Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10107 Педиатрия в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Популяциядағы және жеке пациент шеңберіндегі аурудың дамуының жалпы биологиялық және жеке ерекшеліктері, патологиялық процестердің қалыпты және даму жағдайындағы балалар ағзасының жұмыс істеу заңдылықтары туралы білімді кәсіби деңгейге біріктіру
  • Толеранттылық пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін адами құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды бағалау
  • Кәсіби қызметтің сөйлеу, тіл және әлеуметтік-мәдени салаларында кәсіби маңызды қарым-қатынас дағдыларын қолдану
  • Күнделікті қызмет шеңберінде кәсіби, медициналық-биологиялық міндеттерді шешу кезінде зияткерлік-танымдық операцияларды пайдалану
  • Кәсіби қызметте аурулар мен патологиялық процестердің даму механизмдері, клиникалық ағымның ерекшеліктері, бала кезіндегі ағзаның қалпына келу нәтижелері мен заңдылықтары туралы білімдерін қолдану
  • Әртүрлі соматикалық патологиясы бар баланы клиникалық-анамнестикалық және зертханалық-аспаптық тексерудің мазмұнын анықтау және кешенін жүргізу
  • Педиатриялық практикада негізгі клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және т. б. синдромдардың дифференциалды диагностикасын жүргізу және нозологиялық тиістілігін анықтау
  • Алдын ала, түпкілікті клиникалық диагнозды тұжырымдау, қосымша клиникалық-зертханалық және аспаптық тексеру бағдарламасының мазмұнын анықтау
  • Клиникалық-зертханалық, аспаптық тексеру нәтижелеріне динамикалық бағалау жүргізу және науқасты жүргізу тактикасын айқындау, емдеу мазмұны мен ұзақтығын таңдауды негіздеу
  • Бала жасындағы аурулардың әртүрлі нозологиялық нысандарының ұтымды фармакотерапия бағдарламасын анықтау және емдеу іс-шараларының тиімділігін динамикалық бағалауды жүзеге асыру
  • Балалар жасындағы пациенттерді диспансерлік мониторингтеу және кешенді медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасын іске асыру
  • Клиникалық практикада қолдану және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне әртүрлі патологиясы бар балаларды жүргізу бойынша қазіргі заманғы ұлттық және халықаралық ұсынымдарды енгізу
Top