Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01504 Биология в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Ғылыми зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдерін тереңдете талдау мен бағалау. Докторанттардың дербес ізденуі мен зерттеу жүргізуіне қажетті құзыреттіліктер қалыптастыру. Ғылыми зерттеу жүргізудің арнайы және жалпы әдістерін, теориялық және эмперикалық зерттеу тәсілдерін әдеби мәтіннің көркемдік спецификасымен байланыстыра отырып классификациялау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи ботаниканың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Өсімдіктер систематикасын яғни, флористика және ботаникалық географияны зерттейді. Флористика белгілі бір аумақта өсімдіктер қауымдастығын зерттейді. Ботаникалық география жер шарында өсімдіктердің таралу ерекшеліктерін зерттейді. Тарихи ерте және қазіргі заман кезеңінде өсімдік жамылғысын қалыптастыру процестерін зерттеу, тану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыру
    Несиелер: 5

    Ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастырудың принциптері мен нысандары, оның нәтижелері, технология және технологиялар трансфері ұғымдарының мазмұны; Педагогикалық технологиялардың коммерциялық әлеуетін, оның пайдалылығы мен әлеуетті құнын бағалаудың негізгі әдістерінің мазмұны; Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кезеңдері, ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру модельдері; Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесінде зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалану құқықтарын қорғау; Ғылыми зерттеулер мен педагогикалық әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілері; Технологиялар трансфері. Мемлекеттік құрылымдармен, компаниялармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 4

    Докторанттардың ғылыми жұмыс жазуы мен ізденуіне, ғылыми стиль, дағдыларын меңгеруге қажетті құзыреттіліктер қалыптастыру. Академиялық хат түрлері мен жанрларын, өзіндік ерекшеліктерін терең талдау мен зерделеу. Рецензиялау, аннотациялау, ғылыми жұмыс, мақала, реферат жазудың, т.б. дағдыларын меңгерту

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биологиялық білім беру мен ғылыми зерттеудегі инновациялық технология
    Несиелер: 5

    Инновациялық технологиялар жайлы білім беру және инновациялық әдістерді оқу үдерісінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, сонымен қатар технология әдістерін меңгеру. Оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру, ғылыми болжамдарды өңдеу және жинақтау, педагогикалық зерттеулер әдістері мен ғылыми зерттеу нәтижелерінің теориялық негіздері мен мәліметтер базасынмен жұмыс жасау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық биология және гендік инженерия
    Несиелер: 6

    Тірі жасушалардың құрылысы мен қызмет етуінің негізгі фактілерімен, заңдары мен принциптерімен, сондай-ақ гендік инженерия әдістері мен принциптерімен танысу. Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметін, гендік инженерия принциптері мен әдістерін және оны молекулалық биотехнология мен медицинада қолдануды зерттеу. Молекулалық биология тұрғысынан шешілмеген биологиялық мәселелер талқыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биотехнология және бионанотехнологияның өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің өсуі мен дамуының фитогормональды реттелуі. Өсімдік жасушаларын өсіру және олардың ерекшеліктері. Өсімдік жасушаларын өсіру және олардың ерекшеліктері. Өнеркәсіп үшін метаболиттер жасушаларының биотехнологиясы. Өсімдіктер селекциясындағы жасушалық технологиялар. Өсімдіктердің микроклональды көбеюі. In vitro мәдениетінде өсімдіктердің гендік қорын сақтау. Өсімдіктердің гендік инженериясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON3

    Жаратылыстану ғылымдары білімінің интеграция процесін, логика жүйесін және ғылыми зерттеу әдістерін анықтайды.

  • Код ON4

    Заманауи ботаниканың, микологияның өзекті мәселелерін талдау жолымен терең ғылыми негізделген білімді қалыптастырады.

  • Код ON6

    Биологиялық білім беруде заманауи парадигмалар мен инновациялық технологияларды және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін кәсіби деңгейде қолданады.

  • Код ON1

    Ғылыми жұмыстар стилінің жазбаша ерекшеліктерін, академиялық мәтінді дайындау, рәсімдеу және редакциялаудың негізгі принциптерін, ережелерін, стандарттарын зерттеу нәтижелерін қорытындылауда қолданады.

  • Код ON2

    Инновациялық идеяларды пайдалана отырып биологиялық зерттеулер әдістемесінің ғылыми негіздерін талдайды.

  • Код ON5

    Нанокластерлік құрылымдарды, молекулалық биология мен гендік инженерияның заманауи жетістіктерін қолдану мүмкіндіктерін болжайды.

  • Код ON7

    Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін танудағы ғылыми көзқарастардың, іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы байланыстардың маңыздылығын нақтылайды.

Top