Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01303 Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Абайтану
    Несиелер: 3

    Абайдың гуманистік ілімдеріне бой алдырған толыққанды, адамзатты сүйетін, адамгершілігі мол, толерантты азаматты қалыптастыру. Абайдың мәңгілік құндылықтар туралы ойларына терең махаббат тәрбиелеу: оның өлеңдері мен прозаларында көрсетілген оқу, білім, ғылым, өнер, тәрбие, адамгершілік; ақын-ойшылдың дүниетанымына әсер еткен негізгі көздерді көрсету; Шығыс мәдениетінен, Ислам философиясынан шыққан Ар-намыс пен ар-ождан түсінігін игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент және электронды құжаттандыру
    Несиелер: 3

    Педагогикалық басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Мектептерді басқару. Мектепті басқарудың ұстанымдары мен принциптері. Педагогикалық басқарудың функциялары мен әдістері. Басқарудағы ақпараттық технологиялар. Көшбасшылық стильдері Этика және басқару мәдениеті. Маркетинг. Білім беруді ұйымдастырудың бәсекеге қабілеттілігі. Электронды журналдар,оқытушылар мен студенттерге мониторинг жүргізу және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық: тиімді басқару дағдылары
    Несиелер: 3

    Көшбасшылық негіздері. Жеке көшбасшылық теориялары. Мінез-құлық және жағдайлық көшбасшылық. Көшбасшы және команда. Функционалды (рөлдік) көшбасшылық. PAEI көшбасшылық стиліндегі функциялардың сәйкес келмеуі. Тиімді көшбасшылық стильдері. Тиімсіз көшбасшылықтың архетиптері. Ұйымдағы көшбасшылық стильдерін жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы
    Несиелер: 3

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары психологиясының базалық білімімен таныстыру. Мазмұны: дамудың әлеуметтік жағдайы және бастауыш сынып оқушысының даму психологиясы. Оқыту мен дамудың өзара байланысы заңдылықтары. Бастауыш сынып оқушысының физикалық және психикалық дамуы. Бастауыш сынып оқушысының тұлғалық дамуы. Оқу мотивациясының ерекшеліктері. Танымдық қабілеттердің диагностикасы. Құзыреттіліктер: бастауыш сынып оқушысының оқу әрекетін белсенділік сипаты мен жас ерекшеліктеріне байланысты құру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік типологиясы; кәсіпкерлік шешімдер; фирманың сыртқы, ішкі ортасы; кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары; құрылтай құжаттары; мемлекеттік тіркеу, лицензиялау; жұмыс істеу тетіктері; кәсіпкерлік тәуекелдер; кәсіпкерлікте еңбек ақы төлеу; кәсіпкерлік қызмет мәдениеті; қорғауға жататын мәліметтер тізбесі; кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері; қаржылық талдау әдістері; ШОБ бухгалтерлік есеп негіздері; салық салу; кәсіпкерлік қызметтің көрсеткіштері, тиімділігін бағалау әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған тілдік білім негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерге кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған тілдік білім саласынан теориялық және практикалық білім беру. Мазмұны: кіші мектеп жасындағы оқушыларға жаңартылған білім беруде тілдік білім жүйесінің негізгі заңдылықтары мен фактілері. Тілдің әлеуметтік мәні. Маңызды лингвистикалық ұғымдар. Тілдік бірліктер: дыбыс, фонема, сөз, морфема, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін. Орфоэпия және орфография. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу әрекеті және оның түрлері. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға қажетті тілдік дағдылар. Құзыреттіліктер: алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларда қолдану аясын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш мектептегі жалпы дамыту жаттығулары
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерді жалпы дамыту жаттығулары туралы біліммен қаруландыру. Мазмұны: Оқушылардың денсаулығын күшейту, физикалық сапаларын жақсарту. Дененің белсенді, дербес қозғалыс әрекетін тәрбиелеу. Денсаулықты сақтау, жақсартуға байланысты дене мәдениеті саласындағы білім жүйесін қалыптастыру. Физикалық сапаларды дамыту. Құзіреттіліктер: акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық, адамгершілік және еріктік қасиеттерін дамыта білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушылардыңжаратылыстану-ғылыми сауаттылығы негіздерімен таныстыру. Мазмұны: жаратылыстану-ғылыми сауаттылық метапәндік құзыреттілік ретінде. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты сипаттайтын құзыреттіліктер. PISA құралдары. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейлері. Жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту біліктері мен дағдыларының болжалды тізімі, оның бағыты. Тапсырмалар дайындау. Нәтижелерге әсер ететін факторлар. Оқу тәжірибесін қолдану заңдылықтары. Құзыреттіліктер: жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың мәнін түсінеді, білімді практикада қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сауатты жазу негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: жазбаша сөйлеуді дамыту. Мазмұны: жазбаша сөйлеудің мәні мен мазмұны. Жазу тарихы. Ауызша және жазбаша сөйлеудің айырмашылықтары. Графика және каллиграфия нормалары. Сауатты жазудың бірлігі ретінде орфограмма туралы түсінік. Жазудың негізгі категориялары. Сөйлеудің арақатынасы. Функционалдық сауаттылық негіздері. Сауатты жазу критерийлері. Орфографиялық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және жетілдіру. Пунктуациялық ережелер жүйесі. Құзыреттіліктер: емле ережелерін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған жаратылыстану-ғылыми білім негіздері
    Несиелер: 4

