Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Химиялық-технологиялық процестерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға және стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдауға және оларға жауап беруге қабілетті химик-технологты кәсіби дайындауды қамтамасыз ету. Бітірушіні органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында бәсекеге қабілетті, сонымен қатар білім беру, ғылыми бағдарламаларындағы халықаралық аспектілерді дамыту незінде химиялық өндірістің алдыңғы қатарлы технологиялары салаларында жұмыс атқаруға біліктілігі сәйкес келетін маман ретінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын атқаратын және нәтижелерді рәсімдей алатын деңгейде дайындау, ғылыми жұмысын магистратурада жалғастыру үшін қажетті білім беруді қамтамасыз ету.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 242
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру және ұлтаралық, мәдениет аралық мәселелерді шешу үшін философиялық және тарихи білімді қолдана білу қабілетіне ие болу
  • Әр түрлі қызмет салаларында экономикалық-құқықтық және экологиялық білімдерді қолдана білу
  • Технологиялық процестерді меңгеру үшін заманауи математикалық әдістерді, физикалық құбылыстарды және заңдарды қолдану
  • Тәжірибе нәтижелерін заманауи компьютерлік технологиялар көмегімен өңдеу
  • Технологиялық тапсырмаларды шешу үшін химияның фундаменталдық бөлімдерінің теориялық негіздерін қолдану
  • Заманауи жаңалықтарды, химиялық технологиядағы өнертабыстарды және инновацияларды зерттеу үшін ағылшын тіліндегі химиялық терминологияны меңгеру
  • Технологиялық тапсырмаларды шешу үшін органикалық қосылыстардың химиясын қолдану
  • Технологиялық процестерді регламентке сай және экологиялық салдарларын ескере отырып жүзеге асыру
  • Органикалық заттар өндірісінің технологиялық процесін ұйымдастыру
  • Мұнай, газ, полимерлерді өндіріудің және өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыру
Top