Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07154 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M07154 -«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының мақсаты - органикалық заттардың химиялық технологиясы мен педагогикалық қызмет саласында білім алушылардың теориялық және практикалық жеке дайындығын тереңдете отырып, өзін-өзі дамыту қабілеті, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдылары мен іскерлігі бар магистрлерді даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M097 Химиялық инженерия және процесстер
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шетел тілі (кәсіби)
Жоғарғы мектептің педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары молекулалық қосылыстар технологиясы
Химиялық өнеркәсіптердегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Басқару психологиясы
Органикалық заттарды физика- химиялық талдау әдістері
Мұнай өнімдерін өндіру және тұтынудың экологиялық мәселелері
Табиғи қосылыстар химиясы мен технологиясы
Патентану
Органикалық заттар өндірісіндегі процестер мен аппараттар
Оқыту нәтижелері
- Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді және пәнаралық зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады
- Шет тілін білуін қолдана отырып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды және қорытындылайды; диссертация, ғылыми мақала, есеп түрінде ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылайды
- Университеттің психологиясы мен педагогикасы туралы білімдерін практикада қолданып, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, ғылыми-педагогикалық жұмысты жоспарлайды және орындайды
- Кәсіпкерлік дағдыларды, университеттік психология білімін, басқарушылық шешімдерді қабылдай отырып, стандартты емес өндірістік жағдайларда шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлау арқылы мамандар тобын басқарады
- Тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтай отырып, көмірсутекті шикізатты өңдеудің, органикалық заттар өндірісінің технологиялық процестерін басқарады, өндірістің оңтайлы технологиялық режимін негіздейді
- Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңарту мен қайта құрудың балама нұсқаларын әзірлейді.
- Эксперименттік зерттеулерді өз бетінше орындайды, алынған деректерді дәлелдейді, өз әзірлемелерін кең аудиторияға таныстырады; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырады
- Алынған білім мен іскерлікті докторантурада оқуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін дамытады, өмір бойы біліктілігін арттырады.