Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01104 Педагогика және психология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттарда тұлғалық қасиеттерді дамыту, жалпы және кәсіби (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық-басқару, сыни-сараптамалық, педагогикалық) құзыреттіліктерді, міндеттерді шеше білу ретінде болашақ кәсіби қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби қызметке теориялық және практикалық дайындықты қалыптастыру, оларды практикалық қызметте (жобалық, ғылыми-зерттеу, коммуникативтік, ұйымдастыру-басқару, сыни, сараптамалық) іске асыру дағдыларын дамыту, педагогикалық) заңнама талаптарына сәйкес қолдану
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 119
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер
    Несиелер: 5

    Тұлға дамуының психологиялық мәне мен маңызы; мәдени- тарихи- тұжырымдамасының теориясы; мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғыр өрісінде психологиядағы негізгі іс-әрекет, сана, тұлға категорияларының мазмұны; іс-әрекет психологиясы; қазіргі ғылыми психологиялық зерттеулер мен педагогикалық тәжірибеде мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлардың әдіснамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі /кәсіби
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттердің шет тілін (В1) тиімді базалық (В1) және базалық стандартты (В2) деңгейлерде оқу процесінде мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология
    Несиелер: 5

    Психологиялық білімдер негізін қалыптастыру; Психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесі; Психикалық процесстерді теориялық зерттелуі мазмұндалады. ЖОО студенттерінің психологяилық дамуы туралы тұжырымдар негізі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Курс барысында динамикалық әлеуметтік әлем туралы социологиялық ойлау мен қиял, қазіргі қоғамдарды, олардың әлеуметтік құрылымдары, жүйелері мен институттарын сыни тұрғыдан ойлау және талдау қалыптасады; саясаттың қалыптасуы мен қызмет етуі заңдылықтары зерттеледі, білім алушылар елдің саяси өміріне қатысуға дайындалады, белсенді азаматтық ұстаным қалыптасады; әлемдік мәдениет пен өркениет аясында ұлттық мәдениеттің даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасады; психологиялық сәйкестілікті сезінудің психологиялық негіздері тұлғаның психологиялық теориясы мен тәжірибесі саласындағы әлеуметтік-жеке және инструменталды құзыреттіліктер негізінде қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 5

    "Жоғары мектеп педагогикасы" пәні магистр даярлау цикліндегі кәсіби-педагогикалық пәндердің бірі болып табылады және жоғары мектеп педагогикасының мәні, оның адам туралы басқа ғылымдар арасындағы орны, университеттегі педагогикалық процестің заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру мақсатына қызмет етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО оқытушысының кәсіби–педагогикалық әдебі
    Несиелер: 5

    Педагогикалық қарым қатынастың этикалық ерекшеліктері; педагогикалық қарым қатынас негіздері. Оқытушы қызметі туралы білімдерін педагогикалық тәжірибеде пайдалану ерекшеліктері; оқытушының этикалық қатынастары туралы түсінік; оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым қатынастың ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Психологиялық-педагогикалық білімдерді игеруде зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың әдістері мен ғылыми зерттеу іс-әрекетінде тиімділікті қамтамасыздандыратын психологиялық дайындық туралы білім береді, ғылыми-зерттеу жұмыстарына даярлау, психологиялық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістерін туралы білім береді, ғылыми жұмысты жоспарлауда зерттеу әдістерді практикада пайдаланудың жолдары қарастырылады. Эксперименттік зерттеулердің даму тарихы талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Білім алушыға ғылымның алғашқы негіздерін, қазіргі күнгі ғылымның даму бағдарын тануға ықпал жасау. Курс барысында әлемдік ғылым тарихынан мағлұмат беру. Ғылым ерекшелігін, құрылымын, тәсілдерін тісіндіру. Ғылым этикасын сақтауға ұстаным жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру жағдайындағы педагогтың психологиялық сауаттылығы мен құзыреттілігі
    Несиелер: 5

    Магистранттар үшін «Педагогтың психологиялық сауаттылығы мен құзіреттілігі» пәні психологиялық білімдерді жүйелеу үшін және кәсіби құзіреттілік қалыптастырудың негізі болып табылады. Аталған курс құрамына қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлі жайындағы мәліметтер кіреді. Ол болашақ мамандардың, жоғары оқу орын оқытушыларының, ғылыми қызметкерлердің тұлғалық-кәсіби психологиялық ойларын дамытады. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық қызметтің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін, жаңа психотехникаларды, педагог-психолог жұмысының жеке тұлғалық, мазмұндық, технологиялық компоненттері туралы білімдері толықтырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық имиджеология
    Несиелер: 5

    Педагогикалық имиджеология. Педагогикалық процестегі қарым- қатынас психологиясының ерекшелігі. Педагогикалық процестегі қарым-қатынас және басқарудағы конфликттер. Педагогикалық процестегі қарым-қатынас барысында адам жетістігі мен оның табиғаты. Қарым-қатынас психологиясының әдіснамалық негіздері, Педагог этикасының ережелері мен заңдылықтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тұлға дамуының теориясы мен әдіснамасы
    Несиелер: 3

    Тұлғаның дамуына әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін «индивид», «тұлға», «даралық» деген ұғымдардың және кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесін зерделеп, олардың әдіснамалық негізін түсінеді. Сонымен қатар, магистрант тұлға дамуының көпқырлылығын меңгереді: дамуын – психологиялық, физиологиялық, морфологиялық, әлеуметтік; қарым-қатынасын – субъект-объект, субъект-субъект; іс-әрекетін – ойын, оқу, еңбек, таным; қарама-қайшылықтары мен жеке ерекшеліктерін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
    Несиелер: 4