    Мақсаты: білім берудің жаңартылған жаратылыстану-ғылымимазмұнымен таныстыру және оны тәжірибеде қолдану. Мазмұны: табиғат зерттеу нысаны ретінде. Литосфера. Гидросфера. Атмосфера. Биосфера. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі. Өсімдіктердің алуан түрлілігі. Жануарлардың алуан түрлілігі. Организмдер және қоршаған орта. Географиялық қабық. Қазақстан Республикасы халқының тұрған жерін, табиғатын, тарихын, экономикасын, мәдениетін, өнерін және басқа да өмір аспектілерін зерттеу. Құзыреттіліктер: әлемнің тұтас бейнесі туралы түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп оқушысының даму физиологиясы
    Несиелер: 3

    Мақсаты: балалардың өсуі, дамуының жалпы заңдылықтары туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мазмұны: Бастауыш сынып оқушыларының физиологиясы, гигиенасы. Жүйке және сенсорлық жүйелер. Эндокриндік бездердің физиологиясы, жыныстық тәрбие. Тірек-қимыл жүйесі, вегетативтік жүйенің ерекшеліктері. Мектеп жағдайына қойылатын гигиеналық талаптар. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері. Құзыреттіліктер: жалпы физиологиялық заңдылықтары туралы білімді қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалы-практикалық әрекеттің және вокалды хор орындаудың негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: музыкалы-педагогикалық мәдениетті қалыптастыру. Мазмұны: ноталау негіздері, музыканың қарапайым теориясы. Музыкалы-педагогикалық әрекеттің ең тиімді әдістері мен тәсілдері. Вокалды хор орындау негіздері. Вокалды хор орындаушылық әрекеттің теориялық негіздері. Ән айту, ән айтудағы тыныс алу, дыбыстың қалыптасуы мен резонансы, дыбыстық шабуыл, дыбыстану. Хордағы дикция, динамика және агогика, интонация. Шығарманың көркемдік бейнесі. Құзыреттіліктер: музыка сабағын ұйымдастыру және өткізу әдістерін қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш мектеп педагогикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Мазмұны: бастауыш мектеп педагогикасының әдіснамалық, аксиологиялық негіздері. Мектептегі педагогикалық үдеріс жүйе және тұтас құбылыс ретінде. Жас, жеке дара даму ерекшеліктері. Қазіргі тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Дидактика. Жаңартылған бастауыш білім мазмұны. Қазіргі бастауышта оқытудың заңдылықтары, ұстанымдары, әдістері, құралдары мен формалары. Құзыреттіліктер: өздігінен білім алуға, инновациялық және шығармашылық қызметке дайын.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Арт білімі
    Несиелер: 5

