Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01605 Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихы в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Қазақстан тұрғындарының мәдени және діни тәжірибелері (ХІХ-ХХ ғ. басы)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Дін мен мәдениетке қатысты имперлік саясатты қарастыру. Мазмұны: Тұрғындардың мәдени және діни тәжірибиесі: негізгі конфессиялардың мінәжат орындары мен ғибадатхана кешендерінің ерекшелігі. Қала, ауылдағы дінге, мінәжат орындарына қатысты имперлік саясат. Діни тәжірибедегі салт-жоралар. Мәдени тәжірибе: түрлері, мерекелер, салт-дәстүрлер, тамақтану. Қалыптасатын дағдылар: күнделікті мәдениетке қатысты мәтіндерді талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың күнделікті өмірі (ХІХ-ХХ ғ. басы)
    Несиелер: 5

    «Жаңа әлеуметтік тарих» дамуының кезеңдері, негізгі бағыттары, құрамдас компоненттері, зерттеу обьектісі мен әдістері. Әлеуметтік тарихтағы деректердің түрлері мен оның зерттеу әдістері. Қазақ қоғамы:әлеуметтік құрылымы, ирерархиясы, динамикасы. Жаңа әлеуметтік санаттар мен оның құрамы, иерархиялық жүйесі, шендер мен рангтер. 1897 жылғы Жалпыхалықтық санақ бойынша қазақ тұрғындары, әлеуметтік және отбасылық құрамы,жас ерекшелік топтары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • 1917-1991 жылдардағы Қазақстан қала тұрғындарының күнделікті өмірі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Қаланың күнделікті өміріне кешенді талдау жасау. Мазмұны: Қала әлеуетінің әлеуметтік құрылымы. Тұрғындардың саны мен құрамы.Қалалық отбасы.Қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі. Қоғамдық өндірістегі еңбек. Білім деңгейі. Қалалықтардың тұрғын-үй,тұрмыстық жағдайы, бос уақыты, күнделікті мәдени өмірі. Тамақ сапасы мен киім стилі Дағдылар: Әлеуметтік тарихтың әдістері мен статистикалық талдауды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылымның тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық процестер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • 1945-1991 жылдары Қазақстандағы кеңестік педагогтардың әлеуметтік өмірі мен тұрмысы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Кеңестік педагогтардың күнделікті өмірін зерттеу және талдау. Мазмұны: Кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымы. Билік пен идеология. Педагогтардың сандық, этникалық, гендерлік сипаттамасы. Әлеуметтік-құқықтық, материалдық жағдайы. Педагогикалық білімі. Кәсіптік-біліктілік деңгейі.Қоғамдық-мәдени және саяси келбеті. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрмысы. Қоғамдық жұмыс. Өмір-сүру жағдайы. Қалыптасатын дағдылар: Мәдениеттің күнделіктілігі бойынша түсінікті игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: педагогикалық қызметке арналған ғылыми-педагогикалық базаны қалыптастыру. Келесі тақырыптар қарастырылады: Педагогика ғылым, категориялар, пән, есептер. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика тарихы, әдіснамасы. Жоғары білім берудің заманауи парадигмасы. Кәсіптік құзыреттілік, ЖОО оқытушысының оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі Менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Мақсаты: психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Мазмұны: Басқару психологиясы — басқару қызметінің заңдылықтары туралы психология бөлімі. Басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеті. Диагностикалық құралдарды құру түрінде тәжірибелік іске асыру, басшыларды дайындаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: шетел кәсіби тілінде сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің дағдыларын қалыптастыру. Пәнде келесі тақырыптар қарастырылады: С1, С2, LSP деңгейінде шетел тілін меңгеру монологтық және диалогтық формада (баяндама, презентация, әңгімелесу, пікірталас). Ауызша, жазбаша формадағы ғылыми стильдің грамматикасын зерттеу. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды жазу, рәсімдеу, т. б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ КСР-інің әкімшілік-саяси элитасы (1936-1991)
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Қазақ КСР-інің кадрлық саясатының теориялық негіздерін қарастыру Мазмұны: Басқарудың ішкі құрылымы. Мемлекеттік-құқықтық институттар.Биліктің кадрлық саясаты.Әр түрлі деңгейдегі парторгандар номенклатурасы.Артықшылықтың өсуі. Корпоративтік мүдделер.Бюрократизм.Орталық және аймақтық элиталардың әрекеттестігі.Саны, білімі, әлеуметтік және этникалық құрамы. Психологиялық бейнесі. Билік пен қоғам. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтың әдіснамалық парадигмаларының негіздерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи зерттеулердегі жаңа технологиялар: әдіснамасы және қолдану практикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: тарихи түсіндіру және түсіну ұғымдарын, тарихи танымның әдістемелік мәселелерін зерттеу. Мазмұны: Тарихи факт және оны қазіргі тарихнамада түсіндіру. Тарихи зерттеу әдістері. Тарихтағы технологиялық инновациялар. Тарихи фактілер мен әдістер. Қалыптасқан дағдылар: тарихи дереккөздермен жұмыс жасау үшін компьютерлік технологияны қолдану, логика мен талдауды, сонымен қатар жеке әдістердің мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ҰОС жылдарындағы кеңестік күнделікті өмір және тұрғындардың әл-ауқаты
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ҰСЖ жылдарындағы тұрғындардың күнделікті өмірін кешенді зерттеу. .Мазмұны: Партиялық-мемлекеттік құрылым. Саяси үгіт-насихат жүйесі. Халық ағарту, медицина, мәдениет саласындағы әлеуметтік саясат. Демографиялық ахуал: саны мен тұрғындардың құрамы, өзгеріс динамикасы. Азық-түлік ресурсы. Қалалықтар мен ауыл тұрғындарының еңбек қызметі. Күнделікті өмірдің материалдық-тұрмыстық аспектілері. Қалыптасатын дағдылар: «Күнделіктілік» контентінің ерекшелігін ұғыну

