Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02212 Отандық және дүниежүзілік тарих в Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Отан және дүние жүзі тарихының тарихи кезеңдерін, тарихнамысы мен дерекнамасын меңгертуге, Отан және дүниежүзі тарихын тереңдетіп оқыту арқылы этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының тарихи кезеңдері бойынша түсінік қалыптастыру, педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздерін білетін, кәсіби міндеттерді шеше алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
  • Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
  • Қазақстанның ежелгі тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірдегі тарихи үрдістерінің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы толық түсінік беру. Тас дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмір сүруі мен шаруашылығы, қола дәуіріндегі тайпалардың тарихы мәдениетінің пайда болуы мен дамуы,темір дәуіріндегі сақ, скиф тайпаларының саяси тарихы мен мәдениеті жайлы және Қазақстан аумағында ерте мемлекеттік құрылымдардың, түркі мемлекеттерінің тарихы қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 4

    Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту тарихының басты белгілерін және мемлекеттік инститтутарының пайда болу тарихын, адамзат дамуындағы жаңа қоғам- өркениеттік қоғамның даму тарихы жан-жақты талдап оқыту, үйрету және игерту, Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы, дамуы мен құлауы туралы қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология
    Несиелер: 3

    Археология саласы бойынша нақты білім және археология пәнінің негізгі мақсаты мен міндеті туралы түсінік қалыпттастыру, болашақ мамандардың тарихи танымы мен гуманистік көзқарастарын қалыптастыру. Археологияны оқып-білу өткен уақыт пен пен қазіргі кездің органикалық тұтастығын түсінуге, тарихи үрдістердің заңдылықтарын, әлемдік тарихтың іргелі де терең мәселелерін ашуға және де адамзат пен әлемдік мәдениеттің, әлемдік өркениеттің бастапқы тамырлары жайлы білім қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 2

    Құқықтық қатынастардың негізгі ұғымдары мен мәні, сондай-ақ құқықтық қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктері, құқықтық қатынастарда жауапкершілікті қолдану тәртібі. Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның пайда болу себептері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілік шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Пән кәсіпкерлік қызмет саласындағы білімді, ҚР кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құжаттарды, нарықтық экономиканы реттеудің негізгі тетіктерін, кәсіпкерлік фирма қызметінің экономикалық көрсеткіштерін, ҚР бизнесті ұйымдастыру нысандарын, нарық инфрақұрылымының негізгі элементтерін, оның ішінде қаржылық, бизнес-жоспарлауды, инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін, кәсіпкерлікке салық салуды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Палеография
    Несиелер: 4

    Палеография тарихи дереккөзді жан-жақты зерттеуге ықпал ететін қосалқы тарихи пәндерге жатады; ежелгі және қазіргі заманғы қолжазба мәтіндерінің сыртқы белгілерін зерттейді; палеографияны білу таным процесіне қажетті сенімділікті хабарлайды, қолжазба мәтіндерін оқуға, олардың жасалу орны мен уақытын анықтауға мүмкіндік береді, құжатта хабарланған ақпаратты дұрыс түсінуге, оның өзіндік және түпнұсқалық дәрежесін анықтауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнология
    Несиелер: 5

    Этнология пәні әлемнің этномәдени бейнесі туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді. Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ортағасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы
    Несиелер: 4

    Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың қалыптасуы, феодалдық қоғамның орнығуындағы өзіне тəн ерекшеліктері, кейбір Шығыс елдерінің Батыс Еуропа мемлекеттерінің отарына айналуы, орта ғасырлардағы Азия жəне Африка тарихы Қытай, Жапония, Индия, Индонезия, Египет, Закавказье елдердің әлеуметтік-саяси тарихын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан халықтарының мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша студенттер Қазақстанның көпұлтты халқын құрайтын түрлі этностардың мәдениетін зерделейді.Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениеті мен олардың сан қырлы тарихын әр түрлі географиялық табиғи және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, бір-бірімен тұрақты өзара қарым-қатынастары жайлы көрсетеді. Қазақстан халықтарының ұлттық әдебиеті, музыкасы, театры, кинематографиясы, олардың ерекшеліктері жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 4

