Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Шымкент университеті

  • Өндірістік үзіліссіз практика
    Несиелер: 8

    Мекемелердің құрылысымен, олардың басқару жұмысымен және жұмысты ұйымдастырумен таныстырады. Дайындау методикасымен және өндірістік, экономикалык есептерді нарықтық экономика саласында шешілуін сипаттайды. Мекемелерде қолданылатын ақпаратты өңдеу жүйесіндегі ақпараттық техологияларды түсіндіреді. Мекемелерде қолданылатын ақпараттық жүйелерді пайдалануға машықтайды.

    Оқу жылы - 1
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 5

    Анализге кіріспе, бір және көп айнымалы функцияларының дифференциалдық есептеулері, бір және көпайнымалы функцияларының интегралдық есептеулері, дифференциалдық теңдеулер, қатарлар теориясы, Фурье қатары және Фурье интегралы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Алгебра және геометрия
    Несиелер: 4

    Бұл курсты оқыту барысында матрицалар, анықтауыштар, сызықты теңдеулер жүйесін шешу, вектор, түзу теңдеулері, жазықтық, кері матрицаны, сызықтық теңдеулер жүйесімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Матрицалық есептердің шешу жолдарын анықтайды. Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторлардың қасиетін, әртүрлі теңдеулермен берілген түзу сызықтар теориясының қасиеттерін түсіндіреді. Векторлар және түзу мен жазықтықтың негізгі теңдеулерін, олардың арасындағы өзара қатысын сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 4

    Физиканың келесі бөлімдері қарастырылады: механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика және кванттық физика. Қолданбалы есептерді шешу үшін физикалық теориялардың математикалық аппаратын қолдана білу, сапалық және есептік есептерді шешу, өлшеу қателіктерін ескеретін физикалық эксперименттерді жоспарлау және жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқу практикасы
    Несиелер: 1

    Оқу практикасы - жоғары оқу орындарында студенттердің алған ғылыми-теориялық білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында жүргізіледі. Тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының дағдыларын, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің іс-əрекетін талдайды. Сыныпта жəне зертханалық сабақтарда физиканы және информатиканы оқыту үдерісін жетілдіру үшін əріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс алуын сипаттайды. Жаңа инновациялық оқыту стратегияларын және оқушылардың, педагогтердің жəне өзінің жұмыстарының нəтижелерін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 4

    Дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдарын түсіндіреді. Тәуелсіз айнымалыны, ізделінетін функцияны және оның бірінші ретті туындысын байланыстыратын теңдеуді зерттейді. Дифференциалдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін анықтап, дербес, жалпы шешімдерін табу алгоритмін құрады. Тұрақты коэффициентті сызықтық дифференциалдық теңдеулердің жалпы, дербес шешімдерін кесте арқылы саралайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цифрлық схемотехника
    Несиелер: 5

    Цифрлық деректерді жіберу жүйесінің ғылыми-техникалық мәселелерін шешеді. Цифрлық арналарды стандарттау үшін қабылданған заманауи кодтарды және программалық көпмақсатты декодерлерді жүзеге асырады. Цифрлық схемотехниканың өңдеу әдістерін білу, ақпарат өңдеу, алмастыру, қолдану барысында типтік тапсырмалардың сандық шешімдерін анықтайды. ЭВМ элементтерін құру, кодтарды түрлендіруді, мультиплексорларда комбинациялық схемаларды синтездеуді тәжірибеде жүзеге асыруды тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 3

    Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтардың даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананы жаңғыртуын және заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбилеп дайындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кванттық хромодинамика
    Несиелер: 5

    Бүлінген толқындар әдісі. Фотоядролық және электрон – ядролық реакциялар. Жеңіл иондар қатысатын реакциялар. Ауыр иондар қатысатын реакциялар. Төмен энергиялы нуклондардың әсерлесуі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Микроэлектроника
    Несиелер: 5

