6B02303 Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика" бағдарламасы қазақ және ағылшын тілдерінің тіл білімі салаларындағы заманауи оқыту әдістемесін, қазақ-ағылшын тілдерінде аударма жасау және медиа жазылым дағдыларын меңгерген лингвист маманды дайындауға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
Бұл курстың мақсаты ағылшын тілінің грамматикасы бойынша білімдерін жетілдіру және студенттердің осы білімді кәсіби контекстте қолдану қабілетін арттыру болып табылады. Курс бағдарламасы сөйлем мүшелері, сөйлем құрылымы, шақ, аспект, модальділік, ауыспалылық сияқты тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ, бұл курс студенттерге мәтіндерге грамматикалық талдау жасау арқылы олардың аналитикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Базалық шет тілі ІІ (A2-B1)
Курс білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін грамматикалық, лексикалық құрылымды контекстілік талдауды қолданып зерттеу арқылы дамытуға бағытталған. Курс аясында білім алушылар практикалық тәжірибе арқылы жазылым, оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын заманауи және түпнұсқа материалдар негізінде дамытады, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жағдаяттық тілдік құрылымдарды коммуникацияның мақсаты мен функциясына орай қолдануды үйренеді. Курс соңында студенттер ағылшын тілінің B1 деңгейін толықтай меңгереді. Аталмыш пәннің пререквизиті «Базалық шет тілі І (А1-А2)» пәнін меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Экономикалық теория негіздері
Бұл курс барысында студенттер экономикалық жағдайды және экономикалық факторлардың өзгеруін талдау дағдыларын дамытады. Курс аяқталғаннан кейін студенттер қазіргі ақпараттық ағымды бағдарлай алады және тез өзгеретін экономикалық ортаға бейімделе алады; осы талдау нәтижелері негізінде өз қызметін жоспарлап, жүзеге асыра алады; экономикалық мәселелер бойынша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыни ойлау
Курс болашақ мамандарға қажет танымдық міндеттерді дамытуға және оңтайландыруға бағытталған; негізгі сипатқа ие, өйткені мамандыққа қатысты пәндерді сәтті игерудің негізін қалайды. Курс толығымен практикалық ойлау дағдыларын дамытуға, оның ең жақсы техникалары мен әдістерін игертуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Морфология, синтаксис, лексикология (қазақ тілі)
Курс барысында қазақ тілінің морфологиялық, лексикалық және синтаксистік жүйенің ерекшеліктері оқытылады. Білім алушылар пәнді оқу кезінде алған теориялық білімдерін лингвистикалық талдау жасауда қолдана алады. Студенттер түрлі лексикалық және стилистикалық құралдарды орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің фонетикасы
Курс барысында студенттер аймақтық айтылым материалдары негізінде қазақ тілінің фонетикасын, оның процестері мен құбылыстарын (дыбыстық заңдылықтар, фонологиялық сипаттамалар) зерделейді. Курс студенттердің фонетикалық талдау және фонологиялық сипаттама жасау дағдыларын меңгертуге бағыталған. Білім алушылар курс соңында графикалық жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін біліп, түсінетін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Базалық шет тілі ІІI (B1-В2)
Курс аясында студенттер ағылшын тіліндегі академиялық мәтіндерді оқуды, дәрістерді дұрыс қабылдауды және талдауды үйренеді. Білім алушылар эссе түрлерін жазуды; таныстырылым жұмыстарын жасап, оларды көпшілік алдында қорғауды үйренеді.Студенттер сыни ойлауларын дамытып, дәрістерді конспектілеуге және өздігінен оқуға бейімделеді. Курс соңында студенттер ағылшын тілінің В2 деңгейін толықтай меңгереді. Аталмыш пәннің пререквизиті «Базалық шет тілі ІІ (А2-В1)» пәнін меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Қазіргі әдеби процесс
Курс аясында студенттер қазақ ақын-жазушыларының туындыларымен, классикалық және заманауи шығармалардың тарихымен танысады. Курс студенттің сыни ойлауына, ой-өрісінің кеңеюіне, сөйлеу мәдениетінің дамуына септігін тигізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін стилистикасы (қазақ тілі)
