Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D04102 Менеджмент в «Тұран» университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары оқу орнынан кейінгі (PhD докторантура) «Менеджмент» білім беру бағдарламасының мақсаты – жалпы және кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік бейімделуге қабілетті, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, қазақстандық және халықаралық университеттер мен бизнес мектептер, коммерциялық компаниялар мен консалтингтік фирмалар, сондай-ақ Қазақстандағы және шетелдегі үкіметтік мекемелер үшін зерттеушілерді дайындау. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу дайындығын және басқару пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейді.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы «Тұран» университеті
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D072 Менеджмент және басқару
-
Білім беру саласы 8D04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 8D041 Бизнес және басқару
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми зерттеу нәтижелерін апробациялау үшін неғұрлым қолайлы отандық және халықаралық басылымдарда журналдарды таңдау және іріктеу жұмыстарын жоспарлауға қабілетті.
- Отандық және халықаралық ғылыми форумдарда, конференцияларда, семинарларда, оның ішінде шет тілінде, ғылыми қоғамдастық алдында еркін сөйлеуге қабілетті.
- Корпоративтік стратегияны әзірлеудің практикалық құралдарын, мінез-құлықтың нақты үлгілерін таңдауға және қолдануға, виртуалды және жаһандық командаларды басқаруға қабілетті.
- Отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, басқарудың теориясы мен практикасы біліміне негізделген қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуге, академиялық немесе кәсіби контекст шеңберінде ғылыми ашылулар мен әзірлемелерді практикада қолдануға қабілетті.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, математикалық талдау әдістерін негізге ала отырып, ғылыми зерттеулерді жобалау және модельдеуге қабілетті.
- Қазіргі заманғы теориялар мен әдістерді талдау негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын өзіндік ғылыми зерттеу жүргізуге, өзінің ғылыми идеяларын жинақтауға, ғылыми таным шекарасын кеңейтіп, когнитивтік және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіре отырып, оларды ғылыми жұртшылық алдында қорғауға қабілетті.
- Экономиканы цифрландыру және технологиялық жаңғырту жағдайында жаңа білімді генерациялауға, инновациялық бағдарламаларды, қолданбалы, салалық және пәнаралық зерттеулерді әзірлеуге қабілетті.
- Ғылыми зерттеулер процесін жоспарлауға, үйлестіруге, ұйымдастыруға, іске асыруға, әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдауға және өңдеуге, алынған ақпарат негізінде гипотезалар әзірлеуге, өңірдің тұрақты даму контекстіндегі стратегияларды бағалауға және ғылыми негізделген шешімдер ұсынуға қабілетті.
Ұқсас БББ
8D04102 Менеджмент
Esil University
8D04102 Жобалау менеджменті
Astana IT University
8D04102 Менеджмент
Қазақ-орыс халықаралық университеті
8D04102 Менеджмент
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті
8D04102 Менеджмент
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)
8D04102 Менеджмент
Торайгыров университеті
8D04102 Менеджмент
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
8D04102 Менеджмент
Алматы технологиялық университеті (АТУ)