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи пәнаралық әдістердің теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Тарихи зерттеулерде пәнаралық тәсілдерді қолданудың әдіснамалық негіздері мен принциптерін оқып үйрену. Мазмұны: Тарихи зерттеулердегі әлеуметтік психологияның теориялары мен әдістері. Тарихи зерттеулердегі антропологияның түсініктері мен әдістері. Тарихи зерттеулердегі семиотика әдістері. Тарихи зерттеулерде әлеуметтанудың тұжырымдамалары мен әдістерін қолдану. Қалыптасқан дағдылар: әртүрлі тарихнамалық мектептер жасаған пәнаралық көзқарастар тұрғысынан жасалған әдіснамалық тәсілдерді талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның жаңа және казіргі замандағы әлеуметтік тарихының деректері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Деректерді кешенді талдау. Мазмұны: Құжаттар құрылымын талдау мен жіктеу.Әлеуметтік тарихтың тарихи деректерінің түрлері, тұрпаты, түсіндермесі.Актілік деректер мен тіркеу құжаттамасы.Мерзімдік басылым, жеке тұлғаға қатысты құжаттар.Жеке істердің мәліметтерін талдау.Мемуарлардың түрлері.Хат, өтініш, арыз, шағым.Сот тергеу материалдары және Кеңес дәуірінің хабарламасы. Дағдылар: әр түрлі деректермен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи зерттеудегі әлеуметтік ғылымның әдістері.
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Әлеуметтік зерттеу әдістерін білу. Мазмұны:Әлеуметтік зерттеулер,оның түрлері. Зерттеу бағдарламасының теориялық дайындығы: мәселені анықтау, оны алдын-ала талдау, алгоритм құру.Жұмыс жоспары,құрылымы,әлеуметтік зерттеу әдістері,әлеуметтік ақпарат жинау:таңдау, талдау,бақылау,салыстыру,сауалнамалық сұрақ, интервью, эксперимент.Қорытынды, ұсыныс, жиынтықты талдау мен түсіндірудің тәсілдері. Дағдылар: социологиялық зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы (XVIII ғ.-XX ғ.басы)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Әлеуметтік тарих парадигмаларының негізгі әдістемелерін меңгеру. Мазмұны: «Жаңа әлеуметтік тарих»: мазмұны, әлеуметтану, демографиямен тоғысуы.Жаңа әлеуметтік топтардың,аз ұлттардың, қала тұрғындарының, әйелдердің, балалардың тарихы. Әлеуметтік құрылым мен ұтқырлық:адамдардың өмір сүру тәжірибиесі. XVIII-ХХ басындағы Қазақстан тарихы материалдары негізіндегі әлеуметтік тарих. Қалыптасатын дағдылар:пәнаралық ұстаным негізінде талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстандағы қоныс аударушылар елді-мекендерінің күнделікті өмірі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Күнделікті тарих теориясының методологиялық негіздерін игеру. Мазмұны: «Анналдар» мектебі және күнделікті өмір. Италиядағы микротарих: негізін салушылар, принциптері, жеке тұлға, отбасы, ауыл, әлеуметтік топтарды зерттеу.Қоныстандыру саясатының кезеңдері,құқықтық жағдайы,саны,этникалық, діни құрамы. Қоныстанушылардың тұрғын үйлері, дәстүрі, киіну, тамақтану әдебі, дүниетанымы, діні, білімі. Дағдылар: микротарихтың талдау әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Отбасы институты: тарихи-әлеуметтік аспектісі
    Несиелер: 5