    ЖОО-да оқыту және тәрбиелеу біздің қоғамның заманауи талаптарына сәйкес келетін және оны жүзеге асырудың басынан бастап практикалық қызметтің сәттілігіне кепілдік беретін осындай қасиеттер мен тәжірибесі бар маман тұлғасының қалыптасуы мен өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация- модификациялық, комбинаторлық, радикалдық. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар: саралап, дамыта, деңгейлеп, шоғырландырып, қарқынды, модульдік, блок-модульдік, жобалап оқыту технологиялары, тікелей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, компьютерлік, мультимедиа, қашықтықтан оқыту, желілік, интернет, интерактивтік технологиялар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ЖОО-да білім сапасын бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 4

    Білім сапасын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, ЖОО-дағы білім беру сапасын қамтамасыз ету және білім сапасын бағалау жүйесі мен факторларын қамтамасыз ету әдістемесін, педагогикалық өлшеулер теориясының ерекшеліктерін анықтай алуға дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстандағы педагогикалық-психологиялық ойлардың даму тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақстандағы педагогика- психология ғылымына кіріспе. Мақал-мәтелдер — халықтық педагогика мен психологияның айнасы. Қазақ ғұламаларының педагогикалық психологиядағы орны. ХХ ғ. 50-90 жылдарындағы Қазақстандағы педагогикалық-психологиялық публикациялар. Педагог-психолог мамандарын даярлаудағы алғашқы қадамдар. Қазақстанда қорғалған педагогикалық, сихологиялық дисертациялар. Жеке психология салаларының құрылуы және даму қарқыны. 20 ғасырдың 50-90жылдардағы Қазақстандағы педагогикалық, психологиялық басылымдар (оқулықтар, монографиялар, әдістемелік, т.б.). Педагогика, психология салаларының құрылуы және дамуы. Посткеңестік дәуірден кейінгі Қазақстанда педагогика, психология ғылымдарының дамуы (1991-2001). Қазақстандағы этнопедагогикалық және этнопсихологиялық зерттеулердің міндеттері мен негізгі мәселелері.Қазақстанда педагогика, психология ғылымдарының дамуының болашағы мен міндеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми-зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Mагистранттарды ғылыми – зерттеу жұмысының мәнін тануға бағдарлап қана қоймай, ғылыми – зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесін негізін үйретеді, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ЖОО-дағы педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    ЖОО-да педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі пәні мен міндеттері, Педагогикалық пәндерді оқытудың технологиялары, инновациялық әдістердің мәні, құралдары, оқыту құралдарын қолдану ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психологиядағы математикалық-статистикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Психологиялық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістер негіздері Өлшеу ұғымы. Таңдау ұғымы. Психологиядағы эксперименттік әдістер және оларға математикалық статистиканы қолдану. Бөлу заңы. Нормалды бөлудің сандық сипаттамалары. Статистикалық гипотезалар. Байланысқан таңдаулар бойынша параметрлік емес критерийлер. Әртүрлі психологиялық зерттеу нәтижелеріндегі байланыспаған таңдаулар үшін параметрлік емес критерийлер негізі. Байланыспаған таңдаулар үшін параметрлік емес критерийлер. Бөлудің келісілген критерийлері. Корреляциялық анализ. Көптік корреляция. Регрессиялық анализ. Факторлық анализ. Айырмашылықтардың параметрлік критерийлері. Өзгергіштіктер арасындағы тәуелділіктерді статистикалық зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ЖОО-дағы психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік. Психологиялық кеңес беру түсінігі. Психоанализде қолданылатын кеңес беру әдістері. Психологиялық кеңес беру жұмыстарының мақсаттары мен қағидалары. Психологиялық кеңес беру қызметінің негізгі кезеңдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық антропология
    Несиелер: 5

    Педагогикалық антропологияның салалары және қалыптасуы мен дамуы. Педагогикалық антропологияның зерттеу нысаны адамның дамуы мен әлеуметтену үдерісінің өзекті мәселелері. К.Д.Ушинский: «Адам -тәрбие пәні ретінде», «Педагогикалық антропология тәжірибесі» еңбектерін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    ON1 қазіргі білім беру саясатының басымдықтарын, мемлекет және қоғам ұсынатын маманның жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптарды біледі, үздіксіз, жүйелі білім беруді жүзеге асырады, білім беру мамандары үшін оқу және оқу-әдістемелік материалдарды жасау әдістемесі мен әдістемесін пайдаланады, этно және көпмәдени ортада толерантты қарым-қатынас механизмдерін пайдаланады,жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісінің негізделген диагностикасын ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.

  • Код ON4

    ON4 ғылыми және педагогикалық зерттеу әдіснамасын; ғылыми әзірлемелерді енгізу бойынша қолданбалы, іргелі ғылыми-зерттеу қызметінің негіздерін, қазіргі кезеңдегі педагогикалық және психологиялық ғылымның даму жағдайы туралы; педагогика мен психология саласындағы Қазақстанның ғылыми мектептері туралы, жоғары білім берудің әлемдік жүйесінің жетістіктері туралы; кәсіби қызмет жағдайындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық заңдылықтары мен механизмдері; әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары туралы біледі, дағдылары бар: педагогикалық проблемалар мен; педагогикалық және психологиялық міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинау, талдау, таңдау.

  • Код ON3

    ON3 білім беру мекемелерінде оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін; педагогика және психология негіздерін, оқыту теориясын, педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың әдістері мен құралдарын, білім берудегі инновацияны; кәсіби білім беруді ұйымдастырудың халықаралық және отандық тәжірибесін біледі

  • Код ON2

    ON2 психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдерді құрастыруға қабілетті; педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсініктерді шегере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен интерпретациялауды жүзеге асыру; ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға, сондай-ақ маман еместерге хабарлау, осы білімді қолданады және кәсіби деңгейде түсінеді.

Top