    Қосалқы пәндер нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика, генеология т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ортағасырлық Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы саяси оқиғалар мен құбылыстар қарастырылады. Қазақстанның этносаяси дамуының алдыңғы түркі кезеңімен, Қазақстанның моңғол мемлекеттілігінің құрамына кіру үдерісімен, моңғолдан кейінгі мемлекеттік құрылымдардың қосылуымен, қазақ халқының тарихи жолдарын, оның әлемдік және еуразиялық тарихи және мәдени-интеграциялық үдерістердегі орнын, қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері жайлы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұлғалар арқылы тарих
    Несиелер: 4

    Тарихтағы тұлғалардың рөлі мен маңызы жайлы қарастырылады. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен белгілі тарихи тұлғалар мен саяси және мәдени өмірдегі тұлғалардың өмірі мен қызметі жайлы қамтиды.Отан және дүние жүзі тарихындағы маңызы бар тұлғалардың өмірбаяны мен қызметі мен ел тариыхандағы орны туралы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ортағасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Орта ғасырлар тарихындағы феодализмнің пайда болуы мен дамуы ерекшелігі оның ыдырауы және капиталистік қатынастардың дамуы туралы қарастырылады. "Орта ғасырлар тарихы" курсы 5-тен 17 ғасырға дейінгі мемлекеттердің саяси дамуын, әлеуметтік құрылымын және мәдениетін қарастырады.Ежелгі дүние тарихының Рим империясының құлауынан кейінгі саяси оқиғалар жайлы қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлем діндер тарихы
    Несиелер: 5

    Әлем діндер тарихы пәні буддизм, христиан және ислам сияқты әлемдік діндердің пайда болуы мен дамуын зерттейді. Студенттер қоғам мен мемлекеттің экономикалық, саяси және мәдени дамуы мен әлемдік конфессиялардағы діни ілімдер мен көзқарастардың эволюциясы арасындағы байланысты қарастырады. Әлем діндерінің қалыптасу тарихының алғышарттары мен даму бағыты туралы баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шығыс және Батыс елдерінің ортағасырлық мәдениеті
    Несиелер: 5

    Орта ғасырлардағы Шығыс және Батыс елдерінің мәдениетінің даму кезеңдері мен ерекшеліктері жайлы қарастырылады. Шығыс және Батыс елдерінің материалдық және рухани мәдениетінің эволюциясы, яғни айтқанда сәулет өнері әдебиет пен поэзия саласындағы өзгерістер мен дамуы жайлы және Шығыс және Батыс елдерінің мәдениетіндегі айырмашылықтары туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан тарихындағы діндер
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан тарихындағы діндердің дамуы мен рөлін зерттейді. Қазақстан тарихындағы діндердің қалыптасуының алғышарттары мен пайда болуы мен дамуы, қалыптасу негіздерін тарихи тұрғыда таразылау. Қазақстандағы ең кең таралған діндердің таралу тарихы мен орны жайлы қарастыру. Қазақ жеріндегі ең көне діндердің тарихына сипаттама бере отырып, қазақ тарихындағы орны мен маңызы туралы қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ортағасырлардағы саяси ойдың тарихы
    Несиелер: 5

    Ортағасырлардағы саяси ойдың пайда болуы мен эволюциясының тарихын зерттейді. Студенттер исламдағы саяси және құқықтық бағыттарды, Әл-Фараби, Ибн Син, Ибн Халдун, Мартин Лютер, Томас Мюнцердің мемлекеттік билік пен басқарудың мәні, адамзат қоғамындағы саяси және экономикалық қатынастарды өзгерту жолдары және діннің адам өміріндегі рөлі туралы еңбектерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлем мұражайларының тарихы
    Несиелер: 4

    Әлем мұражайларының қалыптасу алғышарттары мен дамуы жайлы қарастырылады. Әлемнің беделді мұражайларының қалыптасуының ерекшелігі мен олардың қазіргі кездегі тарихи маңыздылығы жайлы сипатталады. Еуропа ,Америка, Азия елдерінің танымал мұражайларының қалыптасуы мен даму тарихы мен тарихы мен маңызы жайлы баяндалады. Әлем мұражайларының қызметі мен деректік қорлары және жұмыс жасау бағыттары мен құқықтық тәртіптері жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мұражайтану
    Несиелер: 4

