындар, рольдік тәжірибелер, кейс стадилерді талдау мен топтық пікірталастар нысандарында жүреді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Маркетинг негіздері
    Несиелер: 6

    Курс шеңберінде тұтынушылар қалауының қалыптасу негіздері, маркетингтік орта және оның компоненттері, тұтынушылық және бизнес нарықтар, болжау, сегменттеу, таргетинг, жайғастыру және 4Р қалыптастыру, брендинг негіздері, жеке сату, маркетингтік бәсекелестік және стратегиялық маркетинг оқытылады. Студенттер басты маркетингтік тұжырымдамаларды оқу, сыни талдау және Самсунг, Додо пицца, Каспи Банк сияқты ұйымдардың тәжірибесінен кейстер шешу негізінде әр түрлі сфераларға маркетинг жоспарын әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Қаржылық есеп
    Несиелер: 6

    Курс ұйымның қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес активтер,міндеттемелер,капитал,кірістер мен шығыстарды есепке алуды зерттеу арқылы қалыптастыруға көмектесетін әдістер мен тәсілдерді қамтиды.Студенттер ситуациялық есептер мен кейс қолдану арқылы шаруашылық әрекеттеден бастап есептің толық циклын меңгереді.Ситуациялық есептерді шығару арқылы қаржылық есептілік түрінде шешімдер қабылдау үшін ұйымның қаржылық жағдайы мен нәтижелері туралы ақпараттарды жүйелейді,қайта өңдейді және ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Басқару экономикасы
    Несиелер: 6

    Курс жеке және мемлекеттік мекемелер секілді әртүрлі ұйымдық құрылымдардағы басқару міндеттерін шешуге арналған экономикалық теория мен әдістемелерді қолдануға бағытталған. Бұл курста басты назар сұранысты талдау мен бағалауға, шығындар мен өндірісті талдауға, әлеуметтік жауапкершілікті негізге ала отырып, белгісіздік жағдайында болжау мен шешімдерді қабылдауға бөлінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Іс шараларды басқару
    Несиелер: 6

    Қонақжайлылық саласы, қызметтің ерекшелігі және іс-шаралар мен оқиғалардың әртүрлілігі туралы жалпы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Project management бағдарламасы жобаларды басқару әдістемесі арқылы халықаралық және қазақстандық стандарттар талаптары негізінде іс-шаралар басқару құралдарын береді. Студенттер жеке және топтарда қажетті дағдыларды ала отырып, нақты ивенттерді дайындайды. Ал қорытынды емтихан ретінде алған білімдері мен біліктері негізінде университет аясында жергілікті немесе ірі ауқымды іс-шара дайындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Пән келесідей тақырыптарды қамтиды: кәсіпкердің кім екені; бизнес идеяларды іздеу құралдары, шағын бизнес нысандары, шағын бизнесті жоспарлау мен басқару, қаржыландыру көздерін іздестіру, сыртқы және ішкі орта мүмкіндіктеріне сәйкес стратегияны дамыту, базалық қаржылық жоспарлау, сонымен қатар әлеуетті инвестор үшін бизнес жоспар жасау. Студенттер өз бизнес идеяларын сыни бағалайды және де топтағы жобалау жұмысы арқылы нақты қызмет жасайтын бизнестегі стратегияны ілгері дамыта алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Көшбасшылар үшін ықпал ету әдістері мен коммуникациялар
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: коммуникация түрлері, көшбасшылықтың жағдайлық және үдерістік теориялары, коммуникацияны жақсарту, персоналға және мотивацияларына ықпал, қызметкерлерді ұстап қалу мен қолдауды арттыру, сендірудің тактикалары арқылы мақсатқа жету үшін топта жоғары сапалы қатынастар мен жұмысты дұрыс жолға қою. Студенттер оқу нәтижелерін тәжірибелік сабақтар, ойындар, презентациялар, көшбасшылық тәжірибесін кейс стади шешу мен топтық пікірталастар орындау кезінде топпен жұмыс жасау арқылы меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Перспективалық зерттеулер мен болжауға кіріспе
    Несиелер: 6

    Курс жергілікті, аймақтық және әлемдік масштабтағы мәселелер мен тенденцияларды қарастыра отырып, критикалық және шығармашылық ойды дамытуға арналған, бұл жерде іскерлік және әлеуметтік жауапкершілік те ескеріледі; практикалық тәжірибе алуға бағытталған ойындардың, жаттығулар мен модельдердің көмегімен “перспективалық ойлауды” дамытады; тенденцияларды талдау және болашақ перспективасы дөңгелегі облысындағы біліктіліктерді дамытады, бизнес лидер дағдыларын алуға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
  • Басқару есебі
    Несиелер: 6

