Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02336 Филология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты - кәсіби және ғылыми дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары туралы ғылыми-танымдық ой-пікірлер мен көзқарастарды қорыта алға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілетті, білім беру, ғылыми-зерттеу, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттің стратегиялық саясатын жүзеге асыруға қабілетті, сұранысқа ие мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
  • Этнолингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ этнолингвистикасының базалық ұғымдарынан, теориялық негіздерінен, тұжырымдамалары мен қағидаларынан кешенді білім беру. Магистранттар этнолингвистиканың ғылыми аппараты мен негізгі ұғым-түсініктерін, пәнаралық, салааралық сипатын, зерттеу әдістерін біледі, түсіндіре алады. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық зерттеулермен таныса отырып, қарастырылған проблемаларды салыстыра талдайды. Этнолингвистикалық арналар, этнотанымдық сипаттағы деректердің дефинициясы, этнолингвистикалық этюдтердің теориялық және практикалық маңызы, әлеуметтік кеңістікке байланысты лексика-фразеологиялық жүйенің этномәдени мазмұны т.б. мәселелер туралы алған білімдерін жинақтайды, қорытады. Пән бойынша алған білімдері негізінде өз ой-пікірлерін дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту. Магистранттар басқару психологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі, психологияның гуманистік дүниетанымын, қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлін түсінеді, психологияның негізгі білімін, психикалық процестер мен адамның жеке қасиеттерінің заңдылықтарын, еңбек ұжымын басқару психологиясын, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты біледі, адам іс-әрекетіндегі көшбасшылық және көшбасшылық әрекеттерді, жеке тұлғаға психодиагностикалық және психологиялық кеңес беру мәселелерін қарастырады., жастардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын саналы түрде талдай білу және т. б. қажеттіліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыру. Магистранттар жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі. Білім берудің қазіргі парадигмасын, еліміздегі жоғары кәсіби білім беру жүйесін, білім беру үрдісінің қазіргі жағдайын түсінеді, өзіндік белгі ерекшеліктерін анықтап айта алады. Озық білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін, білім беру сапасын талдай алады, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін әзірлеу принциптерін, талдау және зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырады, жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көркем әдебиеттегі психологизм
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – көркем әдебиеттегі психологизм ұғымы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, оның көркем образ жасаудағы маңызын, стиль түзушілік, пішіндік қызметімен таныстыру. Магистранттар көркем шығармадағы психологизм, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдерін, кейіпкер жасаудағы диалогтың, монологтың, ішкі монологтың атқаратын қызметтерін талдай алады. Пән бойынша алған білімін пайдаланып, өз көзқарастарын аргументтер келтіріп дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – кәсіби қызметті табысты жүргізу үшін шет тілінде қажетті және негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын біледі, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, қолданады. олардың эквиваленттерін, мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ережелерді талдап салыстыра алады, айырмашылығын табады, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді, үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Пәннің мақсаты – ғылым тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлау жүйесі мен стилін дамыту. Магистранттар ғылым ұғымы мен мәнін біледі, құрылымын, тәсілдерін көрсете алады, ғылымдағы басты парадигмалық теорияларды, ғылыми болжамдарды, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтарын айтып түсіндіреді, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтарын талдай алады, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдерді жинақтайды, мағлұматтар жүйесін қалыптастырып қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – магистранттарды жаңартылған білім беру мазұнына сәйкес тіл мен әдебиетті оқытудағы жаңа ұстанымдарымен таныстыру. Магистранттар оқытудың әдіснамалық негіздері мен тұғырларын біледі, түсіндіреді. Тіл мен әдебиетті оқытудағы дидактикалық ұстанымдарды, жаңартылған білім мазмұнының үдерістері мен жаңалықтарын, оқытушы құзыреттілігін талдап, қорытады. Оқытудың жаңашыл бағыттарын үйренеді, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына қажетті дағдыларды игереді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған білім беру бағдарламаларын жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміндегі/әдебиеттанудағы жаңа бағыттар
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – магистранттарға ғылым дамуындағы жаңа ізденістермен, ондағы жаңалықтармен таныстыра отырып тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа салаларынан филологиялық білім беру. Магистранттар тіл біліміндегі және әдебиеттанудағы кейбір мәселелерге қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлемдік лингвистикадағы және әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық тіл білімімен, әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі лингвистикадағы және әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік лингвистикадағы және әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттары бойынша алған білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – магистранттарға когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанын, өзіндік ұғым-түсініктерін, проблемаларын, қазіргі даму бағытын түсіндіру, дүниені тіл арқылы танып білудің негіздерін ұғындыру. Магистранттар когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанын, ұғымдық аппаратын біледі, түсінеді. Когнитивті лингвистиканың басты проблемаларын: концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің тілдік бейнесі, концептуалды метафора, танымдық фразеологизмдер, соның ішінде, этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі, тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері т.б. талдай алады, қорытады. Пән бойынша алған білімдерінің негізінде өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өлең теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – өлең теориясына қатысты әдеби терминдер мен негізгі ұғымдар, категориялар туралы түсінік беру. Магистранттар әдеби тектер мен жанрды, жанр және жанртануды, лириканың жанрлық сипатын біледі, түсіндіре алады: Өлең өлшемін, тақырып пен ақындық шеберлікті, идеяны салыстыра талдайды. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер, лирика туралы зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастарын қорытып жинақтайды, аргументтер келтіріп өз көзқарастарын дәледей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – әлеуметтік лингвистиканың ғылыми аппараты, зерттелу жайы, қарастыратын проблемалары, өзіндік категориялары мен зерттеу әдіс-тәсілдері туралы білім беру. Магистранттар әлеуметтік лингвистиканың ұғым-түсініктерін, басты зерттеу проблемаларын: тіл және қоғам, тілдің өмір сүру формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, диалекті т.б.), тілдің қоғамдық қызметі, тілдің қызмет ету салалары, тіл дамуына әсер ететін факторлар, тілдік ахуал, тіл және саясат т. б. біледі, түсіндіреді және талдай алады. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуынан хабардар болады, қазіргі проблемалары туралы мәлімет алады. Осы ғылым саласы туралы өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға жоғары оқу орынында қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздерінен, оқытудың тиімді жолдарынан, жаңа технологияларынан терең әдістемелік білім беру. Магистранттар тіл меңгертудің теориялық және практикалық мәселелерін біледі және оны түсіндіре алады. Қазақ тілін жоғары оқу орнында оқыту бойынша әдіскер-ғалымдардың еңбектері мен негізгі тұжырымдарын өз тәжірибелерінде қолданады, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін зерттейді, салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау бойынша және жоғары мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптары бойынша алған білімдерін жинақтайды. Игерген біліміне сүйене отырып, өз көзқарастары мен пікірлерін дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері, әдебиет сабағын ұйымдастырудың принциптері, ерекшелігі туралы түсіндіру. Магистранттар жоғары мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа технологияларды меңгереді, салыстыра талдайды, оны қазақ әдебиетін оқытуда қолдана алады. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен негізгі тұжырымдарын, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұнын, критериалды бағалау, педагогикалық ізденіс және шығармашылық т.б туралы өз білімдерін жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелер туралы түсінік бере келе, жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыру, кешенді білім беру. Магистранттар әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем мәтін поэтикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларымен таныстыру. Магистранттар көркем мәтін поэтикасы және әдеби сын мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Мәтін поэтикасының негізгі мәселелері: мәтін және шындық, мәтін және автор, оқырман және мәтін т.б. туралы алған білімдерін қорытады, оларды мәтін талдауда қолданады. Көркем мәтіннің ерекшеліктерін салыстыра талдай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON6