    Электронды техниканы, жартылай өткізгішті аспаптардың жұмысы мен құрастыру принциптерін, электронды схемаларын, құрылысын және қолдану аймағын анықтайды. Жартылай өткізгішті аспаптарды топтастырады. Жартылай өткізгішті диод, құрылысы, вольт-амперлік сипаттамасы, жартылай өткізгішті диодтардың негізгі параметрлерін түсіндіреді. Импульсті сигналдарды түрлендіру: тізбектерді, схемаларды, уақыт диаграммаларын құрастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кванттық электродинамика
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесін және ғылыми көзқарастарын анықтайды. Кванттық электродинамика құбылыстардың негізгі заңдылықтарын жалпылама бақылаулар бойынша түсіндіреді. Тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді сипаттайды. Физикалық приборлармен жұмыс істеуді, кванттық электродинамика, Фейнман диаграммалары, электромагниттік әсерлесу, кванттық әсерлесу және оның кванттары, бір фотонды және көп фотонды әсерлесу теориясының, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстарды сыни талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Имиджелогия
    Несиелер: 5

    Имиджелогия пәні - тұлғаның экономикалық теория, құқық негіздері сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін,кәсіпкер қызметінің тиімділігін, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға, қоршаған ортаға қатысты сот әділдігіне қол жеткізу жолдарын оқытып үйрету, тіршілік қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті лидер тұлғаларды қалыптастыру жолдарын оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұрақтылық теориясы
    Несиелер: 4

    Тұрақтылық туралы негізгі түсініктер, тұрақтылықтың сапалық көрсеткіштерін анықтайды. Тұрақтылыққа тексеру, қайта келтірілмейтін жүйелердің тұрақтылығы, резервтеу, алмастыру және тексеру, жөндеу профилактикасын сипаттайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету тұрақтылығын, ақпараттық жүйе эффективтілігі және тұрақтылығын, қамтамасыз ету тұрақтылығын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Басқару модельдері мен әдістері
    Несиелер: 4

    Басқару мәселелері бойынша есептерді қоюды, әртүрлі есептердің математикалық модельдерін құрастыруды, оларды шешудің әдістерін және оларға қажетті программалық жабдықты сипаттайды. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс барысында зерттеудің модельдерін баяндайды. Жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделін құруды, зерттеу есебін қоюды және математикалық әдістерді қолдануды өңдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік жүйелер
    Несиелер: 4

    Электронды есептеуіш машиналарын, жүйелерін, есептеу тораптарын құру және ұйымдастыру принциптерін, қазіргі ЭЕМ жүйелерін, кешендерін құру принциптерін сипаттайды. ЭЕМ сұлбатехникалық негіздері, ЭЕМ логикалық, жады элементтері, ЭЕМ түйіндері мәселелерін тексеру дағдысын сыни талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электр тізбектерінің теориясы
    Несиелер: 6

    Электр тізбектерінің негізгі заңдарын, олардың қолдануын сипаттайды. Фундаментальді физикалық тәжірибелерді, есептерді шешеді. Электр тізбектерін эксплуатациялау, проектілеу заңдылықтарын түсіндіреді. Тізбек теориясын ақпараттық жүйе және есептеуіш техника, бағдарламалау курстарымен салыстырады. Электротехника есептерін шешіп, электр кұралдармен тәжірибе жасауды практикада дағдылайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік жүйелер интерфейстері
    Несиелер: 4

    Қазіргі компьютерлік жүйелердің аппараты программалық интерфейстерін жұмыс жасауда ұйымдастыру үрдістерін анықтайды. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерін қазіргі кездегі даму тенденцияларының перспективалары туралы тәжірибеде сипаттайды. Компьютерлік тораптардың аппараттық, программалық қамтамаларын әзірлеуді талдайды. Адам-есептеу ортасындағы өзара байланыс интерфейстерінің жалпы жүйелік жобалау әдісін жүзеге асыруға дағдылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық физика теңдеуі
    Несиелер: 4

    Физикалық құбылыстардың математикалық модельдерінің теориясын сипаттайды. Штурм-Лиувилль есебінің шешімін табу әдісін таңдайды. Пуассон теңдеуінің шешімін құру тиімділігін саралайды. Есептер шығару жолдарын өзіндік сыни көзқарасына сәйкес таңдайды. Дирихле есебі үшін Грин функциясының мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютер сәулеті
    Несиелер: 4