    Отандық өнер мен көркем мәдениеттің ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы базалық білім. Курс өнердің барлық түрлерін қамтиды, бұл қазақтардың адамгершілік-эстетикалық әлемі эволюциясының жалпы көрінісін, әдет-ғұрып элементтерін және қазіргі қазақстандық келбетін қалыптастыру үшін олардың маңызын құруға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Мақсаты:студенттерді сандық технологияның мәні және оларды қолдану тәсілдерімен таныстыру. Мазмұны:білім беруді ақпараттандыру. Заманауи цифрлық технологиялар және оларды білім беруде пайдалану. Цифрлық білім беру ресурстарын жіктеу. Сапалы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу. Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі. ДББҰ НЗМ цифрлық білім беру ресурстары Қалыптасатын құзыреттіліктер:өзінің кәсіби қызметінде сандық технологияларды қолдану тәсілдерін меңгерген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Есеп шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын есеп шығаруға үйретуді ұйымдастыру дағдыларын, біліктерін, құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: мәтіндік есептерді шешудің түрлері мен әдістері. Құрама есептерді шешудің алгебралық және арифметикалық әдісі. «Математикалық модельдеу» бөлімінің міндеттері. Геометриялық шамалармен байланысты есептер. «Жиын. Логика элементтері». Оқушылардың шығармашылық, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Құзыреттіліктер: стандартты емес есептерді шешудің әдістерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жаңартылған мазмұндағы «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: «Дүниетану» пәнінің жаңартылған мазмұны бойынша білім мен технологияны қолданудың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: жаңартылған мазмұндағыпәнді оқыту әдістемесінің сипаттамасы. Оқу пәнінің мазмұны, жоспарланған оқыту нәтижелері. Ұғымдарды, түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. Оқытуды ұйымдастырудың формалары және оқыту әдістері. Сыныптан тыс жұмыстар. Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Құзыреттіліктер: дүниетану сабақтарын жүргізу кезінде оқыту әдістерін, формаларын, технологияларын қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш мектеп оқу пәндерін интеграциялау әдістемесі
    Несиелер: 4

    Мақсаты: бастауыш мектеп пәндерін интеграциялық оқыту әдістемесін үйрету. Мазмұны: пәндер арасындағы интеграциялық байланыстар. Интеграциялап оқытудың мәні, ерекшеліктері және оқу мотивациясын арттыруы. Интеграциялық сабақтарды жоспарлау ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар. Бастауыш мектеп оқу пәндерін интеграциялық оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері. Құзыреттіліктер: бастауыш мектеп оқу пәндерін интеграциялық оқыту мәні мен ерекшеліктерін модельдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: еңбек нарығындағы тіршілік қауіпсіздігі негіздерін қарастыру. Мазмұны: адам қауіпсіздігі жүйелері. Қазіргі қоғамдағы тұрақсыздандырушы факторлар, олардың алдын-алу әдістері мен әдістемелері. Алғашқы көмек көрсетудің техникалық-технологиялық негіздері, сондай-ақ төтенше жағдайларда санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау. Құзыреттілігі: қазіргі ортада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
    Несиелер: 3

    Мақсаты: болашақ бастауыш сынып педагогтерін оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің теориялық және әдіснамалық негіздерімен қаруландыру. Мазмұны: ұлттық құндылықтар мәселесінің ресми құжаттардағы орны. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген бастауыш білім беру құндылықтары. Тәрбиелеудегі құндылықтарға бағытталған тәсілдеме. Құзыреттілігі: ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелеудің инновациялық тәсілдемелерін игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экологиялық тепе-теңдікті сақтай отырып, қоршаған әлемге ұқыпты қарау тәсілдерін зерттеу. Мазмұны: табиғат пен қоғам қатынасының негізгі теориялары. Мальтузианизм және оның қазіргі заманғы түсіндірмелері. ҚР-дағы Тұрақты дамудың заманауи тұжырымдамалары, стратегиялары. Адам экологиясы мәселесі, сондай-ақ оның жаны мен денесінің денсаулығын сақтау. Құзыреттер: табиғат пен қоғамның экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың негізгі заңдылықтарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері
    Несиелер: 6