    Бұл курста менеджментті қолдаудың ақпараттық және талдамалық жүйесі, қаржылық ағымдарды басқару үрдістері, басқару шешімдері көрсетіледі. Курс шығындарға, олардың жіктелуіне, үстеме шығындарды бөліп таратуға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға арналады. Студенттер ситуациялық есептерді шешу арқылы ауқымды ақпараттар ішінен релеванттысын таңдай отырып, ақпараттарды талдайды және шешімдер қабылдау үрдісін қамтамасыз ету үшін ұсынады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Қаржы негіздері
    Несиелер: 6

    Курс қаржы секторындағы аналитикалық құзыреттілікті және сыни ойлауды дамытуға, макро және микро деңгейлерде қаржы ағындарын басқару дағдыларына, қаржылық және инвестициялық шешімдерді қабылдау қабілетіне, қаржылық есептілікті талдау негізінде бизнес нәтижелерін болжауға, қаржыландырудың оңтайлы көздерін анықтауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Ұйымдық мінез-құлық
    Несиелер: 6

    Пән ұйымдағы жеке тұлғалар мен топтардың тәртібін талдау, этикалық және моральдық нормаларға сәйкес жұмысшылардың еңбек тәртібін түзету мақсатында көшбасшылық дағдыларды жасау негіздері; жүйелік, процестік және жағдайлық тәсілдер негізінде ұйым мәдениетінің анықтамалары, ұйымның тәртіптілік, социомәдени және институционалдық табиғатын білуді қамтиды. Студенттер мұндай аспектілерді топтық пікірталастарға қатысу, өзін-өзі бағалау бойынша тесттер, кейс стади мен жағдайлық есептер арқылы танып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Операциялық менеджмент
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: өнімділік, өндіріс және бәсекеқабілеттілік, инновациялық өнім мен өндірістік үдерісті жобалау, жобалау, сапаны басқару, өндірістік қуаттылықты жоспарлау, қорларды басқару мен болжау, технология мен бизнес үдерістерді жаңарту. Студент Тойота, гемба-кайдзен кейстары негізінде ұйым үдерістерін үлгілеу, үнемді өндіріс бойынша есеп шығару және операциялық жоба жасау аясында білім алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Инновациялық менеджмент
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: инновациялық өнімдер мен үдерістерді жасау үшін нарық конъюнктурасының мүмкіндіктерін диагностикалау құралдары, инновациялардың қолданыстағы тәжірибелері мен жаһандық инновациялық тәжірибелер, білімді басқару әдістемелері, өзгерістерді басқару, инновацияларға әкелетін корпоративтік мәдениетті құру үшін топтық жұмыс, инновациялық өнімдер нарығына шығу жолдары. Студенттер оқу нәтижелеріне интерактивті әдістерді пайдалану арқылы және де инновациялық өнім әзірлеумен қол жеткізеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
  • Тәуекел менеджмент және корпоративтік басқару
    Несиелер: 6

    Пән тәуекелдерді бағалау мен басқару және де корпоративтік басқару аясында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды, кәсіпорын қызметін диагностикалауды қалыптастырады, студент тәуекелдер деңгейін бағалауды, түрлі жағдайларда тәуекелдерді анықтауды және олардың әсерін бағалауды орындай алады. Практикалық сабақтарда сандық және сапалық әдістер негізінде болашақ тәуекелдерді болжауды ортаның ішкі және сыртқы факторлары жайлы ақпараттарды байланыстырып, дискуссия жүреді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Өзгерістерді басқару
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: өзгерістердің үдерістік үлгілері, өзгерістер сипаты мен басшылық, өзгерістерге деген қажеттілікті анықтау, өзгерістер енгізу мүмкіндігі, өзгеріс жасауға белсенділік, өзгерістерге жұмысшыларды мотивациялау мен өзара қарым-қатынастарды құру, өзгерістер енгізу стратегиясы, бизнес үдерістерді қайта құру. Практикалық сабақтарда студенттер топтарда жұмыс жасау мен табысты өзгерістер енгізген мысалдары бар кейс стади материалдарын талдау арқылы негізделген шешімдерді қабылдауды үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Стратегиялық менеджмент
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: компанияның стратегиялық көзқарастарын құру үшін басқару функцияларының өзара қарым-қатынасы, миссия мен мақсат құру, сыртқы және ішкі орта жөнінде деректерді жинау мен талдау, стратегияны қалыптастырудың жүйелік және үдерістік тәсілдері, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік негізіндегі функционалдық, бәсекелік және корпоративтік стратегия түрлері. Кейс стади мен есептер арқылы ұйым үдерістерін үлгілеуді қолдану негізінде студенттер ұйым стратегиясын әзірлеу мүмкіндігіне ие болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Бизнес жоспарлау және консалтинг
    Несиелер: 6

