7M09101 Ветеринариялық медицина в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жануарлар ауруларының терапиялық аспектілері мақсатындағы білім беру бағдарламасының негізгі бағыты магистранттарға заманауи жетістіктегі диагностикалық зерттеулерді жүргізу жұқпалы және жұқпаық аурулардың алдын-алу мәселелері бойынша білімді меңгеру. Жануарлардың ауруларына байланысты жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс шаралның нормативтік құқықтық қағидаларын заңнамалық тұрғыда қолдана алу
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M138 Ветеринария
-
Білім беру саласы 7M09 Ветеринария
-
Дайындық бағыты 7M091 Ветеринария
Пәндер
-
Жануарлар мен құстардың инфекциялық ауруларының эпизоотологиялық мониторингі
Эпизоотологиялық мониторинг. Ғылыми және тәжірибелік мақсатта эпизоотологиялық зерттеу әдістері. Шаруашылықтарда эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастырып өткізу,эпизоотологиялық процесстердің экстенсивті және интенсивті көрсеткіштері. Күдікті факторлар.эпизоотологиялық жағдайға болжам.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Эпизоотологиядағы ГАЖ-технологиялар
Эпизоотологиядағы географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) ветеринарияда өз маңыздылығымен ерекшеленеді. ГАЖ – дық технология компьютерлік автоматтандыруда эпизоотологиялық ақпаратты жанақтау және ұзақ мерзімді статистикалық мәліметтерді жүйелендіру мен әртүрлі бағдарламалық мағлұматтармен әрдайым танысып отыруға мүмкіндік береді. ГАЖ құрылымға электронды карта және ауруға қатысты себеп салдарлық байланыстар мен жануарлардағы инфекциялық аурулардың таралу динамикасын енгізу талаптары үйретіледі. Жүйелік құрылымда географиялық Web-серверлік жүйемен жұмыс істеу үйретіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринарлық іс жүргізу жұмысы
Ветеринариялық іс жүргізудің негізгі талабы бойынша ветеринариялық құжаттардың ресімделуіндегі заңнамалық қағидалардың сақталуы мен оған қатысты ветеринариялық санитариялық іс шаралардың іске асырылуы барысындағы ілеспелі және сақталуы міндетті құжаттардың басты талаптарын орындауды меңгереді. Іс құжаттарды ресімдеу барысында негізгі заңнамалармен қоса экономикалық, статистикалық, есептілік және өндірістік қажеттілікке тиісті басқа да ресімделулердің де іске асуын жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және магистрлік диссертацияны жазу әдістері
Ғылыми ізденуші ғылыми зерттеуді жүргізудің зерттеу жоспарын құрастыру мен атқарылатын іс шараларды ұйымдастыру және алынған нәтижелерді сараптаумен қатар оған қатысты ғылыми еңбектерге сілтеме жасауды және дәйектеуді меңгереді. Сонымен қатар магистрлік диссертациялық жұмысты жазудың негізгі талаптары бойынша мамандық пен ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттеріне орай оның жалпы мағыналық мазмұны ойластырылып оған лайықты сипаттамалармен ізденістік нәтижелерін тұжырымдауды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық офтальмология
Ветеринариялық офтальмология көру мүшесіне ветеринариялық іс шара жүргізудің аса шеберлігін меңгеруді оқытады. Жануарлардың биологиялық ерекшелігі негізінде көру мүшесінің функциональдық қабілеті мен оның анатомиялық құрылымын тексерудегі әдістер мен балауды үйретеді. Көз ауруларына қатысты патологиялық үрдістердің дамуы мен терапевтикалық хирургиялық әдістердің қолдану техникасын жүргізудегі шеберлігін қалыптастырады. Көз ауруларына тиісті жоспарлы түрде жүргізілетін алдын алу және емдеудегі заманауи іс шаралардың жоспарын құрастыруды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ит мысықтардың хирургиялық аурулары