Курс барысында білім алушылар түрлі стильде жазылған қазақ мәтіндерін грамматикалық, стилистикалық, функционалдық тұрғыдан талдау әдістемесін меңгереді. Алынған білім студенттің мәтіндегі негізгі ойды анықтауына, автордың сөз қолданысындағы ерекшеліктерді зерделеуіне көмектеседі. Сол арқылы білім алушы өзінің сөздік қорын, сыни ойлауын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық ағылшын тілі
Аталмыш курс академиялық сөздік қордың дамуы мен толықтырылуына, академиялық мәтіндерді оқу (ғылыми-зерттеу жұмыстары), сондай-ақ эссе түрлерін (argumentative, problem-solution, comparison and contrast, cause and effect) жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер жұмыстарын академиялық адалдық ұстанымдарын ұстануға септігін тигізетін APA стилінде рәсімдеуді үйретеді. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Морфология, синтаксис, лексикология (ағылшын тілі)
Курс барысында ағылшын тілінің морфологиялық, лексикалық және синтаксистік жүйесінің ерекшеліктері оқытылады. Аталмыш курсты меңгеру студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытып, мәтінді лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыда талдауға қажетті теориялық және практикалық білімдерін қалыптастырады. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Курс аясында студенттер қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, білім алушылардың деңгейіне сай оқу-әдістемелік материалдарды сұрыптап, практикалық тапсырмаларды дайындауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе (ағылшын тілі)
Аталмыш курс ағылшын тілінің лингвистикасы туралы іргелі ақпаратты игертуге бағытталған. Білім алушылар тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис және лексика салаларымен танысады, сондай-ақ тілдің маңыздылығы және заманға сай өзектілігі сияқты мәселелерді зерделеу дағдыларын меңгереді. Жүйелі талдау тәсілдерін қолдана отырып, жазба тілдің ерекшеліктерін, тілдің өзгеру құбылыстарын және олардың түрлену себептерін анықтайды. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің функционалды грамматикасы
«Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» – болашақ лингвистерлді тіл білімі пәндеріне баулудың алғашқы баспалдағы. Студенттер қазақ тіл білімінің салалары бойынша білім алумен қатар қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен танысып, антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің ерекшелігін түсінеді; сөз таптарын, категорияларды жіктеуде тілдің когнитивті және коммуникативті қызметін негіз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің тарихы
Курста тіл тарихының мақсаты, міндеттері мен тілтанымды зерттеудің басқа да салаларымен байланысы оқытылады. Курс аясында студенттер ағылшын тілінің негізгі даму кезеңдерін және тілдің дамуымен байланысты тарихи оқиғаларды оқып біледі. Сонымен қатар көне ағылшын және ортағасырдағы ағылшын тілдеріне салыстырмалы талдау жүргізу арқылы білім алушы іс жүзінде ағылшын тілінің дамуын түсініп, бақылауға мүмкіндік алады. Ол өз алдына талдаушылық машықтарды дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл үйренудің теориясы және әдісі
Аталмыш курс студенттерді тілді оқытудың негізгі теориясымен, сонымен бірге тілді оқыту үрдісімен таныстырады. Студенттер тілді оқытудың әдістері мен тәсілдерін, бірінші тіл мен екінші тіл үйренудің арасындағы ерекшеліктерді оқып біледі. Білім алушылар екінші тілді оқып білудегі үрдістерді түсіндіру мақсатындағы болжамдарды ұсына отырып, тестілеуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фонетика және фонология (ағылшын тілі)
Аталмыш курс ағылшын тілінің фонемалар жіктелімін, буынға бөлуін, акцентологиясы мен просодиясын; тілдің фонетикалық сипаттамасы мен айтылымының аймақтық ерекшеліктерін қамтитын фонетика пәнін, оның мақсаты мен міндеттерін қарастырады. Курс барысында студенттер аналитикалық қабілеттерін дамытып, мәтіндегі сөздерге фонологиялық және фонетикалық талдау жасауды үйренеді. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеу әдістері I
