Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05103 Биоинженерия және биотехнология в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Биоинженерия және биотехнология бойынша бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетелдік ұйымдар мен жоғары және орта оқу орындары үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау. Магистранттың биоинженерия мен биотехнология саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді уақытында тұжырымдай және шеше алу қабілетін қалыптастыру. Ғылыми-басқарушылық қызметті сәтті жүзеге асыра білу және ғылыми биоинженерия мен биотехнологиялық зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M080 Биология
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Гүлді өсімдіктердің репродуктивті биологиясының негіздері
Шет тілі (кәсіби)
Өсімдіктерді көбейтудегі гаплоидты технологиялар
Өсімдіктерді микроклонды көбейту
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары мектептің педагогикасы
Гүлді өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің оқшауланған жасушалары мен ұлпаларының культурасы
Өсімдіктердің клеткалық инженериясы
Ақуыздар құрылымын талдау негіздері
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Басқару психологиясы
Биоинженерия, биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Есептеу биологиясына кіріспе
Оқыту нәтижелері
- Ғылым тарихы мен философиясы, психология мен педагогика негіздері, болашақ ғылым магистрінің кәсіби қызметінде ағылшын тілін жетік білу және дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу
- Кәсіби қызметтің әр түрлі түрлерінде жоғары оқу орындарының дәлелдеу теориясы мен практикасы, оқыту әдістемесі, педагогикасы саласындағы білімді қолдана білу қабілетіне ие болу. Педагогикалық іс-әрекет және оны ұйымдастыру барысында туындайтын дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді тұжырымдау және шешу мүмкіндігі. Оқыту процесінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген заманауи білім беру технологияларын қолдана білу.
- Ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін білу, топ үшін міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра және жүргізе білу, мәселелерді мейлінше кең пәнаралық жағдайда шешу үшін ұйымдарда топтық ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру дағдыларын қолдана білу.
- Биоинженерлік және геномдық зерттеулердегі заманауи биотехнологиялық әдістер мен технологияларды түсіндіру.пікір қалыптастыру
- Жаңа биоинженерлік конструкциялар мен биотехнологияларды жасау кезінде бастапқы материалды бағалау үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін қолданыстағы талаптарға жаңа биологиялық конструкциялар мен технологияларды жасау және пайдалану саласында ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерін қолдану.
- Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезіндегі ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сәйкес инженерлік және биотехнологиялық өндірістердің техникалық жабдықталу бағыты мен кәсіпорынның даму перспективасын анықтау.
- Оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болуы және биотехнологиялық және биоинженерлік технологиялар, гендік инженерия, нанобиотехнология, молекулалық модельдеу негіздері туралы заманауи идеяларды қолдана білу. Далалық, өндірістік және зертханалық биологиялық ақпараттарды, ғылыми-техникалық жобалар мен есептер құрастыру ережелерін өңдеу, талдау және синтездеудің заманауи әдістерін қолдана білу. Далалық зерттеулер мен зертханалық биологиялық жұмыстарды жүргізуге арналған заманауи аппараттар мен жабдықтарды қолдана білу.