Ит және мысықтардың хирургиялық аурулары пәні жануар организмінде пайда болған дерттік үрдістің патогенездік жағдайын анықтап хирургиялық іс шара қажеттілігін айқындауды оқытады. Яғни пән өз міндеті негізінде хиругриялық көмекті қажет ететін мүшенің анатомиялық құрылымы мен сол мүшеде орналасқан патологиялық ошаққа топографиялық тұрғыдан сипаттама беріп оған жетудің хирургиялық жолын айқындап операциялық істі жоспарлап және оған барлық қажеттіліктерді құрастыруды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аймақтық эпизоотология
Эпизоотологиялық аймақтарды бөлу. Ландшафтық эпизоотология. Жұқпалы аурулардың нозогеографиясы. Энзуотикалық жұқпалы аурулардың ауқымын зерттеу және карталау принциптері Географиялық ортадағы табиғи кешендерді зерттеу әдістері Нозо-географиялық болжау карталарын құрастыру әдістері Эпизоотологиялық аймақ. Картографиялық әдістер. Ландшафтық эпизоотологиялық әдіс.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқытудың принциптері, әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған, білім беруді басқару, кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған оқыту әдістері және білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге дайындық мәселелері қарастырылады. Дидактика, заманауи білім беру тұжырымдамалары, оқу үдерісін жобалау және жоғары білімнің ерекшеліктері қамтылады. Магистранттар оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру технологияларын тәжірибеде қолдану және рефлексия дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тәжірибе жасаудың теориясы мен әдістері
Ғылымның басты талаптары негізінде ізденушінің өзі мақсат тұтқан ғылыми зерттеу жұмысының міндеттерін айқындауға және теориялық тұрғыдан әдістемелік бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырып бекітуді оқытады. Бұнда ғылыми теориялық қағидалардың ұстанымын логикалық тұрғыдан эксперимент жүргізудегі әдістемеліктерін сараптаудағы ізденістік дәйектемелерді құрастырады. Осы негізгі ұстанымда рнегізінде ветеринариялық медицинаның заманауи ғылыми жетістерін өз мақсатында қолданудағы зерттеу нысанында қалыптасудағы икемділікті айқындай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және сапалық зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық ортопедия
Жануарлар тұяқтарының анатомо-топографиялық құрылымын және ондағы биомеханикалық қозғалыстардың жүйелілігін анықтауды және тексеру әдістерін оқытады. Сонымен қатар ветеринариялық практика да белгілі тұяқ ауруларын дәйекті түрде сипаттауды меңгереді. Сондай-ақ, тұяқ деморфациясын қалпына келтірудегі әдіс айлалық, тағалау, шегелеудегі талаптар үйретіледі. Жалпы ортопедиялық ұғымға қатысты ауытқуларды анықтаудағы жануарлардың аяқалысы мен жүрісі сирақтарын қоюының ауруларға байланыстылығы және этиопатогенездік балау мен клиникалық белгілерді анықтау үйретіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ит және мысықтардың жұқпалы емес ішкі аурулары
Пән ит пен мысықтар арасында кездесетін жұқпалы емес аурулардың этиопатогенездік факторларын зерделеуді оқытады. Сонымен қатар дерттік үрдістің салдарынан туындайтын клиникалық симптомдардың көрінісін патофизиологиялық тұрғыдан тануды және нозологиялық танымдық балауды айқындап беруді үйретеді. Осыған қатысты ауруларды классификациялау мен диагноз қою барысындағы морфобиохимиялық талдау нәтижелерінің клиникалық маңыздылықтары бойынша дифференциациялауды үйретіп ауруларды емдеу мен алдын алуға терапевтикалық сипаттама беруді оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Акушерлік істе диагностикалық емдеудің және алдын алудың заманауи әдістері