    Компьютерлік жүйелер сәулетін, түрлері мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін іріктейді. ЭЕМ функционалды тораптары мен құрылғыларын жобалаудың негіздерін талқылайды. Компьютер сәулетінің барлық деңгейінде қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді, ақпаратты өңдеу процестерін ұйымдастыруды әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгоритмдеу және бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Алгоритм ұғымы, қасиеттері және негізгі алгоритмдік конструкцияларын түсіндіреді. Бағдарламалау ортасының құрал-саймандарын қолданып іскерлік пен дағдыларын дамытады. Python және Pascal тілдерінде тестілеуге арналған күрделі алгоритмдерді шешеді. Тілдің мәтіндік, графиктік режимде жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексереді. Бағдарламалау парадигмалары туралы жалпы сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағдарламамен қамтамасыз ету
    Несиелер: 5

    ЭЕМ-нің құрылу ерекшеліктерін анықтайды. Компьютерлік жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету түрлері мен мүмкіндіктерін сипаттайды. Қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің бағдарламамен қамтамасыз ету ерекшеліктерін саралайды. Компьютерді бағдарламамен қамтамасыз етудің барлық деңгейінде қазіргі заманғы компьютерлік жүйелерді, ақпаратты өңдеу процестерін ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қолданбалы программалау
    Несиелер: 5

    Қолданбалы бағдарлама жобалаудың негізгі ережелерін анықтайды. Жобалық шешімдердің орындалу нормасын сипаттайды. Қолданбалы бағдарламаны жобалауға техникалық тапсырмаларды талдайды. Қолданбалы бағдарлама құрастыру технологиясының негізгі ережелерін қарастырады. Бағдарламалық өнім жобалау обьектісін, технологиялық операциялар мен технология құралдарын, обьекттер мен кластарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағдарламалау технологиясы
    Несиелер: 6

    Алгоритмнің программалық жүзеге асырылуына, тәжірибеде қолдануына машықтандырады. Әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерді құрастыруды талдайды. Программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін тексереді. Ақпараттық жүйелердің үлгілік процесстерінің имитациялық модельдерін құрады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Программалау негіздері
    Несиелер: 5

    Программалау парадигмалары туралы түсініктерді, программа құрастыру технологиялардың негізгі түсініктері, анықтамалар және әдістерін сипаттайды. Базалық программалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін, семантикасын талқылайды. Базалық программалау тілдерін үйреніп, тәжірибеде қолдануын талдайды. Базалық программалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерін дәлелдеп, көрсетеді. Қандайда бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларын жасауды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дербес компьютерлер
    Несиелер: 6

    Есептеуіш техниканың негіздерін, есептеуіш техника құралдарының құрылу принциптері және әртүрлі ЭЕМ кластарының негізгі ерекшеліктерін түсіндіреді. Микропроцессорлық жүйе, архитектура және дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін тексереді. Дербес компьютерді қолдану және есептерді шешу үшін микропроцессор жүйесі мүмкіндіктері пайдалануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Операциялық жүйелердің кең тараған түрлерін, заманауи өндірістік нақты уақыт жүйелердің сипаттамаларын, операциялық жүйелердің функцияларын анықтайды. Операциялық жүйелердің құрамы және функцияларын түсіндіреді. Ресурстарды және тапсырмаларды басқару әдістерін өндірісте қолдана білудің озық үлгілерін сараптайды. Windows конфигурацияларын орнатуды тәжірибеде үйренеді. Стандартты сервистік бағдарламаларды зерттеуді бағалайды. Басқару жүйелеріндегі детерминделген кездейсоқ құбылыстар талдауға, есептеуге, оңтайландыруға арналған математикалық модельдер мен әдістерді құрастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпарат теориясы
    Несиелер: 7

    Ақпарат түрлерін, жүйе және оның қасиеттерін, жүйелік талдауды меңгереді. Ақпараттық үдерістер, ақпараттық жүйелердің негізін сипаттайды. Энтропия сипаттамасын бағалайды. Цифрлық ақпараттарды сығу әдістерін, тиімді кодтауды практика барысында жүзеге асырады. Ақпараттық каналдармен жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Эконометрика
    Несиелер: 7

    Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және қызметтерін түсіндіреді. Экономиканың негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды. Экономикалық құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Талданатын жүйенің даму жағдайын сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді болжайды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі мүмкін сценарийлерін модельдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпарат қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 6

