Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02201 Исламтану в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР ЖОО-дағы философия, шығыстану, дінтану, исламтану факультеттерінде лектор оқытушы, ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметтер атқарып, қоғамдағы өзекті діни тақырыптар аясында ғылыми еңбектер мен мақалалар жариялап, қоғам сұранысын қамтамасыз ету, іргерлі және қолданбалы ғылыми жобаларға қатысу.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D052 Исламтану
  • Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар

Оқыту нәтижелері

  • Исламтанудың мәдениет пен өркениеттегі орнын, қазіргі кезеңдегі исламтанулық мәселелердің ерекшеліктері мен табиғатын ажырата алу;Исламтану пәндері бойынша оқыту барысында кәсіби білімді пайдалана білу
  • Жасалған жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала ретінде тапсыру;Исламтану саласындағы ғылыми жобалардың жасақталуына, жүзеге асырылуына қатысу.
  • Әлемдік және қазақстандық исламтану салсында негізгі заманауи концепцияларына қатысты кәсіби білімді көрсете білу, негізгі авторлар, мәзһабтар мен бағыттар, олардың арасындағы айырмашылықтар, фиқһ әрі ақида саласындағы пікірталастардың негізгі мазмұндары жайлы хабардар болу
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында бой көрсететін және терең кәсіби білімді талап ететін мәселелерді жүйеге келтіру және шешу; Зерттеу жүргізудің қажетті әдістерін таңдай білу, бар әдістерді жетілдіріп, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сай әдістерді интеграциялай білу; БАҚ, түрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарда, қоғамдық ұйымдарда дін жайлы материалдарды ұсыну, кеңес беру
Top