Аталмыш курс заттардың табиғатын терең тануға бағытталған және «неге?», «қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін әлеуметтік зерттеулердің сапалы әдістерін оқуды қарастырады. Курс бағдарламасы сапалы ақпаратты жинақтауға қажетті негізгі құралдармен танысуды, оларды талдауды және нәтижені түсіндіруді қамтиды. Курс алған білімді тәжірибе жүзінде қолдануға және зерттеулер жүргізуде сыни ойлау дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелік құрылымнан тұрады (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
БАҚ және қоғам
Аталмыш курс білім алушыларды БАҚ-пен және оның қоғамға деген әсерімен таныстырады. Аталмыш курс аясында білім алушылар қоғамның түрлі ақпараттық дереккөздерінен алынған мәліметтерді қолданудың жағымды және жағымсыз жақтарын қарастырады. Білім алушылар БАҚ мәліметтерін сандық сауаттылық тұрғысынан дербес және кәсіби мақсаттарда қалай қолдануға болатынын, әрі қоғамның өкілдері арасында құзыретті, этикалық және стратегиялық өзара ықпалдасуды жүзеге асыру үшін әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарын қалай қолдануға болатынын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)
Аталмыш курс тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқыту ұғымының негіздерін қамтиды. Білім алушылар тілдік емес пәндерді ағылшын тілінде тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқытудағы негізгі тәсілдерін оқып біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БАҚ аясындағы құқықтық сауаттылық және ақпараттың анықтылығы
Аталмыш курс аясында білім алушылар Қазақстандағы сот жүйесінің БАҚ туралы ҚР заңнамасын құрастыру және түсіндіру тарихымен және оның кәсіби журналистер, блоггерлер әрі республика азаматтарына қатысты әсерімен танысады. Курс жеке ақпарат құпиясы, жала, баспасөз бостандығы, ақпараттық технологиялар туралы заң сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар студенттерді мәтіндегі пікірдің шынайылығы мен дұрыстығын анықтау үшін түрлі БАҚ дереккөздеріндегі фактілерге негізделген пікірді тексере білуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдеби шығармалар арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі
Курс барысында студенттер қазақ тілін әдеби шығармалар арқылы оқытудың креативті әдістемесін меңгеріп, инновациялық әдістерді және оқу үдерісін ұйымдастыруды оқиды,классикалық және заманауи шығармаларды пайдаланып оқу әдістемелерін жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қарым-қатынас этикасы
Бұл курс студенттерге нақты, әділ және сапалы жаңалықтар репортажын жасауды үйретеді. Студенттер репортаждың негізгі элементтерін: оқиғаларды шолу және сұхбат жүргізу әдістерін үйренеді. Студенттер заманауи БАҚ құралдарын пайдалануды, баспа, хабар тарату және онлайн репортаждарды қоса алғанда, түрлі медиа-платформалар үшін жаңалық сюжеттерін құруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зерттеу әдістері II
Аталмыш курс статистикалық талдау көмегімен өлшенетін үдерістер мен құбылыстардың эмпирикалық зерттеулері болып табылатын әлеуметтік зерттеулердің сандық әдістерін оқытады. Курс бағдарламасы зерттеу этикасын, сандық ақпаратты жинақтаудың негізгі амалдарын оқып білуді, сандық мәліметтерді статистикалық талдаудың түрлері мен нәтижелерді түсіндіруді қамтиды. Курстың алынған білімді іс жүзінде қолдана білуге және зерттеу нәтижелеріне сын тұрғысынан қарауға мүмкіндік беретін практикалық құрамдас бөлігі бар. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Курстар және оқу материалдарды әзірлеу
Аталмыш курс аясында студенттер білім алушылардың түрлі қажеттіліктері мен дербес ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ материалдарын әзірлеуге үйренеді. Студенттер сонымен бірге пән мақсаты мен оқыту нәтижелеріне сәйкес силлабустарды, Блум таксономиясына сай оқыту нәтижелерін дұрыс әзірлеуді, пән мазмұнын анықтап, құрастыруды, материалдарды таңдап, әзірлеуді, курс бойынша тапсырмалар құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілдік білімді бағалау әдісі