Мал шаруашылығын қарқынды түрде дамытудың алғы шарттары негізінде заманауи әдістік технологияларды мейлінше игеру барысында жануарлардың акушерлік ауруларын балау, емдеу және алдын алу мақсатында қолданылатын ветеринариялық медицина жетістіктерін пайдалануды оқытады. Донор мен реципиенттің жыныстық цикл синхронизациясын ынталандыру технологияларын қолдануды үйретеді. Генетикалық әлеуетті жануарларды көбейтудің озық үлгілерін қолдануды меңгереді. Жануарлармен акушерлік және селекциялық жұмыс істеу барысындағы гигиеналық дербестікті сақтау жолдарын үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көбею мүшелерінің клиникалық және биофизикалық балау әдістері
Жануарлардың жыныс мүшелері ауруларын балау және мүшенің функциональдық қабілетін анықтаудағы заманауи приборлармен жұмыс істеуді үйрену. Жалпы бұл бағытта биофизикалық тексеру әдістері арқылы жыныс мүшесінің анатомо-физиологиялық жетілуі мерзімдеріне қарай анатомиялық құрылымы негізінде анықтауды меңгереді. Сонымен қатар жануарлардағы белсіздік пен жыныс мүшелеріндегі патологиялық үрдістер зардаптарын анықтап оған қатысты ветеринариялық медициналық ұстанымдағы терапевтикалық және алдын алуды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық арахнология және акарологиялық зерттеу әдістері
Ветеринариялық арахнология жануарлардың буынаяқты паразиттерінің жануарларға тигізетін зиянына қарай, белгілі бір инфекциялық және инвазиялық ауруларды жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаудағы ерекшеліктері оқытылады. Сондай-ақ, бұлар жануарды өлім жітімге тікелей ұшыратпағанымен олардың өнімін айтарлықтай дәрежеде төмендетудегі алғы шарттары қарастырылады. Осыған орай ветеринариялық арахнология буын аяқтылармен тікелей және жануарға тигізген әсерлерімен күрес шараларына ғылыми негіздемелерін сипаттауды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық медицинаның қазіргі замаңғы мәселелері
Оқу курсының негізгі мақсат, міндеті ол магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемелік және методологиялық негіздерін жүйелеп магистірлік дисертацияға енгізу, зерттеу үрдістерінде экономикалық теория заңдылықтарын пайдаланып аналитикалық шолу жүргізу және зерттелініп отырған проблемаға басқа авторлардың көзқарастарын салыстырып бағалауды қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығындағы биотехнология
Пән биотехнологияның заманауи бағыттарын зерттейді, in vitro, in vivo-да жасушада көбейіп, белгілі бір өнімді синтездеуге қабілетті генетикалық материалдың жаңа комбинацияларын мақсатты құрастырумен байланысты. Ол биотехнологияның ғылымдарын зерттейді және мал шаруашылығындағы өндірістік процесті жақсарту үшін биотехнологияның биологиялық негіздері мен әдістері туралы білімді қолдана отырып, мал шаруашылығы мен өндіріс процесінде жаңаларын жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жұқпалы емес аурулардағы мәселелер
Қазіргі уақытта мал шаруашылығын қарқынды түрде дамытуға байланысты жануарлардан алынатын өнімдердің жоғарғы көрсеткішіне жету барысында жануарларда жұқпалы емес этиологиялық дерттік үрдістер туындауда. Осыған орай өзекті мәселелерді заманауи тұрғыдан шешудің жаңа ізденістері қарастырылып оларды ветеринария ғылымы бойынша зерделеуді оқытады. Этиологиялық факторлардың салдарын дәйектеумен қатар организмнің иммунологиялық резистенттілік көрсеткіштеріне қарай жануар денсаулығын бағалауды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кинология және фелинология
Пән асыранды үй жануарларының шығу тегі, өсіп жетілуі барысындағы әртүрлі зооветеринариялық және зоопсихологиялық талаптармен ұстанымдарды зерделеуді қалыптастыруды оқытады. Сонымен қатар жануардың биологиялық әлеуетіне қарай дамытудағы ізденістік қажеттіліктер айқындалады. Оларды өсіріп көбейтудегі селекциялық жұмыстарды жүргізу барысында туындайтын мәселелелерді шешудің жолдарын үйретеді. Кинологиялық тұрғыдан кейбір әдет дағдыларды жануардың бойына сіңірудегі әдістемеліктер жетілдіріліп әртүрлі аурларды емдеу және алдын ау шаралары оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық энтомология және энтомологиялық зерттеу әдістері