    Компьютерлік жүйе мен желілерде ақпаратты қорғаудың қазіргі кездегі құралдары мен принциптерін түсіндіреді. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғау жүйелерін қолданудың теориялық негіздерін қалыптастырады. Деректерді қорғауды жүзеге асыру үрдістерін, әдістерін және құралдарын жүйелі көрсетілуін, ақпараттық жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау үшін ақпаратты қорғауды жүзеге асыруды жоспарлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Арнайы курс «Программа құрастырудағы құрал жабдықтары »
    Несиелер: 6

    Жүйелік және инструментальды бағдарламалық жасақтамалардың теориялық негіздері мен әдістерін, жүйелік жоба құрылымын түсіндіреді. Delphi-дің кеңінен тараған визуалды бағдарламалау ортасында қарастырылған жұмысты анықтайды. Бағдарламаның негізгі жасақтамаларын, жаңа интернет технологиялардың жабдықтарымен жобалайды. Бағдарламалық жасақтама жүйелерінің өмірлік циклын құру және қолдау, бизнес-процестерді модельдеуге және CASE-технологияларын жобалауға бағытталған жаңа технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шифрлау теориясы
    Несиелер: 6

    Мәліметтерді нақты каналдар бойынша беру, берілген ақпараттың нақтылығын қамтамасыз етуді сипаттайды. Фоно кодын, префикстің қасиетін, кодтау-декодтауды түсіндіреді. Танымал шифрлерді зерттеуді, құпия сөздерді шешетін бағдарлама дайындайды. Кодтау бойынша әдебиеттерді зерттейді. Бір ақпаратты әр түрлі шифрды пайдаланып кодтауды жасауды өңдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 6

    Мәліметтер қорын қолданбаларының архитектурасын, мәліметтердің жиынтығы және индекстерін, өрістер мен мәліметтер типтерін меңгереді. Мәліметтерді басқару механизмдерін, сұраныстар мен сақтаулы процедуралар параметрлерін талдайды. Мәліметтерді іздеу мен бейнелеу компоненттерін пайдалануға бағыттайды. Мәліметтер қорын басқару жүйесі, мәліметтер базасын құру және өңдеу құралдарын практика барысында жүзеге асырады. Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қорына басшылық жасай алуды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару негіздері
    Несиелер: 6

    Жобаларды басқару тарихы мен негіздемесін меңгереді. Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлерімен танысады. Ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтын құрастырудағы ақаулардың экономикалық ықпалын қарасытырады. Жобаны бақылау жəне қалыпқа келтіру жолдарын қарастырады. Ақпараттық жүйелер жобаларын құру мен сүйемелдеу кезіндегі конфигурациялық басқарумен жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электронды үкімет
    Несиелер: 7

    Электрондық үкімет дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен таныстыру, қазіргі заманғы портальдармен қолдана білуге, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім-білік дағдыларын қамтамасыз ету, студенттерді мәліметтер қорын жобалау негіздерін, компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологияларды, желілік технологияларды болашақ кәсіп қызметінде тиімді қолдануға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі криптография
    Несиелер: 6

    Криптографиялық модельдеудің негізгі ұғымдарын сипаттайды. Жабық кілті бар шифрлаудың қарапайым әдістерін талқылайды. Деректерді криптографиялық түрлендіруді жүзеге асырады. Криптографиялық хеш-функциялармен жұмыс жасайды. Ашық кілті бар криптографиялық алгоритмдер және оларды пайдалану жолдарын тексереді. Шифрлау, бөгеуілге тұрақты кодтау және ақпаратты сығуды тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жүйелік бағдарламалау
    Несиелер: 7

    Жүйелік бағдарламалау ұғымы мен түсініктерін анықтайды. Жүйелік бағдарламалаудың функцияларын қарастыру мәселесін сипаттайды. Delphi ортасында программалаудың негізгі құрал-жабдықтарын түсіндіреді. Жүйелік бағдарламалаудың архитектурасын және жүйелік бағдарламалаудың үйлесімділігін, үрдісті басқару және ұйымдастыру, үрдіс және ядро ұғымын, үрдістің виртуалдық мекенжайлық кеңістігін сегментациялау жүйесін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • C++ негіздері
    Несиелер: 6