Курс тілдік білімдерін бағалау құралдарын, білім берушілерге бағалау жүйесінің әсері мен мектеп пен жалпы қоғамдағы бағалаудың рөлін оқытады. Курс: Бағалау не үшін керек? «Жақсы» мен «нашар» мәтін деген не? Бағалау критерийлерін қалай белгілеу керек? деген сияқты сұрақтарға жауап береді. Әрі басқа да бағалау әзірлемелерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілін оқытудағы технологиялар
Аталмыш курс аясында білім алушылар тілдерді үйренуге әрі оқып білуге арналған түрлі электронды ақпараттық қорлар мен бағдарламаларды пайдалана білуге үйренеді. Білім алушылар өздерінің жеке электронды қорларын және шет тілдерін үйретуге қажетті материалдарын әзірлеуге үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ретті аудармаға кіріспе
Аталмыш курс ретті аударманың негізгі техникаларын, ретті аударма жасауды әзірлеу машықтарын оқып-білуге бағытталған. Білім алушылар ретті аудармамен жұмыс істеуге қажетті дағдыларды дамытып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Терминология: теория және практика (қазақ тілі)
Бұл курс студенттерді "терминология" ұғымымен, оны аударма жасау, редакциялау және медиа хат барысында қолданудың теориялық және практикалық аспектілерімен таныстырады. Курс аясында студенттер түрлі сөздіктермен жұмыс істеуді, глоссарий құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стилистика (English Language)
Аталмыш курс студенттерді түрлі типтер мен жанрлар арасында стилистикалық талдау жүргізуге ықпалдасатын негізгі стилистикалық амалдармен, әдістермен таныстырады. Білім алушылар әдеби және әдеби емес шығармаларды түсіндіруде қолдана алатын әдеби және лингвистикалық амалдарды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәдениетаралық қатысым
Аталмыш курс аясында студенттер жаһандану және интернационалдыру дәуірінде маңызды сұрақтардың бірі болып табылатын мәдениетаралық қатысым құбылысымен танысады. Білім алушылар заманауи мәдениетаралық қатысымның теориясы болып табылатын негізгі түсініктері мен категорияларын біле алады. Сонымен қатар білім алушылар әртүрлі мәдениетті ұстанушылар арасында өзара тиімді әрекеттесудің амалдары мен ерекшеліктерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Креативті жазылым (ағылшын тілі)
Аталмыш курс студенттердің медиа саласында жұмыс істеуіне қажетті креативті жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында студенттер мақсатты аудиторияға байланысты мақала, рецензия, блог-жазба, аннотация, пресс-релиз секілді жазбаша мәтіндерді жазудың техникаларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқықтық бағыттағы аударма
Аталмыш курс құқықтық тақырыпта жазбаша/ауызша мәтіндер/баяндамалар сияқты екіжақты диалог жүргізудің практикалық дағдыларын дамытуға және бекітуге бағытталған. Курсты меңгеру барысында студенттер заңгерлік лексика ерекшеліктерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коммерциялық аударма
Аталмыш курс студенттерде жазбалар, есеп және ауызша таныстырылымдар сияқты кәсіби және ресми бизнес құралдарының көмегімен ағылшын тілінде негізгі қарым-қатынас жасаудың дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім алушылар коммерциялық құжаттарды ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне және керісінше аударма жасау әдістерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңалықтар журналистикасы
Бұл курс студенттерге нақты, әділ және сапалы жаңалықтар репортажын жасауды үйретеді. Студенттер репортаждың негізгі элементтерін: оқиғаларды шолу және сұхбат жүргізу әдістерін үйренеді. Студенттер заманауи БАҚ құралдарын пайдалануды, баспа, хабар тарату және онлайн репортаждарды қоса алғанда, түрлі медиа-платформалар үшін жаңалық сюжеттерін құруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Корпустық лингвистика
Бұл курс ағылшын тілінің мәтіндік корпусын және оның лингвистикалық талдауда (графематикалық, лексика-грамматикалық деңгейде) қолданылуын зерттеуге бағытталған. Курс аясында студенттер Британия ұлттық корпусы секілді мамандандырылған іздестіру жүйелерін қолдану арқылы тілдік деректердің құрылымдалған жиымымен жұмыс істеуді үйренеді. (Пәнге тіркелу үшін ағылшын тілі (В2) деңгейінде меңгеріліу қажет).
