Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаратылыстану-ғылыми, математикалық және инженерлік білімді қолданады; практикалық қызметте физикалық, химиялық және физика-химиялық процестер мен құбылыстардың принциптерін түсінеді
  • Әртүрлі тілдік және мәдени ортада ақпараттық сауаттылық, еркін қарым-қатынас дағдыларын меңгеріп, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің мәнін түсінуді ескере отырып, ақпаратты талдайды және ұсынады
  • Жаңа технологияларды жүргізу мен енгізудің оңтайлы режимін таңдау үшін негізгі химиялық-технологиялық процестерді талдау және есептеу кезінде математикалық модельдеу мен ақпараттық технологияларды пайдаланады
  • Кәсіби міндеттерді шешу кезінде инженерлік және экономикалық білімді пайдалана отырып жобаларды әзірлейді және жүзеге асырады
  • Берілген физика-химиялық қасиеттері бар органикалық қосылыстарды синтездеудің оңтайлы әдісін таңдау кезінде негізгі сыныптар, құрылым, химиялық қасиеттер туралы білімдерін қолданады
  • Мамандар ұжымының құрамында іргелі, технологиялық және жобалық міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу эксперименттерін жүргізеді
  • Кәсіптік қызметте өнеркәсіптік қауіпсіздіктің экологиялық аспектілері бойынша білімін қолданады
  • Өзін-өзі жетілдіруге, оның ішінде дене бітімі мен кәсіби жетілуге ұмтылысын көрсетеді, топта жұмыс істейді, шешім қабылдайды, даулы жағдайларды шешеді, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді, салауатты өмір салтына бағдарланады
  • Ақпаратты іздеуді өз бетінше жүзеге асыра алады, қалыптасқан дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдары негізінде пайымдаулар жасау үшін оны түсіндіре алады, әлеуметтік және өндірістік саладағы құбылыстар мен оқиғаларға қатысты өз пайымдауларын дәлелдей алады
  • Зерттеу қызметіне ұйымдастырушылық көзқарас негізінде әртүрлі табиғат жүйелерінің мінез-құлқын талдайды
  • Химиялық бағыттағы жұмыстарды жоспарылайды, математикалық және физикалық есептерді шешудің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын пайдалана отырып, алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру
  • Химия-технологиялық өндірісті әзірлеу және жетілдіру үшін заманауи жабдықтарды таңдайды және енгізеді
Top