Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05308 Ядролық физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы саласында қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің жай-күйіне сыни талдауды жүзеге асыруға қабілетті және де ядролық физика бойынша білім беру және ғылыми бағдарламаларды практикалық іске асыру үшін қажетті дағдылары бар, сондай-ақ өз бетінше оқуға және өзін-өзі дамытуға ұмтылатын және сабақтас пәндер саласында өзінің біліктілігі мен шеберлігін үнемі дамытуды жүзеге асыратын; ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық материалдардың қорғалуы мен бақылануын қамтамасыз ету тәсілдерін, ядролық материалдармен оның технологияларымен жұмыс істеу тәсілін меңгерген; ғылыми-техникалық ақпаратты талдай алатын; ұйымдастырушылық дағдыларды меңгерген, командада жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B054 Физика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Математикалық талдау
Механика
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Әл-Фараби және қазіргі заман
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік
Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
Молекулалық физика
Сызықты алгебра және аналитикалық геометрия
-
2 Оқу жылы
Электрлік және магнетизм
Теориялық механика
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Векторлық және тензорлық талдау негіздері
Оптика
Математикалық физика теңдеулері
Комплексті айнымалы функциялардың теориясы
-
3 Оқу жылы
Математикалық физика әдістері
Сандық әдістер және математикалық модельдеу
Электродинамика
Есептеу физикасының әдістері
Кванттық механика
Электромагниттік өріс теориясы
Атомдық физика
Ядролық физикадағы сандық әдістер
Физикалық процесстерді компьютерлік модельдеу
Термодинамика және статистикалық физика
Соқтығысудың кванттық теориясы
Ядролық физика
Шашырау теориясы
Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері
Симметрия және топ теориясы
Ядролық қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтарды сақтау технологиясы
Термодинамика негіздері
-
4 Оқу жылы
Атомдық реакторлар және ядролық энергетика
Ядролық-физикалық экспериментті өңдеу әдістері
Ядролық физика деректерін сақтау, өңдеу және ұсынудың заманауи жүйелері
Ядролық нұрлар детекторлары
Иондаушы сәулеленуді тіркеу құрылғылары мен әдістері
Ядролық электроника
Қолданбалы ядролық физика
Конденсирленген күй физикасы
Элементар бөлшектер физикасы
Нұрдың затпен әсерлесуі
Оқыту нәтижелері
- Стандартты автоматтандырылған жобалау және зерттеу пакеттерінің негізінде физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық модельдерін жасау;
- Космофизика, астрофизика, радиоэкология, ядролық диагностика және терапия, радиациялық генетика іргелі процестер үшін ядролық реакциялар және ядролық ыдырау есептеулерін жүзеге асыру;
- Кәсіби қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану; ғылыми зерттеу нәтижелерін өңдеу және оларды компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып талдау;
- Қызметкерлер үшін де, тұрғындар үшін де радиациялық қауіпсіздіктің негізгі санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарын тұжырымдау және түсіндіру. Альфа, бета және гамма фонын мамандандырылған қондырғыларды пайдаланып үй ішінде де, ашық атмосферада да эксперименттік түрде анықтау;
- Физикалық құбылыстарды және оған тиісті теориялық модельдерді жіктеу және анықтау, ядролық физикадағы, ядролық энергетикадағы және қолданбалы ядролық технологиялардағы физикалық процестерді сипаттау;
- Ядролық физика, жалпы физика, ядролық химия, радиациялық биофизика және экология заңдарының пәнаралық практикалық қолданылуын көрсете білу
- Құралдарды және бағдарламалық құралдарды сынақтан өткізуге және іске қосуға, орнатуға, реттеуге және технологиялық тәртіпті сақтауға және технологиялық құралдарды бақылау жасауға қабілетті болу.
- Техникалық және технологиялық есептерді шешу үшін радиометрикалық және спектрометриялық құралдардың техникалық құжаттамасымен және түпнұсқа ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, ядролық физика саласында өлшеулер жүргізу;
- Ыстық" зертхананың жұмыс ғимараттарының және ПЭТ әдісімен зерттеуге арналған циклотроны бар зерттеу орталықтарының, гамма - камералары, ОФЭКТ-және ПЭТ - сканерлері бар ғимараттардың, оның ішінде ОФЭКТ/КТ-және ПЭТ/КТ-сканерлері бар ғимараттың, сондай-ақ радионуклидті терапия бөлімшесінде "белсенді" палаталардың радиациялық қорғанысын есептеу.
- Этникалық ерекшеліктеріне, мәдениетіне, экономикалық мәртебесіне қарамастан әріптестер және жалпы қоғаммен барлық кәсіби қарым-қатынастарда этикалық принциптерді сақтау. Өзінің кәсіби қызметінде шет тілін қолдана білу
- Жалпы және теориялық физиканың фундаменталды бөлімдерінің негізгі теориялық білімдерін кәсіби есептерді шешу үшін қолдана білу
- Радиациялық медицина рәсімдерінің қабылданған әдістеріне сәйкес дозиметрлік өлшеулерді жоспарлау және радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;