    Мақсаты: студенттерге кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету және кеңейту бойынша жұмыс істеуі үшін қажетті математикалық дайындықты қамтамасыз ету. Мазмұны: математикалық түсініктер, заңдар, ұғымдардың қасиеттері, фактілер, әрекет ету әдістері, логикалық және ойлау операциялары. Бастауыш мектеп математика курсының вариативті модельдері. Пәннің мазмұны, құрылымы және материалды қарастыру бірізділігі бастауыш математикалық білім мазмұнын жаңарту мен модернизациялаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Құзыреттіліктер: қарым-қатынас дағдыларын арттыру үшін математикалық тілді білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім алушылардың эмоционалдық интеллекті: теория және тәжірибе
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттердің оқушыларда эмоционалдық интеллектіні дамытудың теориясы мен практикасын игеруі. Мазмұны: студенттерде эмоционалды интеллект қалыптастыру мәселелері. Педагог-студенттердегі эмоционалды интеллектіні зерттеу моделі. Білім алушылар эмоционалды интелектін қалыптастыру үшін қолданылатын қазіргі дидактикалық құралдардың сипаттамасы. Эмоциялар және олардың түрлері. Сезім және эмоцияларды анықтау. Эмоционалды интеллект сипаттамалары: өзіндік сана, өзін-өзі реттеу, мотивация, әлеуметтік дағдылар, эмпатия. Құзыреттіліктер: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, мотивация эмоцияларын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық негіздері және жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің этикалық және заңнамалық негіздерін зерделеу. Мазмұны: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің конституциялық негіздері. Мемлекет және діни бірлестіктер. Діни бірлестіктерді тіркеу. Тіркеу кезінде заңнамалық негіздерді орындау. ҚР-да ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз етудің этикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелері.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтаудың өзекті мәселелері. Құзыреттілігі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі талаптарын түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттердің «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытып ұйымдастыру бойынша білімдерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: «Цифрлық сауаттылық» пәні - оқу пәні ретінде. Сабақ және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Түсініктер мен әрекет ету әдістерінің жүйесін сипаттау, бөлімдерді оқып-үйренудің жалпы тәсілмелері мен әдістемесі: компьютер; ақпаратты ұсыну және өңдеу; Интернет; есептеуіш ойлау, робототехника. Құзыреттіліктер: бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуды жобалау және ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Дербес тарихи-әдеби құбылыс ретінде балалар әдебиеті туралы біртұтас түсінік қалыптастыру. Мазмұны: балалар әдебиеті жалпы әдебиеттің бір бөлігі ретінде. Балалар әдебиетінің қалыптасуы және даму тарихы. Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері. Қазақ және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілері. Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі негізгі жанрлар мен тақырыптар. Мәнерлеп оқу көркем іс-әрекет ретінде. Ауызша сөйлеудің мәнерлілік құралдары. Құзыреттіліктер: балалар әдебиетінің ерекшеліктерін және оның көркемдік, педагогикалық компоненттерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экономика және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік өндіріс, мәні, нысаны, капитал құрылымы. Өндірістік шығындар Нарықтық экономикадағы өндіріс түсімі. Бизнестің тұжырымдамасы. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері. Меншік теориясы, басқарудың әлеуметтік формалары. Тауарлар, ақша. Әлеуметтік-экономикалық жүйе. Нарықтың пайда болуы. Қаржы жүйесі. Бизнесті дамытудағы мемлекеттің рөлі. Макроэкономика. Ресурстарды сақтау, экономикалық дамудың циклдік сипаты. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстан әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіндегі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мультимедиялық білім беру өнімдерін жасау практикумы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: мультимедиялық білім беру өнімдерін жасау дағдыларын меңгеру Мазмұны: мультимедиа білім беру құралдарының түсінігі, түрлері, жіктелуі. Ақпаратты берудің сызықтық, сызықтыемес тәсілі. Презентациялар, ойындар, интернет-ресурстар. Презентациялар, аудио, бейнеоқыту құралдарын құру. Аудиоредаторлар. Бейнереттегіштер. Бейнежазу, көру үшін ішкі, сыртқы құрылғылар. Сабақтарға аудио, бейне құрастыру. Құзыреттіліктер: мультимедиялық білім беру өнімдерін әзірлеу, қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Медиатіл
    Несиелер: 5