    Мұражай ісін зерттейді. Мұражайлардың адамзат қоғамының әлеуметтік-мәдени құбылысы ретіндегі жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу. Студенттер оқу барысында мұражайлардың шетелдік және отандық мәдениеттегі әлеуметтік институт ретінде дамуын зерттейді. Сондай-ақ білім алушылар мұражайлардағы практикалық жұмыстың негізгі кезеңдерімен танысады. Мұражайдың қалыптасуы туралы ақпарат, мұражай қорлары мен әлемнің жетекші мұражайларының экспонаттары туралы теориялық және практикалық мәліметтер береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шығыс пен Батыс елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 6

    Жаңа замандағы Батыс және Шығыс елдерінің тарихи даму ерекшеліктері, мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени, саяси, экономикалық салаларында болған нақты фактілер мен сапалы өзгерістері жайлы қарастырылады. Батыс және Шығыс елдерінің жаңа замандағы саяси оқиғалар мен жаңа замандағы тұлғалардың орны мен тарихи маңызы жайлы және жаңа замандағы Батыс,Шығыс елдеріндегі өзекті мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның жаңа замандағы тариндағы саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени оқиғалар және жаңа заманның өзекті мәселелері туралы қарастырылады. Қазақ хандығының Ресей империясының отарлық саясатына айналу процесі жайлы, жаңа замандағы Қазақстанның саяси тарихы, Қазақстан аумағында Еуразия халықтарының тарихымен өзара байланыста және өзара іс-қимылда болған рухани мәдениеттің дамуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны жайлы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Теориялық деректану
    Несиелер: 5

    Теориялық деректану пәні бойынша деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейелейтін және өзін жасаған субьект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу. Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары, тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері, жазба деректердің негізгі типтері, жазба деректерді түрлік сыныптау жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұрағаттану
    Несиелер: 4

    Пән мұрағаттану дамуының негізгі кезеңдерін және мұрағат ісінің қазіргі заманғы ұйымдастырылуын зерттейді. Студенттер мұрағат ісінің теориясы мен практикасы, мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық аппаратымен және мұрағаттық құжаттармен және материалдармен жұмыс істеу мәселелерін қарастырады.Тарихи деректер мен құжаттар,тарихнамалық әддебиеттермен жұмыс жүргізуді және оны сараптау, мұрағат ісінің қалыптасуы мен дамуы жайлы, Қазақстандағы мұрағат ісінің ерекшеліктері туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихи зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Тарих мамандығы бойынша білім алушы студенттерге зерттеу жұмысының мәні туралы жалпы түсінік беру; - тарихи зерттеулер бойынша өзіндік жұмыстар жүргізу үшін қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыру; Тарихи зерттеу әдістемесі бойынша зерттеулер тізбегінің жалпы схемасымен танысу; - зерттеу жұмысын ұйымдастыру принциптерін меңгеру. Тарихи дереккөзді және тарихи фактіні зерттеу проблемаларын жүйеленген түрде қарауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шығыс және Батыс елдері: қазіргі кездегі даму перспективалары және проблемалары
    Несиелер: 6

    Пән Қазіргі кезеңдегі Шығыс және Батыс елдерінің проблемалары мен даму перспективаларын зерттейді. Студенттер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін, соның ішінде Қытай, Үндістан, Жапония, Сингапур және басқа да Батыс елдерінің экономикалық және саяси жағдайын қарастырады, сонымен қатар қазіргі кездегі Шығыс және Батыс елдеріндегі өзекті мәселелердің етек алуы мен оны шешу жолдары туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақстанда мұрағат ісінің қалыптасуы мен даму тарихын зерттейді, әртүрлі тарихи уақытта мұрағат ісін ұйымдастыру кезеңдерін қарастырады, тарихи контексте теориялық және әдістемелік сипаттағы мәселелерді, мұрағат ісі бойынша заманауи заңнаманы ашады.Білім алушылар пән аясында Қазақстан Республикасындағы әр түрлі мекемелер мен ұйымдарды мемлекеттік басқарудың тарихи аспектілерін зерделейді.Сондай-ақ тарихи тұрғыдан әртүрлі тарихи уақытта Қазақстанда архив ісі және кадр саясаты бойынша мамандар даярлау мәселелері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ(орыс) тіл
    Несиелер: 3