    С++тілінде программа құру және оны түзетудің техникалық тәсілдеріне баулу; оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Қойылған есепті шешу жолын дұрыс таңдай білуге, сол әдіс бойынша тиімді алгоритм құра білуге, есептеу жұмыстарында ағымдық нәтижені оңды бағалай біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Операциялық жүйелер құру негіздері
    Несиелер: 5

    Операциялық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге программаның аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысын, операциялық жүйе үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысын сипаттайды. Операциялық жүйелердің функциялары және қызметтері, жұмыс режимі, процессорды ұйымдастыру және басқаруды талдайды. Синхронды және асинхронды енгізу–шығару, файлдық жүйенің компонентері, файылдарды ұйымдастыру тәсілдері, жадыны басқару, виртуалды жадыны ұйымдастыру, жадыны үлестіру стратегиясын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Динамикалық жүйелер
    Несиелер: 6

    Кәсіби қызметте кез-келген эксперименттік тұжырымдарды сыни талдайды. Математикалық программалаудың жалпыға қызмет көрсету жүйесін сипаттайды. Бағдарламалаудың графикалық пакеттерінің теориялық негіздерін, қолданылу ортасымен жұмыс істеу принциптерін саралайды. Автоматтандырылып басқарылатын жүйелерде компьютерлі математикалық моделін құруды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • SQL Server ортасындағы программалау
    Несиелер: 6

    SQLServerортасындағы программалау тілдерінің қазіргі кездегі даму бағыттарымен танысады. Жоғары деңгейлі тілдерінің құрылымын оқып-үйрену, олардың қолдануы техникасымен және ерекшелігімен танысады. Қолданбалы есептерді бағдарламалауда айтылған тілдерді пайдалану тәжірибесін ұлғайтуға мүмкіндік алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Операцияны зерттеу
    Несиелер: 6

    Операцияларды зерттеу пәнінің автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс барысында зерттеу моделдері мен әдістерін игеруге, жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделін құруды, зерттеу есебін қоюды және математикалық колдануды үйретуге арналған. Операцияны бөлшектерімен бағалап және операцияны зерттеу есебінің тиімділігін алдын ала сандық дәлелдеуге дағды болу және үйренеді. Жүйенің немесе зерттелетін операцияның моделің құра алады. Зерттеу есебін қоюды және математикалык, моделдерің қолдануды үйреніп шығады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық жүйелердегі әкімшілік
    Несиелер: 6

    Желілік шешімдердің тиімділік деңгейін қарастырады. Клиент-серверлік өзара іс-қимыл және деректерді үлестіру өңдеуді ұйымдастыру үшін клиент-сервер архитектурасында жұмыс істеу үшін өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлейді. Желінің жұмыс қабілеттілігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды бағалайды. Компьютерлік желілерде адрестеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Нақты уақыттың операциялық жүйесі
    Несиелер: 5

    Бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын анықтайды. Операциялық жүйе қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалануды бағыттайды. Операциялық жүйенің эволюциясы және негізгі идеялар, пакеттік режим, уақытты бөлу және көпесептілік, қабілеттерін бөлуді талдайды. Уақыттың нақты масштабы, файлдық жүйелер және құрылымдарды анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Схемотехника негіздері
    Несиелер: 6

    Схемотехника-өңдеу әдістерінің қалыптасуының негізін білу, ақпарат өңдеу, алмастыру, қолдану барысында типтік тапсырмалардың сандық шешімдерін анықтайды. Схемотехниканың негіздерін оқытудың түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Логикалық ЭВМ элементтерін құру әдістерін ақпаратты қорғауда пайдалануды, кодтарды түрлендіруді, мультиплексорларда комбинациялық схемаларды синтездеуді тәжірибеде жүзеге асыруды тұжырымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағдарламаны өңдеудің құрал-жабдықтары
    Несиелер: 5

    Мәліметтерді игеру, құрал-жабдықтарды өңдеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді құруды жобалайды. Программалаудың қазіргі тәсілдерін зерттеу, объектіге бағытталған тілдерде программаларды өңдеуді толықтырады. ІТ-технологияларын зерттеу басқа да аралас салаларда сарапшылармен қажетті байланыстарды орнатуға, аппараттық құралдарды жетілдіріп, жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология
    Несиелер: 4

    Ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын жасау мен пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттайды. Мектепте ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарының даму тарихын анықтайды. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшіру, оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері, олардың заңдылықтарын талдайды. Білім беруде АКТ-ны пайдаланудың бағыттары мен болашағы, АКТ дамуының перспективалық бағыттары сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Интернет технологиясы
    Несиелер: 4

    Интернет технологияларын, ұйымдастыру және қызмет ету қызмет ету принциптерін түсіндіреді. Интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау, әдістерін иллюстрациялайды. Ақпаратты жіберу және өнеудің интернет туралы түсінігін анықтайды. НТML тілінде Web сайттар құрады. Интернет технология пәні халық шаруашылығы кәсіпорындарында автоматтандырылған басқару жүйесін құрастырады. Ғылыми және техникалық сферада кеңінен енгізілетін, ақпараттық технологияның аспектілерін зерттеп, өңдейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Желілік жүйе
    Несиелер: 4

    Компьютерлік желілерді жобалау жұмысының ерекшеліктерін сипаттайды. Жергілікті есептеу желілірін ұйымдастырудың және жұмыс істеудің негізгі үрдістерін анықтайды. Ақпаратты іздеу міндетіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз бетінше мониторингті іріктейді. Заманауи компьютерлік желілерді қолдануды бейімдейді. Ақпаратты іздеу мақсатында желілермен жылдам қызмет жүргізуін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графикалық құралдар
    Несиелер: 6

    Corel Draw векторлы программасының басты құралдарын, графикалық бейнелерді анықтайды. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеу, графика жүйелерін ұйымдастыру әрекеттерін сипаттайды. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Үшөлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру мәселесін саралайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • WEB дизайн
    Несиелер: 4

    WEB –технологияны қолдану ортасын жетік меңгеру. Интернет иерархия желісі ретінде. Клиент-Интернеттегі серверлік жоба. Компьютерлік желілермен жұмыс жасауды үйрену. Интернеттегі иерархия. Әртүрлі деңгейдегі WEB-технология. Желілер провайдер желісін біріктіру. ISP,POP,NAP түсініктері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • WEB технологиясы
    Несиелер: 4

    WEB –технологияны қолдану ортасы.Әртүрлі деңгейдегі WEB-технология. Интернетке ақпрат беру. TCP/IP стек хаттамалары. IP-маршрутизациясындағы процесс. Интернетке ақпараты беру тұрақтылығы. Интернетке адресация. Ат домендерінің жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Компьютерлік желілерді функционалдық, құрылымдық ұйымдастыру әдістерін, ішкі- сыртқы жад, процессор құрылымын, бағдарламалық компоненттер ұйымдастыруын түсіндіреді. Есептеу машиналарының жүйелерін, тораптарының құрылымын, функционалдық қағидаларын, есептеу жүйелерінің арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін тәжірибеде қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 6

    Робототехника роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерияны түсіндіреді. Курс барысында білім алушылар шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO, MINDSTORMS, EV3 оқу конструкторлары мен Arduino контроллерін пайдаланып тәжірибе жұмыстарын жүргізе алады. Тыңдаушылар алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, түрлі роботтар мен Arduino-ға негізделген құрылғыларды құрастырып, бағдарлама түзіп үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 6

    Компьютерлік графика негіздерін, техникалық құралдарының жүйесін анықтайды. Мультимедиялық қосымшаларды жасауда қазіргі технологияларды қолдануды тексереді. Жазықтықтағы кеңістік фигуралардың бейнелену құрылысының әдістерін дайындау, сызба көмегімен кеңістікті міндеттерді қарастырады. Сызба жасаудың геометриялық негіздері және олардың кешенді, аксонометриялық және перспективалы сызбаларда құрылу тәсілдерін тәжірибеде қолдануға бағыт береді. Компьютерлік графика есептерінің математикалық және алгоритмдік негіздерімен жұмыс жасауға баулиды. Adobe PhotoShop программасында бейнелерді өңдеуді әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиялық технология негіздері
    Несиелер: 6

    Мультимедианың техникалық құралдарын және мультимедиа ресурстарын дайындаудың бағдарламалық жабдықтарын анықтайды. Мультимедиалық технологияларды білім саласында қолданудың тенденцияларын сипаттайды. Мәтіндік, аудио, бейне және графикалық ақпаратты сандық формада саралайды. Компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеу жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік желілер
    Несиелер: 4

