Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M07128 Көлік, көліктік техника және технологиялары (1 ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Жүк автомобильдерімен тасымалдау теориясының ережелерін және автомобильдердің өндірімділігін есептеудің математикалық моделін, әртүрлі ауылшаруашылық жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, қызметтердің өзіндік құнын, тарифтерді және көлік құралдарын пайдалана білу, сонымен қатар сызықтық бағдарламалау негіздерін, көпөлшемді есептерді кәсіби деңгейде шығара алу
  • Кәсіби деңгейде автокөлік кәсіпорындарын технологиялық жобалау әдістемесінің негізгі кезеңдерін: өндірістік бағдарламаны есептеуді, техникалық қызмет, жөндеу және диагностау аймақтарының орындаушылары санын есептеуді, аймақтардыңөндірістік бөлімдерін технологиялық есептеуді, жоспарлау шешімдерін жасақтауды, жобалау нәтижелерін пайдалану білу.
  • Замануи талаптарға және отын үнемдеу мәселесіне толық сәйкес келетін автомобильдерді шығару құрылымының өсуін және жақсаруын болжау, сонымен қатар, ғылыми ойларды ескере отырып өзінің арналған өндірістік функцияларын өте жақсы орындай алу үшін автомобильдің қандай қасиеттер жинағы болуын білу
  • Психологиясының мәселелері бойынша көрегендікті көрсете алу, әртүрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы варианттарын табу және басқару шешімдерін қабылдау көрсете білу
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты автокөлік құралдарының және олардың құрама бөліктеріінің техникалық күйіне қойылатын халықаралық талаптарды регламенттейтін негізгі басқарушылық құжатты кәсіби деңгейде пайдалану білу
  • Интернационалды ортада ағылшын тілінде кәсіби әңгімені жүргізе пайдалану білу, техникалық сұрақтардың кең шеңберінде әңгімелесе алу
  • Құбырлық көлікте термопласттан (полиэтиленнен) жасалған құбырларды қосу және монтаждау саладағы технологиясын көрсете білу
  • Көлік техникасы саласында бағдарламаларын және әдістемелерін жүзеге асыру, автокөлік техникасын сынау және сертификаттау сапасын қамтамасыз ету үрдістерін оңтайландыру, талдау, және синтездей алу, зерттеулер нәтижелерін талдау және оларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу
  • Техникалық диагностаудың жалпы үрдісін: нысанға тесттік әсер етуді, диагностау параметрлерінің мәндерін көрсететін сигналдарды сезгіштерінің көмегімен қабылдауды және түрлендіруді, оларды өлшеуді, алынған ағымдық ақпаратты нормативтіктермен салыстыру арқылы логикалық өңдеу негізінде диагноз нақты және тиянақты түрде қоюды білу
Top