    Мақсаты: қазақ/орыс тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту, оқу, жазу, айтылу, тыңдалымда коммуникативті дағдыларды дамыту, глоссарийді кәсіби қызметте еркін пайдалану, тілді арнайы мақсатта меңгерту. Мазмұны: Кәсіби тіл тәртіптік құбылыс ретінде. Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда қолдану. Қазақ (орыс) тіліндегі мамандық бойынша оқу пәнінің мазмұнының сипаттамасы. Кәсіби құзыреттілік: қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндерде бағдарлау, кәсіби мазмұндағы монолог және т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шет елдер тарихы бойынша дереккөздер
    Несиелер: 5

    Шет елдер тарихы бойынша дереккөздер пәні шет елдердің тарихы бойынша деректер кешенін зерттейді. Шет елдер тарихы бойынша дереккөздердің түрлері мен олардың тарихи маңыздылығы мен шынайылығы зерттеледі, сонымен қатар жазбаша, ауызша дерек түрлерін сараптау және олардың тарихи маңыздылығы жайлы қарастырылады. Деректердің түрлері мен хронологиясы, деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары жайлы оқыту және таныстыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 6

    Ғылыми зерттеу негіздері - тарих ғылымының бір саласы бола отырып, адамзат қоғамының ғылыми даму заңдылықтарын, сондай –ақ, жалпы тарихи әдістемемен таныстыру ғылыми шығармашылық, ғылыми ұйымдастыру және жоспарлау туралы түсінік беру, зерттеу, ғылым мен білік дамуының жалпы заңдылықтары туралы негізгі түсініктер беру өзіндік ғылыми жұмыс жүргізу жүйесін таныстыру, сонымен бірге көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың даму процесін жүйелі түрде анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Шығыс және Батыс елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 6

    Қазіргі замандағы Шығыс және Батыс елдерінің саяси және мәдени дамуындағы ерекшеліктері өзекті мәселелері қарастырылады. 1945 жылдан XXI ғасырдың басына дейінгі Батыс және Шығыс елдерінде болған негізгі оқиғаларды зерттейді. Пән студенттерде осы кезеңде болған негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестер туралы білімді, сондай-ақ осы тарихи уақыт аралығындағы халықаралық қатынастардың дамуы туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 6

    ХХ - басындағы тарихи процестерді, оқиғаларды; Қазақстандағы кеңестік жүйенің дамуы мен дағдарысын зерделейді, тәуелсіздікке деген күрделі және қарама-қайшы, бірақ бірыңғай және ажырамайтын Тарихи қозғалыстағы процесті, Тәуелсіз ҚР-ның қалыптасуын, оның әлемдік қоғамдастықтағы орнын, саяси жаңғыртудың негізгі бағыттарын, саяси жүйенің эволюциясын, әлеуметтік-экономикалық және мәдени саясаттың жетекші бағыттарын ашады. Қазақстанның қазіргі заман тарихыдағы саяси оқиғаларға анықтама беріп,таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі кездегі Орталық Азияның тарихы
    Несиелер: 6

    Пән бойынша Орталық Азия өңірінің қоғамдық-саяси жүйелерінің сипаттамалары мен деңгейлерін, ондағы экономикалық дамудың саяси тәртіптері мен модельдерінің әртүрлілігін, қазіргі уақыттағы елдер мен халықтардың жағдайын, Орталық Азия халықтарының этникалық құрамы мен тұрғылықты аумағындағы өзгерістерді айқындайтын саяси және идеологиялық сипаттағы мәселелерді; өңірдегі әлеуметтік, мәдени дамуын; өңірдегі қауіпсіздік проблемасын шешудің жолдары мен әдістерін ашады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Тарихи пәндерді оқыту әдістемесінің іргелі мәселелерін, оқу процесін зерттеу мен игерудегі әдістемелік дәстүрлерді тану, тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны, әдістері, Тарихты оқыту процесінің заңдылықтары, оқытудың, тәрбиелеудің білім беру мақсаттарын шешудің әдістемелік шарттарын; оқу сабақтарының дидактикалық және ұйымдастырушылық сипаттамаларын, оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлерін қолдануды қарастырады; оқыту әдістерін практикада қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ хандығы: ұлттық мемлекеттіліктің тарихи тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Қазақ хандығының қалыптасуының алғышарттары мен дамуы жайлы қарастырылады. Қазақ хандығы тарихының негізгі кезеңдері, оқиғалары баяндалады. Қазақ хандығы тарихын зерделеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін, Қазақ хандығындағы мемлекеттік құрылымының қалыптасуы және дамуының негізгі үрдістері, қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы кезеңінде Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық, этникалық, саяси, мәдени үдерістердің кезеңдерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының этнографиясы.
    Несиелер: 4