    Пән оқылуға тиісті келесідей тақырыптарды қамтиды: жоспарлау мен болжау жайлы жинақталған білім; қаржылық, басқарушылық ақпараттарды пайдалану мен оларды талдаудың аналитикалық әдістері, макро/микро орта факторлары; студент тәжірибелік мысалдар мен бизнес жоспарларды жасау негізінде консалтингтік бизнес кейстерді шешудегі функционалдық салалардағы теориялық әзірлемелер мен басты тұжырымдарды түсіндіре алады. Жұмыс топтарда жүреді, ол өз кезегінде топтағы жұмыс пен оған басшылықты меңгеруге мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Адам ресурстарын басқару
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: корпоративтік мәдениеттің ролі, персоналға деген қажеттілікті болжау, кадрлық саясатын құру, персоналды іріктеу мен жалдау, персоналды өзгерістер жасауға дайындау, персоналды аттестациялау мен бағалау бойынша іс-шаралар өткізу, өтемақы пакеттерін жасауға персоналдың қатысуы, персоналды басқарудағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ролі. Студенттер бұл іс-шараларды кейс стадилерді талдау, жағдайлық есептерді шешу, топтарда жұмыс жасау мен эссе жазу арқылы меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Жобалық менеджмент
    Несиелер: 6

    Пән келесілерді қамтиды: жобаларды басқару аясындағы үдерістік және жағдайлық тәсілдер негізіндегі білім мен тәжірибелік дағдылар. Студент сандық технологияларды (MSProject) пайдалану арқылы жобалар жұмысына қатыса алады; жоба бойынша басқарушылық ақпараттармен қамтамасыз етіп, түсіндіреді; жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін жобалық ресурстарды оңтайлы пайдалану мен мерзімдік шектерді сақтауды айқындайды. Студенттер мұндай іс-шараларды тәжірибеге барынша жақын жоба жасау арқылы меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
  • Код ON1

    Жүйелік, үдерістік және жағдайлық тәсілдер теорияларының негізінде ұйымдық мәселелердің мәнін анықтауға қабілетті

  • Код ON2

    Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидалары мен этикалық салдарды есепке ала отырып, түрлі аналитикалық әдістерді қолданып, өзекті ақпараттарды талдау негізінде шешім қабылдау мен оның салдарын бағалауға қабілетті

  • Код ON3

    Сандық технологияға сәйкес, теория мен құралдарды пайдалана басқару мен бизнес аясында кәсіби функцияларды жүзеге асыруға қабілетті

  • Код ON4

    Топта жұмыс істей алу қабілетін ауызша, жазбаша коммуникативтік дағдыларды көрсету арқылы шешім қабылдаушы тұлғалар мен ұйымның қызығушылық жақтарының тәртібі мен іс-әрекеттеріне ықпал етуге қабілетті

  • Код ON5

    Бизнес пен басқару аясында кәсіби функцияларды жүзеге асыру үшін менеджменттің функционалдық салаларын, маркетинг, болашақты болжау мен деректерді талдаудағы парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, басты тұжырымдарды біріктіруге қабілетті

  • Код ON6

    Ішкі және сыртқы қызығушы жақтар үшін қаржылық және басқарушылық ақпараттарды ұсыну мен талдауға қабілетті

  • Код ON7

    Кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру мен жеке әлеуетті ашу, сонымен қатар қоғамға қызмет ету үшін өзіндік білім алуды тәжірибеге енгізу және көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге қабілетті

  • Код ON8

    Ұйым міндеттері мен жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін мерзімдік шектерді сақтау мен ішкі ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ете алады

  • Код ON9

    Персоналды басқару тәжірибесін пайдалану арқылы өзгерістерді жүзеге асыруға қатысу мен өзгерістерге деген ұйым қажеттілігін диагностикалауға қабілетті

  • Код ON10

    Ұйымның макро және микро ортасы мен меншік нысанының ерекшеліктерін ескере отырып ұйымның бизнес үдерістерін құруға қатысуға қабілетті

  • Код ON11

    Нарық конъюнктурасы мен құқықтық ортаны ескеру негізінде инновациялық өнімдер мен шағын бизнесті құруға қатысуға қабілетті

  • Код ON12

    Топтық динамика үдерістерін білу негізінде топтық жұмысты ұйымдастыруға қабілетті

6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Салалардағы менеджмент
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Инновациялық менеджмент
Бакалавриат

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B04103 Мемлекеттік басқару және менеджмент
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Кјсіпорын менеджменті
Бакалавриат

Қазақстан-Неміс университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Нейроменеджмент
Бакалавриат

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04103 Менеджмент
Бакалавриат

Университет КИМЭП

БББТ: B044 Менеджмент және басқару

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі