7M11302 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (1 бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Көлік қызметтері бойынша кадрларды және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M151 Көлік қызметі
-
Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 7M113 Көлік қызметтері
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады.Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми-экспериментальді зерттеулердің әдістемесі және тәжірибе деректерін өңдеу
Бұл пәнде эксперименттер әдістемесі; эксперименттерді жоспарлау, дайындау және өткізу; эксперименталды деректерді өңдеу міндеттері; функционалдық байланыстарды табу; эксперименталды деректерді талдау; эксперименталды заңдылықтарды формулалармен өрнектеу; құбылыстар арасындағы өзара байланыс дәрежесін белгілеу; эксперименталды деректерді өңдеудің басқа да әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Mенеджмент
"Менеджмент" пәні басқару процесін зерттеудің ұйымдастырушылық элементтерінен, коммуникациядан және шешім қабылдаудан, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, команда жұмысы және көшбасшылық сияқты басқару функцияларынан, сондай-ақ өндіріс, маркетинг, қаржы, персоналды басқару сияқты ұйымда түрлі функционалдық бөлімдерді оқытудан тұрады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Көліктегі басқару жүйелері
«Көліктегі басқару жүйелері» пәнінде ұйымдастыру және дамыту мәселелері (отандық және шетелдік тәжірибелер) және көліктегі басқару жүйесінің әдістемелік негіздері қарастырылады. Алынған білімді, іскерлікті қолдану магистранттарға тасымалдау көлемінің өсуі жағдайында тасымалдау процесін басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Көлікпен тасымалдауды ұйымдастырудың заманауи технологиялары
«Көлікпен тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі уақыттағы мәселелері» пәні қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану жүйелерін әзірлеудегі ғылыми зерттеулерде тасымалдауды ұйымдастырудағы заманауи технологияларды оқытады. Деректерді интерпретациялауды талдаудың компьютерлік әдістері мен технологиялары. Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық жүйелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бизнес шешімдерді модельдеу
Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Тасымалдау операцияларын зерттеу
Математикалық модельдеудің негіздері және шешім қабылдаудың теориясы, операциялық зерттеулердің сызықтық модельдері, ойын теориялары, кезек теориясы, көпшілік қызмет көрсету теориясы, қорды (ресурстарды) басқару теориясы, кесте теориялары келтіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық тасымалдаудың логистикалық жүйелері
Көліктік жүйелердің технологиялық үрдістерін логистикалық ұйымдастыру мен жоспарлаудың концепциясын негіздеу; жергілікті көліктік жүйелердің тиімді технологиялық үрдістерін негіздеу; халықаралық тасымалдауды құқықтық және коммерциялық қамтамасыздандыру; халықаралық көліктік дәліз құрамында тасвмалдауды орындау; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылауды ұйымдастыру; көліктік-логистикалық жүйенің дамуын техника-экономикалық негіздеу мәселелері айтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік жүйелерінің бәсекелестік қабілетін дамытуды болжау және бағалау
Көлік жобаларының мазмұны, құрылымы, болжаумен технологияларын талдауға қойылатын талаптар туралы айтылады. Талдаудың мәні, кешенді талдауды қолдану ерекшеліктері, көлік жобаларын сарапты бағалау жолдары көрсетіледі. Көлік жобаларын болжаудың әдістемелік негіздері, көліктік қызмет пен көлік-жіктеу жүйелерінің логистикасы, олардың бәсекелесуге қабілеттілігін бағалау жайлы айтылады. Жүктерді жеткізудің көлік-технологиялық схемалары, аралас тасымалдардың жүйелері көрсетіледі жайлы айтылад.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көлік қызметтеріндегі ғылыми зерттеулер әдістемесі
Техникалық ғылымдармен мамандық саласындағы ғылыми зерттеулерді, ең алдымен, олар үшін ортақ іргелі аспектілерге қатысты: қолдану мақсаттары мен тиімділігіне; құрылымға немесе ұйымға; қызмет етуге; басқаруға; пайдалану қасиеттеріне; жұмыс істеу қабілеттілігінің, тозудың, пайдалану қасиеттерінің динамикасына қатысты, ресурстың өндірілуіне және пайдаланудағы қартаюына қарай зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби деңгейде тасымалдау операцияларын математикалық модельдеуді зерттеу және жобалау, көлік жүйелерін болжаудың әдіснамалық негіздерін жасай алу мүмкіндігі.
- Кең пәнаралық контексттің мүмкіндіктерін іске асыру арқылы келесі мәселелерді шешу: көлік процесстерінің замануи технологияларында; оның өзіндік құнын төмендету; жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру; жүктерді тиеу-түсіруге және т.б. арналған уақыт шығындарын төмендету қабілеті.
- Ағылшын тілінде халықаралық ортада кәсіби сөйлесуді қолдану, түрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша сөйлесе пайдалана білу.
- Көлік қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуды ұйымдастыру саласында ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи технологияларын қолдану.
- Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлердің шағын тобының жұмысын нақты және біртекті ұйымдастыру және басқару, лидерлікке және қалыпты психологиялық климатты қамтамасыз етуге дайын болу.
- Ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған техникалық құралдарды кәсіби деңгейде қолдану, құбыр жолдарын жобалау және құбыр магистралінің орындалған жұмыстарының сапасын бағалау.
- Ғылыми ойларды ескере отырып, эксперименталды зерттеулер мен тәжірибелік деректерді өңдеу әдістерін әзірлеу және пайдалану мүмкіндіктерін қолдана білу.
- Ғылыми ойларды ескере отырып, ауыл шаруашылығында әртүрлі көлік түрлерін пайдалануын ұйымдастырып жетілдіруде теориялық және әдіснамалық негіздерді қолдану.
- Нақты уақыт режимінде тасымалдауды басқарғанда заманауи ақпараттық және компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
- Кәсіби деңгейде логистикалық көлік жүйелерінде мониторингті ұйымдастыру, олардың нәтижелерін талдау, жабдықтар мен басқару жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін іс-шаралар әзірлеу қабілеті.
- Логистикалық көлік жүйелерін ұйымдастыруды, тасымалдарды қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық қамтамасыз етуді және көліктік, кедендік құжаттаманы рәсімдеу тәртібін кәсіби деңгейде қолдана білу.
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізгенде лидерлік қасиеттерді көрсете білу, бизнес шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу және оларды кәсіпкерлік қызметте қолдану.