    Қазақ халқының ертеден келе жатқан аңыз-әңгімелері, отбасы мен неке қию ерекшеліктері, қолөнері, ою-өрнектері, ұлттық ойындары, эпостық жырлары, және музыкалық аспаптары және қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы қарастырылады. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік және шаруашылық-мәдени құрылымы, өмір сүру ерекшеліктері мен салт-дәстүрлердің сақталуы мен пайдалануы жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақстан аумағында ерте түркі мемлекеттерінің пайда болуының алғышарттары мен дамуы жайлы қарастырылады. Түркі тайпаларының саяси тарихы мен тарихи-мәдени тарихының ерекшелігі жайлы баяндалады. Ежелгі түркі этномәденитінің әлемдік өркениеттер тарихында алатын орны мен маңызы жайлы қарастырылады. Түркі халықтарының тарихи орналасуы мен шаруашылығымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихы
    Несиелер: 4

    Пән ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы тоталитарлық жүйе кезеңіндегі саяси қуғын-сүргіндер тарихының әртүрлі аспектілерін, халықтарды күштеп көшіру болып табылатын халықтардың өмірін айқындайтын биліктің ұлттық саясатының қағидалары мен әдістерін; Қазақстанға жер аударылған халықтарға қатысты саяси қуғын-сүргіндердің объективті көрінісін қайта құру мәселелері, оларды республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне біртіндеп енгізу процесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көшпелі қазақ өркениеті
    Несиелер: 5

    Қазақ көшпелі қоғамының пайда болуы мен даму үдерісі, көшпенділер феномені және ерекшелігін зерттейді; этногенез тұжырымдамасын, қазақтардың этникалық тарихын, дәстүрлі қоғамның құрылымын, көшпелі қоғамдағы меншік нысанын, хан билігі институтының қалыптасуын, эволюциясын және мәнін ашып көрсетеді, қазақтардың өзіндік мәдениетінің ерекшеліктерін, көшпелі қазақ менталитетінің ерекшелігін, мәдени аспектілерді және көшпенділердің өмір сүру салты жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының рухани - мәдени мұрасы
    Несиелер: 4

    Қазақ халқының рухани - мәдени мұрасы пәнін оқытуда студенттерге қазақ халқының рухани мәдениетінің құндылықты-мәндік мазмұны мен тарихилығын, бай мұралардың мағынасын, өркениеттік теория тұрғысынан халықтардың мәдени дамуындағы заңдылықтар мен бағыттарды, мәдени жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету. Сонымен қатар, Отанымыздың төл тарихын жетік білуге, ата – бабаларымыздың ежелгі мәдениетін, тұрмыс – салтын тарихи негізде, көршілес елдер және дүниежүзі тарихымен байланыстыра оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының материалдық мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 4

    Ежелгі Қазақстан және түркі дәуіріндегі қағанаттардың ескерткіштері және олардың материалдық мәдениеті жайлы және Қазақстан территориясындағы қоныстар мен тұрғын үйлердің көне дәуірдегі, орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы дамуы, Қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын дәстүрлі баспанасы, киім-кешегі және тағамына байланысты мәселелер жайлы қарастырылады. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің даму ерекшелігі мен тарихи маңызы туралы зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Пән кәсіби тілді адам қызметінің белгілі бір саласына қызмет ететін тәртіптік құбылыс ретінде зерттейді (мамандықтың ерекшелігін ескере отырып). Шет тіліндегі кәсіби терминология. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тіліндегі сипаттамасы. Кәсіби құзіреттілік: шет тіліндегі мәтіндерде бағдарлау, кәсіби мазмұнды монологиялық айту, ресми, кәсіби сипаттағы хат жазу кезінде ойларды, пайымдауларды, ақпаратты ұсыну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры
    Несиелер: 4

    Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтардың тарихы мен жағдайы жайлы қарастырылады. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, бүкіл дүние жүзіне тараған шетелдегі қазақтардың өзекті әлеуметтік-экономикалық, саяси, психологиялық және мәдени-тұрмыстық проблемаларын анықтау болып табылады, шетелдегі қазақтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі өзгерістерге негізделген қазіргі заманғы этносаралық және этникааралық процестерді зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның экономикалық тарихы
    Несиелер: 4