    Мақсаты. Отбасы институтының негізгі мәселелері, ерекшелігі мен үрдісін зерделеу. Мазмұны. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы неке-отбасы қатынастары. Кеңестік отбасының идеологиялық үлгісін қалыптастыру. Қазіргі жаҺандағы отбасы әлеуметтік институты. Отбасы құрылымы. Өмірлік цикл. Отбасылық өмірдің құқықтық, демографиялық, әлеуметтік мәдени аспектісі. Моногамды отбасының дағдарысы. Мемлекеттің отбасылық саясаты. Қалыптасатын дағдылар: микротарихи талдаудың әдістемесін қолдану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ЖОО тарихты оқытудың теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: жоғары оқу орындарында тарихты оқытудың теориясы мен әдістерін оқып үйрену. Мазмұны: Болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың белсенді әдістері мен формалары. Жоғары білім берудегі педагогикалық жобалау, ұйымдастыру және басқару технологиялары. Субъектілердің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын ұйымдастыруға арналған технологиялар. Оқу материалдарын құрастыру технологиясы. Қалыптасқан дағдылар: әдебиеттерді теориялық талдау және білім беру технологиясын кәсіби қызметте қолдануды практикалық талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Далалық өлке мен Түркістанның жаңа имперлік тарихы(XVIII-XXғ басы)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Ресейдің имперлік тарихын зерттеу. Мазмұны: Зерттеулердегі жаңа имперлік тарих.Ресей империясы: жаңғырту үрдісі, оның Далалық өлке,Түркістанға әсері. Имперлік тарихи феноменді, басқару тәжірибиесін, жергілікті тұрғынның өмірін зерттеу. Имперлік жағдайдағы адам. Өзім, бөгде, өзгелер ресми және жергілікті нарративтегі имперлік дискурста. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтағы тарихнамалық талдау дағдыларын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Мақсаты: магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру. Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары. Құзыреттер: ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі тарихи зерттеудегі антропологиялық ұстаным
    Несиелер: 5