Ветеринариялық энтомология заманауи тұрғыдан энтомологияның басқада салаларымен тығыз байланыста дами отырып жануарлардың биологиялық тіршілігіне қатысты насекомдардың биологиялық ортасында таралуымен жан-жануарға әкелетін зияндылықтарын зерделеп оқытады. Ғылым ретінде жануарлар ауруының қоздырғышы және әртүрлі инфекциялық және инвазиялық ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретіндегі мәселелерді ветеринариялық тұрғыдан меңгереді. Сондай-ақ, жануарлар өнімдері сапасына айтарлықтай нұқсан келтіруіндегі және кейбір фауналық маңыздылығындағы биологиялық ерекшелігіде қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жұқпалы емес аурулардың дәстүрлі емес әдістері
Жануарларды дәстүрлі емес әдістермен емдеудегі әртүрлі факторлардың (ине, әлсіз тоқ күші, лазерлік сәуле, суық, қысым күйдіргіш, тітіркендіргіш және т.б) жануар денесіндегі биологиялық нүктелерге әсер етудегі физио-биологиялық механизмдері сипаталады. Осыған орай биологиялық нүктеде әсер етуші фактордан туындайтын морфологиялық құрылымдағы биохимиялық және биофизикалық түзілістер тарапынан жануар организміндегі жүйелік және тұтас организмдегі жағымды жақтардың пайда болуын дәйектеп оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлардың аурулары мен өліміне сот- сараптамасы
Пән жануарларды азықтандыру, пайдалану және күтіп-баптау тәртібін бұзған жағдайда сот-ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді зерттейді. Жануарларды сатып алу және сату кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу үшін сот-ветеринарлық сараптама жүргізу. Етті өңдеу технологиясы (импорттық шикізат) бұзылған жағдайда ет және ет өнімдерін сот ветеринариялық-санитариялық сараптау. Сот-токсикология, сот-танатология, сот-травматология салаларын оқиды. Іс жүргізу мәселелерін, сот-ветеринариялық сараптама бойынша құжаттаманы қарайды. Сот-ветеринариялық сараптамалардың түрлерін және басқа түрлері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлардың гематологиялық параметрлері
Жануар генотипіне сәйкес гомеостаздық тұрақтылықты сақтаудағы ең басты маңызды қызметтер гематологиялық және физико-биохимиялық үрдістер болып табылады. Гематологиялық көрсеткіштер дәйектемелерін математикалық модельдеу әдістемеліктерін игере отырып, ондағы құбылыстарға сипаттама беру оқытылады. Сонымен қатар алған білім негізінде қан құрылымындағы морфофизиологиялық негізге, клинико-иммунологиялық тексеру арқылы жануар денсаулығына баға беруді меңгереді. Алынған дәйектемелер негізінде емдеу және алдын алу шараларына арнайы іс шара жоспарын құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Клиникалық фармакология
Пән – ветеринариялық практикада қолданылатын препараттар мен дәрі-дәрмектердің жануар организмінің этиопатогенетикалық үрдісіне байланысты озық үлгідегі терапевтикалық әдісті зерттейтін жалпы фармакологиялық ілім болып табылады. Осыған орай ұтымды фармакотерапияны таңдау, қауіпсіздікті және ем нәтижелілігін бағалау барысында клиникалық фармакология терапевтикалық әдістеме қағидалары негізіндегі жалпы фармакология принцитеріне сүйенеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Онкопатология
Қазіргі жағдайда жануар арасында онкологиялық аурулар мәселесі де ветеринариялық практикада өзектілігімен ерекшеленуде. Осыған орай ветеринариялық медицинада жануар организміндегі онкологиялық патогенетикалық үрдістер динамикасын балау және алдын ала өте ерте мерзімде анықтау мәселесі ғылым мен техниканың жетістіктері оқытылады. Бұндағы бір этиопатогенетикалық маңызды фактордың бірі ретінде генетикалық аномалдық бейімділік, тұқым қуалаушылық және өсіру жағдайындағы жағымсыздықтарды анықтау мақсатында жаңа ғылыми ізденістерді зерделеуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариядағы практикалық терапия
