Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01509 Химия-биология в ABU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "Химия - Биология" білім беру бағдарламасы бойынша өңірдің педагог кадрларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіби құзыреттілікке ие білікті педагог кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Alikhan Bokeikhan University
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Педагогика
Психология және адам дамуы
Ғылыми және экологиялық білім негіздері
Экономикалық-құқықтық білім негіздері
Жас ерекшеліктік физиологиясы және мектеп гигиенасы
-
2 Оқу жылы
Цитология және гистология
Иммунология
Жалпы және молекулалық генетика
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Өсімдік селекциясының генетикалық негіздері
Білім берудегі менеджмент
Жалпы және бейорганикалық химия
Топырақ микробиологиясы
Микробиология және вирусология
Биотехнологияға кіріспе
Элементтер химиясы
Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлар зоологиясы
Клеткалық биотехнология
Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы
Инклюзивті білім беру
-
3 Оқу жылы
Бөлме және бау-бақша өсімдіктерін өсіру
Адам және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы
Кәсіби қазақ(орыс) тілІ
Декоративті бақша шаруашылығын ландшафты негізде жоспарлау
Жоғары жүйке қызметінің физиологиясы
Биологияны оқыту әдістемесі
Аналитикалық химия
Физикалық және коллоидтық химия
Полимерлер химиясы
Кәсіби-бағытталған шетел тілі
Өсімдіктер систематикасы
Биологияны оқытудың заманауи әдістері
Биология бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Органикалық химия
Қазақстан флорасы
Химияны оқыту әдістемесі
-
4 Оқу жылы
Қолданбалы химия
Химиялық технология
Дала өсімдіктерінің физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясы
Химиялық синтез
Оқушылардың химия бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру
Химия есептерін шешу әдістемесі
Mектептегі xимиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
Химия бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Биохимия
Химияны оқытудың инновациялық технологиялары
Экологиялық және жасыл химия
Химиядағы нанотехнология
Координациялық химия
Заманауи химия және химиялық қауіпсіздік
Профессии
Оқыту нәтижелері
- академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ете отырып, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік, көшбасшылық және ғылыми зертте-улерге негізделген инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи құқықтық мемлекет идеясы білімін көрсету.
- жоғары жүйке қызметінің процестерін бағалау және талдау мақсатында, жасерекшелік кезеңдерінің, даму дағдарыстары мен қауіп факторларын ескере отырып, адамның психикалық жұмыс істеу ерекшелігін анықтау негізінде психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу; әр түрлі жастағы адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеу ерекшеліктері туралы білім негізінде білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие қызметі мен инклюзивті білім берудің әдістемелері мен технологияларын қолдану; дәстүрлі және инклюзивті білім берудің заманауи талаптарына жауап беретін оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, білім берудің әдістері мен технологияларын таңдап алу; басқарушылық міндеттерді шешу үшін мотивациялардың, көшбасшылық пен биліктің негізгі теорияларын пайдалану; тәуекел дәрежесін төмендету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін білім беру ұйымдарында тәуекел-менеджментті қолдану; мұғалімнің жеке және кәсіби қасиеттеріне қойылатын заманауи талаптарды сақтау.
- кәсіби құжаттаманы мемлекеттік және шет тілдерінде пайдалану;кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде қазақ, орыс және шет тілдерін қолдану; өз ұстанымын дәлелді түрде баяндау және ғы-лыми пікірталастар жүргізу; шетелдік журналдардағы ғылыми мақалаларды және халықаралық конференциялардағы баяндамаларды қабылдау және талдау.
- өз қызметінде қауіпсіздік және экология негіздері саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану; химиялық заттардың құрылымы мен қасиеттерінің тірі организмдерге қауіп-қатерін болжау; заттар мен материалдардың синтезі, талдауы, құрылымы мен қасиеттерін зерделеуді қоса алғанда, қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтай отырып химиялық эксперимент жүргізу; биологиялық объектілер мен химиялық заттардың қауіптілігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесінде және сабақтан тыс іс-әрекетте білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі әдістерін пайдалану.
- білім беруді ұйымдастырудағы тәрбие процесін жоспарлау, құрастыру және талдау; білім алушыларды оқу және сабақтан тыс жұмыстарға тәрбиелеу және рухани-адамгершілікті дамыту міндеттерін шешу; білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыра отырып, олардың мінез-құлқын басқару және олардың жеке өсуіне ықпал ету; биология және химия бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу: ғылыми үйірмелер, экскурсиялар, далалық экспедициялар бойынша аймақтың флорасы мен фаунасын зерттеу, топырақтың, су қоймаларының химиялық құрамын және т. б. зерттеу.
- оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер бағдарламасын талдау; білім беру саласындағы нормативтік құжаттар негізінде оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарында биология және химия сабақтарын жоспарлау және өткізу кезінде заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды пайдалану; педагогикалық міндеттерді шешу үшін химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу; білімді бақылаудың заманауи тәсілдері мен құралдарын пайдалану; сондай-ақ оқытудың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерінің жүйесі және білім алушылардың үлгеріміне мониторингті жүзеге асыру; мектептегі экспериментті, зертханалық және практикалық сабақтарды әдістемелік жағынан сауатты жүргізу; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен техникалық оқыту құралдарын, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясын пайдалану; өзінің кәсіби қасиеттері мен үздік педагогикалық тәжірибелеріне талдау жасау.
- оқу процесінде кездесетін нақты химиялық процестерде түсіндіру және пайдалану үшін негізгі химиялық заңдарды, теорияларды, заңдылықтарды және химиялық өзгерістерді меңгеру; оқу және ғылыми-зертханалық сипаттағы әртүрлі химиялық тапсырмаларды шешу үшін есептеу әдістерін пайдалану; химиялық материалдарды олардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып, қауіпсіз пайдалану әдістерін меңгеру.
- нақты кәсіби міндеттерді шешу кезінде химия ғылымының негізгі заңдылықтары мен негізгі химиялық ұғымдарды пайдалану; химиялық эксперимент дағдыларын, химиялық заттар мен реакцияларды алу мен зерттеудің синтетикалық және аналитикалық әдістерін меңгеру; заманауи химиялық өндіріс білімі негізінде химиялық технология мен нанотехнологияның типтік процестерінің негізгі сипаттамаларын есептеу; қауіпсіздік техникасы нормаларын білу негізінде оларды зертханалық және технологиялық жағдайларда іске асыру.
- биологиялық білімді адам организмінің және жануарлар әлемінің, өсімдіктердің тіршілік әрекеті процестері мен құбылыстарын (физиологиялық процестерін) олардың таксономиялық тобын, анатомиялық, морфологиялық және экологиялық ерекшеліктерін (жер бетінде таралуын) көрсете отырып, түсіндіру үшін кәсіби қызметте қолдану.
- тәжірибелік есептерді шешу және эксперименттік зерттеулерде қолдану үшін өсімдік, жануарлар жасушаларының, тіндердің, микроорганизмдердің, әртүрлі вирустар мен жасушадан тыс құрылымдардың құрылысын, құрамдас компоненттерін, қызметтерін, дамуын, қасиеттерін өлшеу құралдарын, зертханалық жабдықтарды, цитохимиялық, биологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып салыстыру; иммундық препараттар биотехнологиясының және өсімдіктерді селекциялаудың соңғы жетістіктерін түсіну үшін вирустық бөлшектерді қолдана отырып, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер жасушаларының генетикалық ақпаратының өзгергіштігі және тұқымқуалаушылығы бойынша білімді пайдалану.
- әр түрлі заттарға, химиялық қосылыстардың жеке кластарына сапалы реакциялар жүргізу; әр түрлі сипаттағы заттардың физика-химиялық қасиеттерін талдау; химиялық қосылыстардың функционалды топтарын сәйкестендіру; табиғи қосылыстардың қасиеттерін зерттеу; жүйелердегі химиялық процестердің барысын бағалау; реактивті заттардың концентрациясын және олардың реакция жылдамдығын анықтау; фазалық диаграммаларды құру; катализ реакцияларының параметрлерін, химиялық және физика-химиялық процестердің жүру заңдылықтарын анықтау.
- бастапқы заттардың формулалары немесе атаулары бойынша химиялық реакциялар өнімдерін болжау; бастапқы заттарды реакция өнімдерінің формулалары немесе атаулары бойынша анықтау; химиялық реакция бағытының өзгеруіне әртүрлі факторлардың әсер ету нәтижелерін болжау; химиялық эксперимент дағдыларын, химиялық заттарды алу мен талдаудың негізгі синтетикалық әдістерін пайдалану; химиялық процестерді ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; химиялық қосылыстар алудың аппараттық ресімделуін модельдеу; химиялық өнімді алу әдісін таңдау, қажетті жабдықты таңдап алу, технологиялық жүйені бағалау.
- мәдени және жабайы өсімдіктерді түрлері бойынша ажырату; ашық, жабық топырақтағы өсімдіктерді өсіру агротехникасын пайдалану; өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының пісуін жеделдету; бөлме өсімдіктеріне арналған топырақ қоспаларын құрастыру; өсімдіктерге күтім жасау ережелері мен тәсілдерін орындау; өсімдіктерді отырғызудың ландшафтық дизайнын жобалау; көгалдандыру объектісі үшін олардың биологиясын, декоративтігін және ауданның климаттық жағдайларын ескере отырып, өсімдік шаруашылығы жобаларының ассортиментін құрастыру; арнайы белгілерді қолдана отырып, аумақты көгалдандыру жобаларын құру; көгалдандырылған аумақтың функционалды аймақтарын ұтымды бөлу.