    Пән Қазақстан экономикасы генезисінің кезеңдерін және оның әртүрлі тарихи кезеңдегі экономикалық жағдайын зерттейді. Оқу үдерісі аясында білім алушылар Тарихи контексттің 16 19 ғғ.қазақтардың шаруашылық құрылымының ерекшеліктерімен өзара байланысына, 19 20 ғғ. тоғысындағы капиталистік қатынастардың қалыптасуына, кеңестік кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның қазіргі нарықтық моделіне назар аударады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем тарихының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    «Әлем тарихының өзекті мәселелері» пәні дүниежүзі тарихының алдында тұрған міндеттері мен әлем тарихындағы өзекті мәселелер жайлы қарастырылады. Әлем тарихын оқудың теориялық, нақты тарихи, деректік және тарихнамалық аспектілері, әлем елдерінің өзекті мәселелері мен саясаты, әлем елдерінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері мен оны шешу жолындағы іс әрекеттерін қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихнама
    Несиелер: 5

    Пән тарих ғылымын, тарих ғылымында бар тұжырымдамаларды, сондай-ақ тарихи танымның әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Тарихнама пәнінде ғылыми-тарихи білімдердің пайда болуы және жинақталуы, тарихи ойдың дамуы, тарихи ғылымның қалыптасуы және дамуы, әр кезеңдегі тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының дипломатиясының тарихы
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық-мемлекеттік құрылыс контексінде Қазақстан Республикасының дипломатия тарихын зерттейді. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындау, көпвекторлы сыртқы саясат моделін жүзеге асыру қажеттілігі, бейбітшілікті, қауіпсіздікті, ядролық қарусыздануды нығайту, халықаралық құқық нормалары негізінде әскери жанжалдардың алдын алу үшін қазақстандық дипломатияның БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы мәселелері қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
    Несиелер: 4

    Пән Қазақстан экономикасы генезисінің кезеңдерін және оның әртүрлі тарихи кезеңдегі экономикалық жағдайын зерттейді. Оқу үдерісі аясында білім алушылар Тарихи контексттің 16 19 ғғ.қазақтардың шаруашылық құрылымының ерекшеліктерімен өзара байланысына, 19 20 ғғ. тоғысындағы капиталистік қатынастардың қалыптасуына, кеңестік кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның қазіргі нарықтық моделіне назар аударады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарих ғылымының даму тарихы
    Несиелер: 5

    Пән тарихи білімнің қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясын, тарихи білімді кәсібилендіру процесін, тарихты ғылыми пән ретінде қалыптастыруды қарастырады; тарихи зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістерді ашады; өткенді тарихи оқиғаларды әртүрлі формаларын, тәсілдері мен деңгейлерін, әртүрлі дәуірлердегі тарихи ой өкілдерінің тұжырымдамаларын, отандық және шетелдік тарихшылардың көрнекті шығармаларын сипаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихты оқытудағы инновациялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Курс тарихты оқытудың инновациялық технологияларын іске асыру бойынша түлектердің кәсіби құзыреттілігінің практикалық құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын тарих сабағында қолдану, Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті жайлы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыстар тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Ресей империясының отарлық саясаты контексінде Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттейді. 1783-1797жж Кіші жүздегі Сырым Датұлы қозғалысының, 1836-1838жж Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісінің, 1837-1847 жж Кеңесары ханның ұлт-азаттық көтерілісінің және Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт- азаттық төңкерістің себеп-салдарлық байланыстары, оқиғалар барысы мен нәтижелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихындағы ұлт зиялылары
    Несиелер: 5

    Ұлт зиялылары туралы деректемелер мен тарихнамалық еңбектермен таныстыру, осы кезеңде қазақ қоғамындағы басқарушы саяси топтары және шығармашылық зиялы қауым арасынан шыққан көш бастаушы, қоғамдағы қайшылықтарды шешуге, қиын – қыстау сәтте қамал- қорғандай пана болуға ақыл – оймен ,ұйымдастырушылық және басқарушылық іс – әрекетімен қол жеткізген тұлғалар, ұлт зиялылары туралы мол мағлұмат беру, олардың көзқарастары,ұстанған позициясы мен қызметтерін талдау, оны тұжырымдау мәселелері туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шығыс және Батыс елдерінің тарихнамасы
    Несиелер: 5