    Мақсаты: антропологиялық ұстанымды зерттеу. Мазмұны: Антропология: терминнің жалпы мәтініне сипаттама. Антропологиялық зерттеулердің өкілдері.Зерттеу пәні, обьектісі. Пән ерекшелігі. Обьектілердің түрлері.Теориялық негіздері, принциптері.Негізгі тұжырымдар мен мәселелері. Этникалық модельдері.Әлеуметтік және мәдени антропологияның белгілері.Әлеуметтік ұйымның формасы, құрылымы. Саналы, санасыз мәдениет.Батыс-Шығыс мәдени парадигмасы. Дағдылар: мәдени және әлеуметтік антропологияны талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ХIX- ХХ ғ бас кезеңіндегі эпистолярлық мұрадағы қазақ сұлтандары
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қазақ сұлтандарының хаттарына деректанушылық талдау. Мазмұны. Қазақ сұлтандарының әлеуметтік тұрпаты, құқықтық мәртебесі, құрамы, саны. Билік және сұлтандар.Жергілікті өзін-өзі басқару мекемелеріндегі сұлтандар өкілі. Жалпы сипаттама. Жергілікті билік органдарының әс-әрекетіне жазбаша шағымдар. Ресейлік реформалар қазақ сұлтандарының бағалауында. Хаттар бойынша хан, сұлтандардың әлеуметтік өмірі. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтың әдістерін пайдалану

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикалық практика
    Несиелер: 4

    Оқыту процесінде алынған теориялық және практикалық білімді жүйелеу, бекіту және кеңейту. Оқу сабақтарына материалдарды дербес әзірлеу тәжірибесін іске асыру. Оқу сабақтарын өз бетінше өткізу дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдастыру жұмыс тәжірибесін алу. Кәсіби білім мен іскерлікті қолдануды талап ететін практикалық міндеттерді шешу тәжірибесін алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON7

    кәсіби мәселелерді шешуде пәнаралық, ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысады, академиялық жазу дағдыларын қолданады, әлеуметтік-антропологиялық зерттеулерден алынған мәліметтерді ұсынады, ақпаратты, идеяларды, тұжырымдарды, мәселелерді, шешімдерді нақты жеткізеді;

  • Код ON2

    кәсіптік іс-әрекетте, өз саласындағы педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесіндегі тенденцияларды, электрондық құжат айналымының негіздерін пайдаланады, қызметінің әлеуметтік маңыздылығын және кәсіби этика қағидаларын ескереді;

  • Код ON3

    Кәсіби деңгейде өз білімін қолданып, жаңа ортада мәселені шешу мен түсіну және кең пәнаралық мәнмәтінде қарастырады

  • Код ON6

    Әртүрлі дерек көздерін жинау мен интерпретациялауда әлеуметтік, этикалық және мәдени пайымдауларды қалыптастырады;

  • Код ON5

    Көпмәдени ортада ұйымдастыру кезінде кәсіби қызметтің әдістерін қолдана отырып этно-конфессиялық өзгешеліктерді ескеріп қоғамының әлеуметтік мәдени құрылым ерекшелігін, ұлттық тәрбиенің қағидалары мен заңдылықтарын

  • Код ON4

    Тарихи зерттеу әдістерін қолданады, талдайды, жинақтайды, өнім жасау үшін әр түрлі деректерден алған ақпаратты өңдеп, құбылыс пен оқиғаны түсіндіру үшін педагогикалық қызметте зерттеушілік, шығармашылық танытады

  • Код ON8

    ақпараттарды, олардың қатарында әлеуметтік тарих дерек көздеріне факторлық, статистикалық сипатына қарай контент-талдау жүргізеді, сараптайды, верификациялайды және бағалайды;

  • Код ON1

    тарих ғылымының заманауи жетістіктеріне, тарихты оқыту әдістемесіне негізделген өзінің кәсіби құзыреттілігін дамып келе жатқан білімдер мен түсініктерді көрсетеді;

  • Код ON9

    Тарих ғылымы мен оқыту саласынан өз бетінше білімін жалғастырып оқып үйренуді, ұтқырлықты дамытуға қажетті құзыреттілікті таңдайды.

Top