    6-модуль. Қорытынды аттестация. Магистранттар білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдерін кешенді емтихан тапсыру арқылы дәлелдейді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация қорғау кезінде мазмұндалады.

  • Код ON1

    1-модуль. Ғылыми білім. Білім алушылар ғылым тарихы мен философиясының, кәсіби шетел тілі, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының теориялық және практикалық мәселелерін анықтайды және сипаттайды. Аталған пәндер бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON5

    5-модуль. Ғылым және тәжірибе. Білім алушылар ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін, зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтайды, өндірістегі инновациялық технологияларды қолданады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында диссертация тақырыбының өзектілігін, мақсат-міндетін анықтайды, жоспарын құрады, ғылыми әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс жасайды, диссертация жазу кезінде қолдана алады.

  • Код ON4

    4-модуль. Оқыту технологиялары. Магистранттар тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдарын түсіндіреді, жоғары мектепте қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологияларын зерттейді, жаңартылған білім мазмұны тәжірибесінде қолданады.

  • Код ON2

    2-модуль. Тіл білімінің жаңа салалары. Магистранттар қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы мен даму кезеңдерін оқып меңгереді, қазіргі заман тіл біліміндегі антропоөзектік бағытының когнитивтік және әлеуметтік лингвистикалық мәселелерімен танысады. Алған білімдерін өз ізденістерінде пайдаланады

  • Код ON3

    3-модуль. Әдебиттанудың жаңа салалары. Білім алушылар әдебиеттанудың өзекті мәселелері, жаңа бағыттары, көркем әдебиеттегі психологизм, жанр теориясы, көркем мәтін поэтикасы мәселелерін, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау, кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдері, көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларын анықтайды, сипаттайды. Көркем мәтін поэтикасын әдеби сын дискурс тұрғысынан қарастырып, мәтін мен болмыс, мәтін және автор, оқырман және мәтін арасындағы байланыстарды қолданады.

Top