Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08109 Жеміс-көкөніс шаруашылығы (1 ж. проф) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Көкөніс – бақша дақылдарының тектік қоры

    Көкөніс дақылдарының тектік қор жиынтығын қалыптастыру және оларды сақтау,сонымен қатар, тұқым шаруашылығы үшін олардың бастапқы материалдарының маңызы.Көкөніс дақылдарының сорттарын жақсартудың генетикалық негіздері, олардың Қазақстанда таралған жабайы түрлері мен агроәртүрлілігі. Ескі сорттарды селекцияда қолдану және сақтап қалу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көкөністерді жинағаннан кейін пайдалану технологиясы

    Көкөністерді жинаудың, тауарлық өңдеудің, сақтаудың, өңдеудің, сатудың заманауи технологиялары және оларды практикалық пайдалануды қамтамасыз ету. Көкөністерді сақтау, тауарлық өңдеу, өңдеу және сатудың дамуы, жетістіктері, қазіргі жағдайы. Көкөніс дақылдарын сақтаудың және өңдеудің теориялық негіздері. Көкөністерді консервілеудің заманауи әдістері, технологиялары. Көкөністерді сақтауға және өңдеуге арналған заманауи жабдықтар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жеміс дақылдары мен жүзімнің тектік қоры

    Жеміс дақылдары мен жүзімнің тектік қор жиынтығын қалыптастыру және оларды сақтау, сонымен қатар, тұқым шаруашылығы үшін олардың бастапқы материалдарының маңызы. Жеміс дақылдары мен жүзімнің сорттарын жақсартудың генетикалық негіздері, олардың Қазақстанда таралған жабайы түрлері мен агроәртүрлілігі. Ежелгі сорттарды селекцияда қолдану және сақтап қалу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады.Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бизнес шешімдерін модельдеу

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жемістерді жинағаннан кейін пайдалану технологиясы

    Жемістерді жинау, тауарлық өңдеу, сақтау мен консервілеу, сату технологияларының дамуы, жетістіктері, казірғі жағдайы; жемістерді сақтау мен өңдеудің теориалық негіздеу; жемістерді консервілеудің заманға сай әдістері, құрал-жабдықтары, технологиялары; жемістерді консервілеудің заманға сай құрал-жабдықтары; Жемістер өнімдерінің нарық жағдайында бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет елдердегі көкөніс шаруашылығы

    «Шет елдердегі көкөніс шаруашылығы » әлемнің жетекші елдеріндегі көкөніс шаруашылығы жағдайын көрсетеді. Дәріс курсы келесі сұрақтарды қарастырады: шет елдердегі адам басына шаққандағы көкөніс дақылдарын өндіру және тұтыну; шет ел селекциясының ең жақсы көкөніс дақылдары сұрыптары (гибридтері); көкөністер өндірісінде жаңа агротехнологиялар; көкөніс шаруашылығында жоғары технологиялы машиналар; жылыжай өндірісі; көкөністерді сақтау және қайта өңдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Менеджмент

    Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жалпы теориялық ережелерін; басқару мәселелерін практикалық шешу дағдылары меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау үрдістерін басқару қызметтінде зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Жеміс және жидек шаруашылығында жылыжай технологияларын қолдану

    Қорғаулы топырақтардағы көшеттік шаруашылығы, жеміс (цитрустық және субтропикалық жеміс дақылдары) және жидек шаруашылықтарының қазіргі жағдайы мен келешегі. Жылыжайларда жеміс және жидек өсімдіктерінің толыққұнды өсуі мен дамуы үшін оңтайлы микроклиматты қалыптастыру. Қорғаулы топырақтарда жеміс және жидлек дақылдарының отырғызу материалдарын өсіру тәсілдері; жылыжайда жеміс және жэидек дақылдарын күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын ұйымдастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәнді меңгеру мақсаты шет тілін үйренудің тұрақты оң уәждемесін қалыптастыру, проблемалық-жобалық технологиялар негізінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми өнімдерді таныстыру дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Жеміс-көкөніс шаруашылығындағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі

    Жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы салсасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың теориясымен, әдістемесімен танысу.Ғылыми агрономиядағы зерттеулер әдісі, егістік тәжірибелерді жоспарлау, бақылаулар мен есептерді жүргізу тәртібі, жеміс, көкөніс дақылдары және жүзіммен жүргзілетін тәжірибелерді қою, алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзімнің зиянды организмдерге төзімді жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарын өсіру үшін коллекция жинау.
  • Экспериментті жоспарлау және нәтижелерді математикалық түрде өңдеу. Ғылыми құжаттаманы дұрыс жүргізу, өсіп-өну кезеңінде жеміс-көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуына фенологиялық және басқа да ілеспе бақылаулар жүргізу.
  • Шетелдік селекциядағы көкөніс дақылдарының ең жақсы сорттарын (будандарын) және көкөністер өндірісіндегі жаңа агротехнологияларды зерттеу.
  • Кәсіпкерлік қызметін реттейтін Қазақстанның негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарын меңгеру. Стандартты процестер тобы арқылы жобаларды басқару тұжырымдамасына негізделген PMBOK стандарты түрінде тұжырымдалған PMI әдістемесі үшін жобаларды іске асыру нәтижелерін бағалау.
  • Жеміс-жидек дақылдарын өндіру үшін культивациялық құрылыстардың конструкцияларын және өсіру технологияларын пайдалану және жоғары сапалы отырғызу материалын алу тәсілдерін меңгеру.
  • Жеміс-көкөніс өнімдері мен жүзімнің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін агротехниканың озық тәсілдерін қолдану. Жемістер мен көкөністердің сақталу сапасы мен технологиялық қасиеттерін анықтау. Жемістер мен көкөністерді сақтауды немесе өңдеуді ұйымдастыру.
Top