    Шығыс және Батыс елдерінің тарихнамасындағы тарихи оқиғалардың кезеңдері мен дамуы , сондай-ақ нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың негізгі бағыттары мен ұстанымдарын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негіздерін көрсету. Тарихнамалық мәдениетті қалыптастыруда студенттерді тарихнамалық зерттеуде тарихилық принципін саналы түрде қолдануға бағыт беру. Шығыс және Батыс елдер тарихы тарихнамасының маңызды тарихи ғылымның даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-методологиялық принциптерін көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Азия мен Африка елдері тарихының өзекті мәселелері- құлдық, феодалдық, буржуазиялық және социалистік қоғамдық қатынастардың генезисінің ерекшеліктері қарастырылады. Еуропалық державалардың отарлық саясаты контекстіндегі экономикалық және технологиялық артта қалудың себептері, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйенің жойылуының тарихи маңызы және қазіргі әлемдегі Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Сингапурдың және тағы да басқа Азия және Африка елдерінің жетістіктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы
    Несиелер: 5

    Курс тарихи ғылымның, тарихи ойдың пайда болу, қалыптасу, даму үрдісін қарастырады. Тарихи білімнің мазмұны мен нысандарын ашады. Тарихи ғылымдағы қозғалысты анықтауға мүмкіндік береді, негізгі кезеңдерді анықтайды. Тарихи танымның түрлі әдістерін жетілдіру процесін, баламалы тарихи тұжырымдамалардың мәні мен мазмұнын қадағалайды. Тарихнама ҚР тарихы бойынша объективті білімді қалыптастыруға, оның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан Республикасы
    Несиелер: 5

    Тәуелсіз Қазақстанның егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастарының негізгі бағыттарының жүргізіле бастауы мен , белсенді сыртқы саясаттың даму ерекшелігі жайлы қарастырылады. Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы ұстанған позициясы мен белсенді жұмыстары және халықаралық байланыстар мен шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Қазақстанның БҰҰ, ШЫҰ, ТМД және т.б ұйымдарға мүше болуы мен қызметі жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Отан тарихының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Отан тарихының өзекті мәселелері курсы Қазақстан Республикасының қазіргі территориясында адам қоғамының қалыптасу процесін, оның дамуын, тарихи оқиғаларды объективті түрде жан-жақты дамуын нақты тарихи материал негізінде қарастыру. Қазақстан территориясында басқа мемлекеттермен тығыз байланыста болған тарихи оқиғаларды көрсететеін отандық тарихтың басты және жалпы тарихи процесстер бағытын көрсету. Отан тарихының өзекті мәселелері пәні боынша әртүрлі деректерден нақты ақпаратттарды ала білу; анықтамалық және ғылыми әдебиеттермен танысу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON5

    Тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жүйелеу және бағалау, тарих ғылымының тарихын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгеру, Деректанудың негізгі мәселелерін талдау, отан және дүниежүзі тарихының маңызды тарихнамалық мәселелерін негіздеу.

  • Код ON6

    Тарихи зерттеу принциптерін білу, жалпы ғылыми, арнайы тарихи әдістерді қолдану, ғылыми талдау технологияларын, зерттеу міндеттерін шешу әдістемесін меңгеру; кешенді ғылыми әдістер негізінде ақпаратты талдау, синтездеу және сыни тұрғыдан түсіну; эмпирикалық материалды жалпылау, жүйелеу; өзіндік зерттеу жұмысының тарихи гипотезасын логикалық растау немесе теріске шығару, ғылыми пікірталас жүргізу, оның ішінде орыс (қазақ), шет тілдерінде меңгеру.

  • Код ON13

    Отан және дүниежүзі тарихының, жаһандық процестердің даму логикасын олардың тарихи шарттылығында түсіну; тарих ғылымы дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін қолдану; мәдени әралуандық пен рухани мұраны белгілеу.

  • Код ON12

    Негізгі тұжырымдамалық тәсілдерге, отандық және дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелерін тарихнамалық түсіндіруге сүйене отырып, тарихтың даулы және пікірталас мәселелері туралы өз көзқарасын, пікірін дәлелдеу; тарихи ақпаратты талдау, қорыту.