    Қазіргі заманғы желілік технологиялардың ерекшеліктерін, комьютерлік желілердің классификациясын, желілердің аппараттық және программалық қамтамаларын талқылайды. Локальды желілерді жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі желілік технологиялардың перспективі мен даму тенденцияларын қарастырады. Қазіргі кездегі операциялық жүйелерде желілік– аппаратық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдануды жоспарлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 4

    Жасанды интеллектінің негізгі ұғымдарын мен даму тенденцияларын меңгереді. Визуал Пролог декларативті программалау тілінің ортасы Жасанды интеллектінің негізгі ұғымдары мен даму тенденцияларын қалыптастырады. Жасанды интеллектіні зерттеудің негізгі бағыттарын қарасытырады. Жасанды интеллектіні зерттеуді тәжірибеде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Параллельдік есептеулер
    Несиелер: 6

    Ақпарттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігін меңгереді. Ақпараттық жүйе және оның құрылымын, классификациясын саралайды. Ақпараттық жүйелерді талдау және жобалауды жүзеге асырады. Ақпараттық жүйені құруға қажетті стандарттармен жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйелерді құруды ұйымдастырады. Ақпарттық модельдерді құрады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сараптау жүйесі
    Несиелер: 4

    Логикалық программалау тілінің түрлі салалардағы есептер бойынша сараптаушы программа құрудағы мүмкіндіктерін сипаттайды. Адамның ойлауын формальдандыру, информатикалық технологияны интеллектендіруді түсіндіреді. PROLOG және LISP жасанды интеллект проблемаларының есептерін шешіп, тәжірибе жүзінде қолдануға бағыттайды. Lisp тілінің бір ерекшелігі динамикалық жаңа объектілерді құрастырады. Бағдарламалық өнімдерді жасауда қазіргі заманғы істерді, стильдерді және аспаптарды қолдану дағдыларын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мобильді қосымшаларды құрастыру негіздері
    Несиелер: 4

    Заманауи мобильді платформалар, мобильді қосымшаларды жобалау және жетілдіру, мобильді қосымшаларды құрастыру негіздерін сипаттайды. Авторлық құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын анықтайды. Мобильді қосымшаларға программалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу және сапасын қамтамасыз ету, сараптамалық жүйелер мен деректер базасын жетілдіру, клиенттік оңтайландыру алгоритмдерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Обьектіге бағытталған программалау
    Несиелер: 6

    Объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгереді. Delphi программалау тілін қалыптастырады. Объектіге негізделген программалаудың негізгі тәсілдерін сипаттайды. Обьектіге бағытталған программалаудың ортасында бағдарлама құрып, бағдарламаға эксперимент жүргізуге бағыт береді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазуды, өңдеуді, тестілеуді, толықтыруды, талдауды, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Java бағдарламалау тілі
    Несиелер: 4

    Веб-қосымшаларды құру технологияларымен және құралдарын сипаттайды. Тегтердің қызметін, Web-беттерді жазуды, JavaScript тілінің негізін, Java бағдарламалар құруды, Java ортасында қосымшалар құруды, Java ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеуді, тесттерді құру және бағдарламаларды тестілеуді және мүмкіндіктерін баяндайды. Түрлі деңгейдегі Веб-технологияларды талқылайды. Веб-парақтарын жасау үшін програмалаудың тиімді әдістер мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Есептеу технологиясы арқылы Java, JavaScript тілдерін қолдану көмегімен интернетте программалауды ұйымдастыруға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дипломалды практика
    Несиелер: 8

    Мекеменің нақты технологиялық мүмкіндіктері, өндірістің ұйымдастырылуы және құрал-жабдықтардың эксплуатацияларымен танысады. Болашақ диплом алды жобаға сәйкес мекеме жұмыстарын үйреніп білу, қосымша әдебиеттер мен техникалық құжаттарды қолданады. Диплом жобасы барысында қарастырылатын тәжірибелік және макеттік жұмыстарда тәжірибе жинақтайды. Диплом жұмысының бағдарламалау бөлімі бойынша материалдар жинақтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жүйелік программалауға кіріспе
    Несиелер: 6

    Программалаудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін сипаттайды. Заманауи операциялық жүйелермен бағдарламалық қамтамасыз ету принциптерін түсінуді, автоматтандыру шешімдерін зияткерлік міндеттерін таңдай білуді үйретеді. Жүйелік бағдарламалау арқылы программаларды өңдеуді қолдануға бейімдейді. Қазіргі заман талаптарына сай қиын логикалық құрылымды программаларды құрастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • UML тілінің негіздері
    Несиелер: 6

    UML тілінің жалпы механизмдерін саралайды. UML тілінде құрылымдық түрдегі CASE-жүйелер: BRWin, ERWin, Model Mart ортасын пайдалана отырып жобалайды. Аспаптық құралдар классификациясы, әдістер және аспаптар, жобалау әдістері, унифицирленген моделдеу тілі, программалық қамтамаларды өңдеудегі өмірлік циклді қолдаудың аспаптық құралдарын, программа интерфейсін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математикалық қолданбалы программалар пакеті
    Несиелер: 6

    Жүйелерді модельдеудің типтік математикалық схемаларын айқындайды. MATLAB (Simulink) ортасында технологиялық үрдістерде және автоматтандырудың техникалық құралдарында басқарудың физикалық үрдістерін ұқсас моделдеудің замануи әдістерін сыни талдайды. MATLAB (Simulink) ортасының жұмысын сараптайды. Автоматтандыру жүйелері және құрылғыларды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сараптау жүйесі және интеллектуалды жүйе
    Несиелер: 4

    Сараптау жүйесі және интеллектуалды жүйелерін программалау мәселелерін шешуде теориялық және практикалық білім жинақтап, талдайды. Қазіргі қоғам талабына сай жаңа ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданып, сараптаушы жүйелерді әртүрлі салаларға арнап құрады. Логикалық программалауда жұмыс дағыдыларын үйренуін қамтамасыз ету және олардың жүйелі ойлап табу қабілетін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • С++ ортасында бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Дербес компьютерлердің программалық жабдықтамаларын, есептердің алгоритмдеу негізін, С++ программалаудың автоматтық негіздерін, С++ программалау тілінің класификациясын сипаттайды. Мәліметтерді өңдеу процесін алгоритмдеуді тәжірибеде қолдануға бағыттайды. С++ тілдерінде операцияларды орындауға эксперимент жүргізуге эксперимент жүргізеді. Қазіргі кездегі программалау тілдеріндегі негізгі құраушылары С, С++ тілінде программа жасауды жобалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON7

    Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана білу.

  • Код ON2

    Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға беру. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпретациялау, Құқықтық және демократиялық мемлекеттің құндылығы жалпы адамгершілік құндылығы туралы дағдысы болу керек.

  • Код ON14

    Бағдарламалық қамтамасыз ету саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, осы салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары, фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

  • Код ON3

    Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға беру, Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана білу.

  • Код ON13

    Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, жаңа білімді синтездеу және заманауи технологияларды маңызды түрінде ұсыну

  • Код ON1

    Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білім мен түсініктерін көрсету. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете білу.

  • Код ON11

    Компьютерлік графика жүйелерінің ұйымдастыру үрдістері, техникалық және бағдарламалық құрылымдарын, бейнені қалыптастыру және түрлендірудің негізгі әдістері мен алгоритмдерін, графикалық сұхбаттасу әдістерін, графикалық контроллерлер мен процессорлардың қызметтерін білуі;

  • Код ON12

    Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.

  • Код ON5

    Мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.

  • Код ON6

    Әлеуметтік этикалық, және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру, тұлғаралық, мәдениетаралық және өндірістік кәсіби қарым-қатынас мәселелрін шешу мақсатында қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай білу.

  • Код ON9

    Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу. Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану.

  • Код ON10

    Жаңа ақпараттық жүйе саласындағы білімдерді меңгеру, әлемдегі кәсіби жоғары бағдарламалаушылар тәжірибесін зерттеу, оқу, ортақтандыру, тарату және қолдану, кәсіби қызметте жоғары дәлелдемелерге ие болу, өзіндік білім алу және өзіндік танымға талпыну қабілеттерін игеру.

  • Код ON8

    Жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білу; математиканы оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, пәндік дағдыларды қалыптастыру, мектеп оқушылары арасында математикаға қызығушылық туғызу әдіс тәсілдерін меңгереді.

  • Код ON4

    Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларының болуы, өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту; өзін-өзі дамыту.

Top