Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01406 Кәсіпкерлік және құқық негіздері в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ОН1- педагогикалық қызметте кәсіпкерлік және құқық негіздерін, қашықтықтан оқыту және тәрбие жұмысы технологияларын, білім беру жүйесінің даму үрдістерін, нормативтік құқықтық актілерді, экономика негіздерінен білімді қолданады;
  • ОН2-білім беру процесін экономикалық-құқықтық білімі мен сыни ойлауын меңгерген, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеуге мақсатты тағайындаумен өз бетінше құрастырады, талдайды және модельдейді;
  • ОН3-психикалық, психофизиологиялық дамудың жалпы, ерекше және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын қолданады;
  • ОН4- психологиялық, педагогикалық және ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін іске асырады, өнімді, гипотезаны, құбылысты немесе оқиғаны жүйелі түсіндіру үшін әртүрлі көздерден алынған экономикалық-құқықтық ақпаратты талдайды, синтездейді, шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді, педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарас танытады;
  • ОН5-әр түрлі жастағы балалардың дамуын диагностикалау әдістерін, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі теорияларын білуді қолданады, оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың субъективтілігін, коммуникативтілігін, қаржылық-құқықтық сауаттылығын, адамгершілігі мен төзімділігін, ынтымақтастыққа және сыни ойлауға қабілеттілігін дамыту үшін әдіснамалық тәсілдерді қолданады;
  • ОН6-балалардың әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін қолданады, жас ерекшеліктеріне сәйкес кәсіпкерлік және құқық негіздері бойынша оқушылардың зерттеу және жобалау іс-әрекеттерімен байланысты сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін, білім беру үрдісіндегі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (SMART және STEM технологиялары) қолданады;
  • ОН7- этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көп мәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастырудың экономикалық-құқықтық білімі мен тәсілдерін іске асырады, білім беру мазмұнын Қазақстанның жалпыұлттық құндылықтарымен және кәсіпкерлік дағдылармен интеграциялау қағидаттарын пайдаланады;
  • ОН8- кәсіби міндеттерді шешу кезінде пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекетке қатысады, өзін-өзі дамытады және өзін-өзі жетілдіреді, оқу процесінің жаңа модельдері мен стратегияларын жобалау үшін педагогикалық мақсат қою әдістерін пайдаланады, білім алушыларды өзгермелі еңбек нарығына бейімдеу үшін қажетті құзыреттіліктерді жұмылдырады және дамытады, одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген.
  • ОН9-Академиялық адалдық пен кәсіби этика қағидалары мен мәдениетінің маңызын сақтайды және түсінеді.
Top