    Мақсаты: медиакеңістіктегі өзекті ағымдар туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Мазмұны: қазіргі мәдениеттегі "медиатіл" ұғымы. Медиатілдің тарихи-әдеби негіздері. Қазіргі заманғы экрандар мен әлеуметтік желілердегі әдеби кейіпкерлердің интерпретациясы. Балаларға арналған вербальды-вербальды емес, аудиовизуалды көркем шығармалар. Қазіргі заманғы көркем балалар шығармалары медиатілдің саласы ретінде. Құзыреттіліктер: визуалды, музыкалық, тактильді бейнелермен үйлестірілген медиатілдің кең спектрін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ілгермелі шетел тілі (ағылшын тілі)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: шетел тілін тереңдетіп оқыту. Мазмұны: Тақырып бойынша толық баяндамалар. Жаңалықтар мен репортаждар. Қазіргі заманғы проблема бойынша мақалалар мен хабарламалар, қазіргі заманғы көркем проза. Таныс мәселе бойынша пікірталасқа белсенді қатысу, өзінің пікірін түсіндіру және қорғау. Өзекті мәселе бойынша «қолдаймын» және «қарсымын» барлық дәлелдерді айту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: математиканы оқытуды ұйымдастырудан білім, білік және құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Математиканы оқыту әдістемесі - ғылым және оқу пәні. Математиканы оқытудың мазмұны, құралдары, әдістері мен формалары. «Сандар және шамалар», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» бөлімдері және оларды оқыту әдістемесі. Құзыреттіліктері: математиканы оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыру кәсіби біліктерін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ (орыс) тілі (В2)
    Несиелер: 5

    Мақсаты:қазақ және орыс тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді толық меңгерген тұлғаны қалыптастыру. Мазмұны:сөйлеу мәдениетін анықтау. Сөйлеу дұрыстығы. Сөзді дұрыс таңдау, сөздің формалары. Сөздің дәлдігі. Сөйлемдерді дұрыс құру. Сөйлеу мәнерлілігі. Кәсіби саладағы сөйлеу мәдениеті. Белгілі бір коммуникативтік жағдайлардағы сөйлеу жаттығулары. Тілдік мінез-құлық этикасы. Іскерлік қарым-қатынас түрлері. Қалыптасатын құзыреттіліктер:орыс және қазақ тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі коммуникацияға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерде бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың теориялық, практикалық білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Жеке тұлғаға бағытталған инновациялық технологиялар. Бейімдеп, жобалап оқыту технологиялары. Модульдік оқыту. Сыни тұрғыдан ойлау. Кейс әдісі. Тілдік портфолио. Ақпараттық технологиялар. E-Learning. «Clil» технологиясы. «Life Long Learning» – үздіксіз оқыту технологиясы. Құзыреттіліктер: ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік және білім беру саясатындағы инклюзивті білім берудің рөлі. Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, модельдері, формалары, түрлері. инклюзивті білім берудің педагогикасы мен психологиясы. Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Инклюзивті білім беру жағдайында ЖТД бар тұлғаларға арналған жеке білім беру бағдарламалары мен бағыттарын жобалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаңартылған мазмұндағы «Ағылшын тілі» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: заманауи талаптарды ескере отырып, бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістері, формалары мен ұстанымдарын игеру. Мазмұны: Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен мазмұны. Ұстанымдары мен оқыту құралдары. Сөйлеу әрекетінің түрлерін оқыту. Ағылшын тілі сабағы. Бастауыш мектептер үшін ағылшын тілінен заманауи ОӘК критерийлері мен талдауы. Құзыреттіліктер: Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту үдерісін ұйымдастыру және ағылшын тілін оқыту кәсіби дағдыларын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ (орыс) тілі» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қазақ (орыс) тілін оқытуды ұйымдастыруға қажетті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: бастауыш тілдік білімнің жаңартылған бағдарламалары. Бастауыш сыныптардағы қазақ (орыс) тілі курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттары. Қазақ (орыс) тілін оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Қазіргі қазақ (орыс) тілі сабағының түрлері. Құзыреттіліктер: бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқытуды жобалау және ұйымдастыруға қажетті кәсіби біліктерді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жаңартылған мазмұндағы «Жаратылыстану» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстану пәнін оқытуды жоспарлау мен ұйымдастырудың практикалық білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Жаратылыстану курсының ғылыми-әдістемелік негіздері. Әдіснамалық негіздері. Пән мазмұнының ерекшеліктері. Жоспарланған нәтижелерге жетуін бағалау жүйесі. Пәнді оқыту әдістері мен формалары. Балалардың тәжірибелік-эксперименттік әрекеті. Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру. Құзыреттіліктер: бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстануды оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жаңартылған мазмұндағы "Дене шынықтыру" пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерді жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға теориялық және практикалық даярлау. Мазмұны: «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. «Дене шынықтыру» пәнінің жаңартылған мазмұны. Пәнді оқытудың әдістері, құралдары, формалары. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу. Құзыреттілік: дене шынықтырудың теориялық негіздері мен технологиясынан білімдерін қолдана алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Музыкалық психология
    Несиелер: 6