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік лингвистика
Курс аясында тіл мен қоғамның байланысындағы ерекшеліктер, қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік, аумақтық, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтар қарастырылады. Студенттер қоғамның тілдік мәселелерін талдап, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізеді. (Пәнді оқу үшін ағылшын тілі В2 деңгейінде меңгерілу қажет).
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ілеспе аудармаға кіріспе
Аталмыш курс ілеспе аударманың негізгі техникаларын үйренуге, аударма жасауға қажетті арнайы құралдарды пайдалану машықтарын дамытуға бағытталған. Білім алушылар ілеспе аудармада жұмыс істеуге керек машықтарды ала отырып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасы туралы ақпаратпен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Креативті жазылым (қазақ тілі)
Аталмыш курс студенттердің медиа саласында жұмыс істеуіне қажетті креативті жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында студенттер мақсатты аудиторияға байланысты мақала, рецензия, блог-жазба, аннотация, пресс-релиз секілді жазбаша мәтіндерді жазудың техникаларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Курстың мақсаты студенттерді қолданбалы психолингвистикамен таныстыру, студенттерге ми қызметі, сөйлеу функциясының бұзылуы, балалар аудиториясында да, ересектерде де тілдік процедуралар туралы түсінік беру. Студенттер тілдің, сөйлеудің негізгі зерттеулерімен, осындай бұзушылықтары бар клиенттерге кеңес берудің міндеттері мен әдіснамасымен танысады. Пререквизиттер: қазақ / орыс тілі (А1+, А2+, В1+, В2+, С1+)
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- сыни тұрғыдан ойлау және кәсіби міндеттер мен мәселелерді шешу дағдыларын меңгереді.
- редакциялау және спичрайтинг дағдыларын игереді.
- лингвистика және пәнаралық ғылымдарда ғылыми-зерттеу және жоба жұмыстарын ұйымдастырып, өткізеді.
- оқыту, аударма жасау және медиа салаларында кәсіби және зерттеу этикасы нормаларын ұстанады;
- қазақ тілінен ағылшын тіліне (және керсінше) жазбаша және ауызша аударма жасаудың әдістері мен стратегияларын меңгереді;
- қазақ/ағылшын тілдеріндегі практикалық және теориялық білімін әдеби және ғылыми мәтіндерді лингвистикалық талдауда қолданады;
- кәсіби және тұлғааралық қатынаста эмоционалды интеллектіні басқарады.
- қазақ/ағылшын тілдерін оқытудың заманауи әдістерін қолданады.
- әр түрлі тілдік ортада аудиторияның ерекшелігіне бейімделе отырып өз ойы мен идеясын қазақ/ағылшын тілдерінде (ауызша және жазбаша) сауатты тұжырымдап жеткізеді.