Ветеринариялық терапияның қағидалары негізінде қалыптасқан практикалық ұстаным негізінде ветеринар дәрігерінің жануарларды емдеу және алдын алудағы өзіндік тәжірибесін заманауи талапқа сай қалыптастырады. Емдеу алдындағы аурудың нозологиялық түріне лайықты диагностикалық тұрғыдан дифференциациялау арқылы этиопатогенетикалық факторды анықтай отырып, емдеудің өзіндік ұтымдылығына сипаттама беру және шипаұсынымдық негіздемені құрастыруды оқытады. Бұнда негізінен организмнің резистенттілігін көтерудегі торшалық және гуморальдық факторларды ынталандыруға негізделген іс шара жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Клиникалық анатомия (Секциялық курс)
Ветеринариялық медицина практикалық тұрғыдан клиникалық патологиялық нысан ретінде зертханалық тексеруге алынған биологиялық сұйықтардағы қан, несеп, қуыстық сұйықтықтар немесе тіндік аспираттардың химиялық құралдар, микробиологиялық, гематологиялық және молекулярлық патологиялық тұрғыдан тексерулері қарастырылатын ілім саласы оқытылады. Бұнда патологиялық үрдістер динамикасын анықтауда молекуларлық және субторшалық ( торшалық органеллалық деңгей) және торшалық деңгей сондай-ақ, мүше мен организмге тұтастай баға беру тетіктері меңгеріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Төлдердің жұқпалы емес ауруларының диагностикасы
Пән жануарлар төлдерінің жұқпалы емес ауруларын балау барысында қарастырылатын этиопатогенетиклық факторларды – эмбриональды және постэмбриональдық тұрғыдан саралап тексеруді оқытады. Осыған орай төлдің эмбрональдық жетілуі кезіндегі аналық жануарға көрсетілетін зооветеринариялық жағдайлар талқыланады. Сондай-ақ, төлдің туғаннан кейіңгі жас төлдің анатомо-физиологиялық және биологиялық ерекшелігігне қарай факторлық аурулардың этиологиялық салдарлары зерделенеді. Сонымен қатар жүйелік ауруларды диагностикалаудағы ажырату тәсілдері оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құстардың жұқпалы емес ішкі аурулары
Құстың биологиялық ерекшелігі мен өсіп жетілуі және ұстау мақсатына қатысты құстар арасында туындайтын жұқпалы емес аурулардың клиникалық және патологоанатомиялық деректерін зерделеуді оқытады. Ауруларды тану негізінде қарастырылатын этиологиялық және патогенездік сипаттамаларды дәйектеуді үйренеді. Сондай-ақ, оны анықтау әдістерін қолдана отырып, полиэтиологиялық даму процестерін қарастырудың негізгі мәселелерін зерттейді. Құс организмі резистенттілігінің төмендеуі мен ассоциативті аурулардың пайда болу тетіктерін зерделейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
- Ветеринария саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
- Жануарлар ауруларын диагностикалаудың заманауи кешенді әдістерін қолдану әдістемесін меңгеру.
- Эпизоотологиялық талдауды, инфекциялық емес және инвазивтік ауруларды диагностикалауды және емдеуді меңгеру. Жануарлардың өлу себептерін анықтау.
- Ветеринарияның теориялық және қолданбалы мәселелерін талдау және шешу, жануарлар мен құстарға ветеринариялық алдын алу іс-шараларын көрсету.
- Ветеринариялық қызмет түрлеріне байланысты нормативтік құқықтық акт ретінде ветеринариялық заңнаманы практикада қолдану.
- Жануарлар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, организмдегі этиопатогенетикалық процесс негізінде терапиялық жүйені қалыптастыруды меңгеру.
- Халықты зооантропоноз ауруларынан қорғаудың құқықтық принциптерін түсіну және халықты ветеринариялық ағарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
- Жануарлар мен құстар ауруларының емдеу-алдын алу іс-шараларының нәтижелерін талдау.
- Жасанды интеллекті жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларда қолдану.