Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01506 География в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыру
    Несиелер: 5

    Ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастырудың принциптері мен нысандары, оның нәтижелері, технология және технологиялар трансфері ұғымдарының мазмұны; Педагогикалық технологиялардың коммерциялық әлеуетін, оның пайдалылығы мен әлеуетті құнын бағалаудың негізгі әдістерінің мазмұны; Ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кезеңдері, ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру модельдері; Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесінде зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалану құқықтарын қорғау; Ғылыми зерттеулер мен педагогикалық әзірлемелер нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілері; Технологиялар трансфері. Мемлекеттік құрылымдармен, компаниялармен, ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Географиялық білім берудің заманауи парадигмалары
    Несиелер: 5

    Білім беру парадигмаларының жіктелуі: эзотерикалық педагогика, технократтық педагогика, бихвористік педагогика, гуманистік. Білім беру парадигмаларының ерекшеліктері. Тұлғаға бағытталған білім беру.Теорияны енгізушілер Америка психотерапевті КарлРождес., Б.Г.Ананьев, Б.Г.Выготский, В.В.Давыдов,Л.В.Занков, Зинченко еңбектері. Білім берудегі ізгілендіру парадигмасы.Географиялық білім берудің парадигмасымәселені шешімін табудың концептуалды моделі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнде ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түсініктері, зерттеу жүргізудің ғылыми әдістері, түрлі ғылыми зерттеу жүргізуде қолданылатын әдістер тобын таңдаудың негізделуі, пәндік зерттеу саласына қатысты жалпы ғылыми, формальді-логикалық, пәнаралық зерттеу әдістері, ғылыми-зерттеу практикасының негізгі мәселелері қарастырылады. Пән зерттеу жұмысын жүргізу барысында пәндік зерттеу саласына қатысты ғылыми-зерттеу әдістерін, ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерінің нақтылығы мен оның тиімділігін бағалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 4

    Пәнде ғылыми мәтіннің құрылу принциптері мен тәсілдері, әр түрлі жанрдағы (ғылыми, ғылыми-оқу және т.б.) ғылыми мәтіндерді құру ережелері, ғылыми мәтіндерді жариялау үшін құру және редакциялау, белгілі бір ғылыми қызмет саласындағы академиялық дәстүрдің ерекшеліктері қарастырылады. Докторанттардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде жеткізе білу, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық мәтіндеді құру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Географиялық зерттеулердегі қашықтан зерделеу
    Несиелер: 5

    География ғылымын зерттеудегі ғарыштық аппараттардың рөлі мен типтері және ғарыштық технологиялардың рөлі. Ғарыштық аппараттардың функциялары мен ерекшеліктері. Жерді қашықтықтан зерделеу мәліметтерін пайдалану тәсілдері. Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеудің тәсілдері. Қазіргі геоақпараттық технологиялар және оларды географиялық ғылым мәселелерін шешуде қолдану ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • География ғылымының тарихы мен философиясы
    Несиелер: 6

    Б.з.д. VII-VI ғ. Ежелгі Грециядағы және б.з.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. XVI-XVII ғ. Галилео Галилей, Эратосфен, Страбон, Птолемейдің география жөніндегі еңбектері. Жаратылыстану ғылымының дамуындағы Араб және Отырарлық ғалымдардың рөлі. ХХ ғасырға дейін қалыптасқан классикалық ғылым: статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары. Дүние танымдық көзқарастағы дін мен философия. Қазақстан аумағының зерттелуі және отандық ғалымдардың еңбектері. Шексіз әлем: қазіргі астрофизикалық, космологиялық тұжырымдамалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастар және геосаясат
    Несиелер: 5

    Халықаралық экономикалық интеграция. Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары. Дамыған және дамушы елдер экономикасының ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері және оларды бірлесіп шешу бағыттары. Әлемнің геосаяси аймақтары. Еуропа, Азия, Африка, Австралия, мұхит аралдары және Американың саяси-географиялық құрылымын қалыптастыру. Ғаламдық және аймақтық саяси мәселелер . Бейбітшілікті сақтаудағы халықаралық ұйымдардың қызметі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON6

    Білім берудегі жаңа парадигмалар мен концепцияларды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жобалай алады.

  • Код ON1

    Қазіргі заманғы талапқа сай ғылыми нәтижелерді кәсіби тұрғыда көпшілікке таныстыру үшін академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі принциптерін, ережелерін, нормаларын біледі.

  • Код ON8

    Табиғи ресурстарды пайдалану көрсеткіштерінің қарқынын және оларды игерудің экономикалық саясатын салыстыра отырып, әлем елдерінде болатын геоэкологиялық жағдайды болжайды.

  • Код ON4

    Географиялық ілімдердің қалыптасу тарихы және ғылыми зерттеулердің қазіргі мәселелерін талдау арқылы географияның басым бағыттарын анықтайды.

  • Код ON2

    Инновациялық идеяларды жүзеге асыру үшін ғылыми мәтіндерді ресімдеудің формалары мен тәсілдерін, ғылыми зерттеулердің заманауи технологияларын меңгерген.

  • Код ON5

    Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін халықты оңтайлы орналастыру, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және қорғау жөніндегі жобаларды әзірлейді.

  • Код ON3

    Зерттеу әдістерін жүйелей отырып, теориялық талдау және эмпирикалық зерттеу негізінде ғылыми проблеманы қоюды және қалыптасқан міндеттерді шешуді жүзеге асырады.

  • Код ON7

    Қашықтықтан зерделеу мәліметтерін пайдалану арқылы геожүйедегі өзгерістерге мониторинг жүргізеді және олардың картографиялық үлгілерін құрастырады.

Top