    Мақсаты: музыкалық іс-әрекетке қосу арқылы студент тұлғасын қалыптастыру. Мазмұны: Музыкалық психологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуы. Музыкалық дыбыс, адамның есту қабілеті. Музыка, оның қызметін зерттеу. Музыкалық орындаушылық әрекеттің психомоторы. Музыкалық шығармаларды қабылдау арқылы оны сезіну. Адамның музыкалық әрекетінің механизмдері, заңдылықтары. Тұлғаның музыкалық тәрбиесі. Құзыреттіліктер: жеке тұлғаны қалыптастыру үшін музыкалық іс-әрекет түрлерін қолдана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • АТ жобаларын басқару
    Несиелер: 6

    Мақсаты: АТ саласындағы жобаларды басқарудың қазіргі әдістемелері туралы студенттерге түсінік беру, қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Мазмұны: АТ-жоба конфигурациясын басқару. АТ-жобаны басқару стандарттары. АТ-жобаны басқарудың негізгі үдерістері (мерзімдерді, бағаны, ресурстарды, сапаны, тәуекелді жобалық басқару). АТ-жобаларды басқарудың ақпараттық жүйелері. Инновация үдерісі жетістігінің факторлары. Құзыреттіліктер: жобаларды басқарудың теориялық негіздері, базалық тұжырымдамаларын білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: ШЖБМ жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруғ қажетті білім, білік дағдылармен құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: ШЖБМ-дегі оқу үдерісінің ерекшелігі. ШЖБМ-де жаңартылған білім мазмұнын іске асыру. Оқыту технологияларын енгізу. ШЖБМ-дегі білім беру үдерісінің жетілдірілуіне мониторинг жасау. Құзіреттіліктер: ШЖБМ жағдайында педагогикалық үдерісті жобалау және ұйымдастыру үшін қажетті кәсіби біліктерді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім алушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін дамыту
    Несиелер: 5

    Мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау. Мазмұны: Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру: ғылыми ақпараттарды жинақтау және өңдеу. Зерттеу жұмысының безендірілуі: зерттеу әрекетінің нәтижелерін таныстыру. Мәтіннің тақырыптық құрамын көру, танысу, зерделеу, нақтылау деңгейінде айқындау. Ақпарат көздерімен жұмыс. Зерттеуді жоспарлау, эксперимент жүргізу. Зерттеу жұмысын қорғау. Нәтижелерді талқылау. Құзыреттіліктер: зерттеуді ұйымдастыра білу, нәтижелерді рәсімдеу және таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көптілділік жағдайында бастауыш мектеп пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: үш тілділікті ескере отырып, бастауыш сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Мазмұны: көптілділік тұрғысынан бастауыш білімнің жаңартылған мазмұны. Көптілділік жағдайында білім беру салалары бойынша бастауыш сыныптардағы оқу пәндерін оқыту әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері. Оқушылардың жетістіктеріне мониторинг жасау. Құзыреттіліктер: үштілділікті ескере отырып, бастауыш сыныптардағы оқу үдерісін ұйымдастыруды білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Жаңартылған мазмұндағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: әдебиеттік оқуды ұйымдастыруға қажетті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: бастауыш әдеби білімнің жаңартылған бағдарламалары. Әдебиеттік оқу курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттары. Әдебиеттік оқуда оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Қазіргі оқу сабағының түрлері. Құзыреттіліктер: бастауыш мектепте әдебиеттік оқуды жобалау және ұйымдастыруға қажетті кәсіби біліктерді меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • «Әліппе» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Мақсаты: болашақ педагогтің сауат ашудың теориялық негіздері мен әдістемесін игеруі. Мазмұны: сауат ашу әдістемесінің мақсат-міндеттері, теориялық негіздері, мазмұны. Пәннің құрылымдық-мазмұндық болмысы.«Әліппе» пәнін оқыту үдерісі. «Әліппе» пәнін оқытудың дыбыстық талдау-жинақтау және иновациялық әдіс-тәсілдері. Құзыреттіліктер: әліппе сабақтарын оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану, креативтілік таныту, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Робототехника және бастауыш сынып оқушысының есептеуіш ойлауы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: робототехника және есептеуіш ойлауға оқытуды ұйымдастыру бойынша білімін, дағдыларын мен құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: мектептегі және сыныптан тыс жұмыстардағы робототехника және есептеуіш ойлау. Бөлімдер: алгоритмдер; бағдарламалау; жалпы робототехника; роботтардың қозғалысы; сенсорлар мен қозғалтқыштар. Түсініктер мен әрекет тәсілдерінің сипаттамасы, оқып-үйреу әдістемесі. Оқытудың әдістері, құралдары мен формалары. Құзыреттіліктер: робототехника, есептеуіш ойлауға оқытуды жоспарлау мен ұйымдастырудың кәсіби біліктерін меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме
    Несиелер: 5

