Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04123 Мемлекеттік және жергілікті басқару (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми танымның құрылымын, кезеңдері мен әдістерін; басқару қызметі субъектілерінің психологиясын көрсете білу.
  • Басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін мотивациялық теорияларды, көшбасшылықты және іскери келіссөздер жүргізу дағдыларын қолдана білу.
  • Елдің экономикалық дамуын болжаудың экономикалық-математикалық модельдерін құру және шешу үшін ақпарат жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру.
  • Бизнес-қоғамдастықты басқару процесін тиімді ұйымдастыру және олардың өзара әрекеттесу тетіктерін қолдана отырып, оның билік органдарымен өзара әрекеттесу проблемаларына егжей-тегжейлі талдау жасау.
  • Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жекеше әріптестіктің өзара тиімді іс-қимылы үшін жағдайлар жасау.
  • Блокчейн технологиясын, ұйымның кірістілігі мен қаржылық жағдайын, кәсіпкерлік қызметтегі өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін пайдалана отырып, жобаларды басқару жөніндегі міндеттерді шешу.
  • Шет тілдерін білуді, әлеуметтік өзара іс-қимыл және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын кәсіби деңгейде пайдалану білу.
  • Өз пікірін қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің статистикалық және эксперименттік деректерін сыни тұрғыдан талдауға және тексеруге дағдылану.
  • Әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мемлекеттік басқару тетіктерін және басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі биліктің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді стратегиясын бағалай білу.
Top