  • Код ON1

    Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну, кәсіби қызметте қолдану үшін экономикалық, құқықтық ақпаратты жүйелеу, жинақтау, сондай-ақ нарықтық экономика мен кәсіпкерлік мәселелеріне бағдарлану, құқықтық, экономикалық тәртіп құбылыстарын талдау және кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарын білу.

  • Код ON7

    Тарихи оқиғаларды, фактілерді, тарихтағы тұлғаларды, әлеуметтік, мәдени дүниетанымдық негіздерін бағалау, отан және әлемдік мәдениеттің құндылықтар жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-тарихи жағдайларын анықтау, мәдени-тарихи дамудың ерекшеліктерін талдау, олардың өзара байланысы мен тарихи сабақтастығын көру, әлеуметтік-саяси дәуірлерді түсіндіру және қоғамдағы рухани мәдениеттің әлеуметтік мақсатын бағалау, дәстүрлерге, қоғамның рухани өміріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

  • Код ON8

    Мұражайдың, мұрағаттың әлеуметтік-мәдени институт ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін түсіндіру және талдау; мекемелер (мұрағаттар, мұражайлар) қызметінде тарихи-мәдени және тарихи-өлкетану функцияларын меңгеру және қолдану, білім беру мекемесінде өлкетану, мұражай, факультативтік және өзге де қызметті ұйымдастыру; кәсіби міндеттерді шешудің заманауи әдіснамасы мен әдістемесін көрсету.

  • Код ON3

    Дүниежүзі және отан тарихының дамуының тарихи серпіні мен кезеңділігін сипаттайтын негізгі фактілерді түсіндіру, тұжырымдамалық-теориялық проблемалар түсінігін әзірлеу, тарихи процестегі жалпы және ерекше мәселелерді айқындау, тарихи заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, оларды өз бетінше тұжырымдау.

  • Код ON4

    Өркениет пен мемлекеттердің тарихи үлгілерін, мемлекеттік-құқықтық институттардың, мәдениет ошақтарының қалыптасу және даму кезеңдерін, көшпенділіктің тарихи түрлерін, еуразиялық дала өркениетінің қалыптасу және даму кезеңдерін білу және түсіну.

  • Код ON9

    Инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыру дағдыларын меңгеру; ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды іске асырумен байланысты міндеттерді тұжырымдау және шешу; оқу-тәрбие процесінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесін меңгеру, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуді ескере отырып, тарихи пәндерді оқытуда оқытудың инновациялық технологияларын көрсету, ойлау мәдениетін дамытудың қағидалары мен заңдарын меңгеру.

  • Код ON14

    Кәсіби бағытталған, оның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы ауызша және жазбаша мәтіндердің функционалдық ерекшеліктерін білу мен түсінуді қолдану; ауызша және жазбаша мәлімдемелерде кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық бірліктерді тану және қолдану; кәсіби қарым-қатынас шеңберінде шет тілдік коммуникацияны жүзеге асыру.

  • Код ON2

    Тарих саласында білім мен тарихи түсінігін көрсету, тарихи білімнің ұғымдық аппаратын қолдану, тарихи дамудың жалпы үрдістері контексінде қоғамдық-саяси жүйелерді, мемлекеттік-құқықтық институттарды, экономикалық, әлеуметтік, мәдени процестерді салыстыру.

  • Код ON10

    Өз бетінше ақпараттық-танымдық іс-әрекетке қабілеттілігін, оның ішінде тарихи ақпараттың әртүрлі көздерінде бағдарлай білу, оны сыни тұрғыдан бағалау және түсіндіру қабілетін көрсету; ақпаратты өңдеу дағдыларына ие болу (талдау, синтездеу, түсіндіру, бағалау, дәлелдеу); сыни және шығармашылық ойлау; мақсат қою дағдыларын меңгеру, іс-әрекет тәсілін жоспарлау, таңдау, өз қызметін бақылау, талдау және түзету; логикалық пайымдауды құру, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, оның ішінде орыс (қазақ), шет тілдерінде жасау.

  • Код ON11

    Тарих курсын оқытуда педагогикалық іс-әрекет негіздерін практикалық қолдану дағдыларын меңгеру, тарихи дамудың саяси, әлеуметтік-мәдени, экономикалық факторларын, сондай-ақ тарихи пәндерді оқыту шеңберінде адами фактор мен өркениеттік құрамдастың рөлін салыстыру, талдау және түсіндіру.

Top