    Мақсаты: бастауыш білім беруде метапәндік тәсілдемелерді іске асыру үшін қажетті біліктер мен іс-әрекет әдістерін қалыптастыру. Мазмұны: оқытудағы метапәндік тәсілдеме. Метапәндік дағдылар, әмбебап оқу іс-әрекеті. Метапәндік құзыреттілікті қалыптастырудың технологиялары мен тәсілдері. Метапәндік нәтижелер. Метапәндік нәтижелерді бағалау. Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайындағы метапәндік тәсілдеме. Құзыреттіліктер: метапәндік тәсілдеме аясында оқыту үдерісін тиімді басқаруды және рефлексия тәсілдерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • АТ-бастауыш білім беру өнімдері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттерде бастауыш білім берудің АТ-өнімдерін құру туралы білімді қалыптастыру Мазмұны: онлайн-модуль. Жоба мен өнім арасындағы айырмашылық. Өнімді жасау бойынша идеяларды іздестіру үдерісін қалыптастыру және басқару тәсілдері. Жаңалықтарды іске асыру үдерісін іске қосу. Инновациялық АТ-өнімдер ретінде стартаптарды құру және жұмыс істеу ерекшеліктеріне шолу. Құзыреттіліктер: бастауыш білім берудің АТ-өнімдерін жасауға қабілетті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мектеп пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)
    Несиелер: 4

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын оқытуда АКТ қолдану. Мазмұны: бастауыш мектеп пәндері бойынша бағдарламалар, Internet желісінде жұмыс істеу, ақпарат алмасу және сақтау, білім беру порталдары мен сайттары, онлайн ойындар және тренажерлер, электрондық оқу ресурстары. Мультимедиа, бейне, аудио оқыту құралдарын құру. Құзыреттіліктер: АКТ-ның жеке ресурстарын әзірлеу және дайын ресурстарын пайдалану

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Аппараттың қойылымы және орындаушылық (домбыра, фортепиано, баян, аккордеон, гитара)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: музыкалық-орындаушылық мәдениет дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Ойнайтын аппараттың қойылуы, аспапта еркін отыру. Музыкалық дыбыстың сипаттамасы, екі кілтте ноталық жазба, дыбыстардың әріптік белгіленуі. Музыкалық аспапта ойнаудың негізгі тәсілдері (қимылды және дыбыс шығару тәсілдері). Ноталық мәтінді сауатты талдау, жеңіл шығармаларды мазмұнды және мәнерлі орындау. Құзыреттіліктер: аспапта ойнай біледі, жеңіл шығармаларды өздігінен талдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қашықтан оқытудың әдістемесі мен технологиялары
    Несиелер: 3

    Мақсаты: студенттердің қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Қашықтан оқытудың негізгі ұғымдары мен технологиялары. Интернет-білім беру, виртуалды білім беру. Оқу сабақтарының типологиясы мен түрлері: Интернет-сабақтар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, қашықтық олимпиадалар, жобалар, конкурстар, вебинарлар. Қашықтан оқытудағы диагностика және бағалау. құзыреттіліктер: өзінің кәсіби қызметінде қашықтан оқытудың тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Критериалды бағалау технологиялары
    Несиелер: 4

    Мақсаты:критериалды бағалау технологиясын қолданудың теориялық негіздерімен танысу. Мазмұны:оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдары. Бағалау қызметінің мәселесі. Критериалды бағалау технологиясының моделі. Бағалау ұстанымдары. Бағалау кезеңдері мен құралдары. Критериалды кестелер-айдаршалар. Формативті бағалау және жиынтық (ішкі және сыртқы) бағалау. Жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау. Білім беру нәтижелерін бағалаудың жас ерекшеліктері. Құзыреттіліктер: критериалды бағалау технологиясын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Мақсаты – студенттерді жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбекті» оқытуға қажетті білім, біліктермен қаруландыру. Мазмұны: жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбекті» оқытудың теориялық негіздері. Бейнелеу өнері негіздері. Бұйымдар дайындау техникасы. Сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру бойынша практикалық іс-әрекеттерді қалыптастыру әдістемесі. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек сабақтарын және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі. Құзыреттілік: көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері мен технологиясын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON5

    ОН5 - кәсіпкерлік идеяны іске асыру формаларын қолданады: бизнес-жоспар және техникалық-экономикалық негіздеме; іскерлік шешімдер қабылдау үшін қажетті тез өзгеретін экономикалық ақпараттың рөлін түсінеді;

  • Код ON1

    ОН1 - Құқықтық және экологиялық білімді пайдаланады, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың біртұтастығын көрсетеді; академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаларын түсіне отырып сақтайды;

  • Код ON8

    ОН8 - бастауыш мектеп пәндерінің мәнін, олардың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін бағалайды; оқушының жетістіктерін критериалды бағалауды қолданады;

  • Код ON2

    ОН2 - білімін қазіргі заманғы лингвистика саласындағы теориялық негіздер мен ережелер тәжірибесінде қолданады, мақсатты тілдерде қарым-қатынас жасайды: қазақша Т1, орысша Т2, ағылшынша Т3, лингвистикалық мәдениет;

  • Код ON4

    ОН4 - салауатты өмір салты технологиясын қолданады, студенттерді психологиялық қолдау негіздерін біледі, мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін орындаушылық, вокалды-хор, көркем әрекет, эстетикалық, рухани сапалар негіздерін игереді;

  • Код ON9

    OН9 –оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талдай алады, барлық субьектілердің әрекетін бағалай алады, заманауи әдістерді, оқыту технологияларын жобалайды, таңдайды және қолданады, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және жүргізеді, кері байланыс алудың әдістері мен құралдарын игереді, рефлексия әдістері мен тәсілдерін қолданады; жобаны басқарудың теориялық негіздері мен базалық тұжырымдамалары туралы білімді меңгереді.

  • Код ON7

    ОН7 - білім беру үдерісінде жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі іс-әрекеттерді, заманауи цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ұйымдастыру амалдарын қолданады.

  • Код ON10

    ОН10 - теориялық білімді практикада қолданады, практикалық қызмет саласында педагогикалық шеберлік пен зерттеу дағдыларын дамытады; бастауыш білім беру АТ-өнімдерін жасауға қабілетті; әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген; әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген;

  • Код ON6

    ОН6 - оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын қолданады, оқушылардың субъективтілігін, коммуникативтілігін, адамгершілік пен толеранттылықты, ынтымақтастық және сыни ойлау қабілетін дамыту үшін оқыту мен тәрбиелеуде әдіснамалық тәсілдемелерді қолданады; зерттеу әрекеті мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсетеді;

  • Код ON11

    ОН11 - психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістерін модулдейді, өнімді жасау үшін гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түрде түсіндіру үшін әртүрлі дереккөздерден ақпаратты талдайды, жинақтайды, шығармашылықпен түрлендіреді.

  • Код ON3

    ОН3 - психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, спецификалық және жеке сипаттамаларын және инклюзивті білім беру құндылығын есепке алу құралдарын қолдана біледі;

Top